Биоценоздарда түрлердің әртүрлілігінің экологиялық топтары

Биоценоздағы түрлер саны белгілі географиялық зоналардың жағдайына байланысты. Айтылғандай солтүстіктен тропикалық зонаға қарап жер үсті және су ортасында түрлердің саны артып барады мысалы: солтүстік Лаптев теңізінде жануарлардың 400 түрі кездеседі. Индияда 40,000- нан артық жануарлар түрлері анықталған. Арктиканың шөлдерінде гипоарктикалық тундра территориясында гүлді өсімдіктердің 189-507 түрі табылған болса, Еуропаның жапырақты ормандар зонасында 1338-1527, Иран- Туран тегістігінде 704-1687. Орта Азия тауларында 5400 Африкалың Замбия мекен жайларында 8500 жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері анықталған. Тропикалық ормандардың 1га аймағында жүздеген құстар түрі кездессе салқын зона ормандарында бұл көрсетткіш 10 түрге әрең жетеді . Оңтүстік Американың Амозонка дариясының жоғары бөлімінде 2га жерде 87 түр –ге тиісті 423 ағаш кездеседі. Тропикалық жаңбырлы орманның 2,5 км алаңында 3000-ға жақын бұта ағаштар кездеседі.

Биоценоз ішіндегі түрлердің әртүрлілігінің тарихи процесс болса, екінші жағынан абиотикалық, биотикалық факторларға байланысты.

Биоценоз ішіндегі түрлердің әртүрлілігінің тарихи себептері түрдің эволюцион көркебімен байланысты. Әрқандай биоценозда жайлап түрлер саны көбейеді, ескі бірліктері жас биоценоздарға қарағанда байлығы байқалады. Агробиоценоздарда түрлердің әртүрлілігі аз бөлінеді. Түрлердің әртүрлілігі күрделі құрылысқа ие болған ұзақ эволюцион дамыған тұрақты биоценоздарда жақсы ажыратылады. Мұндай экологиялық бірліктер тропикалық зонаға тиісті.

Тропик зонаның жер үсті ортасында кездесетін өсімдіктердің біраз бөлігі эндемикалық есептелінеді мысалы: Африкалың Гвинея – Конголезия түрлердің 80 % эндемиктер. Кап районында 4000 түрдің 72%, Батыс Мадагаскар 2400 түрдің 1900 эндемикте. Орта Азияның таулы райондарында кездесетін 5400 түрдің 65-70% эндеми