Баспана тұрғызу адамзат ғүмырында өте ертеректе басталған іс-әрекет. Сондықтан адамдар өз тұрағына бөтендердің әсіресе, қылмыскерлердің кіруіне жол бермеуге тырысады.
Пәтерлерге қылмыскерлердің негізгі кіретін жері: есік, терезе, балкон, лоджи болып есептеледі. Сондықтан ондай жерлер бекем орнатылуы керек, қажет болса қосымша жабдықтармен бекітіледі. Кейде қылмыскерлер үйдің төбесінен балкон, лоджиларға түсуі мүмкін.
Баспанага бөтендердің, қылмыскерлердің кіруіне мүмкіндік туғызатын себептер:
— кірер есіктің қойылуының, материалдарының нашарлығы;
— есіктердің ішке қарай ашылуы;
— құлыпының қарапайымдылығы;
— бір типті құлыптарды пайдалану;
— есіктердің жұқалығы, мысалы, есіктің қалыңдығы 50 мм жұқа болмауы керек.
Сонымен әрі жұқа, әрі қалай болса солай орнатыла салған есіктер ұрыларға тосқауыл қоя алмайды. Сондықтан пәтерге, үйге қос есік, темірден, манолитті есік қойған дүрыс.
Үйге домофон орнатса, ол да тосқауылдың бір түрі.
Күзет дабылдамасы. (Сигнализация). Ақпараттық қауіпсіздік. Баспананы қорғаудың ең тиімді түрі — үйді, мүлікті полицияның ішкі істер аудандық бөлімінің жанындағы күзет бөліміне тапсыру. Қазіргі заманғы электрондық мүмкіндіктер қылмыскердің кез-келген әрекеті туралы полицияға дер кезінде хабарлай алады.
Баспана қауіпсіздігін басқа жолдармен, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікте бар. Мысалы, үйде адам бар сияқты етіп көрсету үшін, радионүктені кірер есікке қосып қоюға болады, өзіңе, отбасыңа артық көңіл аудартпауға қам жасау керек. Адамның киім киісі де, жүріс-түрысы да сырт көзге қосымша ақпарат береді. Қараңғы кеште сәнді әрі қымбат киініп келе жатқан адамның қылмыскердің кезіне ертерек түсері белгілі. Сумка, шабадан сатып аларда қауіпсіздік түрғысынан ойлаған дүрыс. Үлкен, ауыр шабаданды еріксіз жерге қойғың келіп түрады. Ондай шабадан өзгенің көзіне тез түседі.
Қымбат заттардың қабын, әдемі жасалған шетелдік заттардың қорабын т.б. ең дүрысы орап тастаған абзал.
Бейтаныс адамдармен көлікте, көшеде, кезекте, аулада өзіңізде бар асыл заттар, ақшалар, қымбат аппаратуралар туралы ашық әңгімелеспеген жөн.
Үй тонауға қажетті мағлұматты таратуға болмайды. Демалысқа, саяжайға баратыныңыз туралы, өзіңіздің отбасыңыз туралы хабарды ешкімге айтпағаныңыз жөн.
Баспананы қылмыскерден қорғаудың жолдары.
Есігіңіздің мықтылығына көңіл аударыңыз. Егер есікке көзек (глазок), есік шынжырын орнатпасаңыз, міндетті түрде оларды қою керек.
Үйден шығарда есіктің барлық құлпын салып кеткен жөн. Түнге қарай құлыптарды ашылмайтындай етіп кептеп, есік шынжырын салып қою керек.
Есіктің сыртын әсерлеп, әдемілеп қою қылмыскердің көңілін аударады. Егер есіктің қоңырауын басса, онда көзек арқылы қарауды ұмытпаңыз, ал егер көзектен ешкімді көре алмасаңыз, есіктің сыртында танысыңыздың тұрғанына көзіңіз жетпесе, есікті ашпаңыз. Қажет болса сырттағы адамдарды тексеру үшін көршілеріңізбен хабарласуыңызға болады.
Егер сізге үй-тұрмыс қызметкерлері келген болса, ал сіз ешкімді шақырмаған болсаңыз, олардың куәлігін тексеріңіз. Тіпті сенімді болмасаңыз ашпаңыз.
Үйден шыққанда есік-терезеңіз, балконыңыз, форточканы жабықтығына көз жеткізу қажет.
Үйдің кілтін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаған дұрыс. Кілтті жоғалтқандай болсаңыз, тез арада құлыпты ауыстыруға тырысыңыз.
Үйде ақшаны, бағалы заттарды, құжаттарды кітаптың арасында, тартпада, іш киімдердің астында сақтағаннан гөрі банкте, бекем жерде сақтаған жөн. Бағалы заттардың, теле, радиоаппаратуралардың тізімін жасап қою керек.
