Қан — жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады.
Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы «тіршілік өзені» деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне байланысты.
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.
Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.
Б а у ы р ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4,33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2,85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады.
Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Ұрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бұл қызметі тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі әлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады.
Ұрықтың 14 апталық өмірінде көк бауырда қан өндіру басталады. Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады. Баланың денесі өсе келе, көк бауырының салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 жаста 3 есе, 10 жаста 10 есе артады.
Сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек «майына» толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады.
Лимфа түйіндері үрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері бала туғаннан кейін түзіледі.4-8 жас арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 8-12 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі.Лимфа түйіндерінің құрылысы баланың денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың құрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен горі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек болады: Дененің тұла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары көбірек болады. «Лимфа түйіндерінің аумағы баланың жасы ұлғая келе өседі Лимфа түйіндері тікелей қан өндіру қызметінен басқа қорғаныс, сүзгіш, фагоцитарлық және лимфа сүйықтығының қозғалысын реттеу қызметтерін де атқарады.
Қан өндіру мүшелері қанды кан клеткаларымен қамтамасыз етеді және бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан өндіру мүшелерінің бері құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше клеткалардың көмегімен қанды бактериялардан, елі клеткалардан тазартады.Ұрықтың алғашқы апталарында сары денеде түзілген қан клеткаларында пигмент болмайды, кейіннен ғана гемоглобині бар эритроциттер түзіледі. Сары денеде лейкоциттер өндірілмейді. Бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер өндіріледі. Лимфа түйіндері мен көкбауырда эритроциттер, дәнді лейкоциттер, сүйек кемігінде эритроциттер мен тромбоциттер өндіріледі.Қан өндіру мүшелерінің қызметі жүйке жөне гуморальдық жолдармен реттеледі.Балалардың қан өндіру қабілеті сыртқы және ішкі орталардың жағдайларына байланысты болады. Тамақ, оның құрамыңдағы витаминдердің мөлшері, ауру, дене шынығу қалпы, сыртқы ортаның экологиялық жағдайларының қан өндіру қызметіне әсері күшті.
Қанның атқаратын қызметі. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ертінді болып табылады (тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдері және т. б.).
Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада — 8,25%, ал ересек адамда салмағының 8,3%-ін (1/14) құрайды.
Қан әр түрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы (өкпемен) тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық органдар мен тканьдерді оттегімен қамтамасыз етіп, оларды көмір қышқыл газынан арылтады, организмде қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекидядан қорғайды.
Қан нәрлі заттарды органдардан тканъдерге жеткізеді де олардан зат алмасу өнімдерін алып кетеді. Дененің температурасын тұрақты етіп ұстау –қанның маңызды қызметтерінің бірі, өйткені оның қан тамырлары арқылы үздіксіз қозғалысы белок, май, көміртегінің ыдырауынан организмде пайда, болған жылудың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қан, лимфа және тканаралық сұйық — организмнің ішкі ортасын құрайды, бұл оның физикалық және химиялық құрамының (гомеостаз) салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Бұл тұрақтылық – әр түрлі органдар тканьдерінің және бүкіл организмнің ойдағыдай қызмёт етуі үшін қажетті шарт.
Эритроциттер. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілтен.
Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте — 7,2 млн, 5—6 айлықта 4—4,5 млн. болады. 1 жастан кейін олар кәмелетке толғанға.дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. Мл-де 4,5—5 миллионға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді.
Гемоглобин – құрамында темір бар белок тектес зат. Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді.
Гемоглобин өкпеде оттегімен байланысып, тұрақсыз қосынды – оксигемоглобин құрайды, ал тканьдерде оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланьісьгп карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тынысалу қызметін атқарады. Гемоглобин көміртегі тотығымен байланысып, анағұрлым тұрақты қосынды метгемоглобин құрай алады, ол оттегі болмаған жағдайда организмге өлім қаупін тудырады. Бұл нәрсені, әсіресе, отқа күйгендерге алғашқы көмек көрсету кезінде есте сақтау керек. Зақымданған адамды таза ауаға шығарып, қажет болған жағдайда қолдан дем алдырған жөн.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80—81%, 10—11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85%-ке дейін болады. Құрамы 100% болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70%-тен төмен болуы (100 мл қанда 14 г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды керсетеді.
Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым онда қан азаю ауруы жеңіл өрістейді. Бұл қан жасайтын органдардың анағұрлым әлсіз қызмет етуі мен тыныс жолдарының жас ерекшелігіне байланысты оттегінің жеткіліксіз түсуінің салдарынан болады. Қанның азаюына біркелкі тамақтану нәтижесінде витамин мен темірдің жетіспеуі, таза ауада жеткіліксіз болу әсер етеді, ал бұл қандағы гемоглобиннің азаюына, соның нәтижесінде қан мен қан жасаушы органдардың әлсіреуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ аурулар (грипп, ревматизм, туберкулез, бүйрек аурулары, гельминтоздар) да қанның азаюына жағдай туғызады.
Қаны азайған балалар мен ересектер тез шаршайды, жиі-жиі басы айналады, олардың терісі боп-боз болады, есте сақтау қабілеті мен зейіні төмендейді. Қан азаюдың алдын алу оны емдеу үшін жақсы демалыс, таза ауада ұзақ болу (бау, парк, орман, шалғын), жұмыс және демалыс бөлмесін жүйелі түрде желдетіп отыру, витамині жеткілікті нәрлі тамақтану қажет. Әсіресе, малдың бауыры мен қанынан дайындалған тағам, алма, сәбіз, бүлдірген, көк және қызыл жүзім аса пайдалы.
Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды. Бұл қасиет эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ) деп аталады. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде СОЭ жылдам тұнады. Балалар мен ересектер эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірдей – бір сағатта 4-12 мм. Өкпе қабынғанда, грипп, туберкулез және басқа аурулар кезінде СОЭ сағатына 20-50 мм болады.
