ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

Адам өмірі нормалармен және құқықтармен реттеледі. Адамдардың қызметтері, егер олар жағдайға сәйкес тәртіпті анықтайтын ережелерді ұстанбаған болса, ретсіздікке айналған болар еді. Егер жүргізуші жол жүру ережелерін сақтамаса, жолдағы қозғалыс мүмкін емес. Біздің әрекетімізде сақталатын нормалар әлеуметтік өмірге реттілік пен алдын ала болжамдық береді. Алайда медальдың екінші жағы да бар. Адамдардың әрекеттері әлеуметтік күтуде әрқашан және бәрі сай келе бермейді. Үлкен асығыстықта немесе алкогольдің әсерімен адам автомобильді абайламай, жауапсыз жүргізуі, бір жақты қозғалыстағы көшемен кері жаққа жүріп кетуі мүмкін. Адамдар өздері сақтауға міндетті ережелерден жеткілікті түрде жиі ауытқиды.

Ауытқушы тәртіпті зерделеу (девианттық) – ең тартымды міндеттердің бірі. Талдау үшін бұл сала күрделі, өйткені ережелерді бұзу типтері әлеуметтік нормалар мен құндылықтар қанша болса – сонша көп. Сонымен қатар, түрлі мәдениет, сондай-ақ субмәдениет нормаларының бір қоғам шеңберінде айтарлықтай айырмасы бар. Сондықтан да, бір қауымдастықтақалыпты болып саналса, басқасында ауытқу болып табылуы мүмкін.

Жастардың девианттық тәртібі жөнінде мәселе жеткілікті түрде өзекті болып табылады. Девианттық тәртіп – бұл қандайда бір нормалардан ауытқу тәртібі. Қалыпты тәртіптен ауытқу салдарынан тіршілік қызметінің бейбіт қалпының бұзылуы болады. Жастар ең белсенді психологиялық субъект болып табылады, сондықтан да әлеуметтік жат қылық ең айқын түрде нақ соларда байқалады. Осы, тұрақты көзқарас қалыптаспаған жастағы тұлғалар сыртқы әсерге анағұрлым берілгіш. Қоршаған ортаның мүдделері мен көзқарастарын қабылдай жүріп, олар қандайда бір үлгілерді таңдап, бойларына сіңіреді де, одан әрі соны басшылыққа алады. Девианттық тәртіптің дамуымен қатар жастардың жақсы сезімдері уақыт өткен сайын сөне бастайды, бұл болашақ қылмыстылық үшін резерв болуы мүмкін [1].

Девианттық тәртіп соңғы кездері жаппай бұқаралық сипат алды, бұл осы құбылысты социологтардың, педагогтардың, психологтардың, медиктердің, құқық қорғаушы органдардың қызметкерлерінің назар аударатын орталығына айналдырды. Осы ауытқудың себебі адамның қоршаған әлеммен, әлеуметтік ортамен және өз-өзімен өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің ерекшелігінде жатыр. Сондықтан девианттық тәртіптің негізгі ұғымдарын, негізгі тәсілдерін қарастыру, катализаторлар ретінде осы тәртіптің динамикасына әсер ететін оның мәні мен факторларын ұғыну маңызды.

Девианттылықтың мазмұны туралы айту үшін норма мен оның мәні туралы жалпы түсінік болуы керек.

Әлеуметтік норма — берілген нақты қоғамдағы адамдардың, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік ұйымдардың қызметтері мен ұйғарылған тәртібінің тарихи қалыптасқан шектеуі, шамасы, аралығы.

Норманың қалыптасу субъектісі тұрғысынан олар:

— ресми бекітілген нормалар;

— нақты қалыптасқан нормалар болып бөлінеді.

Ресми бекітілгендер – бұл, заң шығарушылар немесе басқа осыған өкілетті тұлғалар жасаған нормалар.

Ресми бекітілген нормалар заңнамалар жинағында, әкімшілік актілерінде, лауазымдық нұсқаулықтарда, ұйымдар мен мекемелердің ішкі тәртіп ережелерінде, қоғамдық ұйымдар жарғыларында және т.б. жазылған.

