ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МЕНШІК ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ

Өркениет дамуының тарихы кез-келген елдің ғылыми-техникалық ілгерілеуі негізінде адамның интеллектуалды еңбегімен жасалған интеллектуалды меншік объектілері жатқандығын айғақтайды. Әр адамның жасына, психологиялық жағдайына, азаматтығына және өзге де сипаттамаларына қарамастан, белгілі бір дәрежеде ғылым мен мәдениет туындыларын жасауға, шығаруға деген қабілеті болады. Дегенмен адамдар бұл дарынды әртүрлі мөлшерде пайдаланады. Бүгінде Қазақстан индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдай отырып, ғылымды қажет ететін жобаларды белсене іздеу және енгізу процесінен сырт қалған жоқ. Президенттік 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет» делінген [1].

«Интеллектуалды меншік» деген терминнің өзі республика заңнамалары үшін жаңалық болып табылады, себебі КСРО кезінде шығармашылық қызметтің нәтижесін пайдалану құқығы жалпылама түрде болды, тек тұтастай мемлекетке және әртүрлі ұйымдарға ғана тиесілі болды.

«Интеллектуалды меншік» термині кең мағынада интеллектуалды қызмет нәтижесін немесе даралау, жекелеу құралдарының нәтижесін заңмен бекітілген уақытша айрықша құқық дегенді білдіреді. Интеллектуалды меншік құқығын анықтайтын заңнаманы монополия өзінің интеллектуалды, шығармашылық қызметінің нәтижелерін белгілі бір нысанда пайдалана алатын авторларға бекітеді, осылайша басқа тұлғалар тек бірінші автордың рұқсатымен ғана пайдалана алады.

Дүниежүзінде интеллектуалды меншікті дамыту және қорғаумен 1967 жылы негізі қаланған Дүниежүзілік интеллектуалды меншік ұйымы (ДИМҰ) айналысады, ол шығармашылық және интеллектуалды меншік мәселелері бойынша БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылады. ДИМҰ жаңа халықаралық келісімдерге қол қоюға және ұлттық заңнамаларды жаңартуға көмек көрсетеді, елдер арасындағы әкімшілік ынтымақтастықты дамытады, дамушы елдерге техникалық көмек ұсынады, ол көмек өнеркәсіптік өнертабыстары, белгілері мен үлгілерін халықаралық түрде қорғауды жеңілдетеді. ДИМҰ жанында арбитраж бен делдалдық жөніндегі орталық жұмыс істейді. 1999 жылдан бастап ДИМҰ Интернеттегі домендердің (.com, .net, .org) барынша типтік таралған атауларын тіркеу мен пайдалану кезінде пайда болатын дау-дамайларды реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынып келеді. ДИМҰ интеллектуалды меншіктің негізгі аспектілерін қамтитын 21 келісімді басқаруды жүзеге асырады. Басты келісімдер өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы (1883), әдебиет және көркем әдебиет туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясы (1886), туындылардың шығу орындарының атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі (1958), өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық сақтау туралы Гаага келісімі (1934) болып табылады.

Интеллектуалды меншіктің келесі түрлері атап көрсетіледі: авторлық және аралас құқық, тауар белгілері, өнеркәсіптік үлгілер, патенттер. Сондай-ақ, «интеллектуалды меншікті» коммерциялық құпия және әділетсіз бәсекелестік туралы заңдарға жиі қосады, ол заңдар өздерінің құрылымы бойынша айрықша құқықтар ұсынбайды.

Ғылым, әдебиет, өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты туындаған қатынастар авторлық құқықпен реттеледі. Авторлық құқық негізінде қандайда бір объективті пішінде қолданылатын шығармашылық қызметтің түпкілікті нәтижесін білдіретін «туындылар» ұғымын білдіреді. Атап айтқанда, көрсетудің осы объективті түрі авторлық құқықты қорғау құралы болып табылады. Авторлық құқық идеяларға, әдістерге, процестерге, жүйелерге, тәсілдерге, тұжырымдамаларға, принциптерге, жаңалықтарға, фактілерге қолданылмайды.

«Аралас құқық» деген XX ғасырдың екінші жартысынан бастап XXI ғасырдың басына дейін жасалған айрықша құқықтар тобы дегенді білдіреді, яғни авторлық құқық үлгілері бойынша шығармашылығы жеткіліксіз болып табылатын қызметтің түрлеріне арналған, олардың нәтижесіне авторлық құқықты тағайындау қажет. Аралас құқықтың мазмұны әртүрлі елдерде маңызды түрде ерекшеленеді. Барынша кеңінен таралған үлгілерге орындаушы музыканттардың, фонограмма дайындаушылардың, эфирден хабар тарату ұйымдарының айрықша құқықтары болып табылады.

