Раушангүлділер тектес бос желектілер және бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы

Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal. Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар Солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен тарқалған. Раушангүлдердің вегетативтік және генеративтік органдарының құрылысы алуан түрлі. Өмірлік формалары мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін негізінен көпжылдық. Жапырақтары қарапайым және күрделі жапырақ серігі бар, немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ салалы жүйкеленген. Кейбір түрлерінің гүлдері мен жемістерінің біршама қарапайым болып келуі оларды көп жемістілерге жақындатады мыс: пестиктер санының көп болуы. Екінші біреулерінің гүлдің жекеленген бөліктерінің редукцияға ұшырауы және прогрессивті белгілерінің болуы тыс жатыны төмен болуы. Тұқымдастың негізгі қасиеті гиницеті мен гүл табанының құрылысында гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және гинецеті көп апокарпты немесе гүлтабаны ойыс және гинецеті көп ценокарпты болып келеді. Осындай бір – бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формалары да болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне гүл табанынан басқа гүлдің басқа да бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының аталықтарының түп жағы кейде тостағаншаның асты да қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып, етжеңді және шырынды жағдайға келеді. Ол жемістердің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Раушнгүлдер сарғалдақ гүлдерден айырмашылығы гипанты жақсы жетілген, жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы, гүлдер астында тостағанша асты жапырақшаларының болуы, гүлдері барлық уақыт актиколеофор гүлсерігі қосарланған мүшесі сиректеу мүшелі аталықтары көп мүшелі олар қатар шеңбер түзі орналасады.

Раушангүлдер тұқымдасы гүл, жемістер құрылысына қарай 4 тұқымдас тармағына бөлінеді: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.

Тобылғылар тұқымдастармағы — Spirocoidae. Бұталар көп жылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы орналасады. Гүл табасы біршама жалпақ, сиректеу ойыс. Тостағанша жапырақшаларының саны 5 олар түп жағынан біріккен болып келеді. Күлтесі 5 бос орналасқан андроцейі көп гинецейі –5 Ca5 Co5 A G5. Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен болады топталған жиынтық, қауашақтан тұрады.

Тобылғы туысы – Spiraea. Европа, Азия, Солтүстік Америкада 80-дей түрі бар. БОР – да 22 түрі бар. Қазақстанда 3 түрі өседі. Табиғи және мәдени жағдайларда өсетін түрлері таңқурай жапырақты тобылғы – Shypericifolia және доцес жиекті жапырақ тобылғы Serenata, тал жапырақты S. Salicifolia жатады. Парктерде әдемі гүлшоғыры бар жапон тобылғысы S- Japonica өсіреді.

Итмұрындар тұқымдастармағы – Rosoideal. Түрлерінің жалпы саны 800-дей олар Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеулерінде кең таралған. Өмірлік формалары мәңгі жасыл және жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәрізді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Гүл формуласы

Са (5) Co5 A Ce. Жемістері құрама дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан құрама топтамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектер жиынтығынан тұрады. Раушангүл немесе итмұрын туысы (Rosa) полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5 мүшелі түксіз қосарланған сиректеу жартылай түкті гүлсерігі болады. Солтүстік ендінің кең таралған орманды, шөлейтті, таулы сай бойларында өседі. Орта Азияда көптеген жерлерді алып жатады. Түрлер саны анық емес 120-350 дейін бар.

БОР –да 150 түр олардан 60 эндем Қазақстанда 24 түр бар. Бұлардың құрамында е.В.г. Р.К. және провитаминдер бар. Итмұрындардан тікенектік қоралар жасайды.

Таңқурай (ежевика — малина) Ribus туысы 500 түрі бар үлкен полиморф өзгергіш –БОР флорасында 45 түр, Қазақстанда 4 түрі бар. Солтүстік ендіктің қоңырт климатты жерлерінде көп тарқалған бұталар. Ағаш тәрізді формалары субтропикалық зонада өседі. Жеміс сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай –малина Ridalus Кавказ, Солтүстік және Солтүстік Американың ормандарында төменгі ярусын (қабатын) түзеді, өзендер бойында бұталар арасында өседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өседі. Қожақат таңқурай – R. caesinius –ежевика, қойбүлдірген –R. Saxatilis. БОР-дың Европа бөлігнде кездеседі.

