Балықтардың негізгі эколгиялық топтары.
Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ.. Бірақ орыс оқымыстылары : К.Ф.Кисслер 1877, Н.А.Смирнов (1912-1924), А.А. Браунер (1923), В.И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше экологиялық топтарға топтастырған.
І. Теңіз балықтары. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынадай топтарға бөлуге болады.
- Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде оз ара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, марелдар жатады.
- Литоральдық — су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жануарларынан қорғанады, және қоректерін табады. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен, қылқан тәрізді (скаттар, кейбір қамбалара, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреулерінде қалын сауыт негізделген.
- Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабатарын (200 метрден томен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, ете тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Аббисальдық балықтардың көпшілігінде кез болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.
ІІ. Тұшы су балықтары тек қана тұшы суларда тіршілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар жатады. Су қоймаларынын типтеріне қарай тұшы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.
- Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік теттін балықтар (табан, қарабалық, кейбір сигалар).
- Жалпы тұшы, ақпайтын және ағын су балықтары (шортан, алабұға).
- Ағынды су балықтары (форель, аққайран).
ІІІ. Өткінші балықтар тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Бірақ өткінші балықтар өсу, жыныс продуктыларының жетілу кезеңін теңізде еткізеді де, уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга), бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кейбір майшабақтар мысал болады.
ІV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздерден өзен құятын тұшы бөліктерінде тірішілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұшы суларда тұрақты тіршілік ете береді.
Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар теңіз алабұғасы, дорабтар, тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарға жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды.
Аталық жыныс бездері аналықтарының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің килка, хамса балықтарының жыныс бездері бір-ақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтімімен аквариумда ұстаса, туғаннан кейін 3-4 айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Керісінше, кейбір балықтардың жыныс бездерінің жетілуіне бінеше жылдар керек. Мысалы, қызыл балық 7-8 жылда, бекіре 12-13 жылда, ал болуға және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16-17 жыл керек.