Көк – жасыл балдырлар

Көк – жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер түрлерінің жалпы саны 14 мың.

Клетка құрылысы –бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі (көк-жасыл, сарғыш, жасыл). Олардың түсі клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пигменттердің көк – жасыл түсті фикоцианның, хлорофиллдың, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоцианның, хлорофилдің, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей байланысты. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында қалыптасқан ядросы, хромотофорасы және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады : клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады : қатты клетка қабықшасына жақын жатқан,мембраналар мен пигменттерден тұратын көк-жасыл түске боялған қабат хроматоплазмадан және ДНК – Дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік центроплазмадан тұрады.

Көп клеткалы көк-жасыл балдырлар жіп тәрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп түзетін біртектес клеткалардың ішінде гетеро циста деп. Аталынатын үлкен, қабықшалары қалың, клетканың ішіндегі тірі заттарынан айырылған сарғыш-қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады.Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк-жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.

Қоректенуі. Көк –жасыл балдырлар автотрофты жолмен қоректенеді. Кейбір жағдайларда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид, валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (лапопротеид) түзеді.

Көбеюі. Көк – жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдер клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің ал көп клеткалыларының жіпше-гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативні көбеюге қажетті участогі гармогония деп аталынады.

Арнайы маманданған көбею органдары болмайды. Жыныстық көбею жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі.

Классификациясы. Көк-жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді : хрококкалар, (Chroococcophyceal),хамесифондылар (Сhamaesiphonophycal), гормогиялылар (Hormoqoniophyceal).

Хрококкалар класына (Chroococcophyceal), глеокапса, (Coleocapsa) микроцистис (Mierocystis), мерисмопедия (Merismopedia), хамесифондылар (Chamesiphonophycal), демокарпа (Democarpa), паширенема (Pasherinema), хамесифон (Chamecsiphon), гармониялар класына (Hormoqonophyceal), — осцилатория (Oscillatoria), спирулина (Spirulina), Лингвия (Lynqlya), анабенка (Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс (Tolipotrix), ривулярия (Rivularia), глеотрикия (Gloetrichia).

Көк – жасыл балдырлар өте өзгергіш, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақ беттерінде, тастарда, бұлақтар суларында өмір сүреді.Ластанған суларда планктон түрінде судың көкшіл түске боялуына (цветение) әкеліп соқтырады.