Тауар белгісі — бұл заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлердің тауарларын даралап жекелеп көрсетуге қызмет ететін белгі (сөзбен, бейнеленген, аралас немесе басқалай). Заң жүзінде тауар белгісін куәландыратын куәлігі бар тауар белгісіне деген айрықша құқық танылады. Тауар белгісін иелену құқығы бар адам оны пайдалана алады, басқа тұлғалардың иелік етуіне және оны пайдалануына тыйым салады.

Өнеркәсіптік үлгі ретінде өнеркәсіптік немесе қолөнер өндірісінің оның сыртқы түрін анықтайтын бұйымдардың жаңа және түпнұсқалы көркемдік- конструкторлық шешімі қорғалуы мүмкін. Өнеркәсіптік үлгілерге деген құқық авторлық және патенттік құқықтар арасындағы аралық нысан болып табылады. Оларды әртүрлі елдерде қорғау түрі айрықша ерекшеленуі мүмкін.

Патент – авторлық және өнертабысының басымдылығын, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқықты куәландыратын қорғау құжаты. Патенттің әрекет ету мерзімі патенттеу объектісіне байланысты және 10 мен 25 жыл аралығын құрайды. Патент интеллектуалды меншік бойынша атқарушы биліктің мемлекеттік органдары арқылы беріледі. Патенттік заң мағынасында өнертабыс дегенді, өнімдерге (жеке алғанда құрылғы мен затқа) немесе тәсілге (материалдық қаржы көмегімен материалдық объектіге іс-әрекет жүргізу процестеріне) жататын кез келген саладағы техникалық шешім ретінде түсінеміз.

Интеллектуалды меншік құқығы басқа меншік құқықтары сияқты авторға немесе патент иесіне тауар белгісінен өз туындыларынан немесе шығармашылық үлесінен пайда табуға мүмкіндік береді. Бұл құқық адам құқығын қорғау жөніндегі Дүниежүзілік декларацияның 27-бабында баяндалған, ол авторлықтан кез келген ғылыми туындыларға шығатын моральдық және экономикалық мүдделерді қорғау артықшылықтарын пайдалану құқығын белгілейді.

Интеллектуалды меншік мағынасының маңыздылығы және оны қорғау алғашқы рет 1883 жылы өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы, 1886 жылы әдебиет және көркем әдебиет туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясында танылған.

Шығармашылық қызмет өнімдері басқа тауарларға қарағанда, егер олар мемлекет тарапынан арнайы құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілмейтін болса, онда иелеріне қандайда бір кепілдік беретін пайда әкелетіндей жағдайда болмайды. Содан кейін олар қоғамға қалай белгілі болады, бір немесе бірнеше тұлғаларды иелену объектілері бола алмайды. Қажетті экономикалық ресурсы бар әрбір қоғам мүшесі арнайы құқықтық қорғау болмаған кезде оларды пайда табу үшін пайдалануы мүмкін, сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін шығармашылық қызмет өнімдеріне деген айрықша құқық институты қызмет етеді. Айрықша құқық – бұл қандайда бір материалдық түрде білдірілген материалдық емес игілікке деген абсолютті құқық [2, 28 б.].

Шығармашылық қызмет нәтижесі мемлекеттік шекарамен шек қойылмайтын жағдайларды да атап өту қажет: интеллектуалды меншіктің қазақстандық объектілерінің үлкен мөлшері шетелде де пайдаланылады, сол сияқты Қазақстанда да шетелдік объектілер белсенді түрде пайдаланылады. Мұндай құбылыстың келеңсіз зардабы заңсыз қолданудың кең таралуына апарады, яғни интеллектуалды қызмет объектілерінің қорғалатын құқығын біркелкі емес пайдалануға ұшыратады (ең бірінші кезекте компьютерлік программалар және аудиовизуалды шығармалар).

Қазіргі кезде интеллектуалды қызметтің барлық жаңа салалары пайда болуда, нәтижесінде олар құқықтық қорғауды талап етеді. Көбінесе, цифрлық технологиялар авторлық құқықты қорғауға тап келген туындыларды, мультимедиа пішімдеріндегі магниттік тасығыштарда сақтауға және пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік интеллектуалды меншік ұйымына (ДИМҰ) мүше болып табылады және сонымен қатар, авторлық және аралас құқықтарды регламенттейтін көптеген халықаралық конвенциялар, келісімдер мен келісім шарттарға қатысушы болып табылады. Қазақстан Париж Конвенциясына, Мадрид Келісіміне, Патенттік ынтымақтастық туралы Келісім шартқа қатысушы болып табылады және басқа да маңызды құжаттарға қол қойды. Қазақстанда интеллектуалды меншік объектілерінің құқығын «Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының Патенттік Заңымен, «Тауар белгісі, қызмет ету белгілері және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы» Заңдарымен қорғау жүйесі қарастырылған, Әкімшілік, Азаматтық және Қылмыстық кодекстерде интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқықтың бұзылғаны үшін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған [3, 42 б.].

