Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және делауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
XX ғ. соңында сыбайлас жемқорлық жаһандық, әлемдік ауқымда таралып кетті.БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Америка Мемлекеттері Ұйымы, Еуропалық Одақ, Еуропалық Комиссия, т.б. халықаралық ұйымдар сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша әр түрлі бағдарламаларды құрып, қабылдайды, көптеген елдер заңнамасы сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы этимологиялық қарау мұны, «параға сатып алу», «пара» ретінде «corruptio»деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққақарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп, сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «… мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ, соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».
Сыбайлас жемқорлық – өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға теңестірілген тұлғалардың өздері немесе делдал арқылы мүліктік игіліктерді немесе артықшылықтарды қабылдау емес, ол лауазымды адамдарды оларға заңды және жеке тұлғалардың аталған игіліктерді және артықшылықтарды құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығуды болып табылады [1].
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кезкелген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;
2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiндеарнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану[1].
Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.
Қазақстан Республикасы Қалмыстық заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа түсінік бермейді, алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің жеткілікті құралдарын қамтиды. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс деп сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық негізгі белгілері бар лауазымдық қылмыстарды санаған жөн. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар тізімі қылмыстың 16 құрамын қамтиды [2].
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі «Мүддес болу туралы» заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық ретттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасында 2011- 2015 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету нәтижелігін көтеру, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын арттыруға салалық бағдарламаны бекіту туралы» №308 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Бұдан әрі — Бөлім). Бөлімнің іс-шаралар жоспары әзірленген және осы салада бірқатар жұмыстар атқарылуда.
«Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек» [3].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» (Страсбург, 1999 жылғы 27 қаңтар), «Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату, анықтау, алу туралы» (Страсбург, 1990 жылғы 8 қараша) халықаралық конвенцияларға, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (2003 жылғы 31 қазан) қосылуы жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген оң нәтижелермен қатар мынадай шешілмеген проблемалар да бар.
Біріншіден, заңнамалық актілердегі құқықтық олқылықтар мен сілтеме нормаларының едәуір санының болуы мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарға негізделмеген кең өкілеттіктер беретін ведомстволық актілерді қабылдауына мүмкіндік береді. Бірінші кезекте толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қажет ететін заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен рұқсаттар беруді регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық шарттармен және келісімдермен одан әрі біріздендіру талап етіледі.
Екіншіден, әкімшілік рәсімдерді, ең алдымен, салық және кеден ережелерін одан әрі жеңілдету қажет. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін олар қарапайым, анық және жалпыға белгілі болуы қажет. Ақпарат пен құжаттамаға қойылатын талаптарды ең төменгі деңгейге жеткізу қажет.
Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру лауазымды тұлғалар мен клиенттердің жеке байланысын шектеуге, сондай-ақ, белгіленгенесептілік нысандары мен санкциялардың қысқаруына әкелуге тиіс.
Үшіншіден, адам ресурстарын басқару тиімділігінің жетіспеуі орын алуда. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының сот практикасын талдау кінәлілердің көпшілігі төменгі буындағы мемлекеттік қызметшілер екенін көрсетіп отыр. Олардың жалақысының деңгейі мен әлеуметтік қорғалмауы сыбайлас жемқорлықтың экономикалық алғышарттарын жасайды.
Бұл мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндерге жоғары кәсіби талаптарды белгілеуге, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің іскерлік қабілеті мен кәсібилігін объективті әрі алаламай бағалауға негізделген еңбекақы төлеу мен қызметте жоғарылату жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін енгізуді көздейді.
Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мониторингі жоқ. Сыбайлас жемқорлық факторлары мен тетіктерін қадағалау, оның деңгейі мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау қажеттігі оны енгізуді талап етеді.
Мұндай бағалау сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда ішкі бақылаудың енгізілетін жүйелері үшін негіз болады.
Бесіншіден, соңғы жылдар тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелерінде азаматтық қоғамның белсенділігі мен хабардарлығының қажетті деңгейінің болмауын көрсетуде. Осыған байланысты осы Бағдарламаны іске асыруда азаматтық қоғам институттары қатысуының тетіктерін жасау талап етіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы жұртшылықты хабардар етудің жалпы қолжетімді және тиімді рәсімдерін енгізудің маңызы да кем емес.
Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың деңгейі жеткіліксіз. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастық нысандарын кеңейту және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңға қайшы жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық конвенцияларға қосылуы жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру;
- Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату;
- Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету [4].