Құлпынай туысы- Земляника Fraqaria. 50-дей түрі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Тостаған астында тостағанша асты жапырағы болады. Аналығы ойыс, етжеңді болып келген гүлтабанына орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы –F. Vesca және жасыл бүлдірген

  1. F. Viridis екі үйлі өсімдіктер олар БОР-дың Европа бөлігінде Сібірде, Орта Азияда бұталар арасында таралған ананас құлпынайы тек мәдени Fananasa жағдайда ғана белгілі олардың жемісі үлкен сортқа бөлінеді.

Алмалар тұқымдастармағы- Pomoidae. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары 5, олар көп жағдайда редукцияға ұшыраған 2-3, кейде 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, бакал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүл формуласы Са(5) Со5 А Ce (1-5). Жемісі жидек. Алма туысы – Malus. Туыстың құрамына қоңыржай климатты елдерде өсетін 30 түр жатады. БОР-да 10 түр, Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Көп кездесетін түрлері : орман алмасы М. Siversii – Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалын ормандарда өседі. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі “үй алмасы” –М domestica деген атпен топтастырылады.

Алмұрт туысы –Pyrus. Құрамына негізінен Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20 түрі бар. БОР-да 17 түр, Қазақстанда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы сопақша болып келетін жемістерімен, олардың жұмсақ бөлігінде склероидтардың (тасты клеткалар) болуымен ажыралады.

Кәдімгі алмұрт – Р. communis табиғи жағдайда өзгергіш БОР-дың Европа бөлігінде, Кавказ Орта Азияның таулы бөлігінде ормандар түзеді.

Шетен туысы — (рябина – Sarbus). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі бар. БОР-да 34 түрі, Қазақстанда 3 түрі бар. Кең таралған түрі (рябинка обыкновенная — Sancuparia). Ақ түсті гүлді, қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістері кулинарияда пайдаланылады.

Қараөрік тұқымдас тармағы – Prunoideal. Ағаштар, бұталар гүл табаны ойыс. Гинецейі бір ғана жеміс жапырақшасынан тұрады. Тұқым бүрі 2 оның біреуі жетіледі. Гүл формуласы Са (5) Со3, A, Сl1. Жемісі шырынды сиректеу құрғақ сүйекті.

Шие туысы — (вишня Cerasus) 150 түрі белгілі. БОР –да 10 түр, Қазақстанда 7 түр кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесі С. viqaris, құс шиесі – (черешня Cavium) кеңінен отырғызылады. Бақ шиесі табиғи қауымдастықтарда кездеспейді. Құс шиесі Украинада, Молдовада, Кавказ тауларында көптеп кездеседі. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін барады.

Қараөрік туысы –(Слива-Prnus) 35 түр бар. Қараөрік (слива домашняя –Р. Domestica) мәдени жағдайда көптеп аудандастырылған мәдени будандастырылған түрлердің негізгі арғы тегі ретінде кең таралған. Өсімдік (алша Divaricta) биіктігі 9-10м болатын ағаш, немесе бұта. Кавказ, Орта Азияда өседі.

Өрік туысы (абрикос — Armeniaca) табиғи жағдайда Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған.

Бұршақ тұқымдасы – Fabaceal – Papilonaceal 120 мыңдай түрі бар (490 туыс) полиморф. Негізгі өмірлік формалары ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін формалары қоңыржай климатты аудандарда, топтасқан ағаштары мен бұталары тропикалық, субтропикалық аймақтарда өседі.

Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп

ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.

Са5 Со 3 .(2) А (9).1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,

жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.

Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая

  1. V. hirsut.

Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.

Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі

  • дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.

Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.

Жоңышқа туысы (люцерна — Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.

Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.

Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.

Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.

Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая — Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.

Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.