Қан жүйесі

Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқа ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалы сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торшааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалы қан құрамынан пайда болатын торшааралық сұйықпен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпааралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.

Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:

  • Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады;
  • Жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
  • Байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әртүрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын мүшелерін өзара байланыстырады.

Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат – плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60 процентін плазма, 40-50 процентін қан торшалары құрайды.

Дененің жалпы массасының шамамен 6-8 пайызы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,6-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде, еркек және буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда –азырақ болады.

Плазманың құрамында 90-92 % су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Плазма белогтары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммияк сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері болады. Бұл қосылыстарда қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді.

Плазма құрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және минералды заттар болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырад, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болып саналады.

Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.

Плазма белоктары әртүрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әртүрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауға зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғағыш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.

Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады. Альбуминдердің глобулинге қатынасын белок коэфициенті деп атайды.Альбуминдер мен фибриноген бауыр торшаларында,ал глобулиндер – тек бауырда ғана емес,көк бауырда,сүйек кемігінде,лимфа түйіндерінде түзіледі.

Қан түйіршіктерідеп қан құрамында кездесетін торшаларды айтады.Қанның құрамында үш түрлі торшалар болады.Олар эритроциттер (қызыл түйіршіктер), лейкоциттер (ақ түйіршіктер) және трмбоциттер (қан табақшалары).

Эритроциттер адам мен сүт қоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы, дөңгелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамасыз ету.Эритроциттердің негізгі қызметіолардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішін ерекшеліктерімен байланысты.

Адам қанының 1мм3 мөлшерінде 4,5-5 млн. Эритроциттер, ал мал қанының осындай мөлшерінде түлік түрінде байланысты олардың саны 6-9,5 млн.шамасында болады. Жеке эритроцит беткейінің ауданы 88-90 мкм2 болса, денедегі барлық эритроциттердің жалпы беткейінің ауданы адамда 3мың м2, сиырда – 13,5 мың, жылқыда – 15,0 мың, шошқада 4,3 мың м2.

Лейкоциттер – ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологиялық күйіне байланысты көп шамада айытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.

Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге – моноцит және лимфоцит жатады.

Организмге лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз құбылысы тән және лейкоциттер әртүрлі қорғағыш денелер (антиденелер) түзуге, организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатысады.

Түйіршікті лейкоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Моноциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және дәнекер ұлпаларда түзіледі. Лимфоциттер бастау торшалары сүйек кемігінде түзіліп, олардың бір тобы өзінгің даму процесін тимуста (Т-лимфоциттер), ал екінші тобы – лимфа тйіндерінде, Пейер шытырмасында, тұйық өсіндіде аяқтайды. Лимфоциттердің тіршілігі 20 және одан да көп жылдарға созылады, ал лейкоциттердің –басқа түрлерінің тіршілігі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.

Тромбоциттер – ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар.Қанның 1мм3 мөлшеріндегі олардың саны – 200-400 мың, тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн. Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады.

Организмнің ішкі ортасы дегенініміз :

Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торшааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары қан құрамынан пайда болатын торшааралық сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа аралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.

Қан және оның қызметтері.

Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:

тасымалдаушы қызмет— қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды. Қанмен денеге гармондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізеді, торшалардан көмір қышқыл газ алынып кетіледі.

қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);

жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;

байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет . Әр түрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гармондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.

Қан сұйық ұлпа, оның құрамы.

Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат- плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан ): қызыл түйіршіктерден (эритроциттер), ақ түйіршіктер (лейкоциттер) және қан табақшаларынан (тромбоциттер) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің55-60 %-ын плазма, 40-45 % -ын қан торшалары құрайды.

Дененің жалпы массасының шамамен 6-8%-ы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,5-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: жаңа туған төлдерде, еркек және буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда- азырақ болады.

Плазма және қан сарысуының ұқсастық пен айырмашылық.

Плазма да, сарысу да қанның сұйық бөлігі. Плазма сарғыш түсті сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш затардың (лютеин, каротин, ксантофил) болуына байланысты. Плазманың құрамында 90-92 % су , 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8%-ы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдеріболады. Бұл қосылыстарды қалдық азотдеп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқыны, физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Плазма құрамында көмірсулар , липидтер және минералды заттар (0,9) болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер жатады. Пропердин вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болып саналады.

Қанға ұйытпайтын зат қосып тұрғанда бөлініп шыққан сары түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды

Эритроциттердің қызметі.