Қанның құрамы және оның физикалық, химиялық қасиеттері. Қанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады.. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын құрады. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар — натрий, калий, кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, а, (3, углобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады.
Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.
Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының түрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бүл әлсіз сілтінің реакциясы.
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның б у ф е р л і к жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындьглар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3. Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады.
Қанның тағы да бір физикалық қасиеті — оның т ұ т қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге теңдеп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның түтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның түтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады.
Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6-37°С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені — денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамда яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.Қанның құрамы мен қасиетіндегі өзгерістер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Бұл кестеде ішкі орта, яғни қанның құрамы, жүйке жүйесінің қызметінде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсетеді. Қанның құрамының сәл ғана өзгерісі орталық жүйке жүйесіндегі клеткалардың жұмысына және адамның көңіл-күйіне, әсіресе балалардың мінез-құлықтарына үлкен әсер етеді. Бірақ қанның өте тамаша бір қасиеті бар: ол бір мезгілде өз құрамының тұрақтылығын сақтай отырып, құрамындағы барлық заттардың өзгеруін қамтамасыз етеді. Үнемі өзгере отырып, көптеген физиологиялық жүйелердің қызметіне байланысты өзінің құрамыңдағы маңызды заттардың бәрін сақтай алады.
Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзгерістері. Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп. Қанның мөлшері туралы айтылғанда денедегі қан айналымындағы мөлшерін айтады.
Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңыңда төмендейді де, осы мөлшерде шамамен тұрақталады, бірақ қан құрамындағы клеткалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмеңдеп, содан кейін ғана тұрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады.
Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда «биіктік ауруы» пайда болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы «басады» (ұйқышыл болады). Ал егер оттегенің жетіспеушілігі ұзаққа созылса, балада селқостық күшейіп, өмірге қызығудан.Жалпы алғанда қанның химиялық құрамы тұрақты болады. Оның құрамыңдағы белоктың мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 5,8%, ал мезгілінен ерте туған нәрестеде сәл аздау — шамамен 4,44-4,48 %. Есейе келе белоктың мөлшері көбейеді Дегенмен алғашқы 3-4 жылда белоктың мөлшері біршама өзгеріп ауытқып тұрады. Ол кездегі ауытқу шамасы 7-8%. Жалпы алғанда адамның жасына байланысты қанның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың мөлшерін зерттеушілер әртүрлі етіп береді. Бірақ айырмашылық онша көп бола қоймайды.
Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің бір-біріне қатынасының да жас айырмашылықтары бар. Айталық, жаңа туған сәбидің қанындағы альбумин 57,71 — 56,78%
Қанның құрамыңдағы белоктың түрлерінің мөлшерінің де жас айырмашылықтары бар: глобулиндері 42,29 — 43,22%. Альбуминдері 6 айға дейін біртіндеп көбейеді (59,25%), 3 жаста 58,97 %. Ал глобулиндері төмендейді де, 3 жастан аса тұрақталады. 7-15 жаста ересек адамның альбумині мен глобулинінің қатынасындай болады. Қандағы глобулиндер бала туған сәтте жоғары болады да 1 жастан әрі төмендейді.
Глобулиндердің , Р, у түрлерінің мөлшері де осы заңдылықта байқалады. глобулиндер жарты жасқа дейін жоғары (4,23-5,43%) болып, 3 жаста 3,09% болады; ос2 глобулиндердің мөлшері алғашқы жарты жылда жоғарырақ (10,73-11,45%), ал 7 жастан аса ересектердегідей (9,20-9,98%) болады. р глобулиндер де туған кезде жоғары болып, 7 жастан аса ересек адамдардағы мөлшерге жуықталады. у глобулиндер туған кезде коп болады да, алғашқы 3 айда ұрықтық глобулиндер ыдырап 3 жаста ересектердей 17,39 % болады. Бұл жағдайда есінен айырылады, есінен танған адам сияқты жүреді, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Минерал тұздарының жалпы мелшері ересек адамда 0,90-0,95%. Мүның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан, марганец, темір көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций, натрий түздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін тұрақталады. Қанның құрамында ферменттер көп болады. Амилаза, каталаза, липаза, трансаминаза сияқты қан ферменттерінің белсенділігі туғаннан кейін алғашқы күндері аздап артады. Бұған баланы тамақтаңдыру түрі, өмірінің жағдайы әсер етеді. Ферменттің мөлшерін 1 мл қандағы шартты санмен (шс/мл) өлшейді. Сүйектің пайда болуына әсер ететін сілтілі фосфатаза ферменті жаңа туған нәрестеде 44,6 шс/мл, 1 жаста 70,3 шс/мл, 3 жаста 62,7 шс/мл, 13 жаста 48 шс/мл, 16 жаста 41,7 шс/мл, 18 жаста қан ферменттері ересек адамдағыдай 22 шс/мл болады, яғни оның мөлшері баланың өсуі күшті кезінде жоғары болып, жас ұлғая келе, сүйектерінің өсуі аяқталғанда тұрақталады.
Балалардың қанындағы витаминдердің жас ерекшеліктері тым аз зерттелген. Олардың ішіндегі А және Е витаминдері жайлы аздаған ғана мәліметтер бар. А витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде 0,01-24,4 мг% шамасында өзгеріп тұрады. Оның мөлшері жыл мезгіліне тәуелді деген бірен-саран мәліметтер кездескенімен әлі нақты дәлелді зерттеулер жоқ. Е витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 0,30 мг% болып, 3 жаста 0,80мг%, 8 жаста 0,83мг%, 16 жаста 0,94мг%, 20 жастан өрі 0,87 мг% шамасында болады, яғни бұл витаминнің мөлшері 3 жастан кейін онша көп өзгере қоймайды.
Қанның пішінді элементтері. Эритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалындығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады.» Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады. Гемоглобин курделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және
г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглоб и н г е айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен оттегі пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқьш газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе «иіс газымен» уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол С02 карбоглоб и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғаңда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.
Эритроциттер қан плазмасының осмостық қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан азмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан аз шамасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады.