Нақты қалыптасқан нормалар – бұл, қоғамдардың тарихи дамуы барысында немесе қандайда бір жағдайға байланысты стихиялық түрде туған ережелер. Осындай нормалар қатарына: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, адамгершілік нормалары, этикет нормалары жатады.

Әлеуметтік кеңістікте девианттық бағасының айырмасы бір қоғам құрайтын топтардың мәдени түсінігінің айырмасы ретінде ұғылады. Мысалы, жеткіншектер ортасында ұсақ бұзақылық — қаһармандық, «шынайы еркектік» қасиетті таныту деп саналады, ал ересектер бұл туралы мүлдем басқа пікірде болады. Осылайша, норма мен девианттық — мүлдем салыстырмалы құбылыстар. Норма мен девианттықтың қатынасы қалай салыстырмалы болса да, ауытқушы тәртіптің жағымды және жағымсыз жақтарын айыру қажет.

Біз атап өткендей, ауытқушы тәртіптің жағымды түрлерін бөлеміз.

Жеке тұлғаның данышпандық сияқты қасиеті әрқашан ең үлкен қызығушылық тудырады. Миллиондаған адамдар өз бетінше шығармашылықпен, әсіресе, көркем өнермен айналысады. Кәсіптік шығармашылықпен мыңдаған адамдар айналысады. Алайда, шеберлік шыңына аздаған адам ғана жетеді. Табыс шыңына табиғи ерекше дарынды индивидтер жетеді. Олар өз өмірлерін не өнерге, немесе ғылымға, болмаса өнертабысқа арнайды. Алайда, мұндай адамдардың өмір салты, көбінесе қоршаған ортаға түсініксіз болып келеді – олар немесе отбасын құрмайды, немесе шектен тыс кірпияз, болмаса күнделікті істерге икемі жоқ, немесе ысырапшыл, немесе жөнсіз қылықтарға жол береді.

Шығармашылық түрде дарынды, көркем өнер шығармаларынан шешім тапқан адамдардың девианттығы азаматтарға өзін және қоршаған ортаны түсінуге, өмірден ләззат алуға көмектеседі. Ал ғылыми жаңалықтар адамзат болмысының түрлі салаларындағы прогреске ықпал етеді.

Принциптілік. Күнделікті практикада адамдар айтарлықтай икемді болады: өз мүдделерін жағдайға қарай қорғайды. Билеушілер пікірімен жанжалға баратындар аз. Басқаша айтқанда, көпшілігі конформист болып қалады. Алайда, қандай жағдайда болмасын өз сенімін өзгерте алмайтын және оны белсенді түрде қорғайтын адамдар бар. Принципті адамдар көбінесе қоршаған ортаға ыңғайсыз келеді, олардан еңбек ұжымдарында да және ұйымдарында құтылуға тырысады. Алайда, олардың нақты девианттық тәртібінсіз әлеуметтік құрылымдар үлкен дәрежеде құлдырауға кетеді.

Шектен тыс зиялылық. Бұл өздерінің кейпімен және тәртібімен этикет пен адамгершілік эталонын іске асыратын адамдарда болады. Олар әрқашан әдепті, жинақы, оқыған, ниеттес, манераларының жұмсақтығымен ерекшеленеді, жол беруге икемді, өз пікірлеріне бағындырмайды, кімге қатысты болса да менсінбеушілік көрсетпейді. Осындай адамдардың тәртібін қоршаған орта қолдайды. Бірақ олардың үлгісімен жүруге асықпайды. Аталған қасиеттердің зиялылықты шектен тыс уәждемей тұжырымдалғаны әбден айқын. Олар, айнытпай қайталануы екіталай жеке басының тағдыры мен өмір салтының ерекшеліктерімен тұжырымдалған.

Көбінесе, девиацияның соңғы түрлеріне зор көңіл аударады, себебі нақ солар жеке тұлғалардың мүдделеріне, әлеуметтік топқа, тұтастай қоғамға зиян келтіреді, бұзылатын нормалар типінен девианттық тәртіптің келесі негізгі түрлерін ажыратуға болады: өлтіру, зорлау, жезөкшелік, нашақорлық, өзіне-өзі қол жұмсау. Алайда девианттық ауқымы аталған жағымсыз құбылыстарға қарағанда, анағұрлым кеңірек [2].