Эритроциттер адам мен сүтқоректілерде ядросыз, екі бүйірі қысыңқы,

дөңелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамсыз ету. Эритроциттердің негізгі қызметі олардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішінін ерекшеліктерімен байланысты.

Эритроциттер сүйек кемігінде түзіліп, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Олар есеппен 120 күн тіршілік етеді. Эритроциттер бұзылғанда гемоглобин бөлініп, ол гем мен глобинге ажырайды. Гемнен бөлінген темір гемоглобин түзұ үшін пайдаланылады. Ал темірдің артық мөлшері қанның арнаулы белогымен қысылып ферритин мен гемосидеринге айналады да, темір қоры ретінде бауырда, көк бауырда, аз мөлшерде ащы ішектің кілегей қабығында жиналады.

Лейкоциттердің қызметі.

Лейкоциттер- ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологилық күйіне байланысты көп шамада айытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.

Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге — моноцит және лимфоцит жатады.

Организмде лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагацитоз құбылысы тән және лейкоциттер әр түрлі денелер түзуге, организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатысады.

Тромбоциттің қызметі.

Тромбоциттер- ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар. Қанның 1мм мөлшеріндегі олардың саны 200 — 400 – мың , тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн . Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады.

Тромбоциттерге ерекше қасиеттер тән, атап айтқанда жабысқақтық (адгезия) және желімденгіштік (агрегация). Организм жарақаттанып, тамыр қабырғалары зақымданса олар жарақаттанған қан тамырлары қабырғасына жабысады да, бір- бірімен желімдене бастайды. Тромбоциттердің тамыр қабырғасына жабысуына зақымданған беткейдің теріс зарядының оң зариядқа алмасуы да себепкер болады.

Тромбоциттердің фосфолипидтерден түзілген екі қабатты қабығы болады. Осы қабықта олардың барлық қызметін қамтамасыз ететін құрылымдар (тромбин, адреналин, АДФ сияқты заттардың сигналдарын қабылдайтын рецептор, өсінділер т.б.) орналасады. Тромбоциттер бұзылғанда олардың денесіндегі ретрактозим, серотонин, антигепарин, антифибринолизин т.б. бөлінеді де, ұйықтың пайда болуына қолайлы жағдай туындайды.

Қанның осмостық қысымының маңызы.

Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті айтады. Организмде қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атқарады. Оның іш жағында қан, сыртқы жағында торшааралық сұйықтық жатады.

Қанның осмостық қысымының деңгейі оның құрамындағы электролит иондарының , белок молекулаларының мөлшерімен байланысты қалыптасады. Қанның бұл көрсеткіштерінің тұрақты болғандықтан оның осмостық қысымы да тұрақты- 7,8-8,1 атмосфера аралығында сақталады. Осмостық қысымның тұрақылығын реттеуде әр түрлі бөлу мүшелері (бүйрек , тер бездері т.б.) маңызды рөл атқарады. Олардың қызмет әрекеттерінің арқасында зат алмасу кезінде организмде түзілген түрлі зиянды ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып, осмостық қысымның ауытқуына мүмкіндік берілмейді.Бұл процесте әр түрлі ұлпалардың минералды тұздарды сіңіріп алып, оларды қанға жайлап бөліп отыратын қабілеті де маңызды рөл атқарады.

Қанның осмостық қысымының тұрақтылығының үлкен биологиялық маңызы бар. Дененің кез келген торшаларының (қан түйіршіктері, нерв, ет, эпителий торшалары) осмостық қысымы оларды қоршап тұрған сұйықтың (қан, лимфа, торшааралық сұйық) осмостық қысымына тең. Сондықтан да торшаны қоршап тұрған сұйықтың осмостық қысымы өзгерсе, онда торшалардағы су алмасу процесі бұзылып, гемолиз (торшаның ісіп, жарылуы), не плазмолиз (торшаның су жоғалтып, бүрісуі) құбылыстары байқалады.

Қанның буферлік жүйесі.

Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың қанының әрекетшіл ортасы әлсіз сілтілік болады (рН- 7,35-7,45). Бұл көрсеткіш Н және ОН мөлшерінің ара қатнасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың , сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасуөнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.

  1. Бикарбонатты буф. жүйе: ол көмір қышқыл мен натрий

бикарбонаттарынан тұрады.

  1. Фосфатты б.ж: бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.
  2. Белокты б.ж: плазма белоктарынан құралады. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не Н, не ОН иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
  3. гемоглабиндік жүйе; гемоглабиннің К тұзына (КНвО) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің К ионын береді де, Н ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын қышқылға айналады. Қанның сілтілік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглабинге байланысты.

Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл- сілтілік тепе- теңдік қалыптасады.