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы шығады. Эритроциттердің т ұ н у ж ы л д а м д ы ғ ы ( ЭТЖ; емханада орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.
Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а) ұрықтық эритроциттер; 6) қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1 мм3 қанында 6,5- 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм3 қаңда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млн, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бүл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасыңца да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.
Эритроциттердің құрамыңдағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобиңді 100 % деп алсақ, жаңа туған сәбидің қанындағы гемоглобин 140-145% болады яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен бірге сөбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сөбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа туған сәбидің оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қарқынды өтуіне мүмкіндік береді.
Екі-үш жастың арасында эритроциттердің саны 5-5,5 млн/імкл. Бұл кезде эритроциттердің диаметрі аздап кішірейеді, ал гемоглобиннің мөлшері 2 жаста 80-90 %, 3 жаста қайтадан 100 % дейін көбейеді, яғни ересек адамдардағыдай болады, ал оттектік сыйымдылығы ересектерден әлі де болса жоғары. Тек 4-6 жаста эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері және гемоглобинінің қасиеті, оттектік сыйымдылығы ересек адамдардағыдай болады.
Эиртроциттердің түну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің түну жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды.
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда жөне басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің «сары ауруы» деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. Лейкоциттер. Лейкоциттер — ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы түруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бүл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәңді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.
Гранулоциттердің 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады . Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.
Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, ұйқы ) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттерді соғысқа кірейін деп тұрған майданнан кейін неше адам қалары белгісіз әскерлер тобымен салыстыруға болады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп түрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцит арлық формуласы өзгереді. Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас қорыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлық формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғнй ересек адамдай болады. Дегенмен айта кетерлік жай: 1 жастан кейін нейтрофилдердің жалпы саны кебейіп, лимфоциттердің жөне лейкоциттердің жалпы саны азаяды. Нейтройилдердің санының лимфоциттерден басым болуы әр зерттеушінің еңбегінде әртүрлі жазылған. Кейбіреулер 3 жастан, кейбіреулер 5 жастан деп жазыпты. Бұл айырмашылық әр баланың жеке басының даму ерекшеліктерінің нәтижесіне байланысты болса керек.
Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер — тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. (Громбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда түрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бүл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы үлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.
Қанның ұюы. Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 — қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 -тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3-тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да
т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады..
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні, баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 миноттен кейін басталып, 3-4 минутте аяқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюына қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірақ өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жасөспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.
Қан айналымы. Қан, лимфа және ткань сұйығы өз қызметтерін тек ұдайы қозғалыста болғанда ғана атқара алады. Жүректің жұмыс істеуі, қан тамырларының серпінділігі, бұлшық еттердің жиырылуы, тамырлар жүйесінің әр бөлімінде қысымның әр түрлі болуы осы қозғалысқа себеп болады.Қанның үздіксіз қозғалысының бұзылуы тканьдерде оттегі жетімсіздігін туындатып, күрделі асқынуларға тіпті өлімге душар етеді.
Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Ағылшын физиологы Баркрофт тамаша тәжірибе жасап, кокбауырдың қан жиналатын орын екенін алғаш дәлелдеді. Ол иттің кокбауырын абайлап, қан тамырларын үзбей, құрсақ қуысынан шығарып алып, тәжірибедегі иттің терісінің астына орналастырған. Көкбауыр көрінетіндей етіп теріге әйнек ретінде мөлдір целлулоид пластинкасын тігіп, мүшенің жағдайын байқап отыратын терезе жасаған. Жануар операциядан айыққаннан кейін сол терезе арқылы көкбауырды түрлі жағдайларда байқаған. Ит қозғалып жүрген кезде көкбауырдағы қан азайып, ол тынышталып демалғанда қайтадан көбейген. Иттің қимылына сай көкбауырдағы қанның қоры азайып отырған. Баркрофт озінің осы итін 1926 жылы физиологтардың съезінде көрсеткен. Кейіннен көкбауырдың қанның қоры жиналатын мүше екені, сонымен қатар, қанның кейбір клеткалары осы көкбауырда дамып жетілетіні толық анықталды.
Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұнымен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфациттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады. Мұнда лимфациттер көптеп жиналады. Олар көкбауырдан лимфа айнылымына құйылып, одан тағы да қайтып келеді. Көкбауырдың қыртысында Т-лимфоциттер, ішкі ұлпасында В-лимфоциттер орналасады деген деген мәліметтер бар.
Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және токсиндер (улы заттар) усыздандырылады.
Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған жағдайда қордағы қан дереу қан айналыс жолына құйылып, жұмыс істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.
Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері. Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойы лғанда бұл тұрақтылық өзгереді.
Мектеп жасындағы баланың жүмысы көбінесе — оқу, ми еңбегі. Оқу, ми еңбегі ретіңде, қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді.
Бастауыш сынып оқушыларында (7-11 жас) оқудың әсерінен эритроциттердің түту жылдамдығы (ЭТЖ) аздап өзгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды.
Қанның тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамен 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейін темендегені туралы мәліметтер бар.
Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты.
Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер кобейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шұғылданғанда лейкоциттердің барлық түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфоциттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстық айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жұмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай қысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына әсері онша күшті емес. Жүгіру, суда жүзу сияқты спорт ойындары кезінде олардың саны орта есеппен жарты миллиондай ғана артады. Ал 1,5-2 сағат велосипед айдағанда эритроциттер айтарлыктай көбейіп, тек бір тәуліктен кейін ғана қалпына келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезіңде қаныңда қаңца жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда миогендік тромбоцитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар (А. А. Маркосян, 1960). Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның түтқырлығы, қанның ұюы сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.
