Асептика және антисептика

Асептика және антисептика ережелерін сақтау. Асептика — жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.

Антисептика — жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді елтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады.

Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі анаэробтық немесе газдың инфекциясы ретінде аса қауіпті.

Жараға топырақ пен бірге сіреспені тудыратын анэ-робтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.

Механикалъщ антисептика жараны алғашқы хирур-гиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалыц антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді.

Химиялъщ антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бүлар антисептикалық заттар деп аталады. Иод түнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан қүралуы мүмкін.

Биологиялъщ антисептиктерге жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибио-тиктер жатады.

Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.

Таңғыш материалдар жарақаттағы қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және оған микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу мате-риалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин, кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайдаланылады. Салфеткалар — қиысты-рылған төрт бүрышты дәке кесінділердің бірнеше қа-баты. Олар үлкен (70-68 см) және кіші (68-35 см) болуы мүмкін. Бинт — ені 5-20 см және үзындығы 5-10 м дәке кесіндісі. Медициналық заттар мен аспаптар қойма-ларында ені 10,14,16 метр және үзындығы 5,7,10 метр

бинттер кездеседі. Мақта гигроскопиялық және компрес-сорлық болуы мүмкін. Гигроскопиялық мақта ылғалы жақсы сіңіреді, жараға қойылатын тағыш үшін қол-данады. Сары-қоңыр түсті компрессорлық мақта ылғалы сіңірмейді, сондықтан шина қою, таңғышпен жабу кезін-де жүмсақ төсем даярлау үшін қолданылады. Лигнин (ағаш мақта) — мақтаның орнына қолданылатын материал болып табылады.

Медицина қоймасында кіші және үлкен медициналық тазартылған таңғыштар сақталады.

Кіші таңғыштар мақта дәке жастықшасының (56-29 см) және бинттен (14смх7м) жастықшадан түрады. Үлкен жастықша (65×43 см), оның бүрыштарына бір-бірден бау тігілген (70×10 см). Үрыс даласында көмек көрсету үшін жеке таңғыш пакеті (ЖТП) қолданылады. ЖТП (екі мақта дәке жастықшасынан 32×17,5см) және бинттен түрады (10смх7м). Бір жастықша бинттің үшына тігілген, ал екіншісі бос жатады.

ЖТП-дағы мақта дәке жастықшасының ішкі жағы қо-сымша мата емес, металдандырылған материалмен жа-былған. Пакеттің сырқы жамылғысы резиналы матадан істелінген.

Пакетті пайдалану ережесі:

  • резиналы жамылғының шетін тігілуі бойынша қағаз тысты ашады;
  • таңғыш материалды жастықшаның ішкі жағына, яғни жараға қойылған жоғарғы бетіне қол тигізбей жазады;
  • егер тесіп өткен жара болса, онда жастықшаның бірін аузына, ал екіншісін астыңғы саңлауға қояды. Бүдан кейін екі жастықшаны да орап, дәкенің шетін түйреуішпен түйрейді.

Алгашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттер мыналар: қанның ағуын тоқтату, жараны ластану мен жүқтырудан қорғау, қан кеткен кезде пайда болатын ауруларды ескертуге бағытталған шараларды жүргізуі.

Жаралыларды дәрігерлік көмек көрсету үшін хирур-гиялық стационарға жеткізу.

Жарақаттанудан кейін алғашқы сәтте қанның ағуы айырықша қауіпті, сондықтан да кез-келген ықтимал әдіспен канды тоқтатуға тырысу керек: күйдіргі, тамыр-ды қысу, қатты таңғышпен таңып тастау.

Болмашы жаралыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде жараны мүмкіндігінше ыстық сумен, ал бар болса, сутегі тотығымен шаяды. Бүдан кейін сыдырылған жерге йод немесе тотыяйын, яғни (зеленка) жағады, үлкен жараны йодпен шаюға болмайды, ойткені ол денені қатты ауыртуы мүмкін, сондықтан оны шет жағынан ғана жағады.

Қан кеткен кезде жарақаттанушыны мидың анами-ациясынан (қанның азаюы) ескерту мақсатында тегіс жерге жатқызу қажет. Адамды есінен танатындай қан коп кеткен кезде, оның екі аяғын көтеріп жатқызады. Кейде -жарақаттанған адамды басын томен қаратып котереді, бүны «қанды озіне-өзі қүю» деп атайды. Осы арқылы кеудеге, миға, бүйрекке және басқа омірлік маңызды органдарға қанның келуін уақытша қолдауға мүмкіндік туады.

