Құстардың ас қорыту, тыныс алу жүйесінің ерекшілігі

Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқырып теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді.

Құстардың ауыз қуысынан түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, ері қатты болса, қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі — өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.

Сілекей бөздері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бөздері жоқтың қасында. Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бөздерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды.

Кейбір құстардың еңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатын “сүт” деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.

Өңеш қабырғасы жұқа безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден — етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден — құстың жұтқан ұсақ тастары да әсер етеді. Құстардың аш ішегі едеуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген оларды бір-бірінен ажырату қиын.

Тыныс алу органдарының — өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі. Кемекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады.Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі кемекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.

Көмекей қуысына оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады. Ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген арнаулы еттердің жиырылуынан яғни тітіркенуінен олардың формалары мен қалыптасуы өзгереді де дыбыс түрліше құбылып шығады.