Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ткань қабатының бүлінуінен жанға батып ауыртатын қан кететін зақымданған жер жара деп аталады.Жара оқ тигенде, кесіп алғанда, шауып алғанда, шаншып алғанда, соғып алғанда, мылжаланғанда, жырымдалғанда, бір нәрсе шығып немесе тістеп алғанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болады. Оқ тигенде немесе әлдененің сынығы тигенде оқ жарасы пайда болады. Оқ тиіп өтсе — теспе жара; оқ немесе әртүрлі жарықшақтар тканьде қалып қойса — тұйық жара, жарықшақтар тканьде қалып қоймай тері мен жұмсақ тканьді бүлдіріп жанап өтсе — жанама жара деп ажыра-тылады.
Кесіп немесе шаншып алғанда жара онша аумақты болмайды, жараның ішкі жағы мен кенересі тіршілігін сақтап, қан көп кетеді, жараның басқа түрлеріне қарағанда бүл инфекцияға аз шалдығады. Шаншылған өтпе жараның аумағы өте үлкен болмаса да, тері мен кілегейлі қабықшаны тереңірек бүлдіріп, ішкі мүшелерді зақымдайтын және инфекцияға шалдықтыратын мүм-кіндіктеріне байланысты өте қауіпті болады, соның салдарынан перитонитке және сепсиске айналуы да мүмкін. Шабылған жараның тереңдігі біркелкі болмайды, оның жүмсақ тканьдері соғылып, мылжаланады. Соғылған, жырымдалған және мылжаланған жаралар -жараның өте ауыр түрі, оның жиегі жүлмаланып, қанталайды, жансызданған (некротизацияланған) ткань-дері өте көп болғандықтан, инфекцияның дамуына қо-лайлы жағдай туады.
Жырымдалған жара бір нәрсенің күшті жарақаттануынан болады, көбінесе тері сыдырылып, сіңір, бүлшық ет, қан тамырлар бүлінеді, лас көп түседі. Тістелген жараға әрдайым сілекей арқылы инфекция жүғады.
Операциядан басқа жаралардың барлығы инфекцияға үшырайды. Жарақаттайтын нәрсемен бірге, топырақтан, киім қиқымдарынан, ауадан және қолдың жанасуынан жараға микробтар туседі. Микроб түскен жара іріңдеп, тілме ісікке айналады. Ауасыз дамып, анаэробты инфекция (қабарма гангрена) туғызатын микробтар жарага түссе тіпті қауіпті. Бұдан басқа жараға сіреспе қоздырғыштары жұқса, ол асқынып кетеді. Ластанған, әсіресе топырақ түскен жарақаттардың барлығына, мылжаланған тканьдерге сақтандыру шарасын жасау үшін жаралы адамға сіреспеден сақтайтын сырысу егеді.
Асептикалық таңғышты неғұрлым жедел салып байлау, жараға микробтардың одан әрі түсіуінен сақтан-дыратын алдын ала шарт болып табылады.Жараның дене сыртында болуы немесе бассүйек қуысына, көкірек сарайына, қүрсақ қуысына өтіп кетуі де мүмкін. Өтпе жаралар ете қауіпті болады.
Кеудедегі өтпе жарадан көбінесе өкпе зақымданып, қан қақыру, плевра қуысына қан кету және шел эмфиземасы туындайды. Кеудедегі өтпе жараларды ашық, бітеу жара және қақпақ пневмоторкасы деп ажыратады, мүнда ауа кеңірдектен немесе екпеден көкірек қабырғасындағы жара арқылы плевра қуысына өтеді. Жаралану кезінде плевра қуысына ене бастаған ауа жара өзегі жолындағы жүмсақ тканьдердің жылжуы салдарынан дереу тоқтап қалатын кездер жиі байқалады. Осылай бітеу пневмоторакс пайда болады. Аздап келген ауа плевра қуысына дереу таралады.
Ашық пневмоторакспен ауырған адамның кеудесінде өтпе жара болғанда, жара арқылы плевра қуысына ауа тыныс алғанда сорылып, тыныс шығарғанда сыртқа шығарылады. Әдетте ашық пневмотораксты жарақат-танған адамның кеудесінде тыныс алу және жүрек қантамыр қызметінде жетімсіздік қүбылысы, жіті ги-поксия (оттегі жетімсіздігі) пайда болады. Булығу, жөтел, кеуденің ауыруы зақымданушының халін ауырлата түседі.
Қарындағы өтпе жара кезінде ішкі мүшелердің: бауыр, қарын, ішек, бүйрек және басқалардың зақым-дануы да, олардың құрсақ қуысынан түсуі де, түспеуі де мүмкін. Қарындағы өтпе жараның жарақаттан басқа белгілері: ауру ішке таралады, қүрсақ қабырғасындағы бұлшық ет созылады, іш кеуіп, шөлдейді, ауыз тобар-сиды. Іште бітеу жарақат болған жағдайда, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелердің жараланбай-ақ зақымда-нуы да мүмкін.
Жарақаттың түрлері
Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген бас-қа жәйттардың әсерінен ұлпалар мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Жарақаттануға механикалық, • техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қор-қыныш) факторлар әсер етуі мүмкін.
Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсер-лерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану — бұл тері жамылғылары мен кіле-гейлі қабықтар түтастығы бүзылмайтын зақымдалу түрлері. Бүдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жүмсақ үлпалардың ажырауы (бүлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың түтастығы бүзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм үлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шүғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардан қолындағы қотыр мен жара болуы).
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақат-танушылық деп аталады. Жарақаттанушылық ендірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашылыгы), өндірістік емес (тұр-мыс, спорт, көше, көлік) және әскери болып бөлінеді.
Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бүзы-луымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бүзылуы). Бүл қүбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік ма-ңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда бо-лады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен кезінде сырқаттың жалпы жагдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу — адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуга қажу, ашыгу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде үзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінен аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың қүсқысы келеді, ауаның жетпеуін сезінеді. Бүл жағдайда сырқат боза-рады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда ауру қүлайды.
Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем керсету.
Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бүл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаны түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа мүсәтір спиртін искетеді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы қүраддар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін пайдаланьшады.
Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсату және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кордиамин енгізеді.
Коллапс — өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының емірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті брзарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек,өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) кезде пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы сынап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.