Биотикалық қауымдастықтың түрлік құрылымы

Биотикалық қауымдастықтың құрлымы бірнеше көрсеткіштерден құралады. Молдығы-судан немесе көлем бірлігіне келетін особьтерсаны.Жиілігі-рпоценттер түрінде көрсетілген бір түр особьтерінің (п) особьтердің жалпы санына (N) қатынасы (п х 100) І N.

Тұрақтылығы- проценттер түрінде көрсетілген, құрамында зерттелетін түр бар үлгілердің (р), үлгілердің жалпы санына (Р) қатынасы (р/Р) х 100. осы қатынас шамасына қарай түрлердің тмендегі котегориялары агиратылады: тұрақты түрлдер-үлгілердің 50 процентен астамында, қосымша түрлер-үлгілердің 20-50%, кездейсоқ түрлер-үлгілердің 25% кемінде кездеседі.

Стратификация Доминанттығы- (басымдығы ) –түрдің экожүйеде үстем жағдайға ие болып, ондағы энергияның бөлінуіне ықпал ету қабілеттілігі. Доминанттар өз трофикалық деңгейінде өнімділігі ең жоғары түрлер Доминанттың әсіресе, абиотикалық факторлар экстремалдық сипат алатын жерлерде-шөлдерде, тудрады айқындау білінеді. Ай толық солтүстік ағаштардың бір не екі түрі орманның 90% құрауы мүмкін, керісінше тропиктік орманда дәл осыкритерий бойынша ағаштардың оннан астам түрі домикант болуы мүмкін.

Адалдығы – түрдің экожүйеге байланыстылықдәрежесін көрсетеді. Бұл делгі бойынша, түрлердің мынадай категориялары ажыратылады.

  1. Сипаттаушы яғни бір экожүйеге ғана тән түрлер немесе жирек ұшырасатын жағдай-осы экожүйедегі үлесі өзгедегілерге қарағанда мол түрлер.
  2. Преференттік түрлер-бірнеше іргелес экожүйелерде кездесетін, бірақ солардың біреуін көбірек ұнататын түрлер.
  3. Жат түрлер – бөтен қауымдастыққа кездейсоқ келіп қалған түрлер.
  4. енжар (индифференттік ) түрлер – көптеген экожүйелерде бірдей табысты күшейте алатын түрлер

Түр әр алуандылығы екі компониенттен құралады:

  1. компониентін түр байлығы әр алуандылық компониенті деп аталады. Ол түрдің жалпы санының (S) особьтердің жалпы сипатына(N) қатынасы (S/N) түрінде
  2. –особьтердің түрлері арасында бөліну біркелкілігі деп аталатын көрсеткіш. Оның обьективті көрсеткіші біркелкілік көрсеткіші болып табылады. e=H/ log S

Мұнай мен ластанған сулы ортадағы носекомдар түрлерінің салыстырмалы молдығы осындай заңдылықтың жақсы мысалы бола алады. Өзен мұнай мен шамалы мөлшерде ластанған жағдайда жоғары сатыдағы су өсімдліктерінің арасында носекомдардың 4 түрі кездеседі. Көп мөлшерде ластанған жағдайда ластануға төзімді бір ғана түр -beatis vernus бір күндігі қалады. Өзгеше бір тіршілік ортасы-өзеннің тастоқты қайранда аталған заңдылық бұдан да гөрі айқын көрініс береді.

АҚШ-тың атлантиканың жоғалуының литоралінде жыртқыш Pisaster теңіз жұлдызы негізінен мидиялармен қоректенеді, соның арқасында субстрат бетінің мидиялардан арылған бөліктері үнемі ашылып отырады. Оларды өзге жағдайларда мидиялармен бәсекелестікке шыдай алмайтын басқа омыртқасыз жануарлар қоныстанады. Сондықтан теңіз жұлдыздары бар жерелердегі омыртқасыз жануарлардың түрі әр алуандылығы жұлдыздар жоқ жердегі қарағанда екі еседей жоғары. Шөп қоректі тұяқты жануарлар далалар мен савнналарда шөптерді белгілі –бір түрлік құрамы мен құрлысының, ал торпиктік ормандардағы көшпенді құрмықалар-топырақ бетіндегі және орман төсеніміндегі омыртқасыз жануарлардың түр құрамы мен санының сақталуына көмектеселі. Азықтан көрі кеңістік топшылығы көбірек сезілетін литораль аймағының бірінші және екінші кезектегі жыртқыштар белсенді әрекет ететін жерлерінде бекініп күнелтуші жануарларды түр әр алуандылығы молырақ болады.