Академик Ф. Г. Углов 1980 жылдарда былай деп жазды. Ер адамдардың өліміне тек алкоголь жауапты. Мүны статистикалық есепте растап отыр. Алкогольдың зияны неде?
- Ол наркотик. Адам мас болады, өзін патологиялық жағдайға қояды.
- Ерлермен қатар әйелдер де, жасөспірімдерде пайдаланады.
- Алкоголь тек адам денесін әлсіретіп қана қой-майды, сонымен қатар адамның адамдығын бүзады, қоғамға қауіп төндіреді.
- Биологиялық — көп адамдарды уландырады, аз ішкеннің өзінде жүректің, өкпенің, бауырдың жүмысын ауырлатады. Әсіресе, жүйке жүйелері зақымдалады, ішкен адамның рефлексі және психикасы өзгереді;
Әлеуметтік жағынан алғанда, болып жатқан қылмыстың 80-90%-ы арақпен байланысты.Отбасының бұзылуы — әр 2-3 ажырасу — ішімдіктің кесапатынан болып отыр.
Ішкен адам еңбекке жарамсыз. Ондай адамның жұмысының өнімділігі өте төмен. Адам ұрпағына үлкен зиян, мүгедек балалар дүниеге келеді.
Амосов Н. М. — „Каждому человеку нужно знать: будешь пить — имеешь шанс родить идиота.,,
Қортынды: Өзінің өмірін, болашағын, семьясын, бала-шағасын, үй-тұрмысын ойлаған адам ғана тиімді қортынды жасайды.
Есірткіге әуесқойлықтың үш сипаттамасы бар.
- Медициналық түрғыдан — оны пайдалану адам-ның орталық нерв жүйесіне арнайы әсер етеді.
- Әлеуметтік түрғыдан — оны қолдану әлеуметтік омірге, қоғам еміріне зор зиянын тигізеді.
- Заңдылық түрғыдан — оны сақтау, алып жүру, сату, пайдалану қылмысты іс деп танылады.
Есірткілер кендірден жасалады. Олар анаша, марихуана, гашиш, бант, киф, план, харас болып болінеді. Олар ерте заманда-ақ Азияда анықталып кейін Америка-ға, Европа елдеріне тараған. Қолдану түрі: тарту, ішке жүту, тері астына венаға айдау. Үнемі қолданушылық-шизофренияға, адамның халін бұзуға, бала таппаушылыққа соқтырады.
Токсикомания — кейбір техникалық сүйықтарды пайдалану, ішу не тарту. Бұл өмірге қауіпті.
Темекі шегу. Темекі тартатын адамдар оздерін ақтау үшін түрлі сылтаулар айтады: темекі жүмыс қабілетін жоғарылатады, ойды жанықтырады, шаршауды білдір-мейді, қарын ашқанын, шөлдегенін сездірмейді. Бірақ ғылымизерттеулердің нәтижесінде белгілі, осы айтқан-дардың жалпы сезілетіні рас, бірақ та олар аздан кейін отіп кетеді де, адамға керісінше әсер пайда болады — бәрі уақытша ғана. Тартудан кеңейген қан тамырлары тез арада қалпына келіп, керісінше бүрынғыдан да тарыла түседі, сондықтан темекіні қайта тартқысы келеді.
Қарын ашқанды, шолдегенді сездірмейтіні тамыр-лардың жұмысын тежеп, қанға түтіннің уы сіңеді.
Түтіннің уында адам денесіне зиянды отыздан аса заттар бар. Никотин адам нерв жүйесіне әсер етеді, мидың тамырларын тарылтып бас айналдырады. Осының салдарынан темекі тез шаршауға, бас ауруға, есінің нашарлауына, көзінің шамалы көруіне, қүлағының естімеуіне, ақыр соңында астың дәмін де сезбейтіндей жағдайға соқтырады.
Демалыс орындарының тітіркенуіне, салқын тигіш-тікке, әсіресе ертеңгі уақытта қақырықтана жөтелуге әкеледі. Темекіден өкпенің желгіштігі бүзылып эмфи-земаға апарады /өкпе альвеоласының кеңеюі/, өкпенің түрлі ауруларға қарсы түру қасиетін нашарлатады. Сондықтан темекі тартқан адам 10 есе көп ракпен ауырады, туберкулезге де қарсы түра алмайды. Темекі тартқан адамның жүрегінің соғысы минөтіне 85-90-ға жетеді, ал тартпайтын адамдардыкі — 60-80. Темекі түтіні қан қысымын 20-25%-ға үлғайтады, атеросклерозға /жүрек тамырының қан жүруі бүзылуы/ соқтырады. Осы заманда ИБС жиі кездеседі.
