Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі мен эволюциясы

Алғашқы омырқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған. Олар саусақ қанатты балықтардың жақын тегі стегоцефальдар, немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақытын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап қалған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасына жылжып бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің біркелкі жылы, дымқыл ауа райы әсер еткен. Тас көмір дәуірінің соңғы кезідерінде құрылқта ауа райы өзгерген. Тау пайда болу процестерінің көп болу климаттың, сонымен қатар өсімдіктердің алмасуына себепші болған. Көпшілік жерлерде климат құрғақшылық, континентальды болады. ¤сімдік сабағындағы жылдық сақинаға қарағанда, қыс салқын болған. Осы кезде өзендермен, балшықтарда өсетін қырықбуын мен папортниктер жойылып, шөл далалар пайда болған. Сөйтіп, құрғақшылыққа төзімді қылқан жапырақты өсімдіктер мен саговниктер көбейе бастаған.

Стегоцефалдердің тіршілк етуіне бұл жағдай қолайсыз бола бастайды. Құрғақшылық олардың денесін құрғатып, тері арқылы тыныс алуға кедергі жасайды және денесін құрғап кетуден сақтап қала алмайды. ¤йткені өкпесі нашар дамыған, ол организмдегі газ алмасуды толық атқара алмайтын болған. Стегоцефалдардың көпшілігі Перм дәуіріне жетпей-ақ құрып біткен. Жер бетіндегі тіршілік жағдайларының өзгеруі құрғақшылық әлде қайда төзімді жаңабелгілердің пайда болуына себепші болған. Сөйтіп, жануарлар құрлықта тіршілік етіп, көбеюге мүмкіндік алды.

Алғашқы репилилер. Котилозаврлар – тас көмір дәуірінің үстінгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен рептилилер.

Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екендігін көрсетеді. Мысалы, көпшілігінде сегізкөз омыртқасы біреу ғана, мойын бөлімі нашар жетіліп, балықтанға тән иық белдеуінде тері тектес сүйек – клейтру болады. Ми сауыты сүйек қорабынан тұрады да онда көз, танау, жтөбе органының ғана тесіктері болады. Аяқтары қысқа, маманданбаған.

Котилозаврлардың көршілігі өсімдіктермен, кейбір түрлері молюскалармен қоректенген.

Котализаврлардың перм орта дәуірі кезінде жақсы дамып, оның аяқ кезінде азайып, ал триас дәурініде мүлдем құрып біткен. Бұлардың орнын котилозаврлардың жоғары ұйымдасқан және маманданған группалары басқан.

Рептилилердің бұдан кейінге эволюциялық дамуы өзін қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайына сәйкес бейімделіп қалыптасты. Көпшілік группаларының скелеті берік, әрі жеңіл болуымен қатар, қозғалғыш қасиет пайда болған. Олар бірте-бірте түрлі қоректерді пайдалана бастайды.Осыған байланысты аяқтарның, омыртқа жотасының және ми сауытының құрлысында өзгерістер болған. Көшілігінің аяқтары ұзын, жамбас сүйегі екі және оданда көп сегізкөз омыртқаларына бекіген. Иық белдеуіндегі клейтрум сүйегі жойылған. Бүтін ми сауыты аздапта болса редукцияға ұшырыған.

Алғашқы кесірткелер. Ми сауытында екі бет доғасы болптын рептилилердің өте қарапайым группасы. Тісі амфибилердің тістері сияқты, тек қана жақ сүйегінде ғана емес таңдайындада болады. Омыртқасы амфицельді. Бұлар сырт қарағанде ірі кесірткеге ұқсайды. Алғашқы кесіркелердің қалдықтары перм дәуірінен табылған. Триас дәуірінде тұмсық бастылар пайда болған.Оның гаттерия деген түрі осы кезде Жаңа Зеландияда кездеседі .

Псевдозухилер. Алғашқы кесіріткелермен бір түбірден таралған болуы керек. Олар триастың басында пайда болған. Тістері терең ұяшықтарға орналасқан. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан жақсы жетілген.Осының салдарынан жамбас сүйегі және артқы аяқтарының төменгі бөлімдері ұзарып кеткен. Көпшілігі ормандарда тіршілік еткен.