Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.

(Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм жене висцеральды (лат. висцералис — ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық талдағыштар 3 бөлімнен тұрады:

  • сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;
  • өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады;
  • орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).

Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.

Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады. Мысалы: Көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінді жарық қабылдағыш рецепторлар- фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17,18,19 аймақтары жатады. Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың бейнесі туралы сезім пайда болады. Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі. Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.

Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.

Талдағыштардың ортақ қасиеттері. Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:

1.Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус – төңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.

  1. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.
  2. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Соңдықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған (айталық, көзімен, ішінен ғана оқып отырған) оқушы маңайындағы көлденең дыбыстарды
    естігенімен мағынасын түсінбейді.
  3. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағышпен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады..
  4. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.

Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанцияқашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, заттардың әсерін сезу жөне контактты (лат. контактус — түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін талдағыштар.

Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде әжептеуір қашықтықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бұл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.

Нерв импульстері орталық жүйке жүйесінде белгілі бір тәртіппен бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. Олардың айырмашылығы техникадағы код жүйесі іспетті белгіленетін болғандықтан импульстер сол тәртіппен беріледі деп айтуға болады. Код — ақпаратты белгілі ережелер бойынша шартты түріне түрлендіріп аудару.

Қосақталған код арқылы, яғни әрбір нейронда серпініс дүркінінің болуы немесе жойылуы түрінде беріледі.

Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейіңде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық жөне химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар талдағыштар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік — ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік — ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге кедергісіз серпіністердің қосылуы.

Әр талдағышқа тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын б і р р а й л ы (модальды) жиынтық дейміз. Бір райлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақтылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.

Тітіркендіргіштің бір түрінің өзінде көптеген физикалық, биологиялық сипаттары болады. Сол қасиеттерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштар бар. Оларды 2 топқа бөлуге болады:

а) кезенді қабылдағыш мембрананың алғашқы және соңғы туған қимыл құбылысында өз ісін орындайды, қозады, бірақ біресе өшіп, біресе қозып тұрады;

б) ұдайлы қабылдағыш бүкіл тітіркену кезеңі кезінде қозып тұрады, мұнда үздіксіз қозу орын алады.

Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығьп, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол кезден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысьндағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.

Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық — көз жасын түзейді.Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады жөне сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- — құрту)

Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.

Көзді қорғаушы құрылымдар мен оптикалық жүйе. Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі тұздар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мөлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Бұған қоса, оның құрамындағы дезинфекциялық заттар микробтарды өлтіріп, оларды жояды.

Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сыңдыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.

Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.

Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялы қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс көрсетеді. Жақыңдағы затты қарағаңда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда жалпақтанады.

Көздің шыны тәрізді денесі жарық сыңдырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сыңдыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның ұшын ұстайды.

Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.

Жарықты қабылдау. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі қошқыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін.Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретген мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының . ұзыңдығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғыда петинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады.Ретинен А витаминінің туындысы, қараңғыда А витамині ретиненге айналады.Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылады.Мұндай кемшілікті ақшам соқыр немесе соқыр тауық, немесе гемералопия (лат. гемералопия — тауық көз) дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз — 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.

Ал сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік үштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының желке тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Көру талшьғының торлы қабығындағы рецепторлары афференттік жүйке талшығы арқылы заттың бейнесінен келген сәуленің әсерінен пайда болған қозу импульстерін бір-ақ рет орталыққа жібереді. Содан кейін орталыққа сол заттың өзгерістері туралы ғана мәлімет тасиды, онда пайда болған өзгерістерді немесе заттың бейнесінің жойылуы жөнінде т. б. ақпараттар жіберіледі. Сондықтан затты көру сезімі ең алғаш көзді сол затқа тігіп қарағанда, яғни көз түскенде ғана пайда болады. Көру талдағышының қозғыштығы торлы қабықтағы жарық сезгіш заттардың фотохимиялық реакциясына байланысты фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейд.Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы (лат.~ адаптация — бейімделу, үйрену) дейді. Мысалы, қараңғы жерден жарық бөлмеге кіргенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбейді де, сол уақыттан соң бөлмедегі заттар мен отырған адамдар көріне бастайды. Жарық неғұрлым көп болса, солғұрлым көздің қозғыштығы төмен болады. Ал қараңғыда көздің қозғыштығы күшейіп, қараңғыға бейімделеді. Қараңғыда сауытша келеткалардың сезімталдығы 20-50 есе, таяқша клеткалардың — 200-400 есе артады.Жарыққа немесе қараңғыға бейімделу мен көру қабілетінің деңгейі түрлі жағдайға байланысты.Жейтін тамақтың құрамында А витамині аз болғанда, оттегі жетіспегенде, шаршағанда көздің өткірлігі нашарлайды.

