Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту деп – сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.

Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі арқылы қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. әшкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. әр без құрамы белгілі бір шекте өзгеріп отыратын, өзіндік қасиеті бар сөл бөледі. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар-ферменттер болады.

Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның қосалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге – қарын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке – тоқ ішек жатады. Ас қорыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.

Тамақтың құрамындағы алдын-ала өңделмейінше ас қорыту мүшелерінен қанға өте алмайтын заттар болады. Тамақ физикалық (ұсақтану, үгілу, сілекеймен шылану, еру) және химиялық қорытулар өзгеруге ұшырайды. Тамақ өтетін жол ас қорыту жолы да. Адамдарда өңеш ұзындығы 6-8 м. Ас қорыту жолының негізінен біріңғай сапалы еттерден тұратын қабырғасын ішкі жағынан кілегейлі қабық астарлап жатады. Оның клеткалары кілегей жасап шығарады. Тамақ ауызда қорытыла бастайды: мұнда ол сілекеймен шыланып, тіспен ұсақталады.

Ас қорыту жүйесі ұзын түтік тәрізді олар организммен сыртқы орта арасындағы зат алмасу жұмысын атқарады.

Ас қорыту мүшесінің тістен басқа бөліктерінің ішкі қуыс сүйексіз негізінен 3 қабаттан тұрады.

  • кілегейлі немесе ішкі қабат барлық ас қорыту жолының ішкі бетін қаптап жатады. Бұның өзі эпителий, бұлшық етті және кілегей асты қабатынан тұрады.
  • Бұлшық ет қабаты кілегей мен сір қабатының аралығында орналасқан. Ас қорыту мүшесінің бұлшық ет қабаты 2 түрлі. Ішкі бөлігі сақина тәрізді сыртқы бөлігі ұзын бұлшық ет талшықтарынан құралған.
  • Сір немесе сыртқы қабаты. Асқазан, аш ішек және тоқ ішектің көп бөлігін қаптап жатады. Сір қабаттар ішкі мүшелері жан жағынан орап керіп тұратын ішперде деген жылтыр затқа ұласып кетеді.

Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар-гормондар бөлу) қызметтері.

Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей безі, сілекей, қарын безі – қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі – ұйқы безі сөлін, бауыр-өт, ішек бездері – ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.

Ас қорыту жолдарының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл еттің жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіндік береді.

Ас қорыту жолының сіңіру қызметі оның кілегей қабығының құрылымдық және қызмет ерекшеліктеріне байланысты. Кілегей қабық ерекше биологялық мембрана қызметін атқарып, ішек – қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минералды тұздардың, дәрмен-дәрілердің және белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады.

Ас қорыту мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығаруға жәрдемдеседі. Ішек-қарын қуысына зат алмасу өнімдері түрлі сөлдер құрамында немесе транссудация процесі нәтижесінде бөлінеді.

Ас қорыту мүшесіне инкрециялау қызметі де тән. Ішек-қарын жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік торшалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі. Олар осы жүйенің қимылдау, секрециялау және басқа да қызметтерін реттеуге қатысады.

Ас қорыту жолына түскен қоректік заттар механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуге ұшырайды. Механикалық өңдеу шайнау аппараты (тіс, жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады.

Химиялық өңдеу ас қорыту жолы сөлдерінің әсерімен атқарылады.

Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялық өңдеу деп өтеді.

Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдыңғы бөлімдерінде және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып тез көбейтіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі.

Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімі оның қабырғалары сүйекті негізден, ал басқа бөлігі бұлшық еттерден құралады. Ауыздың кіреберісі деп тіс, қызыл иек және ерін мен ұрт аралығындағы саңылау қуысты айтамыз. Нағыз ауыз қуысы тіспен қызыл иектің ішкі жағында тіл толық орналасып жатқан бөлікті қамтиды.

Жұтқыншақ мойын омыртқаның алдында орналасқан. Ол ауыз қуысымен, өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып мойын тұсынан бас сүйектің негізінен басталады да, төртінші мойын омыртқаның тұсынан өңешке жалғасады. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр дәнекер ұлпаға толы кеңірдек болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне жағдай жасайды. Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмекей қуысымен шектеліп жатуына байланысты мойын, ауыз және көмекей бөлііімдерінде бөлінеді.

Өңеш. Жұтқыншақ пен қарынды байланыстыратын етті түтік төртінші мойын омыртқасынан басталып көмекей мен кеңірдектің артқы жағымен жүріп отырып көкірек тұсында қалқа тамырдың артымен диафрагмадан өтіп он бірінші көкірек омыртқа тұсынға қарынға жалғасады.

Асқазан ас қорыту жүйесінің ең кеңейген бөлімі. Асқазан кіреберіс шығаберіс және дене деп аталатын 3 бөліктен тұрады. Асқазан өңешпен жалғасқан жерде диафрагмаға қарын байламдары арқылы, ал артынан құрсақ қабатына бекиді де қалған бөліктері бос болады. Сыйымдылығы орташа есеппен 3 литр, ұзындығы 25-30 см, ені 12-24 см.

Асты сіңіру. Ауызға түскен асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту процестерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз – гидролиз өнімдерінің ішек қарыннан қанға не лимфаға өтуі.

Ас сіңіру процесінің қарқыны ішек-қарын бөлімдерінде бірдей емес, біріншіден, ішек-қарын құрылысы, оның әр бөлімінде әр түрлі, екіншіден, астың жылжуы (кідіруі) әр бөлімде әркелкі, үшіншіден, сіңуге даяр гидролиз өнімдері кейбір бөлімдерде тым аз, жеткіліксіз.

Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы ұлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті ас сіңуге бейімделген ағза деуге болады.

Көмірсулардың сіңуі. Көмірсулар гидролизі нәтижесінде пайда болған моно сахаридтердің (глюкоза, фруктоза, галактоза, пентоза) 90% қанға сіңеді. әсіресе глюкоза мен галактоза тез сіңеді. Олар эпителиоциттердің апикальдық жағынан белсенді түрде тасымалданатын иондардың қатысымен сіңеді.

Көмірсулардың сіңуіне көптеген фактор әсер етеді. Олардың сіңуі айталық кейбір амин қышқылдарына, АТФ-тың мөлшеріне тотығу процесінің әлсіз күштілігіне, ішектегі моносахарид мөлшеріне басқа да қоректік заттардың гидролиздік өнімдеріне, тағам түріне тәуелді.

Майдың сіңуі. Май ішекте өттің әсерімен ұсақ тамшы бөлшектерге бөлінеді де, одан әрі липазаның қатысуымен глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Осы өнімдер түрінде майдың 40%, үшглицерид түрінде 10% денеге сіңеді.