Трансмиссиялы инфекциялардың алдын алу
Қанға еніп иифекциялардың әсерінен организмде пайда болатын ауытқулар трансмиссиялы өзгерістер деп аталады. Олар антропонозды аурулар — безгек, бөртпе, сүзек және басқалар, сондай-ақ малдан жұғатын (зоонозды) — бруцеллез, туляремия, оба және деп бөлінеді.Безгек – ұстамаға ұласып отыратын ауыр дерт. Әсіресе, ол климаты ыстық жерлерде жиі кездеседі. Біздің елімізде безгек іс күзінде жойылған, сонда да оның бұрқ ете түсу қаупі бар. 2-4 күнге созылатын түрі жиі кездеседі.Аурудың қоздырғышы эритроцитте паразиттік өмір сүретін плазмадий. Адам организміне безгек масасы шаққан кезде енеді. Аурудың жасырын (инкубациялы) кезеің 10-12 күн.
Ауру 1,5-2 сағатқа созылатын қалшылдаудан, температураның көтерілуінен (40—41°) басталып, сонан соң ағыл-тегіл тер шығып, температура төмендейді.
Күрт әлсіреу сезімі, бас ауруы кейде лоқсу және пайда болады.1 немесе 2 күннен соң ұстама тағы қайталанады. Диагноз қаннан плазмадий табылғанда ғана расталады.Безгекті хинин (акрихин) препаратымен емдейді. Аурудан айыққан адамдарда тұрақты иммунитет қалыптаспайды.
Аурудан алдын ала сақтану үшін инфекция көздерін анықтау, массаларды қыру шараларын жүргізеді. Безгек көп тараған аймақтарда ауырған және сау адамдарды масалардың шағуынан қорғау үшін неше түрлі құралдар қолданылады. Жазғы демалы кезінде балаларды. қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.Бөртпе сүзек — аса қатерлі жұқпалы ауру, оны сондай-ақ эпидемиялы «бит» сүзегі деп те атайды. Инфекция көзі сырқат кісі, ал оны таратушы –көйлек биті. Аурудын жасырын кезеңі 7-23 күн (орта есеппен 14—15күн). Бөртпе сүзек бірден өршіп, оған шалдыққан адамның денесі қалтырап, қызуы көтеріледі (39-40,5°), басы сыздап ауырады, ауру зардабынан сандырақтайды, көзіне әр нәрсе елестейді. Аурудың 5-күні теріде бөртпе пайда болады. Бөртпе сүзекпен ауырған және күмәнділердің барлығы ауруханаға жатқызылады. Қанға арнайы анализ жасау арқылы диагноз қойылады. Емдеу барысында аурудың күтімі мен тамағына ерекше көңіл бөлінеді.
Ауру шыққан жердегі барлық жұмсақ мүліктерді, төсек-орын, мен іш киімдерді дезинфекциялап шығарған, сондай-ақ оған күмәнді адамдардың барлығы санитарлық дәрілеуден өткізіледі. Ауруы күдікті адамдардың күн бойы температурасын өлшеп бақылауға алады.
Бөртпе сүзектің арнайы сақтық шараларына — Кронтовская-Маевскийдің вакцинасымен бүкіл жұртшылыққа белсенді түрде иммунитет қалыптастыру.
Ауруханалардың медицина қызметкерлеріне (дәрігерлер, емші бибілер, дәрілеушілер, кір жуушылар, аурухана шаштараздары) егу ең алдымен және ұдайы жасалады. Егу аурудан толық қауіпсіздендірмейді, бірақ сырқат жеңіл өтеді.
Совет Одағында бұл сырқат жойылған, бірақ оны мүлдем есептен шығарып тастауға болмайды, өйткені халық тығыз орналаскан жерлерде және сақтық ережелері бұзылған жағдайда, аурудың бұрқ ете түсуі мүмкін. Сондықтан жүйелі, бір тұтас сақтық шараларын жүргізу қажет.
Бруцеллез сирек кездеседі. Қоздырғышы таяқша формалы бруцелла. Өте жұқпалы ауру. Адамдарға сырқат малдан жұғады (оның ішінде төлден де). Аурудың қоздырғышы өте тиімді, суыққа шыдамды. Несеп пен сүт азықтарында 10-45 күн, су мен дымқыл топырақта 70 күнге дейін сақталады. Жасырын кезеңі 1 аптадан 3 аптаға дейін Ауру таңертеңгі мезгілде температураның 38-39° дейін көтерілуінен басталады, ал кешке қарай ол қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Қанда қоздырғыштар байқалса ғана диагноз анықталады.
Ауырған адам міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, толық сауыққанша емделеді. Сақтық шараларды малға мұқият мал дәрігерлік бақылау қою; ауруды анықтау және сауықтыру, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Ферма жұмысшылары мен мал дәрігерлік қызметкерлер арнаулы киімдерді пайдалануға, ауру малды күткен соң қолын мұқият жууға және дизенфекциялауға міндетті. Арнайы сақтық шарасы — егу ферманың барлық жұмысшыларына жасалады. Балалар ауру малдарға жіберілмейді.
Туляремия — балаларға да, ересектерге де жұғатын ауру. Қоздырғышы таяқша тәрізді жабайы кеміргіштерде (көр тышқан, сарышұнақ, сутышқандары және үй қояны) мекендейді.
Инфекция жануарларға ауадағы ылғалды тамшылар арқылы, адамдар арасында қарым-қатнас (өлі аңның терісін сыпыру) және ауадағы ылғалды тамшылар арқылы жұғады. Инфекция көбіне тыныс жолдары, кейде асқорыту жолдары арқылы жұғады.
Аурудың жасырын кезеңі — 6—21, көбіне 1—14 күнге дейін созылады. Туляремия ауруы бірден қалтыраудан және температураның 38—39° көтерілуінен басталып, бас ауруына, буындардың қақсауына, кейде лоқсуға ұласады. Мойындағы лимфатикалық бездер ісіп, өкпе, ас қорыту жолдары закымданады.
Аурудың сақтық шаралары: кеміргіштерді барлық тәсілдермен жою, азық-түліктер мен су көздерін кеміргіштерден қорғау, маяланған егінді және зығырды дала тышқандарынан сақтау.