Дегенмен жаттықтыру арқылы оны күшейтуге де, бейімделу қабілетін арттыруға да болады. Жалпы алғаңда көз әрбір 25 сек сайын сәл қимылдап тұрады. Егер тез қозғалмаса, онда затты аздан кейін көрмей қалар едік. Сондықтан қозғалмайтын затты көруде көз еттерінің қызметінің маңызы зор.

Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқыңдарын қабылдау қабілеті 390-760 нанометр (нм) шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм т. с. с. жарық сәулелерінің толқыңдарының ұзындығына байланысты.

Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М. В. Ломоносов 1756 ж қалаған. Т. Юнг пен Г. Гельмгольц (1801) мұны әрмен қарай дамытқан.Олардың үш құрамды жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықта сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызьл түсті жарық толқындарын, екіншісі — жасыл, үшіншісі — күлгін түсті жарық толқындарын сезеді. Бұған қоса, көру нервінің афференттік талшықтары 3 түрлі болады. Олардың әрқайсысы сол 3 түрлі жарық толқындарының әсерінен пайда болған өзіне тән қозуды тасиды, яғни ол талшықтар сол түсті сауытша клеткаларымен байланысты. Қалыпты жағдайда көзге әртүрлі ұзындықтағы сәулелер әсер еткенде бір мезгілде 2 немесе 3 түрлі сауытша клеткаларда реакция пайда болады және оған қатысатын сауытшалардың саны да әртүрлі болады. Сондықтан осы үш түрлі клеткалар тобы арқылы адам жарықтың көп түрлі түстерін айыра алады. Ал жарық әсер еткеңде заттың түсін нақтылы білу жаттығуға байланысты.

Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.

Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.

Көру талдағышының жас ерекшелігі

Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 грамм-дай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ өседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.

К ө з ж а сының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзіңде бірдей емес, тіпті бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды.Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек 1 жасқа жақыңдағаңда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.

Жаңа туған нәрестенің қ а р а ш ы ғ ы өте жіңішке — диаметрі 1,5 мм ғана екі көзінің қарашығы тек қана 1 айға толғанда сәйкестеліп, қарашық рефлекстері пайда болады. 3-6 жаста көзінің қарашығының диаметрі ересек адамның қарашығымен теңеседі. Дегенмен қарашық рефлекстері мектеп жасына дейін нашар болады да, бастауыш сынып оқушыларында толық жетіледі. Баланың жарыққа деген рефлексі алғашқы кезде тек қана қорғаныс қызметімен шектеледі. Оларда жарықтан қорғану мен бағдарлау қабілеттері ғана байқалады. Жарықтың әсерінен қарашықтың кішіреуі диаметрі 1 айда 0,9 мм, 6-12 айда -1,2 мм, 2-6 жаста 1,5 мм, жоғарғы сынып оқушыларында ересектермен бірдей — 1,9 мм болады. Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дүрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады.Бүл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минут, 3 айда 7-10 минут, тек 3-7 жастың арасыңда толық жетіледі. Баланың алғашқы жылғы өмірінде оның көз алмасының алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінен 25-35% қысқа келеді, сондықтан заттың бейнесі торлы қабықтан асып фокусталады. Табиғи алыстан көру қабілеті 1 жасқа дейінгі балаларда байқалады.

Баланың көзінің қасаң қабығы ересек адамнан гөрі дөңестеу, көз бұршағы серпімділеу болады. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ересек адамның көзімен салыстырғанда жақындау орналасқан. Сондықтан жарық сындыру қабілеті күштірек. Бұған байланысты көздің айқын көру нүктесі 1 жасқа дейінгі балада не бары 4 см болып, көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 жаста ол 7 см, 20 жаста — 8,3 см, 30 жаста 11 см, 40 жаста 17 см, 50 жаста — 50 см, 60 жаста 80 см болады. Яғни ересек адамның көзінде жасы ұлғайған сайын алыстан көру қабілеті дами бастайды. Айқын көру нүктесі деп заттың анық дәл көріну қашықтығын айтады.

Көз бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді: 1 жаста 25 диоптрия, 3 жаста 20, 5-6 жаста — 15, 7-15 жаста — 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.

Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Сауытша клеткалары мен таяқша клеткалардың диаметрі кішкентай болады жене бір-біріне жақын. 2 жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет атқара бастайды. Дегенмен 3 жасқа дейін олар нашар жетіледі, диаметрі кішкентай, бір-біріне жақын тығыз орналасады. 4-6 жаста балалар барлық түсті айырады, бірақ тәжірибесі аз болғандықтан, ересек адаммен салыстырғанда заттың түсін тану қабілеті нашарлау келеді. Бұл мезгілде бала затты қарағанда ең алдымен оның пішінін, содан кейін мөлшерін, ең соңында түсін анықтайды. Заттың түсін анықтау қабілеті жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіне жақындайды.

Баланың алғашқы 1-2 апталық өмірінде көру талдағышының өткізгіш бөлімі жетілмегендіктен, заттың бейнесін анық көрмейді. Ең алдымен көру жүйкесі мен сопақша мидағы оның түйіспесі қалыптаса бастайды, содан соң мидағы төрт төмпешік жетіледі. Төрт төмпешік ми қыртысыңдағы орталық бөлімге қарағанда жылдам жетіледі. Алғашқы 1 жылдың өзіңде өткізгіш бөлім қозу импульстерін орталық бөлімге таси бастағанымен, төмпешіктердегі нейрондар толық жетілмегендіктен көру қабілеті нашар болады. Өткізгіш бөлімнің қызметі тек қана 10-14 жаста толық жетіледі. Бірақ бұл кезде жүйке жолдары жіңішкелеу келеді.

Көру талшығының қыртыс бөлімі сезгіш және өткізгіш бөлімдерінен кейін дамиды. Ең алдымен (17 аймақ), содан кейін ғана түйсік (18,19) аймақтары жетіледі. Көру орталығының нейрондары алғашқы жылы өсуін аяқтамаған, дендриттері мен аксондары кішкентай, әрі жіңішке келеді. 2-3 жаста сезгіш аймақтар өте жылдам жетіле бастайды да, 5-6 жаста толық жетіледі. Ондағы нейроңдар ересек адамның нейрондардай болады. Түйсік аймақтары алғашқы 3 жылғы өмірінде нашар дамиды: оның нейрондары өте нәзік, қызмет атқаруға әлі бейімделмеген. 5-6 жаста бұл аймақтар тез дами бастайды да 10-14 жас арасында толық жетіледі. Көзбен шамалау қабілеті түйсік аймақтарының дамуына лайық жақсара береді. Бүл қабілет тек жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіндей болады. 4-6 жастың ішінде балалардың сезгіш аймақтары мен түйсік аймақтарының арасыңда жүйкелік байланыс жолдары қалыптасады, бірақ байланыс жолдарының жүйке талшықтарының миелиндері болмайды, сондықтан көру талдағышының орталық бөлімінің талдау және жинақтау қабілеттері әлі де болса кемеліне жетпеген. Ми қыртысыңцағы жүйкелік байланыс жолдарының толық миелинденуі жігіттік бойжеткендік мерзімінде ғана аяқталады. Дегенмен көру талдағышының салыстырмалы толық жетілуі жасөспірімдік мерзімде аяқталады деуге де болады.

Алғашқы рет жақыннан және алыстан көру қабілеттерінің қалыптасуы туралы гигиенист ғалым Ф. Ф. Эрисман «Влияние школы на происхождение близорукости» деген еңбегінде көру гигиенасын дұрыс сақтамауға байланысты мектептегі оқушылардың жылдан жылға жақыннан көру дәрежесі артатындығын жазған болатын. Кейіннен бүл мәліметтер толық зерттеліп көру кемшіліктерін болдырмау шаралары анықталды. Осыған байланысты әрбір адам, ата-ана, мүғалімдер мен тәрбиешілер және оқушылар көру гигиенасын біліп, оны сақтауы қажет. Тек ғана жақыннан көретін бала затты көзін сығырайтып қарайды немесе көзіне өте жақын үстайды, еңкейіп кітап оқиды, теледидарға жақын отыруға тырысады, қылилық пайда болады. Көздің созылуына мешел, өкпенің құрт ауруы, ревматизм т. б. аурулар себеп болуы да мүмкін. Сол сияқты, жүмыс орнының жарығы нашар болғанда, оқып отырған қағаз орнықсыз, әріптер тым ұсақ болғанда, дұрыс отырмағандықтан, көз бен жазуы бар қағаздың арасы тым жақын болғанда т. с. с. себептерден пайда болады. Көпшілік зерттеушілердің мәліметіне қарағанда жақыннан көретін балалардың көру гигиенасын сақтауын қадағалап отырған жөн. Бұл жағдайда міндетті түрде көзілдірік киіп жүру керек. Әсіресе кішкентай балалардың көзінде керу кемшіліктері тез дамиды.