Маскүнемдік және алкоголизм. Осы түсініктер арасында айырмашылық бар. Алкоголизм – спирт ішімдігіне патологиялық құмарту және одан кейін жеке тұлғаның әлеуметтік-адамшылықтан кері кетуі. Маскүнемдік – бұл алкоголді шамадан тыс қолдану, ол жеке басының денсаулығына қауіп төндірумен қатар оның әлеуметтік бейімделуін бұзады. Маскүнемдікке апаратын жол көбінесе, ойын-сауық, естелік күндерді тойлау, ерлі-зайыптық, отбасылық келіспеушіліктер, жұмыстағы жағымсыз жағдайлар болып табылады.

Алкогольге тәуелділік бірте-бірте қалыптасады да, ішкіш адамның ағзасындағы күрделі өлшемдермен анықталады. Спирт ішімдігіне құмарлық адамның тәртібінен: ішуге дайындық кезінде тым абыржушылық, «қолдарын ысқылау», эмоциялық көтеріңкілік байқалады. «Алкогольдік өтілі» көп болған сайын, ішімдікке салыну аз рахат әкеледі.

Алкоголизмнің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етеді: тұқым қуалау факторлары, мінезі, жеке тұлғаның өзіндік қасиеттері және қоршаған ортаның ерекшеліктері. Алкоголизацияға ықпал етуші факторларға – материалдық жағдайының және білімінің төмен деңгейін жатқызуға болады.

Қылмыс – бұл құқыққа қайшы, айыпты жазаланатын қоғамдық-қауіпті, заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қастандық жасайтын және оларға айтарлықтай зиян келтіретін іс-әрекет. Теріс қылықтар – бұл да құқыққа қайшы айыпты, бірақ үлкен қоғамдық қауіп тудырмайтын іс-әрекет. Теріс қылықтар әкімшілік, азаматтық, еңбек нормаларымен және т.б. құқық салаларымен реттеледі. Теріс қылық түріндегі құқық бұзушылық жасөспірімдерде тәртібінің шамданған мәнерімен, бейпіл ауыздықпен, төбелес құмарлықпен, ұсақ ұрлықпен, маскүнемдікпен, қаңғыбастықпен көрінеді. 14-18 жастағы жасөспірімдер мен жеткіншектерге құқыққа қайшы тәртіпті пайдакүнемдікпен де, сондай-ақ, зорлықпен де уәждеу тән. Пайдакүнемдік құқық бұзушылықта аяқталмаған балалық мінез болады, себебі бұл агрессиямен уәжделмейтін сотқарлық пен әуестіктен туады. Бүгінгі күні жасөспірімдер мен жеткіншектердің құқық бұзушылықтарына автокөлікті мініп кету, жастар сәніндегі заттарды тартып алу (радиоаппаратура, спорттық бұйым, сәндік киім, ақша, тәтті тағамдар, шарап және т.б.) жатады.

Зорлық жасау құқық бұзушылығы өзін таныту қажеттіліктерінен, айуандық сезімнен, өз компаниясы алдында жалған ұғымдағы парызынан, тәрбиенің жетіспеуінен туады. Әсіресе, бұл тәртіп нормасы маскүнемдік, дөрекілік, қатыгездік болған отбасыларында өскендерге тән. Жастардың типтік зорлық жасау құқық бұзушылығына жастардың «жанжалын» жатқызуға болады, ол былапыт сөздермен, зорлықпен қатар жүреді.

Қылмыстың барлық көріністері – бұл ауытқушы тәртіптің соңғы дәрежесі, мұнда жеке тұлғалардың, әлеуметтік институттар мен қоғамның мүдделері қатер үстінде болады. Әрине, бір де бір қоғам өзі құқыққа қайшы деп санаған тәртіпке және олармен күрес жүргізуде қандай құралдар мен әдістерді қолдануда немқұрайды қалған емес.

Өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) – бұл өз еркімен, әдейі өз өмірін тоқтату. Суицидтік тәртіп — бұл, оған алкоголь ішу, есірткі қолдану, табанды түрде емделуді қаламау, көлікті мас күйде жүргізу және өмірлік бағдарларды анықтай білмеуі сияқты түрлерін жатқызуға болатын ең бұзақы тәртіп. Суицидтік тәртіп жеткіншектерде көбінесе өмірлік тәжірибенің жоқтығынан және өмірлік бағдарларын анықтай білмегендікпен түсіндіріледі. Осы себептерден басқа ерекше себептер бар:

Суицидтің келесі себептері таралған:

— маңайындағы жақындарынан сүйікті адамын жоғалту немесе махаббат сезімінің менмендіктен тапталуы;

— жеке басының қасиетіндегі осалдық сезімін;

— тым қатты шаршау;

— алкогольдік мастық, психотропты заттарды қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қорғаушы механизмдерінің бұзылуы;

— токсикомания және нашақорлық;

— өзіне-өзі қол жұмсаған беделді адаммен өзін теңестіру;

— адам өз тәртібіне бақылауды жоғалтқан кезде қатты агрессия,

қорқыныш түріндегі фрустрация және аффект жағдайы;

Суицидтік тәртіп себептерін бекіту үшін олардың мәнерлері мен осыған алып келетін нақты жағдай туралы талқылауға мүмкіндік беретін себептердің маңызы зор.

Нашақорлық — бұл есірткілерге физикалық және психологиялық түрде тәуелділікпен, оларға құмарлығын жеңе алмаумен айқындалатын ауру, бұл бірте-бірте ағзаны физикалық және психологиялық азғындауға алып келеді. Нашақорлықтың әлеуметтік салдары болады. Қылмыстық элементтер үшін бұл — ақша табудың оңай жолы. Нашақорлықты шектен тыс қолдану, әсіресе жастар арасындағы өлім-жітімнің артуына және соматикалық, психикалық аурулардың тұтас бір бумасының дамуына алып келеді.

Нашақорлық негізінде қылмыстар жасалады, себебі «сырқырау» жағдайында нашақор кез келген қылмыс жасауға қабілетті. Есірткілерді алу — тұлғаларға қарсы бірқатар қылмыстардың: ұрлық, тонау, қарақшылық жасаудың аясы бола бастайды. Нашақорлық ұрпаққа теріс әсерін тигізеді. Балалар айтарлықтай физикалық және психикалық ауытқулармен туады, бұл өз кезегінде отбасының құлдырауына әкеледі. Нашақор, тұлға ретінде жойыла бастайды, себебі есірткіге құлдық тәуелділік адамға жат әрекеттер жасауға итермелейді.

Нашақорлықтың психологиялық субъективті себептерінің бірі сан түрлі жағдайларға: жеке қиыншылықтарға, әлеуметтік-мәдени саланың жетіспеушілігіне, әлеуметтік әділетсіздікке, бос уақытының орнықпауына, тұрмысының жайсыздығына, оқуда немесе жұмыстағы сәтсіздіктерге, адамдардан түңілуге байланысты өмірге көңілі толмау болып табылады.

Нашақорлық себептері этнологиясындағы нашақор тұлғасы айтарлықтай орын алады. Демографиялық, жасына байланысты және әлеуметтік-медициналық аспектілер айтылады. Нашақорлар арасында еркектер басым. Басқа маңызды жағдай — бұл ең бастысы осы ауруға жастардың душар болғаны.

Нашақорлық пен токсикоманияның мүмкін мәнерлері:

  • есірткі затының әсеріне қатысты әуестікті қанағаттандыру;
  • белгілі бір топқа қабылдану мақсатында соларға жататындық

сезімін тексеру;

  • тәуелсіздігін, ал кейде қоршаған ортаға қатысты жауластық күйін

білдіру;

  • рахаттандыратын жаңа, толқытатын немесе қатер тұнған

тәжірибені тану;

  • «ойлау айқындығына» немесе «шығармашылық шабытқа» жету;
  • толық босаңсу сезіміне жету;
  • еңсесін басатын бірдеңеден қашу.