Туляремия анағұрлым өршіген жерлерде зығыр өңдеу мен егін бастыруға оқушыларды жіберуге рұқсат етілмейді. Балалардың жабайы кеміргіштерді кәсіби мақсатта аулауына тыйым салынады.
Аусыл — қоздырғышы сыртқы ортаға (сабан мен пішенде бір айға дейін сақталады) мейлінше төзімді вирусы бар ауру. Организмге ауыздың кілегейлі қабықшасы және тері арқылы енеді (көбіне сүт арқылы, ауру жануарлардан). Вирус қанда айналым жасайды да түкірік, несеп және нәжіс арқылы сыртқа шығады.
Аусылмен сырқаттанудың алғашқы белгілері — бас ауру мен температураның көтерілуі.
Сақтық шаралары: ауру шыққаң жердегі жануарларға карантин қою, сүтті жануарлар мен түйелерге қатаң мал дәрігерлік бақылау қою. Ауру малдың сүтін мұхият қайнатып барып пайдалануға болады, бірақ оны балаларға бермеген жөн. Ауру малдарды күтуді арнайы мал дәрігерлік санитарияны оқып үйренген ересек адамдарға жүктейді:
Құтыру — тез жұғатын жұқпалы ауру, оның қоздырғышы ауру жануарлар адамдарды қапқан кезде түкірік арқылы енетін вирус.
Құтырумен барлық жылы қандылар ауырады. Мұндай вирустар итте, қасқырда, түлкіде болады. Аурудың жасырын кезеңі 20—25 күн, кейде 6 айға дейін. Құтырма ауру нашар көңіл күйден басталып, жұту, тыныс алу бұлшық еттерінің түйілуіне ұласады. Кейінірек, ол судың сылдырынан да қысылып қалуға әкеп соғады. Осы себепті ауруды гидрофобия (судан қорқу) деп
те атайды.Ауру жануарлардың қабағы салыңқы болады, баяу қозғалады, кұйрығы салбырап, жүні жығылады. Ауру иттің үргені қырылдаңқы шығады, аузынан көбікті түкірік шашады, ол жеуге келмейтін заттарды (шеге, шыны бөліктерін) тістелеп, жұтып жібереді. 2—3 күннен соң жолда кездескендерді қаба отырып үйден қашып кетеді. Ит тыныс жолдары, бұлшық еттерінің паралич болуынан өледі.Қазіргі кезде кұтырма аурумен сырқаттанғандарды антирабикалық вакцинамеи бірге антира гамма-глобулинді қолданады.Құтырудан сақтандыру үшін, онымен ауырған жануарлардың көзін жояды, сау жануарларға мал дәрігерлік қатаң бақылау орнатып, антирабикалық вакцина егеді.
Оба – ересектерге де, балаларға да жұғатын аса қатерлі ауру. Ауру сырқат жануарлармен тікелей жанасқан кезде, немесе ауру адамдардан, аурудың заттарынан, сырқат малдан алынған тері мен жүннен жұғады.Оба таратуға ауру кеміргіштер (тышқан, мысық) аса қауіпті, өйткені олардың қанын бүргелер сорып, ауруды сырқат адамнан (жануардан) сауына жұқтырады.Оба ауруы қалтыраудан, жоғары температурадан, күрт бал ауруынан, буындардың әлсіреуінен басталады. Диагноз Лимфа бездеріндегі заттар мен сілекейдің лабораториялық анализі бойынша қойылады.Ауруды емдеу комплексті түрде жүргізіледі. Ауырған адамды міндетті түрде емханаға жатқызады. Аурумен қарым-катынаста болғандарға обсервация жасалады. Ауру болған жерлерде аса қауіпті инфекцияларға қарсы жасалатын сақтық шаралар (дезинфекция, дезинсекция, дератизация) жүргізіледі.Обсервация мекемесінің дәрігерлері мен барлық қызметкерлері киім формасын (арнаулы киім көзілдірік және т. б.) қатаң сақтайды. Ауруларды емдеу кезеңінде дәрігерлерге, емші, бибілер мен кіші медициналық қызметкерлерге туған-туысқандармен қарым-қатынас жасауға рұқсат етілмейді, тек қана телефон, радио, ішкі теледидар арқылы тілдесуге болады.
Оба қаупі бар аймаққа вакцина егіледі. Обаның алдын алу үшін тұрғылықты жұртшылықтан жұмыс орны мен үй ішінде санитарлық-гигиеналық қағидаларды сақтау талап етіледі.
Ревматизм — созылмалы инфекциялы ауру. Ол трансмиссивті ауруларға жатпайды. Ревматизмнің қоздырғышы дәл анықталмаған. Біреулер ревматизмді созылмалы стрептококк инфекциясы, ал екіншілері — вирусты ауру деп есептейді. Стрептококк арқылы туындайтын скарлатина, ангина, созылмалы тонзиллит, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуынан кейін балалар организмінде еніп кетуіне қолайлы жағдай пайда болады. Одан бөлек, аурудың асқынуына ұдайы шаршау режимінің бұзылуы, дымқыл, суық пәтер септігін тигізеді.
Ревматизм жүрек-қан тамырлары жүйесін, буындар мен орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру ұзақ жылдарға созылып, кейде бәсеңсіп, кейде өршіп отырады. Бұл ауруды зерттеу оның ересектерден гөрі балаларда көбірек кездесетінін көрсетеді.
Балаларда ревматизм нерв жүйесінің зақымдануы – хорея түрінде көрініс беруі мүмкін. Бұл ауруларға баланың көңіл-күйінің жылдам алмасуы мен тез қозғалғыштығы қолдың және мимикалық бұлшық еттердің жыбырлауы тән. Ауырған бала жылауық келеді. Оның жазуы, сөзі бұзылады, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Хорея секілді ауру туралы педагогтар мен баланың айналасындағылар ұмытпауға тиіс. Егер балада осындай байқалса оны жазалап, кіналамау керек. Бұл оның жағдайын одан әрі нашарлатады, оны емдеу үшін дәрігерге жіберу қажет.
