Орталық тұқымды немесе қалампырлар қатарлар тобы

Бір немесе бірнеше аналықтың жатынының гүл көп жағдайда гүлдің басқа бөлігінен пайда болатын жеміс қабықшасы (пери –жапонда, карпос – жеміс, немесе жемістің тұқымды қоршаған бөлігі). Гүлсерігі қарапайым, кейде екі шеңберлі, тостағанша және күлте жапырақшаларға бөлінбеген, көп жағдайда тостағанша түрінді болады. Желмен тозаңданатын өсімдіктер.

Қалақайлар тұқымдасы – Untricaceal. Түрлерінің жалпы саны 850-дей 45 туыс. Кішігірім ағаш жартылай бұта, бір жылдық, көп жылдық шөптесіндер. Тропикалық қоңыржай климатты зоналарға кең тараған. Гүлдері дара жынысты, қос жынысты, актиноморф. Гүл шоғыры әртүрлі қарапайым тостағанша жапырақты түрінде болады. 4 мүшелі андроцейі аталықтан олар гүл серігінің жапырақшалрына қарама- қарсы тұрады. Аталықтың жіпшесі гүлдің ортасына қарай қайрлып тұрады. Аналығы бір, екі жеміс жапырақшадан түзілген. Тұқымбүрі, жемісі, жаңғақша олар гүлсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшалары мен қапталып тұрады. Жапырақтары сабақтарының сыртын күйдіргіш түктер жауып тұрады.

Қалақай туысы – (крапиво -Urtica). Түрлерінің саны 40, БОР-да 10түр, Қазақстанда 3 түр кездеседі. Тропикалық қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Көптеген түрлері мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Кейбіреулер овощтық талшықтар алуда қолданылады. Түрлері : қосүйлі қалақай (крапива двудомная Udioica мен күйдіргіш қалақай крапива жгучая U. urens космополитеттер қос үйлі). Қос үйлі қалақайдың гүл формуласы : Р2.2, А0,G(2), P2.2, A2.2, Ge0 қарапайым гүл серігі.

Қалампырлар тұқымдасы – Caryopllaceae. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Дүние жүзі бойынша 2000 аса түрі бар 80 туыс. БОР-да 600 түр, Қазақстанда 215 түр кездеседі.

Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама – қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбінде болмайды. Гүлдері актиноморфты сиректеу дара жынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі болады. Гүл серігі қосарланған сиректеу қарапайым 5 мүшелі, тостағанша жапырақшалары біріккен, немесе бос жапырақшалары бірікпеген 4-5 тісті болып келеді. Күлте жапырақшалары 4-5 тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтар саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жеміс жапырақшадан тұрады, гүл түйіні жоғары. Тұқым бүрлері көп. Жемісі жоғары лизокарпты негізінен жабайы өсімдіктер.

Жұлдыз шөп (звездчатка- Stellaria). Көп жылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе сопақша болып келеді, қарама – қарсы орналасады. Күлтесі ақ, аталығы 10, аналығының мойны 3. Қауашағы шар тәрізді БОР –да 50 түр, Қазақстанда 20 түрі бар. Өкілдері дымқыл жұлдыз шөп (звездчатки макрица Smedia). Бір жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық – жасыл түсті. Халық мидицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5.5, Ge3. Орман жұлдыз шөбі (звездучатка лесная S. nemonum) көп жағдайда көлеңкелі жерлерде өседі. Маусым айынан бастап күзге дейін гүлденеді. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5.5, Ge(5).

Сылдыр шөп туысы. (смоловка — Silene). Бір жылдық, екі жылдық, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері қосжынысты, дара жынысты, еді бір немесе екі үйлі өсімдіктер. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тіркесте отырады. Гүл түйіні түп жағында үш ұялы. БОР-да 150 түр, Қазақстанда 62 түр өседі. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5.5, G(3).

Жарық дәрі туысы (грыжник Herntaria) Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Ең маңызды жалаң жарық дәрі (грыжник гладкий – Herntaria qlalra) көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама – қарсы элипс тәрізді. Өсімдіктің түсі сарғыш –жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері ұқсас. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубника) түзеді.

Алабұта туысы (морь chenopodium) дүние жүзі бойынша 250 түр, БОР-да 60 түр, Қазақстанда –20 түр бар. Бір жылдық, екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Көптеген түрлерінің жапырағының сыртын тұз кристалдары (ақ) тұтып тұрады. Жас сабақтары сыртында көптеген бүртіктері, түктері болады. Гүлдері қосжынысты 5 мүшелі. Негізгі түрлері ақ алабұта (морь белая Chalbum), дуал алабұтасы (морь стенная Ch. murale)

Тарандар тұқымдасы – Polyqonaceal. Түрлер саны 900 – ден 40 туыс.

Түрлерінің шыққан жері орталық Оңтүстік Америка, өмірлік формалары ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама –қарсы сиректеу топтасып өседі. Буын аралығында түп жағын түтік тәрізді, жапырақ тәрізді жапырақ қынапшасы жауып тұрады. Сабағының буындары көп жағдайда ісінген болып келеді. Гүлдері ұсақ, қос жынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі жасыл, ақ – қызыл түсті. Аталықтарының саны 6-9 (3-8). Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері 1 дәнді 3-2 қырлы жаңғақшалар кейде қынапты.

Таран туысы (горец — Polyqonum) 280 түрі бар. БОР-да 160 түр, Қазақстанда 52 түр кездеседі. Өмірлік формалары бұталар, ағаштанған лионалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.