Инфекцияны жараға отуін тоқтататын ең қарапайым әдіс, ол — жараны дер кезінде таңып тастау. Таңғыш жараның бірқыдыру тазалануына ықпал етеді, жараға енген микробтарды сорып алады.

Жарақаттанған, сондай-ақ күйген және үсік шалған кезде профилактикалық құрыспаға қарсы емдік сарысуларды ішкізеді. Ірің инфекциясы мен газ гангренасын ескертетін жақсы дәрі-дәрмек жарақаттан соң, алғашқы сағаттарда енгізілген антибиотиктер болып табылады. Жара инфекциясының жайылуын ескертудің ең сенімді әдісі — жансызданған үлпа мен жараға түскен бөгде затты алып тастап, емханаға жонелту.

Барлық жарақатқа тазартылған таңғыш қояды. Таңғыш материал гидрокопиялық болуға, жарадан ылғалды, қанды-іріңді жақсы сіңіргіш болуға тиіс.

Негізгі таңғыш материалдар дәке, ақ мата, бинт, байлауыштар болып табылады.

Алғашқы медициналық көмек керсету кезінде қол астында табельдік таңғыш заттар болмаса, онда үйде бар материалдарды пайдалануға болады: мата, жайма, жейде. Тазаланған таңғыш материал жетпеген жағдайда оны таңғыштың алғашқы белігіне ғана пайдаланып, үнемдеген жөн, ал екінші қабатына тазаланайтын таңғыш материалды орау керек. Жараны микробтардан зақым-данудан сақтауда және жара инфекциясымен күресте антисептіктер мен асептиктер маңызды роль атқарады.

Таңғышты ораған кезде негізгі міндетті ережелерді ұстану қажет. Таңған уақытта жанға қатты батпау үшін дененің зақымданған бөлігін үстап түру керек. Бинтті оң қолмен жоғары қарай тарта үстап, сол қолмен таңғышты үстап, оның қыртысын жазып отыру керек. Бинтті солдан оңға қарай жарақаттың үстінен тоқтатпай орайды. Таңғышты оның қан айналымын бүзбау үшін, аса қатты байламау керек. Жарақаттан кейн бірінші рет қойылған таңғыш бастапқы тазартылған таңғыш деп аталады. Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсеткен кезде, бастапқы таңғышты қоюдан бұрын сырқаттың жанын ауыртпай және жараны зақымдай, оның бетін ашу қажет. Сыртқы киімді шешеді немесе тігісі бойынша кеседі. Ең әуелі дененің сау жағындағы киімді содан кейін ауырған жағындағы киімді шешеді.

Бастың шайқалуын болдырмау үшін, жастық немесе мақта мен дәкеден істелінген жүмсақ төсем қояды. Жарақат кезінде қүсықтың келуі түншықтырмас үшін сырқатты бір жанына жатқызу керек. Сонда аурудың хал-ахуалын бақылауға болады.

Қанның ағуы.Қанның ағуы жарақаттың ушығуы, адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипа-тына байланысты қанның ағуы күре тамырлық, үсақ тамырлық және үлпершіктік болып бөлінеді.

Күре тамырдан қан ол зақымдаған кезде ағады. Қанның бүлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мер-зімде организмнен қан өте көп кетеді. Белгілері: қан алқызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

Көк тамырдан қан зақымдалған кезде ағады. Қан бірқалыпты үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі — қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің жүмсақ үлпа-ларының үсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы үсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы дәрі-герлік көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі — зақымдалған күре тамырдың жоғары жағынан саусақпен басу. Тамырды басуды қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін түстан жасаған оңай.

Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жүлыннан қысады. Бүдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын танғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканың, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нағыз кесіндісін салып орайды.

Шықтың күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сүқ саусақпен шықшыттың бүрышына қысады.