Темекі ас қорыту органдарына да зиян келтіреді, асқа тәбеті шаппайды, қарынның жүмысы баяулайды. Әйел адамдарға өте зиянды. Адам жас кезінде үйренеді де, денеде никотиннің тиісті деңгейі сақталады, ол азайса адам өзін нашар сезінеді. Темекіге сай рефлекс пайда болады.
Экология және денсаулық.
Адамның көңіл-күйі мен өмір-тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдар-дың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мүхит-тардың ластануына, шөлді-шөлейтті жерлердің кеңеюіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келе-тін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне түсуіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануар-лар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.
Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, кулмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып түр.Мысалы, Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, қүрғақшылық басым. Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне үзақ жылдар бойы елімізге мүнай мен газ беріп келген өңірдің экологиялық жай-күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бүрыңғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, жасыл желеңді алатын болсақ бүл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бүрын әр қала түрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бүл көрсеткіш 2 шаршы метрге дейін төмендеген. Ал норма ойынша 12 шаршы метр болуы керек.
Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан үшқан ракетаның сынықтарынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жүмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде-бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондыр-ғылар өте аз. Сол себепті көп ауру осы су кездерінен тарайды. Адамдардың жүтқаны қорғасын, топырагы пестицид, жегені желім өңірде бүрын соңды кездеспеген аурулар көбейіп барады. Адамдар ракпен, жүрек талма-сынан, анемеямен ауыруда. Осындай экологиялық ауыр жағдай Семей, Қызылорда, Павлодар, Ақтау мен Арал өңірінде де қалыптаксқан.
Экология дегеніміз не? «Экология» гректің ойкос -үй (түрақ, түрғылықты жер, баспана) және логос — ғылым деген сөздерінің қосындысынан қүралған. Бүл создердің дәлме-дәл мағынасы экология — «өз үйіңдегі» организм-дер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология — ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәң-гілікті және сонымен қатар түтас күрделі мәселе. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиги ресурстар арқылы қамтамасыз етеді. Оларға атмосфера-лық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарцылатын және сарқыл-майтын болып бөлінеді. Сарқылмайтынға негізінде біз-дің планетаға қатысты сыртқы процестер мен қүбы-лыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бүған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар — жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қай-туының энергиясы, космостық шың, климаттық ресурс-тар — атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтін-дерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар -металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыс-тар (өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар), жер асты сулары, қүрылыс материалдары (мрамор, қүм, гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мүнай, газ, көмір, жанғыш сланец, жертезек) жатады. Бүл ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзіл-ген. Мысалы, тас көмір мезозой дәуірінде болған өсім-діктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бүрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.
Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендемейтін болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюминий рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі — 150 жылға, мырыштыкі — 200-300 жылға жетеді екен.
Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы сал-дарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта тұщщы су, оттек және т.б. қосылды. Соңғы 400 жыл ішінде жер бетінен құстар мен сүтқоректі жануар-лардың 130 түрі жойылып кеткен. Қазірдің өзінде жойылуға жақындаған жоғарғы есімдіктер, омыртқалы жануарлар мен кейбір құрт-құмырсқалар түрлерінің саны 10 мыңнан асып отыр.
Жылдан жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда. Ауылшаруашылық дақылдарын егуге жер дай-ындау үшін Африкадағы тропиктік ормандардың 70 пайызы, Азиядағы ормандардың 50 пайызы, Америка-дағы тропиктік ормандардың 35 пайызы жойылған. Орман алқаптарының қысқаруы көптеген елдерде, сонымен қатар Ресейде, Қазақстанда (Қызылордада, Жамбылда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында сексеуілді кесу мен Солтүстік пен Шығыс облыстарындағы өрттер) қарқынды жүруде. Соңғы жылдары орман экожүйесіне атмосфералық ауаның ластануы, әсіресе қышқылдануы, қолайсыз әсерін тигізуде.
Ғалымдарды, медицина қызметкерлерін және эколог-тарды мазасыздандырып отырған тағы бір жайт, ол су, тамақ, ауа арқылы адам организміне ауыр металдардың құрамаларының — сынап, қорғасын, кадмий, фосфат, нитраттар және нитриттер — түсуі.
Жылдан-жылға табиғат қатты қалдықтармен ластанып келеді.
Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, түзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды.Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.