Биоценоз ішіндегі түрлер байлығы – белгілітерриторияда кездесеитін өкілдерінің саны, дәрежесі, олардың мезгілдер және жыл бойына түрлі опаттар (су басу, өрт, топырақ сыл жуы) әсерінде өзгеріп тұруы. Түрлер байлығын анық белгілеу қиындығын есепке алып ботаниктер 5 дәрежелі (балл) шкаланы қабылдаған. «0» — түр жоқ, 1- сирек емес, 3-бай,4-өте бай.
Биоценоз ішіндегі бір түр өкілінің жалпы өкілдерге қатынасы, олардың кездесу дәрежесін көрсетеді. Бұл%-пен белгіленеді. Мұндай кездесу дәрежесін кіші мекен – жайда немесе бүтін биоценоз бойынша қабылдау мүмкін. Биоценозда кездесетін түрлердің доминанттылығы да % -пен белгіленеді, яғни түр кездесетін және оны анықтау үшін белгіленген мекен – жай саны (Р), белгіленген мекен – жайдың жалпы саны (Б) бір – біріне қатынас дәрежесі (С) келіп шығады.
Биоценоз ішіндегі түрлер кезддесу дәрежесіне қарай бір-бірінен айырмашылығы бар. Әрбір биологиялық бірлікте бірнеше көбірек кездесетін түрлер болады. Ондай түрлерді ботанмкада доминанттар деп атайды. Мысв: Сібір қарағай орманында – қарағай, су қоймасында – қамыс, қарлығаштар тобында – қарлығаш доминаттар есептелінеді.
Доминанттар биоценозда түрлердің негізін ядросын құрайды. Доминант түрлер биоценозға әртүрлі әсер етеді. Биоценоздағы түрлердің доминанттылығы түрдің көп сандығында емес, оның биоценоз түзілісіне үлкен әсер көрсетуіне мыс: жүздеген шөптесін өсімдіктерге қарнағанда 5-10 ағаш сол жерден биологиялық бірлігіне көбірек әсер етеді.
Биоценоз ішінде доминант түрлерден басқа көптеп сирек және кем кездесетін түрлерде болады. Оларды «екінші» дәрежелі түрлер қатарына кіргізше де биоценоз оларсыз күрделі түзіліске, тұрғындық және нормал функцияға ие емес. «Екінші» дәрежедегі түрлері қолайлы жағдайда барлық биоценозда мөлшер жағынан ұсақ организмдер ( бактериялар, балдырлар клеткалар саны) көп болады, бірақ олардың өлшемі, массасы төмен болады.