Емдеу дәрі-дәрмектер арқылы жүргізіледі: ұйқы, демалу және тағам режимін сақтау кәміл сауықтыру тиімділігін арттырады.
Ревматизмнің алдын алу үшін-организмнің қорғаныс күштерін нығайту, аталған ауруларды дер кезінде емдеу, құнарлы тағамдармеи қамтамасыз ету, ұйқымен демалыс режимін қатаң сақтау керек. Баланы шынықтыру шараларын тек қана дәрігер белгілейді.
3.Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты динамикалық құрылымы 7—10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арасында ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша (көлемінен өзге) ересек адамның жүрегіне ұқсас.
Жүрек жақтаулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эндокард, ортаңғы қабатт – миокард және сыртқы қабат – эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары болып табылады.
Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл соңдай мөлдір. Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.
Эндокард жүректің ішкі жағын қаптап жатыр. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді әрі аздаған өзгешелігі болады.
Жүрек жақтаушыларының анағұрлым күшті қабаты миокардында болып табылады. Оның талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ.
7—12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11—12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады.
Жыныстық пісіп жетілуі кезеңінде жүрек қан тамырларынан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан әлдеқайда жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды оттегімен қамтамасыз етуге және нәрлендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауыруы, тез қалжырау пайда болады. Бұл құбылыстар қызздарда анағұрлым күрт көрініс береді, өйткені олардың жүрек салмағының өсуі ерте басталады да ертерек аяқталады. Ер балалар жүрегінің жалпы салмағы қыз балалардікінен гөрі көбірек. Алайда, бұл кұбылыстардың бәрі уақытша және олар жыныстық пісіп-жетілуі аяқталған соң басылады.
Жасөспірімдер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері физкультура, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұхият есепке алынуға тиіс. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан бас тартқан дұрыс.
Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар.Жүректің жұмысына, миокарда да патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді пайдалану, аурулар (мысалы ревматизм), психиялық зардаптар әсер етеді. Бұдан шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін тигізеді. Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен қарынша) сыйымдылығы бірте-бірте ұлғаяды. Бұл өсу әсіресе алғашқы жеті жылда айрықша байқалады. Мәселен, жаңа туған сәбиден ол 2,4 мл-ге, 7 жастағыда — 23,0, 12 жастағыда — 41,0, ересек кісіде — 60,0 мл-ге тең.Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүректегі тесіктердің көлемі бойынша біраз айырмашылықтары болады.Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты, бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске ұшырайды.
Жүректің жұмысы. Артерияға ырғақты түрде қайталанып отыратын қан айдау — жүректің функциялық қызметінің негізі. Ол жүрек қалқаншалары мен қарыншаларының рет ретімен жиырылуы мен босаңсуының арқасында жүзеге асады.
Жиырылу кезеңі систола, ал босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруы жүрек циклі немесе дәлірек айтқанда жүрек жұмысының циклі деп аталады.
Жүрек қызметінің үш фазасы болады: 1) жүрек қалқаншасының систоласы, бұл кезде қан қалқаншадан босаң қалыпта ұрған қарыншаға түседі; 2) қарынша систоласы, бұл кезде систола фазасындағы қан қарыншалардан қолқа мен өкпе артериясына айдалады (бұл кезде қалқаншалар босаңсиды); 3)жалпы үзіліс, бұл кезде жүрек тыныш қалыпта болады. Осы кезде босаңсыған ірі вена тамырларынан қан келіп түседі. Жалпы үзілістен кейін жүрек жұмысының жаңа циклі басталады.
Жүрек жұмысы циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 секундқа, 12 жастағыда — 0,75, ал үлкен адамда — 0,8 секундқа тең, 6—7 жасар баланың жүрегі минутына 95—100 рет, 12 жастағыда 80—90, ал үлкен адамда 68—70 рет жиырылады.
Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді.
Жүректіқ бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систоликалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бала жүрегі камерасының сыйымдылығы ересектерінен кішірек болғандықтан олардағы систоланың көлемі де аз. Оның мейлінше улғаюы өтпелі кезеңде байқалады.
Бір минутттағы барлық систоланың көлемі жүректің минуттық көлемін құрайды. 7 жасар балада ол 2120 мл-ге, 12 жасарда — 2740 және үлкен кісіде 4080-нен — 5600 мл-ге дейінге тең. Мұның үстіне жүректің минуттық көлемі өсіп келе жатқан организмнің тканьдері пайдаланатын оттегіне салыстырмалы түрде пропорционалды.
Қарыншалардың систоласы кезінде жүрек көлденеңнен кішірейеді, оның төбе жағы қысылады, жоғары көтеріліп кеуде клеткасының алдыңғы жағына соғылады. Бұл құбылыс жүрек дүрсілі деп аталады. Оның сол жақ кеудедегі IV қабырғаның аралығына алақанды қою арқылы сезуге болады. 7—8 жасар балаларда сондай-ақ ашаң адамдарда оны көзбен-ақ көруге болады.
Жүрек жұмысының ырғағы. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі, кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады.
Қолды көкірекке қойып жүректің бір минуттағы жиырылысын есептеуге немесе электрокардиографтың, көмегімен оның жұмыс ырғағын жазып алуға болады. Кейде ырғақ сирек – минутына 40-50 жиырылады (брадикардия) немесе, керісшше жиі – минутына 100-ден аса (тахикардия) жиырылады. Брадикардия көбінесе шыныққан спортшыларда, ал тахикардия күшті дене еңбегі кезінде, корқынышты бастан өткергенде кездеседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда нервінің тежегіш әсері ересектерге қарағанда аз, сондықтан оларда жиырылу ырғақ анағұрлым жиі, 7—3 жасқа карай ол жүрек бұлшық еті мен қан тамырларының парасимпатикалық нервтену дамуының аяқталуына байланысты анағұрлым біркелкі бола бастайды.