Авторлық құқығы қорғалған тұлғалар және олардың мұрагерлері мен мирасқорлары «құқық иелерінде» ҚР «Авторлық құқық және аралас құқық туралы» Заңына сәйкес белгілі бір құқықтары болады. Олар келісілген мерзім бойынша басқаларға туындыларын пайдалануға немесе беруге айрықша құқығы болады. Құқық иелері мыналарға тыйым салуы немесе рұқсат ете алуы мүмкін:

— туындыларды қайта жаңғыртуға (қайта жаңғырту құқығы);

— кез келген тәсілмен туындылар түпнұсқаларын немесе даналарын таратуға: сатуға, айырбастауға, жалға беруге (жалға), басқа операциялар жасауға (тарату құқығына);

— тарату мақсатында туындылар даналарын, автордың рұқсат етуімен немесе басқа авторлық құқық иелерінің рұқсат етуімен дайындалған даналарды импорттауға (импорттау құқығы);

— туындыларды жариялап көрсетуге (жариялап көрсету құқығы);

— туындыларды жариялап орындауға (жариялап орындау құқығы);

— туындыларды жариялап хабарлауға (барлық мәліметтер үшін туындыларды хабарлауға), соның ішінде эфирден немесе кабель бойынша таратуға (жариялы хабарлауға);

— туындыларды эфирден хабарлауға, жалпы мәліметтер үшін эфирде бірінші және (немесе) соңғы хабарлау (эфирде хабарлау құқығы);

— туындыларды кабель бойынша хабарлауға, жалпы мәліметтер үшін кабель бойынша бірінші және (немесе) соңғы хабарлау (кабель бойынша хабарлау құқығы);

— туындыларды аудару (аудару құқығы);

— туындыларды қайта жасауға, өңдеуге немесе басқа түрде қайта жасауға (қайта өңдеу құқығы).

Жазу және қайтадан өндіру сияқты құқықтар аралас құқықтармен қорғалады.

Авторлық және аралас құқықтар туралы заңдармен қорғалатын жұмыстың көптеген түрлері оларды табысты тарату үшін қаржылық инвестиция және жаппай таратуды талап етеді (мысалы, жарияланымдар, дыбыс жазбалары, фильмдер); сондықтан, авторлар туындыларының құқығын, көбінесе компанияларға береді, онда сыйақының орнына туындыларды дамыту мен сатуға қабілетті.

Авторлық құқықтың әрекет ету мерзімі оның берілген күнінен басталады, автордың бүкіл өміріне және қайтыс болғаннан кейін 50 жыл мерзімге дейін созылады. Бұл қорғау мерзімі авторларға, мұрагерлерге бірқатар уақыт аралығында материалдық пайда табуға мүмкіндік береді. Аралас құқықтың әрекет ету мерзімі авторлар оны орындаған немесе қойған кезден бастап 70 жыл неғұрлым қысқа уақытқа созылады. Авторлық құқық — орындаушыларды қорғау, сондай-ақ, сол жұмысқа авторлығын мойындауды талап ету құқығын, кез келген өзгерістерге, жұмыстың бұрмалануына қарсы әрекет ету құқығын енгізеді [3, 49 б.].

Қазақстан Республикасында интеллектуалды меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сақтандыру бойынша белгілі бір шаралар қабылданады. Интеллектуалды меншікке еліміздің көзқарасы мен қатынасы басқа елдермен тиімді сауда жүргізуге және көлеміне әсер етеді. Осыған байланысты құқықтық реттеу және интеллектуалды шығармашылық құқықтарын қорғау ерекше маңызға ие болды. Интеллектуалды меншікті қорғауды жүзеге асырмайтын елдерде тозған техника мен технологияны сатып алу ықтималдығы артады. Қаржылық инвестиция, атап айтқанда, ұсыну көлемі мен шарттары интеллектуалды меншікті құқықтық қорғаумен байланысты.

Халықаралық қауымдастықта серіктестік өзара қатынастар шарттарының бірі ретінде саудада әртүрлі преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну, сол немесе басқа елдің экономикасына инвестициялар салуда интеллектуалды меншік құқығын қорғау болып саналады.

Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау нормалары Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кедергісіз енуге мүмкіндік береді, ол мүмкіндік Қазақстанға әлемдік рынокқа енуге және өзара пайдалы сауданы дамытуға мүмкіндік туғызады. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылу инвесторлардың қызығушылығын арттырады, сондай-ақ әртүрлі кемсітушіліктер мүмкіндігін жоққа шығарады.

Азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктің жалғыз негіздемесі құқық бұзушылықтар болып табылады, яғни заң нормаларының орындалмауы және сақталмауы болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарымен шараларды қолдану тәсілдері мен механизмдері белгіленген.

Осыған байланысты қоғамның ғылыми және интеллектуалды потенциалы дұрыс қойылған, жүргізілген әлеуметтік, экономикалық іс-шаралармен қатар қоғамның алдыға қойған міндеттеріне жетуді қамтамасыз етеді.

Құқық бұзушылықтан тауар белгісін немесе патентін қорғау үшін интеллектуалды меншіктің осындай объектісіне иесінің құқығын қамтамасыз ету үшін, Қазақстанда оны сәйкес тіркеу қажет. Интеллектуалды меншік объектісіне құқықты тіркеудің болмауы осындай құқықтардың бұзылуына апарып соқтыруы мүмкін.

Уәкілетті мемлекеттік билік органдары және интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқық иелері Қазақстандағы интеллектуалды меншікке деген құқықты қорғау бойынша тиісті шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Интеллектуалды меншікке құқық жөніндегі комитет (ИМК) уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады, интеллектуалды меншік мәселелерімен айналысады. ИМ жөніндегі комитет интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқықты тіркеу және авторлық құқықты, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді және интеллектуалды меншік объектілерін қорғаумен, сондай-ақ авторлық құқыққа, патенттер, тауар белгісіне куәліктер беру және жалпы мойындалған тауар белгілерін мойындаумен байланысты мемлекеттік саясатты орындау үшін жауап береді.

Ұлттық интеллектуалды меншік институты (ҰИМИ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 756 11.07.2002 ж. және № 886 29.08.2003 ж. Қаулысына сәйкес интеллектуалды меншік объектілерін пайдалану және құқықтық қорғау саласында мемлекеттік билік органдары үшін сараптама, ғылыми зерттеулер және басқа жұмыстарды ұйымдастыру мен көмектесу мақсатында құрылған. ҰИМИ өнертабыстарына, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге деген патенттер беруге, тауар белгілерін тіркеуге деген өтінімдерді қабылдайды, тауар белгілерінің сараптамасын жүргізеді, интеллектуалды меншік объектілеріне мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және ресми жарияланымдарды ұйымдастырады [4, 72 б.].

Интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқықты қорғау кеден органдарымен қамтамасыз етіледі, олар интеллектуалды меншік объектілерін қамтитын тауарлар тізімін жүргізеді. Тауарлар мұндай тізімге интеллектуалды меншік объектісіне деген құқығы бар иелері өтініш бергеннен кейін енгізіледі. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 10-тарауына сәйкес интеллектуалды меншік объектілерін қамтитын тауарлар Тізімі және бар мәліметтер негізінде кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды кедендік бақылау және кедендік рәсімдеуді тікелей жүзеге асыратын кедендік органдар интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқықты қорғау бойынша барлық шараларды қабылдауға міндетті.

Соңғы жылдары интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқықты қорғау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар тарапынан да, Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан да ерекше назар аударылуда. Бұл кездейсоқ емес. Осы маңызды саладағы құқықты қорғау бойынша еліміздегі өркениетті әлеуметтік экономикалық өзара қатынастарды қалыптастыруда біздің еліміздің өркендеуінің ерекше көрінісі болып табылады. Бір жағынан, интеллектуалды меншік объектілеріне деген құқықты қамтамасыз ету халықаралық келісім шарттармен және келісімдермен байланысты, соған сәйкес Қазақстан Республикасында осы саладағы белгілі бір міндеттемелер қабылданды.

Елімізде интеллектуалды меншік құқықтарын қорғауға көп көңіл бөлінеді. ТМД мемлекеттері ішінен тек Қазақстанда ғана интеллектуалды меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы күресте барлық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың әрекеттері ұйлестірілген екендігін айта кеткен жөн. Бұл факт 2006 жылы 1-2 наурызда ТМД Атқарушы комитетінде болған (Минск қ.) интеллектуалды меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Бірлескен жұмыс комиссиясының он екінші отырысында атап көрсетілді. Онда Қазақстан Республикасының авторлық құқық және аралас құқық саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған бірлескен шаралар жүргізу мақсатында прокуратура, қаржы полицисия, ішкі істер, кеден және салық органдарының өзара әрекетінің оңды тәжірибесін қолдану шешімі қабылданды [4, 78 б.].