Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомицеттер) класы — Ascomycetes

Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Аскомицеттердің дені сапрофиттер. Олар негізінен топырақта мекендеп, өсімдіктердің шірінділерімен қоректенеді. Олардың бірқатарлары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері.

Көбеюі – жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелийдің екі жіпшесінің бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей –ақ оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижеде сегіз гаплоидты аскоспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады : аналық жыныс органы – архикары және аталық жыныс органы – антеридий деп аталынады. Архикарп екі клеткадан тұрады, төменгі бүйірленген – аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді – трихогинадан.

Антеридий бірғана цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның үстіңгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары архикарпқа құйылады, нәтижеде жыныс клеткасының цитоплазмалары қосылады. Бірақта шығу тегі әртүрлі болып келген келетін ядролары аскогендік (аналық) және антеридиалдық (аталық) қосылмайды олар екеу – екеуден жақындасып дикариондар түзеді. Соң аскогеннен тарамдалған аскогендік гифалар кетеді. Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді. Жыныстық процестің аяқталу кезеңінде аскогендік гифаның ұшы жағындағы бөлігінде дикариондардың ядролары қосылады да зигота түзіледі. Зигота бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижеде сегіз (кейде төрт) гаплоидты клеткалар – аскоспоралар пайда болады. Аскогендік гифалардың үш жағындағы аскоспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға немесе қалталарға айналады. Жоғары деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклінде үш түрлі фаза алмасып отырады : гаплоидты дикарионды және қысқа диплоидты қалталардың арасында жыныссыз гифалары парафиздер болады. Олар қалталарды бір – бірінен бөліп тұру үшін қажет. Сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі мүмкін. Аскалармен парафиздер гимениалды қабатты немесе гименийді түзеді.

Классификациясы. Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың түзілу ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар үш кластармағына бөлінеді : гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицетер.