Құстардың систематикасы.
Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар.
1 класс тармағы — нағыз құстар
1 отряд үсті — қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл отряд үстіне 4 отряд кіреді.
1- Африка түйеқұстары.
2- Америка түйеқұстары немесе нанду
3- Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар.
4- Қанатсыздар немесе кивилер.
2 отряд үсті. Пингвиндер.
1- отряд. Пингвиндер.
3 отряд үсті. Қырлы тесті құстар. Бұл отряд үсті өзіне 20 отрядты біріктіреді.
1- Гагар тәрізділер.
2- Паганкалар.
3- Ескек аяқтылар.
4- Дегелек тәрізділер
5- Қаз тәрізділер
6- Күндізгі жыртқыштар.
7- Тауық тәрізділер.
8- Тырналар
- Сутартарлықтар.
- Дуадақтар.
11-Балшықшылар
12-Чистиктер
13-Көгершіндер.
14- Көкетер.
15-Тотылар.
16-Ешкіемерлер
17- Ұзын қанаттылар.
18- Тоқылдақ тәрізділер
19-Жапалақтар.
20- Торғай тәрізділер.
Класс тармағы: Нағыз құстар(Neornithes) немесе (Ornithurae)
- Отряд үсті тармағы. Қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер (Ratitae) Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: Бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап немес жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінің болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерийлерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш қауырсындарының болмауы; осыған байланысты бұлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Бұл құстардың төсінде терісінің қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бірігіп бір сүйекке айналып кеткен. Бұғанасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден бір қозғалыс мүшесі басқа органдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын ері мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны 3, немесе 2 -ге қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады.
Қырсыз тесті құстар осы заманда Африка, Аравия, Австралия. Оңтүстік Америка және Жаңа Зеландияда таралған.
2 отряд Африка түйеқұстар (Struthioniformes). Осы замандағы құстардың ең ірісі деген бірғана түрге жатады. Ересек аталықтарының бойының биіктігі 260 — 275 см болады. Орта салмағы 50 кг. Өте ірілерінің салмағы 90 кг жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының саусағы екеу ғана болады. Шап сүйектері бірігіп кеткендіктен, жабық жамбас сүйектерін құрайды, қанаттары едеуір үлкен. Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африқаның шөлді-далалы аймақтарында кездеседі. Өте тез жүгіреді, жүгіргенде адымы 2-3 метрді алады. Негізгі қорегі — өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, көміерушілер, рептилилер, насекомдар болып табылады.
2-отряд. Америка түйеқұстары немесе нанду (Rheiformes).
Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді. Түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 кг жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Көбірек тараған түрі кәдімгі нанду. Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп топтасып жүреді. Кебею көзінде бір аталығына 5-7 аналығы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Ұрықтанған аналығы жұмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын аталықтары ғана басады. Олар жұмыртқадан шыққанан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 30 — 40 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созылады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай ұйқ ұстары есебінде өсіреді.
3- отряд. Австралия түйеқұстары немесе Кзуарлар (Casuaruformes)
Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.
Казуарлар туысына жаңа Гвинейға және Австралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі. Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойынның үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олар ыстық жақтың ағашты бөлімдерінде тіршілік етеді.
4 — отряд. Қанатсыздар немесе Кивилер (Apterygiformes)
Бұлар қырсыз тестілер ішіндегі ең ұсағы. Дене мөлшері ірі тауықтай, салмағы 2 – 3 кг. Денесі тығыз, мойны, аяғы түйеқұстарға қарағанда қысқарақ, төрт саусақты болады. Тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген. Танау тесігі тұмсығының ұшына таман орналасқан. Қауырсындары ұзын тарқатылған сияқты болады. Қанаттары жоққа тән, құйрығы болмайды. Негізінен құрттармен, насекомдармен, кейде өсімдіктермен де қоректенеді. Иіс органдары басқа құстарға қарағанда жақсырақ жетілгендіктен, соның көмегімен жемін іздеп тауып жейді. Баяу көбейеді. Көбінесе бір, кейде екі ірі жұмыртқа салады. Бір жұмыртқасының салмағы 450гр болады.
2-отряд үсті тармағы: Пингвиндер
Бұған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды Антрактида да тараған.
1-Отряд. Пингвиндер (Sphenisciformes).
Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирақтары нашар дамыған. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының түктері — пәрлер жіңішке болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.
Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып жайлап қозғалады. Ұяларын жерге салады. Кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып үйіп жасайды. Ал кейбіреулері жерді шұңқырлап ұя салады. Олар бапықтармен, шаянтәрізділермен, кейді бесаяқты молюскалармен қоректенеді. Пингвиндердің 20 шақты түрі белгілі.
3-отряд үсті. Қырлы тесті құстар.
Ұшатын құстарының көпшілігінде төссүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. 1-отряд. Гагар тәрізділер (Gaviformes).
Бұл отрядқа суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау. Қанаттары қысқа әрі сүйір келеді. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.
Гагар тұқымдасына алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Олар негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады. Гагарлар көбейер көзінде аталығы мен аналығы бірігіп жүреді. Ұяларын судың жағаларына салады. 1-3 жұмыртқа салады, жұмыртқасын ата-анасы кезектесіп 28 күн басады. 2-отряд. Поганкалар (Podicipediformes).
Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек, әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Поганкалар негізінен су насекомдарымен және олардың личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және үсақ балықтармен қоректенеді. Поганкалардың ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, судың бетінде қалқып жүреді, 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Олар ұшар алдында жүгіріп барып, көтеріліп шапшаң ұшады. Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен балықтың дәмі шығып тұрады.
3-отряд. Ескек аяқтылар (Steganopodes).
Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусағы кейін қарай емес ішіне қарай қараған құстар, тұмсығы ұзын. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді.
Бірқазандар тұқымдасына өте ірі тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығына орналасқан созылғыш тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы иілмек тәрізді иілген. Мойны ұзын, жіңішке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.
Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалауларында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жайылмаларына өсімдік тектес заттардан бегет жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Олар жақсы жүзгенімен суға сүңги алмайды. Бірқазандардың қорегі балық.
Дегелек, қазтәрізділер, күндізгі жыртқыштар, тауық тәрізділер отряды
4 отряд. Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әртүрлі, көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып ата аналары қоректендіреді. Артика мен Антрактидадан басқа жердің барлығына тараған.
5-отряд: Қаз тәрізділер (Ansiriformes)
Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған. Әдетте олардың тұмсығы, жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.
Аталығының шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүниежүзінде 200 — дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрлері кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан ұй құстарының көптеген турлері шығарылған.
6 — отряд: Күндізгі жыртқыштар (Falconniformes).
Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жалаңаш терілі бөлімі болатын құстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлардың етті қарны нашар айқындалған. Балапандары жұмыртқадан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында болады, яғни әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер. Екі отряд тармағына белінеді.
Америка құмайлары отряд тармағы. Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Америқаның оңтүстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жыртқыш құстар болып табылады.
Қалыпты жыртқыш құстар отряд тармағы. Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа белінеді: сұңқарлар және қырғи тәрізділер. Сұңқарлар тұқымдасына орташа және ұсақ құстар жатады. Астынғы жағының езуінің жақын жерінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.
Қырғи тәрізділер тұқымдасы. Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты еткір тісшесі болмайтын, қанаттары қысқарақ және моқалдау келетін жыртқыштар.
7-отряд: Тауық тәрізділер. Тауық тәрізділер барлық жерелерге тараған. Олардың денелері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түрлері — ұрпақтарына қамқорлықты аналықтары ғана атқарады. Балапандары жұмыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шығарылады.
Тырналар, сутартарлықтар, дуадақтар, балықшылар отрядтары.
8 — отряд: Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын , ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Олар далалы және батпақты жерлердің барлығында кездеседі. Бізде тырналар деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиі кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы 120 см салмағы 6-кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары ширақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, насекомдармен, тышқандармен қоректенеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары. Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.
9- отряд Сутатарлықтар (Rallifomec)
Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары қысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3-12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Бұлар өте көп тараған құстар. Біздің фаунамызда он шақты түрі кездеседі.
- Огряд. Дуадақтар (Otidiformes).
Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарының шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құйымшақ безі болмайы. Аталығында жұтқыншағымен жалғасатын тері қалташасы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фуанада үш түрі кездеседі. Көбірек тараған түрі дуадақ. Салмағы 16 кг болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмытрқаларын тек қана аналығы басады. Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ келеді.
- Огряд. Балшықшылар (Charadriformes).
Бұлардың көпішілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қанаттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200 ге түрі белгілі, бізде оның 50 ден аса түрі кездеседі.
Қызғыштар бізде кең тараған, желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар СССР тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батпақты және сазды көгал желлерге салады.
Чистиктер, көгершіндер, көкектер, тотылар, ешкіемерлер отрядтары
- Отряд. Чистиктер (Alciformes).
Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері де кездеседі. Бұлардың денесі ұзынша мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар.
Балта тұқымдылар — бұлардың тұмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын мекен етеді. Кейде Жаңа Жердің және Мурманскінің жағалауында да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жұмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерді өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.
- Отряд. Көгершіндер(Columbiformes).
Көгершіндер орманды кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа құстар. Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзінде тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы 300 дей түрі белгілі. ТМД елдерінде 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух, вяхирь, иығында және мойнының бүйір белімінде ақ дақтары болады.
Осы кездегі Көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шептесін заттардан салады. Ұясында 1-2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын аталығы да аналығы да кезектесіп басады. Жұмыртқадан 14-30 күн аралығында балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дендері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап құрттарды және жұлдыз құрттарын да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зияндарын тигізеді.
- Отряд. Көкектер (Cuciliformes).
Бұл отрядқа көкектердің 200 ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірінде кездесетн ағашты және бұталы жердің құстары. Аздаған түрлері өздеріне ұя салады және жұмыртқасын басады. Көпшілігі ұя салып жұмыртқа басу инстинтігін жоғалтқан. Мысалы: қаршыға, көкек деген Шығыс Азияда мекендейтін түрі жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді.
Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмыртқасының түсі ұядағы басқа құстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ көзінде, не жерге салып, оны тұмсығымен басқа құстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан Көкектің балапандары ептеп, иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жулдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.
- Отряд. Тотылар (Psittaciformes).
Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құстар. Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауытымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.
- Отряд. Ешкіемерлер (Psittaciformes).
Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үлкендіктері орташа, насеком қоректі, түн құстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік өткен ортасына сай сұр-қоңыр болады. Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерлерді байқау қиын, өйткені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.
Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдардың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Бұлар тек суық жақта ғана болмайды, бізде құрғақ орманды жерлерде — кедімгі ешкіемер кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1-2 жұмыртқа болады. Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер ете пайдалы құс.
Ұзынқанаттылар, тоқылдақ тәрізділер, жапалақтар, торғай тәрізділер отрядтары.
17 отряд. Ұзын қанаттылар. Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады.
Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні мен тіршілік ету тәсілі жағынан қарлығаштарға ұқсайды. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталғандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш кең тараған. Ұяларын слекей бездерінен шыққан жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады.
Колибрилер — ұсақ және өте ұсақ ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігіндей болады. Түсі ашық жарқырауық келеді. Олар өте тез ұшады, қанатын жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектары мен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды, ұясында екі жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балаланының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозандандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және солтүстік Америкада мекендейді.
18 Отряд. Тоқылдақ тәрізділер
Тоқылдақ тәрізділердің көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты мүйізденген тұмсығының жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез қозғалады, тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.
Біздің фаунада тоқылдақтардың 10 — нан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ, үлкен ала тоқылдақ, кіші ала тоқылдақ, жасыл тоқылдақ және т.б. орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады.
19 Отряд. Жапалақтар
Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жыртқыш құстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағұрлым алыстау тұрады. Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұрады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200 — ге жуық түрлері бар. Ал бізде 20 — дай түрі кездеседі. Балапандары әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.
20 Отряд. Торғай тәрізділер
Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жартысынан көбі жатады, оның 5000-ға жуық түрі белгілі. Сыртқы пішінімен мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы каролек, оның салмағы 5 — 6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100 — 1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай терізділер үш отряд тармағына белінеді.
- Үншіл торғай тәрізділер. Тропиктік ұсақ орман құстар 1000 — ға тарта түрі белгілі 11 тұқымдасқа топтасады.
- Жалған жыршы торғай тәрізділер. Бұған Австралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы — лиралар.
- Жыршы торғай тәрізділер. Бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 белігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген. 5-7 пар дыбыс еттері блады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 52 тұқымдасқа бірігеді. Олардың түрлері:
Босторғайлар далада шөлді жерлерде, тіршілік өтетін ұсақ құстар, артқы саусағының тырнағы түзу және ұзын. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды.
Қарлығаштар — өте тез ұшатын ұсақ құстар, олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып, қағып ұстап жейді. Бізде қарлығаштардың 3 түрі қыстау қарлығашы, қала қарлығашы, жаға қарлығашы кездеседі.
Қарғалар — дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бір сыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік өтеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа — құзғын, қарға, ұзақ, сауысқан, және т.б. жатады.