Құстадың географиялық таралуы

Жер шарында құстар тарамаған жер өте сирек кездеседі. Құстардың бір қатары теңіз деңгейінен төмен жерде, ал енді бір қатары теңіз деңгейінен әлде қайда биік жерлерде де кездеседі. Мысалы, қазуралар Жаңа Гвенейде, теңіз бетінен 2000м биіктікте кездессе шағалалар мен құзғындар Азияның таулы жерлерінде теңіз бетінен 4700м биіктікте де кездседі. Ал тазқаралар 7000м биітікте тіршілік етеді. Тіпті колибрилердің өзі де (өте ұсақ болса да) 4000-5000 м биіктіктегі (таудағы) өсімдіктердің гүлінің нектарымен қоректенуге ұшып барады.

Құстардың түрлі прогериссивтік белгілері, олардың түрлі ортаға, әсіресе тіршілік етуге өте қиын суық жағдайда өмір сүруін қамтамассыз етеді. Мысал, құстардың дене температурасының тұрақты әрі болуы сыртқы ортаның әртүрлі температурада болатын жағдайжларына тез қалыптасып кете алады. Сонымен қатар көбеюіде біршама жетілдірілген, өйткені ұядағы жұмыртқа тұрақты температурада дамиды.

Құстардың ұшу қабілеті басқы омыртқалылардың таралуына кедергі болатын жағдайлардан тез өтуіне мүмкіндік береді. Екіншіден – жыл мезгілінің қолайсыздығына қарай тіршілік еткен мекенін тастап, қолайлы жағдай бар жер бөлігіне баруға толық мүмкіншілігі бар.

Құстадың тарауына ауа температурасы да үлкен әсер етеді. Насекоммен қоректенетін құсатардың таралуының шегі солтүстікте температурасына тікелей байланысты. ¤йткені, төменгі температурада насеком өте аз болады, сонымен қатар жыл маусымының ондай қысқы мерзімінде құстар балапандарын толық жетілгенге дейін қоректендіріп үлгере алмайды. Температура жағдайы негізгі қорек болатын, жасырынуына мүмкіндік жасайтын өсімдік түрлерінің таралуына да үлкен әсер етеді. Сол сияқты су және шалшық су құстарының тіршілігіне де әсер етеді. Себебі, температура төмендегенде су, батпақты жерлер қатып қалып, құстардың қоректік заттардын табуы қиындайды.

Құстардың таралуына дымқылдықтың аздап та болса әсері бар. Құрғақшылықтың әсерінен су қоймаларының, батпақтың ауданы кішірейіп үйрек, жылқышы, батпақты жер тауығына қорек болатын жануарлар мен өсімдіктер құрып кетеді. ¦зақ уақыт бұлт басып, температура төмендеп, дымқылдықтың артуы құстарға қорек болатын көптеген құстарға қорек болатын көптеген өсімдіктермен жануарлардың қалыпты тіршілігіне нұқсан келтіреді. Сөйтіп қоректік заттар жетіспейтін болады. Жауын көп болса ұяларын су жауып кетіп жұмырқаның балапандардың жойылып кетуіне себепші болады. Құстар тіршіліг үшін жарықтыңда маңызы зор, өйткені құстардың көпшелегі күндіз актив тіршілік етеді. Күннің қысқаруына көптеген құстардың тіршілігін қиындатады, олар өзіне қажетті қорегін қамти алмайды.