Эвглена — Euqlenophyta балыдырлары

Эвгленалар бір клеткалы, бір ұзын талшығы жәрдемінде таза жасыл хромотофоралары арқылы актив әрекеттенеді.Клеткасының пішіні көбінше элиппс, ұзын болып келеді. Оларда целлюлозалы қабық болмайды. Оның қызметін целлюлозаның сыртқы қабығы қалыңдауы нәтижесінде пайда болатын перипласт немесе пеликула деп аталатын үстіңгі қабат атқарады. Пелликула иілуші болғандығы себепті клетка өз денесін, пішінін өзгертіріп тұрады.

Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотосфорлар болады, онда жоғары өсімдіктер хлорапластындағы сияқты хлорофилл а және б каротин және ксантофиллі бар.Кейбір эвгленаларда қызыл реңді астаксантинде кездеседі. Фотосинтез нәтижесінде крахмал жиналмайды оған ұқсас парамилон пайда болады. Парамилон жалтырақ дәндерге ұқсас көріністе хромотофорда немесе оның төңірегінде жиналады. Хромотофор көбінше жұлдыз, лента ірі пластинка және диска тәрізді болып, клетка қабығы жанында жайласқан. Хромотофор пиреноидты және пиреноидсыз болады. Эвгленалар клеткасының алдыңғы бөлімінде ворониа тәрізді сайлық болып олардан бір немесе екі талшық шығып тұрады. Тірі эвглена клеткасының алдыңғы бөлімінде қызыл нүкте стигма жайласып ол орототаксис жарықтықтан әсерлену ерекшеліктеріне ие.

Көбеюі.Клетканың бойына қарай екіге бөліну жолымен амалға асады. Бөліну алдынан талшықтарына тастайды ядро, стигма және хромотофорлар бөлінгеннен соң, клетканың алдыңғы бөлімінде саңлау пайда болады. Ол үлкейіп екі клетка пайда болады. Талшықтар пайда болған соң актив әрекеттене бастайды.Эвгленалар табиғатта ақпайтын түрлі экологиялық жағдайдағы су қоймаларында кездесуі мүмкін. Эвгленалар миксотроф және сапрофит қоректенуіне байланысты ластанған су қоймаларында биологиялық тазалануында үлкен роль ойнайды. Эвгленалардың табиғатта 400-ге жақын түрі кездеседі олар екі қатарға бірігеді негізгі өкілдері эвглена және трахемонас.

Эвглена – Euqlena viridis. Клеткасы ұршық бір талшықты цитоплазматикалық перипласт қабығымен оралған клетканың алдыңғы бөлімінде воронка тәрізді бума болып, ол цитоплазмадағы қысқарушы вакуола мен байланысады. Буынның жан бөлімінде қызыл гематохроль пигменті мен толған көзі жайласқан. Цитоплазмада бір ядро және жасыл реңді жұлдыз тәрізді даналы, лента тәрізді пиреноидсыз хромотофоралары болады. Қор зат ретінде көмірсулар, парамилондар пайда болады. Эвглена денесі ұзынына жай бөліну жолымен көбейеді. Көл мен суларды азотты органикалық заттарға бай кіші су қоймаларында кездесіп, олардың гүлдеуіне себепші болады. Трахеломонас – Trachelomonac. Оның бір талшықты әрекетшең клеткасы домалаң немесе эллипс тәрізді үйшіктің ішінде жайласқан. Бір талшығы сыртқа шығып тұрады.Темір бірікпесері не бай кіші су қоймаларында кездеседі. Эвгленалылар бір клеткалы формалары ішінде цитоплазманың ішінде крахмал орнына парамилон пайда етуімен басқа балдырлардан айырмашылығы бар. Эвгленалылар басқа бөлім балдырлардан ешқандай туысқандық байланыстары жоқ.