Электрокардиография. Электрокардиограммада жазудың тәсілі (ЭКГ) жақсы ойластырылған әрі қарапайым келеді. Электрокардиограммада тісшеліер мен арақашықтьтқты түсіндіру (расшифровка) әлдеқайда қиын (80-урет). Бұны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жасайды.
Мұғалімдер мен педагог-тәрбиешілердің кейде дайын ЭҚГ-ге тап болатын кездері болады. Оларға жүрек жұмысының сипаты мен денсаулықты бағалауда ЭКГ-нің ролін білу көптік етпес еді.
Миокардадағы қозудың пайда болуы, ұлғаюы және тоқтауын ЭКГ арқылы түсіндіретін теория едәуір кең таралған. ЭКГ-нің графикалық жазуының өзіндік түрі болады, белгілі бір тісшелер мен арақашықтарға жүректің соларға сай келетін жай-күйі тән болады.
ЭКГ-нің эволюциялық жане клиникалық түсіндірулерінің және жүрек циклінің фазаларының мәліметтері жүрек жұмысындағы үзіліс оның жиырылу жиілігі секілді адам өмірінің ұзақтығына тікелей қатысы бар.
Демек, спорт жаттығуларын өткізгенде, балалар еңбегін ұйымдастырғанда немесе олардың денсаулығының жай күйіне бақылау жасағанда систола мен диастолаға ғана емес, жүрек жұмысындағы үзілісіне де көңіл аудару керек. Өйткені бұл кезеңде жүрек қуысы қанға толып, тамырларға айдалатын қанның көлемі көбейтіледі.
Демек, тыныштық фазасын жүрек қызметі мен жалпы организмнің мүмкін болатын бұзылуының «қайнар көзі» болуы ықтимал.
Жүректің өздігінен жұмыс істеуі. Органның, ткань мен клеткалардың сыртқы тітіркендіргішерінсіз өздерінде пайда болатын импульстердің әсерімен қозуы оның өздігінен жұмыс істеуі деп аталады. Бұл қасиетті жануардың жүрегін бөліп алып және белгілі бір жағдайлар жасап (ауа, тамырлар арқылы жүретін ертінділердің температурасы) көз жеткізуге болады. Аритмияны жүректегі өткізгіш жүйе арқылы түсіндіруге болады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек бұлшық етіндегі типсіз клеткалар мен Пуркинье ұлпалары (зерттеген ғалымның атымен аталған) жүректің өткізгіш жүйесін кұрайды. Оның бас жағы синус түйіні жоғары қуыстағы венаның төменгі етегіне орналасқан.
Синус түйінінде пайда болатын импульстер жүрекше-қарынша түйініне тарайды, сонан соң екіге тармақталып жатқан жүрекше-қарынша шоғырына жетеді, сонан соң миокардамен қарыншадағы бүртік тәріздес бұлшық еттермен байланыс жасайды. Бұл бір мезгілде ең әуелі жүрекшенің сонан соң қарыншалардың және осы фазалардын белгілі бір уақыттан соң ырғақты түрде қайталанып отыруын қамтамасыз етеді.
Әрбір қозудан (жиырылудан) соң жүрек қозбайтын күйде болады. Қозбайтын кезең жүрек жұмысының үзілісіне сай келеді. Жүрек жұмысындағы барлық үзілісті есептейтін болсақ, ол тәулігіне 8 сағаттай дем алады.
Жүрек қызметінің нервтік реттелуі. Жүрек жүмысын реттеуге нерв жүйесі белсене қатысады. Парасимпатикалық өсінділер арқылы жүретін импульстер жүректі әлсіретеді және оның соғысын баяулатады. Мұндай кезде, жүректің күші азайып жиырылуы сиректейді, кейде тіпті тоқтап та қалады. Симпатикалык өсінділердің импульстері күшейтпелі және жылдамдатушы әрекет береді.
Гуморальды реттелу. Жүректің қызметіне қанда, организмнің басқа сұйықтықтарында еріген заттар әсер етеді. Бұны гуморальдық реттелу дейді. Мысалы, бүйрек үсті гормоны адреналин қанға табиғи түрде-немесе қолдан ендірілсе жүректің жиырылуын күшейтеді, яғни симпатикалық нерв сияқты әрекет етеді; организмнің көптеген тканьдерінде кұралатын ацетилхолин жүректің жиырылуын баяулатады, яғни кезеген нерв секілді әрекет етеді.
Жүрек қызметін реттейтін орталық сопақша, аралық мида және жарты шаралардың маңдай бөлігінде орналасқан. Қанда еріген заттардың әрекеті қан тамырларының рецепторлары арқылы жүзеге асатынын ескерсек, онда жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі – нервтік регуляция деген сөз.
Жүрек-қан тамырларының қызметі әр түрлі тітіркендіргіштердің импульстеріне орай өзгеріп отырады (жылу, суық, ауру және т. с. с). Бұл импульстер ми орталығына, сонан соң эфферентті өсінділер арқылы жүрек бұлшық етіне беріледі, олардың жұмыс ырғағы өзгереді, яғни бүкіл жүректің жұмысы өзгереді.
Қан қысымы. Жүректен қолқаға айдап шығарылған қан оның кенересіне сынап бағанасы бойынша 150—160 мм күш түсіреді. Қолқаның тарамдалып кетуіне байланысты және тарамдар қосындысының өсуіне орай артериядағы қысым 120 мм дейін, артерияларда — 40 мм дейін, жүрекпен бір деңгейде жатқан капиллярларда 15—20 мм дейін төмендейді. Кеуде қуысына жақын жатқан венадағы қанның қысымы атмосфералық қысымға жақын, бірақ ол тыныс алу актісінің фазасьша тәуелді. Мәселен, тыныс алынғанда ол төмендеп теріске айналады. Кәдімгі тыныс шығаруда жоғарылайды (сынап бағанасымен 2—5 мм-ден көп емес).
Терең тыныс шығару (әсіресе, күшенгенде) қуыс веналардағы қысымды арттырады, бұл қарын қуысының және аяқ-қолдың веналарынан келетін қанның жүрекке түсуін қиындатады. Бұл артериялық қысымды азайтады, тым қатты күшенгенде адамды естен тандыруы мүмкін.