Егер үйге газет бетіндегі, подьезде ілулі тұрған хабарламалар бойынша қызмет көрсететін фирмалардан кісі шақырсаңыз өте абай болғаныңыз дұрыс. Олар келетін кезде үйде жалғыз болмауға тырысу қажет.
Үйге келгенде есіктің бұзылғанын көрсеңіз, үйге кірмегеніңіз дұрыс. Бұл өте қауіпті, өйткені қылмыскер үй ішінде болуы мүмкін. Көршілерге айтып, полиция шақыру керек. Көршілердің есігі бұзылған болса да осылай істеңіз.
Егер сіз үйге кірген соң, үйдің тоналғанын байқасаңыз, ештеңеге тиіспей полицияны шақырыңыз.
Үйге біреулер кірмекші болып күш көрсете бастаса, есікті кептеп немесе тіреп тастау қажет. Полицияға, көршілерге хабарлаңыз. Радио, магнитофонды бар даусына қойып, көршілеріңіздің көңілін аударуға тыры-сыңыз.
Кіреберіс, баспалдақ, алаң жарық болсын. Егер лампочкасы жанып кетсе, басқалардың ауыстырғанын күтпей, өзіңіз ауыстыра беріңіз.
Аса қауіпті қылмыс аймағы.
Бүгінде аса қауіпті қылмыс аймағына вокзалдар, парк, жер асты жолы, үйлердің кіреберісі жатады.
Қылмыскердің пиғылына қарсы қоюға болатын үш ереже бар:
- Сақ болыңыз. Қай жерде болсаңыз да айналаңызда, алды-артыңызда кім бар екендігіне назар аударыңыз.
Егерде қауіп сезгендей болсаңыз, жалғыз қалмауға, жүрмеуге, шықпауға тырысыңыз.
- Бет-әлпетіңізден абыржығаныңызды білдірмеңіз, асықпай, сенімді жүруге тырысыңыз.
- Сезіміңізге сеніңіз. Егер маңайыңыздан қауіп сезсеңіз, ыңғайсыздық туса, онда ол жерден кеткеніңіз абзал.
Серуендеу кезінді.
— серуендейтін жолыңызды ойластырып алыңыз: жарығы мол жолды, адам арылмайтын көшені, алыс болса да қауіпсіз бағытты таңдаңыз. Үлкен бос алаңды, қараңғы жерді, қүрылыс алаңын айналып өтіңіз;
— өз ауданыңызды біліңіз: қай дүкен, мейрамхана қай уақытқа дейін істейді, полиция учаскесі қай жерге орналасқан, учаскелік полицияның мекен-жайын біліп алғаныңыз жөн;
— балаларыңыздың қай жерде ойнап, қыдырып жүр-генін білгеніңіз дұрыс, кіммен ойнайтынын біліңіз, ертерек қиын жағдайда не істеу керек екенін, қайда бару керек екенін түсіндіріп қойғаныңыз дұрыс;
— қол сөмкеңізді денеңізге жақын ұстауға тырысыңыз, ақшаны, құжаттарды костюмнің ішкі қалтасына салған дұрыс;
— қымбат киініп, асыл заттарды тағып жүруіңіз қылмыскерлердің көзіне бірден түседі;
— жүріс-тұрысықа төлейтін майда ақшаларды қалтада бөлек ұстаған дұрыс;
— көлік қозғылысына қарсы жүру керек, сонда жа-қындап келіп қалған машинаны көретін боласыз;
— қолыңызды, бойыңызды пакеттермен, сумкалармен басып тастауға болмайды, ол қимылыңызды қиындатады;
— машинаға немесе үйге жақындағанда кілт қолы-ңызда болсын;
— егер біреудің артыңызға түсіп, аңдып келе жатқанын байқасаңыз тез жарық жерге шығу керек немесе дүкенге, үйге кіріп, полицияға телефон шалу керек. Ал егер оған үлгере алмайтындай болсаңыз, көмек сұрап айқайлаға-ныңыз жөн;
— егер артыңызға машинамен түссе, бұрылып, машинаның нөмірін жазғаныңызды байқатыңыз;
— жол-жөнекей келе жатқан машинамен сейіл құрудың өміріңізге қауіпті екенін есіңізден шығармағайсыз;
Машинада:
— машинаның техникалық жағдайы төмен болса, апатқа түсу қаупі артады;.
