Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы – Thallobionta procaryota

Дробянкалар Н.А. Красильниковтың (1949) системасы бойынша 5 класқа бөлінеді : нағыз бактериялар, (Eubacteria, актиномицетин, Асtinomycetes, миксобактериялар (Мухоbacteria), спирохиттер (Spirochaetal), митоплазма (Mollicutes). Бұл организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК –сы жалғыз жіпше түзеді. Центриолдары және методикалық жіпшелері болмайды. Дробянкаларда пластидтер, митохондрия болмайды. Клетка қабықшасы негізін гликопептид, муреин түзеді.

Қоректенуі автотрофты, гетеротрофты, жыныстық процесі осебьтердің бір – бірімен генетикалық материалдармен алмасу жағдайында жүреді.

Бактериялар класы. Бактериялар құрылысы қарапайым, бірклеткалы организмдер. Олардың ядросы болмайды. Клеткаларының мөлшері 0,2-10мкм аралығында болады. Сыртқы пішініне қарай : шар тәрізді – коккалар, таяқша тірізді-бацияалар, иілген – виброндар, спираллалар – спирохетта тәрізді болып келеді.

Жалпы бактерияларды екі топқа бөлуге болады : грамша бояуға оң қарайтын (грамположительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные). Бактериялар клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұндай сауыттар бактериялардың ауру таратқыштық қабілетін күшейте түседі.

Бактериялар қоректену түрлеріне қарай автотрофты және гетеротрофты болып екі топқа бөлінеді.

Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды. Олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты – бактерияның маңыздысы пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктерге ұқсас жарықтың энергиясын пайдаланып, ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді, ауаға бос оттегі бөліп шығарады да ауадағы көмірқышқыл газынан көміртегіні алады.

Хемотрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы) беггиота (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмірқышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде, органикалық заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.

Гетеротрофты қоректенетін бактериялар көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Паразиттері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді және оларға түрлі жұқпалы ауруларды таратады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың өлекселерінде, өсімдіктер қалдықтарында мекендеп қоректенеді. Бактерияның көбеюі үш түрлі жолмен өтеді : вегетативтік, жыныссыз және жынысты. Вегетативтік көбею бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20-30 минут сайын қайтадан жүріп отырады. Бұл процесс бактерияның хромосомы (ДНК –ның) екі есе артқан жағдайда жүреді. Аздаған түр бактериялар бүршіктену арқылы көбейеді.

Жыныссыз көбею спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНК – ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нәтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік спора түзеді. Бактериялардың споралары өте нәзік төзімді келеді, ұзақ уақыттар (20-30 жыл бойы) өз тіршілігін жоғалтпайды.

Бактерияларда жақын уақыттарға дейін жыныстық көбею белгісіз болып келеді. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесінде олардың жыныстық көбеюі болатыны анықталды. Ол екі клетканың бір – бірімен тікелей түйісуінің нәтижесінде жүреді. Мұндай клеткалардың бірінен (аталықтың қызметін атқаратын донор клеткасынан) арнайы өсінді (көпірше) пайда болады. Ол арқылы аталық клетканың материалы (ДНК), реципиенті –клеткасына (аналықтың қызметін атқаратын клеткаға) өтіп құйылады. Мұны капуляциялық процесс деп атайды.