Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды.
Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынадай үш жағдай ескерілуі тиіс:
- Сукцессия қауымдастықтың яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессиясының сипатымен жылдамдығын анықтап даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістеріе туындатады.
2.Сукцессия дегкніміз- қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі- бір бағытта жүреді демек оны болжауға болады.
- Сукцессияның шарықтау шегі –кульминациясы энергия ағыны бірлігіне максималды биомасса және түр аралық әсерлесуінің максималды саны келетін тепе – тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы болып табылады.
Экологиялық сукцессияның ерте кезеңдерінде тыныс алуға жұмсалатын шығыннан артық болады. Егер сукцессия осындай күйден басталатын болса, онда оны кәдімгі автотрофты сукцессиядан ажыратып гетеротрофты сукцессия деп атайды.
Экожүйелердің дамуы барысында қоректік тізбектердің құрылымында өте нәзік өзгерістер жүреді, деп күтуге болады. Сукцессия ағымы бұзылмаған жағдайда жануарлар мен өсімдіктің арасында тығыз байланыстық дамуына уақыт жетерлік. Ол үшін маңызды тенденция –азот, фосфор, кальций тәрізді негізгі элементтердің биогеохимиялық айналымдарын тұйықтауға ұмтылу болып табылады. Сукцессияның бастапқы кезеңінде әдетте организмдер ұсақ болады, оларға қарапайым тіршілік циклдары және көбею жылдамдығының жоғарылығы тән. Ластану кезінде немесе өзгерістің өзге түрлеріне байланысты экожүйе белгілерінің өзгеру векторының қарама-қарсы бағытта ауысады.