Омыртқалылар зоологиясы пәні және міндеттері

Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.

Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.

Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.

Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және оларды қолда өсірілетін жаңа тұқымдарын шығару жұмысына біздің елімізде үлкен маңыз береді. Мұның өзі мемелекеттік табыстың басты көзі болып есептеледі.

Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.

Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.

Омыртқалылар зоологиясының осы заманда биік шыңына көтіруіне кептеген оқымыстылардың (Н.М. Книпович, В.К. Солдатов, А.Н.. Державин, Б.М. Житков және т.б.) қаржылы еңбектері негіз болды.

Зоологияның негізгі мақсаты — омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.