Самай күре тамырын бас бармақпен қүлақ қалқаны-ның алдынан самай сүйегінен қысады, баста қанауға бейім жара болғанда. Саусақты одан 1-1,5см қашықтықта үстау керек.Тақымдық күре тамырды бүғананың астындағы шүңқырда бірінші қабырғаға қысады, Бұл қан ағуға бейім жарақат. Иықта, иық буынның маңайында немесе қол-тықтың астында болғанда қолданылады.

Иық күре тамырының, егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бөлігінде немесе білекте болса, екі басты бүлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады.

Қолтық күре тамыры — иықтың орта және томенгі бөлігінде. Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шы-ғыңқы басына қысады (иық буынның жоғары жағында сүқ саусақты тіреніш ете отыра қалып, саусақпен күре тамырды қысады).

Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын, орта және төменгі тұстағы сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жүдырық пен баса отырып, маңдай сүйегіне қысады.

Кәрі жіліктің күре тамырының үшы зақымданғанда басбармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.

Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қан ағу аяқ-қол, бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі, ішкі қан ағу, жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, ішек-қарын тамырлары зақымдан-ғанда пайда болады. Қан кеуде, іш, бас қуысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады, ал қан жабық қуыстарға жиналса, көпке дейін білінбейді.

Сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шүқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізебуынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.

Қан тамырдың саусақпен басу едәуір күш-жігерді қажет етеді және оны күшті жақсы әзірленген адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық үстап түра алмайды. Сондықтан да тамырды саусақпен бірден басып, мүмкін болса күйдіргі немесе бүрау қою қажет.

Тамшылап аққан қанды тоқтату үшін, кәдімгі тазар-тылатын таңғышты, мүмкін болса, қысатын таңғышты, қою жеткілікті. Таңғышқа қан кебірек сіңсе, қайтадан орау қажет. Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүру арқылы жабуға болады.

Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде, тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяқ-қолды көтеріп қояды.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағына қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні, басқа қагты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқ-татуға болады.

Қан құю туралы түсінік

Қанның ағуымен және қанның аздығымен күрестің ең жақсы тәсілдерінің бірі стационар жағдайында емдеу, ал тіпті өте қиын жағдайларда жедел көмек машинасында жүргізілетін қан қүюы болып табылады.

Қан қүю — деп сырқаттың (реципиенті) қан тамыр-ларының ішіне басқа адамның қанын қүю (донор) аталады. Қан қүю адамдарда қанның терт тобы анық-талғаннан кейін мүмкін болды. Егер адам қандары бір топта болса, онда олардың қанын бір-біріне қүюдың қаупсіз екендігі дәлелденген.

Әрбір топқа шартты белгі берілген: 0(1), А(2), В(3), АВ(4) қанды жан жақты зерттеу әр топтың өзіндік қасиеттері бар екендігін көрсетті, осылайша О(І) топ-

тағы донорлық қанды кез-келген топтағы сырқатқа құюға болады, АВ(4) топтағы қанды тек АВ(4) топтағы сырқатқа құюға болады. О(І) топтағы қаны бар сырқат-тарға тек қана 0(1) топтағы қанды ғана құюға болады, ал АВ(4) топтағы қанды бар сырқаттарға кез келген топтың қанын құюға болады.

Топтары сәйкес келмейтін қанды бір-біріне құю ауыр салдарға және сырқаттың өліміне алып келеді. Сон-дықтан, қан құюды бастардан бұрын, сырқат қанының тобын және құйылатын қанның тобын дәл анықтау қажет. Қанның тобын анықтау зертханаларда жүргізіледі.

Қанды күре тамырға, көк тамырға құюға болады, қан құю жүргізу тәсілі бойынша, ол тамшылай және сыз-дықтап құю болып бөлінеді.

Қан құюға айғақ болып табылатын белгілері:

  • қанның өте аздығы;
  • коллапс;
  • созылмалы қажытатын аурулар, интоксикация, қан ауруы;
  • қатты улану (у, газ);
  • әлсіреген сырқаттарды операцияға даярлау;
  • қанның ағу жүйесінің бұзылуы.

Қан қүюға жатырқаушылық белгілі ретінде бүй-ректің, бауырдың қатты ауруы, жүректің қабынуы, миға қан кету және бас сүйегінің жарақаты жатады.

Реанимация, латын сөзі, тірілу /оживление/ түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бүзылған немесе тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алуы тоқтаған, қан айналысы бүзылған жағдайда дереу қолданылады.