— жолға шыққанда өз бағытыңызды дұрыс бағдарлаңыз, жанармайдың, ақшаның кері қайтуға толық жетуін ойластырыңыз;
— қозғалыс кезінде көліктің есіктерінің жабық тығын қадағалаңыз;
— кездейсоқ жолаушыларды алмауға тырысыңыз;
— егер апатқа ұшыраған бөгде жүргізушіні көрсеңіз, оған қандай көмек керек екенін білуге тырысыңыз, полицияға хабарлаңыз;
— машинаны жарық жерге қою керек. Есікті жабық ұстаңыз;
— жерасты гаражын пайдаланған кезде өте сақ болу керек;
— бөтен машина артыңызға түскендей жағдай болса, тездетіп полиция пунктіне, май құятын жерге т.с.с. адам көп болатын орындарға баруға тырысыңыз. Артыңызға түскен машинаның нөмірін, түр-түсін біліп алуға тырысыңыз.
Автобуста, троллейбуста, трамвайда.
— көлік күтетін аялдаманың жарық болғаны жақсы;
— жүргізушінің кабинасының маңында отыруға тырысыңыз;
— ұйықтамаңыз;
— шығатын есіктің қасында орналаспауға тырысыңыз. Қылмыскер кіріп, шығаберіске жақын отырғандарды тонап кетуі мүмкін.
— көлік күтіп тұрғанда адамдардан алшақ кетпеңіз;
— көліктен шыққанда абай болып, жан-жағыңызды бағдарлап алыңыз.
Лифтіде.
— лифтке кірместен бұрын ішіндегі адамдарға көз салыңыз;
— басқару пультінің қасында тұрыңыз;
— күдікті біреу лифтке кірсе, шығып кетуге тырысыңыз;
— егер сізге шабуыл жасаса, онда пульттегі апат түймесін басыңыз, болмаса үй қабатының түймелерін баса беріңіз.
Серуенде, велосипедте, тагы с.с. кездерде:
— жолыңызды ертерек ойластырганыңыз жөн;
— жол-бағдарыңызды, жүретін уақытыңызды өзгертіп тұрыңыз;
— өте кеш серуендеген және велосипедпен қыдырған қауіпті;
— полиция пункті, дүкендер т.с.с. жерлер есіңізде болсын;
— әрдайым сақ болғаныңыз жөн.
Егер өзіңізге қауіп төнсе: абыржып, үрейленіп есіңізді жоғалтпаңыз. Ашу-ызаңызды қылмыскерге көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қылмыскер сіздің әмияныңызға, асыл дүниеңізге ғана көз салса, қарсыласпай бере беріңіз. Тонау қанды оқиғаға айналып кетпесін.
Қараңғы уақытта адам жоқ көмескі жерлерді, бос аула мен скверлерді айналып өтіңіз. Көшемен келе жатып үйлердің қабырғасына аса жақындамаңыз. Көмескі жер асты жолдарымен өтпеңіз. Өндіріс орындарының қоршауының қабырғасымен жүрмеңіз, көмекке шақыруыңыз қиын болады.
Көшедегі көліктердің қозғалыс бағытына қарсы жүргеніңіз дұрыс, бұл сізді машинадан шабуыл жасаудан сақтайды.
Алдыңыздан бір топ жасөспірімдер келе жатса, ал маңайыңызда ешкім болмаса, онда не көшенің екінші бетіне өтіп кету керек, немесе кері бұрылып кеткеніңіз жөн. Көшеде еркін, сеніммен жүріңіз, бірақ өзіңе шабуыл жасауға итермелейтіндей шектен шыққан менмендік болмасын. Шабуыл болған жағдайда қылмыскердің түр-түсін, киімін, кейбір ерекшеліктерін есте сақтап қалуға тырысыңыз. Полицияға хабар беріп, оқиғаның қалай болғанын толық айтып беріңіз.
Қару-жарақты, суық қаруды сақтау, оны қолдану, тіпті қорғану кезінде де, заңмен қудаланады. Мас күйде көшеге шықпағаныңыз жөн. Таксиге отырарда нөміріне
Көңіл аударыңыз. Заттарыңызды аз уақытқа шыққанның өзінде таксиде қалдырмаңыз. Машинаны жүргізуші арттан итеріңізші деп өтінгеніне де затты тастап, машинадан шықпау керек. Үлкен сомадағы ақшаңыз болса, жүргізушіге көрсетпеңіз.
Кездейсоқ әйелдермен бос үйлерде, подвалдарда т.с.с. жерлерде болмауға тырысыңыз. Ол сіз үшін тұзақ болуы мүмкін.
Кездейсоқ адамдармен арақ-шарап ішпеу керек, ұйықтайтын, улайтын дәрі-дәрмек салып жіберуі мүмкін.
Егер сізді полиция қызметкерлері тоқтатса, құжатын көрсетуді талап етіңіз. Бөлімшеге алып жүретін болса, абай болғаныңыз жөн. Егер іс-әрекеттері күдікті болса, онда көшедегі адамдардан көмек сұраңыз.
Кешқұрым асыл бұйымдарды тақпағаныңыз жөн. Қажетсіз үлкен соманы өзіңізбен алып жүруді әдет етпеңіз.
