Алмасу және сақтау қорлары

Табиғатта кездесетін 90-нан астам элементтің 30,40-ы тірі организмдерге қажет екені белгілі. Кейбір көміртегі , сутегі, азот секілді элементтер өте көп мөлшерде, өзгелері азырақ, тіпті өте аз мөлшерде қажет етіледі.Оларға мұқтаждық қандай болуына қарамастанбарлық элементтер биогеохимиялық айналымға қатысады.

Табиғи жағдайда элементтер ешқашан немесе ешқандай дерлік бүкіл экожүйе бойымен біркелкі тарамайды және де бар жерлерде әртүрлі химиялық күйде кездеседі.Гетеротрофтардан автотрофтарға дейінгі аралықта элементтер сақтау қоры деп аталатын қорға түседі. Сақтау қоры—заттардың негізінен организмдермен байланыспаған баяу жылжитын үлкен массасы. Оған қарағанда алмасу қорында организм мен оны тікелей қоршаған орта арасында зат алмасуы жедел және ол да сақина пішіндес болады.

Сақтау қорының табиғатына қарай биогеохимиялық айналымдардың 2тобы ажыратылады.

  1. Сақтау қоры атмосферада немесе гидросферада орналасқан, газ тәріздес заттардың айналымы.

2.Сақтау қоры жер қыртысында орналасқан шөгінді заттар циклі.

Атмосфера мен гидросфераға сақтау қорлары пайдалану үшін қолайлы орналасқан, сондықтан бұндай биохимиялық айналымдар біршама тұрақты. Фосформен темір қатысатын шөгінділер циклдарының тұрақтылығы әлде қайда төмен. Бұлар заттардың басым бөлігі активтілігі төмен және баяу жылжитын жер қыртысының сақтау қорында шоғырланғандықтан, алуан түрлі жергілікті өзгерістердің ықпалына көбірек ұшырайды. Демек , егер заттардың шөгуі, яғни алмасу қорынан сақтау қорына түсуі көтеріліінен тезірек жүретін болса, онда алмастыратын материалдың бір бөлімі айналымнан шығып қалады.

Алмасу қоры негізінен 2 жолмен жүреді.

  1. Жануарлардың бастапқы экскрециясы нәтижесінде
  2. Микроорганизмдердің детритті ыдыратуы барысында айналымға қайтарылатын заттар есебінен түзіледі. Егер алмасу қорын тұйықтаудың 2 арнасыц да бір экожүйе шеңберінде іске асырылатын болса, онда олардың алғашқысы басым болады: энергияның негізгі ағыны детриттік қоректік тізбек арқылы өтетін дала, қоңыржай аймақтық ормандары сияқты қамымдастықтарда алмасу қорын түзудің екінші жолы басым болады