Түрлі геологиялық дәуірлерде сақталып қалған организмдердің қалдықтарының көрсетуі бойынша тірі жанзаттардың қазіргі ұзақ эволюцион даму процессі және геологиялық дәуірде ортаның экологиялық факторлары және оларға бейімделген тірі организмдер болған. Жерде тіршіліктің дамуы мұнан 3 – 5 млрд. жыл алдын болып, түрлік санының мәліметіне қарағанда қазіргі уақытқа дейін 500 миллион тірі организмдердің түрі жасаған. Олар су жерде 400 миллион жыл алдын пайда болған. Өткен дәуірлер климатын және организмдер бірліктерін палеонтология, палеоботаника, плеозоология, палеоэкология материалдары негізінде үйрену. Қазіргі заман организмдерін үйренуде олардың даму процесін үйренуге жәрдкм береді.Соған байланысты палеоэкология пәні төмендегілерді есепке алады және өзінің экологиялық концепцияларын, әдістемелерін түзеді.1/. Түрлі геологиялық дәуірлерде тірі организмдер мен сыртқы орта ортасындағы экологиялық байланыстар қазіргідей бір принципте болған.
2/. Қозылма организмдер экологиясы бойынша олар қазіргі түрлердің эквиваленті немесе туыс түрлер болған.
Қозылма түрлердің санына қарап олардың топтары, белгілі мекен-жайда өмір сүрген уақыры, олар ішінде доминант түрлер туралы мәлімет береді. Сол дәуірдің климаты және табиғи факторлары туралы тола пікір болуы мүмкін.
Палеоэкология пәні палеоэнтологиялық дәлелдер негізінде өткен организмдердің бір-бірлері және оларды ораған абиотикалық факторлар мен қандай байланыста болғаны және олар әсерінде организмдер топтарында болып өткен өзгерістерді анықтайды.
Табиғат заңдылықтары бойынша, өткендегі және қазіргі заман организмдері бір түрлі типте түзілісі /популяция, түр, топтар/ болатын организмдердің құлқы, жағдайларға экологиялық бейімделуде бір түрлі болған. Сақталып қалған өсімдік гүл тозаңдары арқылы тіктенеді. Олар ішінде қарағай, қарақарағай, аққайың сияқты ағаштардың гүл тозаңдары көптеп табылған.
Теңіз және мұхит қалдықтарында табылған әртүрлі скелеттер кәдімгі жануарлар және олардың топтары, жасаған экологиялық орта туралы мәлімет береді. Мысалы: полюстен экваторларға қарап континентал теңіз жағалауларынан бентоста моллюскалардың түрлер саны өзгеріп тұрған, яғни солтүстік теңіздің су бентосы фаунасы қазіргі уақытқа қарағанда алдын түрлерге бай болған, бірақ түрлер саны экватордан солтүстікке қарай артып барған оған себеп, алдын полюстер мұздықтармен жабындалмаған, климат жұмсақ, теңіздерде түрлер көп болғандығы анықталған.