Жас балаңызға қымбат аппаратурамен кешке көшеге шығуға рұқсат ете бермеңіз. Тоналуы мүмкін.
1-ші кеңес. Кезенген қаруды көрсеңіз саспай абыржымай тыныш тұруға тырысыңыз. Жағдайды барлап, түсіну керек. Қарулы қарақшы — ол қатерлі, рақымсыз жау. Қарақшының пышағынан немесе пистолетінен козіңізді ала алмай, озіңізді жоғалтып алмаңыз. Қаруға қарамауға тырысыңыз. Одан да қарақшыңың сыртқы белгілерін (түр-түсі, киімі, жасы, үлты т.с.с.) есіңізде сақтауыңыз керек. Егер қарсылық корсетпесеңіз, тонаушы сізге зиян келтіре қоймайды. Тонаушының мақсаты — тонау екендігін естен шы-ғармаңыз. Олардың көбісі көп жылдарға сотталып кетпеуі үшін, көбінесе кісі өліміне бара бермейді.
2-ші кеңес. Қарулы тонаушының айтқанын істеген дұрыс. Қолыңызды жасырмаңыз, қалтаға салуға тырыспаңыз. Кенеттен қалт қимыл жасамаңыз, қозғалысыңыз жай болсын. Сізге бұйрық берсе, орындайтындығыңызды айтып, оны сендіруге тырысыңыз. Онымен сыпайы, нық сөйлескеніңіз жөн.
Егер оның бұйрығын орындай алмайтын болсаңыз, онда неге орындай алмайтындығыңызды салмақты, сыпайы әрі сенімді етіп түсіндіруге тырысыңыз.
3-ші кеңес. Тонаушыға ешқашан қарсы келмеңіз, сол сияқты, оны алдауға тырыспаңыз. Ол бұл уақытта есірткі тартып немесе ішіп алған болуы мүмкін, соны естен шығармағаныңыз жөн. Кішкене ғана қарсыласу, оны тепе-теңдігінен шығарып, қару жұмсауына мәжбүр етуі мүмкін. Егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, онда тонаушыға қарсы қару жұмсауға тырыспаңыз. Сізге пистолет төніп тұрса, онда кез келген кездейсоқтық сізге қарсы жұмыс істемек.
Жалғыз ғана өміріңіз бар, соны қорғауға күш салыңыз!
4-ші кеңес. Тонау кезінде дабыл соқсаңыз, белгіні байқатпай беруге тырысыңыз. Егер белгі беріп тұрғаныңызды тонаушы байқап қалса, ол сізге қару жұмсауы мүмкін.
5-ші кеңес. Тонаушыны болуы мүмкін кездейсоқтар туралы ескертіңіз, мысалы, жақын арада біреудің келетінін. Оны алда не күтіп тұрғанын айтамын деп, асыра айтып жібермеңіз. Егер бір қозғалыс жасағыңыз келсе, оны да тонаушыға айту керек. Мысалы: Мен төменгі тартпадан ақша алайын деп едім.
6-шы кеңес. Тонаушының ұзап кетуіне мүмкіндік беру керек. Егер тонаушы қарулы болса, ол өзін куып келе жатқан кісілерге қару жұмсауы мүмкін. Сондықтан артынан іле-шала айқайлап қууға болмайды. Егер сізге 5 минут орныңда тұр деген болса, онда да тонаушыға кетуге мұрша беріңіз. Содан соң полицияға хабарлауға тырысыңыз.
7-ші кеңес. Егер атыс басталып, сізді кепілге алған болса, қарақшының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысыңыз. Көбірек естіп, көбірек тыңдауға тырысыңыз. Кепілге алғанда қарақшымен ынтымақтастықта болуға тырысу керек. Оның жұмсаған, айтқан жақтарына өз еркіңізбен барыңыз, машинаға мінгізсе, төмен отыруға тырысыңыз.
8-ші кеңес. Тонаушыны қалай сипаттап беру керек? Тонау кезінде тонаушыны жақсылап бақылап алыңыз. Оның ұлты кім, бойы, салмағы, жасы қандай, айрықша белгілері бар ма? Мұртын, сақалын, киімін, оңқай ма, солақай ма, көзін, оның түсін, бет-әлпетін, қаруының түр-түсін, типін, даусын, сөйлеу тілін, акцентін, аяқ-киімін, машинасын т.с.с. айрықша белгілерін есте сақтауға тырысқаныңыз жөн. Бұл әрекетіңіз полицияға көп көмегін тигізеді.
9-шы кеңес. Тонау кезіндегі тонаушының әдісін, әдетін есіңізде сақтаңыз: заттарды қалай іздеді, тапты, қалай сөйледі, қандай сөздерді пайдаланады т.с.с.