Нашақорлық үшін қоректену негізі микроорта болып табылады. Отбасы, қоршаған көше үлкен рөл атқарады. Ең болмаса бір нашақордың көшеде, аулада, мектепте, жұмыста пайда болуы қоршаған ортаға жаман әсер етеді. Ең басында есірткілерді тегін береді, сосын қарызға, сосын ақша талап етеді.

Токсикомания – токсинді заттарды, транквилизаторлар таблеткаларын, яғни күшті шайдан – «чифирден» алынған кофеинді, тұрмыстық химияның жұпар иісті заттарымен дем алу арқылы тұтынудан туатын ауру. Мас күйде эйфориядан басқа көру галлюцинациялары пайда болады.

Жезөкшелік. Бұл термин латынның «prostitution – қорлау» сөзінен шыққан. Жезөкшеліктің келесідей белгілерін атап көрсетеді:

1) кәсіп түрі – клиенттердің сексуалды қажеттіліктерін қанағаттандыру;

2) кәсіп сипаты – әртүрлі адамдармен сезім құштарлығынсыз және клиенттердің кез-келген түрдегі жыныстық ынтықтығын қанағаттандыруға бағытталған жыныстық қатынас түріндегі жүйелі кәсіп;

3) кәсіп уәжі – жезөкшеліктің болуының негізгі немесе қосымша көзі болып табылатын алдын ала келісілген ақша немесе материалдық құндылықтар түріндегі сыйақы.

Жезөкшеліктің себептері көптеген басқа да әлеуметтік ауытқушылықтардағы секілді әлеуметтік-эеономикалық және адамершілік-әдептік факторлар болып табылады. Дегенмен өзіндік себептері де бар. Кейбір әйелдердің жыныстық түйсігі күшті болады және олардың қажеттіліктері орташадан жоғары болып келеді. Осыдан келіп әуесқой секс туындайды. Жезөкшені қоршаған ортадағы жезөкшеліктің өзге себебі себебі. Бұл жезөкшелермен өзара қатынас нормаларын анықтайтын және оларды өз «жарғыларын» бойұсындыратын рэкетирлер, жеңгетайлар, «таңқурай» қожалары және т.б. [3].

Жезөкшелікті тежейтін факторлар тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру, жыныстық тәрбие беру бағдарламасын іске асыру, әлеуметтік теңсіздікті деңгейлестіру, жеңгетайларды және жезөкшелік есебінен күн көретін «үй» иелерін, т.б. әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізу болуы мүмкін. Әсіресе, жезөкшелікке кәмелет жасына толмағандарды тарты өте қауіпті.

Адамдардың «жағымды» және «жағымсыз» туралы түсініктері тұрақты нәрсе емес. Уақыт кезеңінде де, кеңістікке байланысты да өзгереді. Уақыт кезеңінде өзгеру бір және сол халықта бір және сол қылық бір кезеңде жағымды, басқа кезеңде жағымсыз болып қабылдану мүмкін дегенді білдіреді [4]. Мысалы, еврейлердің КСРО-дан кетуін қалың бұқара сатқындық ретінде қабылдады. Ал қазіргі кезде қоныс аудару қалыпты құбылыс. Кеңістіктегі өзгерісті мәдениет мәнмәтінінде қарастыру қажет. Физикалық кеңістікте өзгеріс халықтардың мәдениеттерінің әртүрлілігіне қатысты.

Әлеуметтік ауытқулардың басым саны қоғамның дамуында бұзушы роль атқаратынын мойындаған жөн. Тек кейбір аздаған ауытқуларды пайдалы деп санауға болады.

Әлеуметтік ауытқудың қалыптасуында қылмыстық тәртіпке дейін әлеуметтік орта зор роль атқарады. Сондықтан ауытқулармен күресудің жаңа әлеуметтік бағдарламалары болуы керек. Олар қоғамның барлық әлеуметтік терапиясына, оның физикалық денсаулығының, мәдениеті мен жақсы тұрмысының артуына ықпал етулері керек. Тек қоғамның ұйымдастырушылық мәдениетін өзгерту жолымен әлеуметтік қатынастардың анағұрлым жоғары деңгейлеріне көтерілуге болады, бұл халық тәртібінің әлеуметтік түрлерінің өсуіне ықпал етеді.