Демек қан тамырларындағы қысымның айырмашылығы, кеуде қуысының сору күші қан айналымына жағдай жасайды. Шеткі тамырлардағы қанның қысымы жүрек жұмысының фазасына тәуелді. Қарыншалардың систоласында ол мейлінше жоға\ры, ал диастолада мейлінше төмен болады.
Қанның қысымы екі цифрмен белгіленеді: жоғары цифр ең жоғарғы немесе систолалық қысымды, ал төменгі цифр ең төменгі немесе диастолалық қысымды көрсетеді. Өлшеуді артерияда жүргізгендіктен ол артериялық қысым деп аталады. Алайда, қысымды артерияда ғана емес, венада да өлшеуге болады. Бірақ ол үшін әлдеқайда күрделі аппарат қажет. Адамның, артериялық қысымы тәулік ішінде құбылып отырады. Мәселен, ол ұйқы кезінде төмендейді, ал жұмыс үстінде және қатты қорыққанда жоғарылайды. Бірақ оның орташа көрсеткіші мейлінше тұрақты. Мысалы, 7—8 жасар балаларда ол сынап бағанасы бойынша 99/64 мм, 12 жастағыларда — 105/70, 13—15 жастағыларда — 107/73, және ересектерде (20—40 жастағы) — 110/80 мм. Оның үстіне ер балаларда 5—9 жаста артериялық қысым қыз балаларға қарағанда жоғары, ал 9—14 жаста керісінше жыныстық пісіп-жетілудің басталумен ер балалардың қан қысымы қыз балалардікінен едәуір жоғары бола бастайды. Қыздар мен боз балалардың (17—19 жас) қан қысымы ересектердің нормасына жуықтайды (110/75 мм, сынап бағанасы бойынша). Қан айналымының бұзылуына байланысты сырқаттанғанда, сондай-ақ сұйықты көп ішкенде қан қысымы өзгереді. Кей жағдайларда ол жоғарылап гипертонияға әкеліп соқса, кейде төмендеп гипотония тудырады. Қатты қалжыраған кезде де гипотония байқалады.
Гипертония мен гипотония көптеген себептерге байланысты ересектерде, балаларда жиі кездереді.
Тамырдың соғуы. Жүректің әрбір жиырылған кезіндегі артерия кенересінің ырғақты кұбылуы тамырдың соғуы деп аталады. Мұндай кезде тамыр кенересінің серпімділігінің арқасында қан тамыірлары созылады, ал қанның кернеуі жоғалған диастола кезінде қайтадан тарылады.
Тамырдың соғуың сезінуге болады. Бұл үшін әдетте білектегі күре тамырды пайдаланады. Тамырдың соғуы жүректің соғуына әрқашан сәйкес келеді.
Жаңа туған нәрестенің тамыры минутына 130 рет, 7-10 жастағы балалардікі — 85-90, 14-15 жастағы жасөспірімдердікі — 75-80, ересектердікі 68—70 рет соғады.
Тамыр соғуының жиілігі кейде нерв жүйесі симпатикалық бөлімнің тітіркенуіне және зат алмасудың анағұрлым жиілігіне байланысты. Қыздардың тамыры әдетте ер балалардан гөрі жиірек соғады (5—10 рет). Күш түскенде, қозғалысты ойын үстінде гимнастикамен айналысқанда т. б. тамырдың соғуы артады. Күш түсіп болғаннан кейін тамырдың соғуы, неғұрлым тезірек қалпына түссе, соғұрлым жүректің төзімді болғаны.
Қан ағысының жылдамдығы. Қан айналымы жүйесінде бір
мезгіл аралығында барлық артерия, капиллярлар мен веналар арқылы бірдей мөлшерде қан ағып өтеді. Жылдамдық қан арнасының кең немесе тарлығына байланысты. Мәселен, ірі артерияларда ол секундына 50 см, веналарда — 20 см, ал капиллярларда—0,5 мм.
Артериядағы қан жылдамдығының жоғары болуы оның айналу жылдамдығын қамтамасыз етіп, тканьдерді нәрлі заттармен және оттегімен жабдықтауға мүмкіндік береді. Капиллярларда қанның баяу ағуы ткань аралық зат алмасуға жағдай жасайды, яғни тканьдерге қажетті заттар беріліп, организмге қажет емес заттар әкетіледі.
Туа біткен және кейін жүре пайда болған қан айналудың бұзылулары
Адамның жүрек қан тамырлары қызметінің бұзылуын туа біткен және жүре пайда болған деп бөлу қалыптасқан. Туа біткен жүрек ақаулары мен қан тамырларының дамуындағы алшақ кетушілік салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Ал жүре пайда болған, яғни өмір бойы өрістеген ақаулар (ырғақсыздық, венаның кеңеюі, аневризм, ревматизмнің салдары) анағұрлым жиі кездеседі. Туа біткен көптеген жүрек қан тамырлары жүйесінің ақаулары хирургиялық жолмен емделеді.
Жасөспірімдердің жыныстық кемелденуі кезеңінде жүрекқан тамырлары жүйесінің жұмысының уақытша бұзылуы байқалады. Бұл ішкі секреция бездерінің қайта құрылуына байланысты. Кейбір дәрігерлер организмдегі мұндай өзгерістерді оның толық сау еместігі деп санайды, ал мұның өзі жасөспірімді үрейлентіп алуы мүмкін. Алайда, төменгі класс оқушыларының жүрегі көптеген ересектердікінен гөрі әлдеқайда таза. Ол никотинмен, ішімдікпен уланбаған, психикалық жағынан жарақаттала қоймаған және организмге сыртқы ортадан түсетін бактериялардың әрекеттеріне азырақ ұшыраған болып келеді. .
Балаларда жүрек пен қан тамырларының мықтылығын төмендететін инфаркт, жүрек бұлшық етінің склерозы және басқа бұзылулардың болмайтындығын бақылаулар көрсетіп отыр.