Астигматизм көз алмасының жазықтарына сәулелер бірдей тарамағандықтан балаларда пайда болатын көру кемшілігі. Ол қасаң қабықтың беті біртегіс дөңес болмаған жағдайда байқалады. Мұны жөндеу үшін тік немесе көлденең меридиана бойынша жөнделген цилиндр әйнекті пайдаланады. Себебі бұл кемшілікте аталған меридиананың бірі жарық сәулелерін күштірек сындырады.

Көздің құрылымдарының қызметіне байланысты рефлекстер де жасына сай әртүрлі: қас қағу рефлексі мезгілінен бүрын туған (шала туған) балаларда 2 аптаға дейін болмайды, ал мерзімінде туған балаларда бірінші күннен-ақ байқалады, бірақ өте баяу болады. Жаңа туған сәбилердің екі көзінің қас қағу рефлексі бірдей емес: бір көзінде болып, екінші көзінде болмауы да мүмкін. Қас қағу қимылы 1 айлығында реттеле бастайды. 2 айлығында ол көздің қимылымен ұласып, екеуінің арасында үйлесімділік туады.

Көздің ашылып-жұмылуы, жыпылықтауы сыртқы тітіркендіргіштің әсеріне сай болады. Мысалы, жарқ еткен жарық кірпік қағу рефлексін тудырады, бұл рефлекстің жасырын уақыты 200-300 м/сек. Егер жарық күшті болса, кірпік рефлексіне қоса, басты бұру мойын рефлексі туады.

Көздің қарашық рефлекстері жаңа туған нәрестеде болғанымен, қарашық қимылы өте баяу және екі көзінде бірдей емес, бұл ортаңғы мидың төрт темпешігінің алдыңғы екеуінің толық жетілмеуінен болады. 1 айлық балада қарашықтың қозғалыс мөлшері 0,9 мм, 5 айлығында 1,1 мм, 1 жасында 1,4 мм, 2,5 — 6 жасында 1,5 мм, 12 жасында 1,9 мм. Қарашық рефлексі кенеттен болған қатты дыбыстың немесе қорқыныштың әсерінен де байқалады.

Көру гигиенасы Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста 21,5%, 19-25 жаста 28,7%-да жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сукачевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн.

Көру гигиенасының талаптары:

Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық кездерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.

1.Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.

2.Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.

3.Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кеміңде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болу керек.

Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, ескерсе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн. Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау.

1.6-7 жаста — 10 минут,

2.7-10 жаста — 15 минут,

3.10-12 жаста -20 минут,

4.12-15 жаста — 25 минут,

5.5-18 жаста — 30 минут

Яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демаддырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн. Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүрту, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану гигиеналық талаптарды сақтау арқылы көздің өткірлігін сақтап, жұмыс қабілетін ұзартып, организмді шаршатпауға тырысу керек.

  1. Дыбыс талдағышының шеткі бөлімі — ішкі құлақта орналасқан. К о р т и м ү ш е с і, өткізгіш бөліміне — д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс талдағьшыньң ең шеткі бөлімі құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.

Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс талдағышының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз кереңдігі пайда болады.

Құлақ күрделі құрылысты мүше.С ы р т қ ы қ ұ л а қ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылысты. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан. Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз,мұрын қуысынан келген ауаны ортаңғы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.

Дабыл жарғағының ауданы 70 мм2, ал үзеңгішенің ауданы 3,2 мм2, яғни 22 есе кем, сондықтан табиғи физикалық заң бойынша дабыл жарғағынан үзеңгішеге өткенше тербеліс амплитудасының 2,5 есе төмендеуі арқылы сопақша тесікке қысымды сонша есе күшейтеді. Осыған байланысты ортаңғы құлақтан өткенше тербеліс 50-60 есе күшейеді.

Ішкі құлақта екі талдағыштың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпеңдикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі — есту мүшесі.

Ұлу сүйегі тәрізді құрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады.

Вестибулярлық және негізгі мембраналардың арасында ортаңғы немесе жарғақты канал болады. Оның ішкі қуысы тұйық. Іші эндолимфа сұйығына толы. Құрамы жағынан эндолимфаның перилимфадан айырмашылығы бар эндолимфадағы калий ионы перилимфадағыдан 30 есе артық, ал натрий ионы 20 есе кем.

Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау — 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол — дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.

Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағыңда ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.

Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы

Дыбыс толқыңдары дабыл жарғағы мен дыбыс сүйектерінен өтіп, сопақша тесіктің жарғағы арқылы перилимфа сұйығын шайқайды. Перилимфаның шайқалу жиілігіне байланысты негізгі мембрананың белгілі бір дәнекер талшықтары қозғалады. Жоғары дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің түбінде орналасқан дәнекер талшықтар, ал төмен дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің жоғары жағындағы фиброздық талшықтар қозғалады. Дыбыс неғүрлым күшті болса, перилимфаның және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы соғұрлым биік болады, яғни жабын мембранаға тиген талшықтар көбірек иіледі. Дыбыс тембрі негізгі дыбысқа қосылатын қосымша дыбыстардың әсерінен қозғалатын фиброз талшықтарының мөлшеріне байланысты. Сонымен, корти мүшесі дыбыс жиілігін, оның күшін және тербелістерін сезеді.

Ересек адамның құлағы 16 герцтен 20 мың герцке дейінгі дыбыс ырғақтарын қабылдайды, әсіресе 1000 герцтен — 3000 герц жиілігіңдегі дыбысты жақсы қабылдайды.

Қалыпты жағдайда ересек адам 5м қашықтан сыбырлаған дауысты естісе, есту қабілеті қанағаттанарлық деп есептеледі. Есту қабілетін аудиометр деп аталатын аспаппен анықтайды.

Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішіңде ересек адамның құлағымен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарын нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағышының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышындай, бірақ есту қабілеті анағүрлым жоғары болады. Ми қыртысының таңдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.

Есту гигиенасы. Есту талдағышының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек) Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана есер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады:

Ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс нервтерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу — көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері — 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде — 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда балалардың еңбек қабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибеддегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыспен көп шұғылданбағаны жөн.

Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтад.Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, болмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.

Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу бөлмелерінен бөлек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минут сайын 10-15 минутке созылатын үзіліс жасау керек.

6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отырғаны жөн.

Баланың есту қабілетін сақтауда мүғалімнің сөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қорғаныс тежелуі пайда болады.

Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ уақыт қатты дауысты теледидар, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды. Дыбыс есту қабілеті жарықтың әсерінен күшейеді, сондықтан музыкалық әуендердің дыбыстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын-сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе көңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, үзақ тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тындаумен әуестенген жастардың ішіңде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны көбеюде. Қатты дауысты музыканы тындау мөлшері 7-10 жаста — жарты сағаттай, 11-16 жаста 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер ұйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс. Егер жүргізуші музыка шуын 90 децибелден асырып (бұл — жастарда жиі байқалатын жағдай), 1-2 сағат тындаса, онда шаршау белгісі пайда бола бастайды және, ең қауіптісі, жол оқиғаларына деген жауап реакциясы нашарлайды да, жол апаттарына себеп болады. Сонымен қатар, көліктегі музыка дыбысы кала көшелеріндегі жалпы шудың мөлшерін күшейтеді.

Вестибулярлық немесе дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын және тепе-тендік сақтайтын талдағыштың жас ерекшелігіВестибулярлық талдағыш. Адам кеңістіктегі өзінің орнын көз арқылы анықтайды. Адамның кеңістіктегі орнын арнайы құрылым — вестибулярлық талдағыш анықтайды. Сондықтан көзі көрмей қалған адам үйреніп алғаннан кейін кеңістіктегі өз орнын анықтап, дене тепе-тендігін сақтайды,

Вестибулярлық талдағыштың шеткі, яғни с е з г і ш бөліміне ішкі құлақтағы жартылай айналмалы 3 каналдар мен солардың табалдырығындағы о т о л и т жатады) Жартылай айналмалы каналдардың табалдырығының іші эңдолимфа сұйығына толы. Бұл сұйықта отолит немесе статолит деп аталатын кальцийдің фосфор қышқылды тұздарынан тұратын құрылым бар. Табалдырықты лабиринт деп те атайды. Лабиринттің бір-біріне перпендикуляр орналасқан 3 жарты ай тәрізді каналдарының бір ұштары кеңейіп ампулаға айналған. Олардың ішінде орақ іспетті сүйекті құрылым бар. Бұл құрылымға жарғақты лабиринт жалғасады. Онда екі ұштарында 10-15 шақты ұзын түктері бар сезгіш және тірек клеткалары болады. Тірек клеткалары бір-біріне киіз тәрізді жабысқан талшықтарды түзеді. Бұл талшықтарға түкті клеткаларға жалғасқан отолит сүйекшелері байланысады.

Орақшаның түкті клеткалары мен отолит қапшықтары ішкі құлақтың түкпірінде орналасқан вестибулярлық Скарп түйінімен байланысқан биполярлы нейрондардың талшықтарымен жалғасады. Бұл нейрондардын аксондары вестибулярлық нейронды құрап ұлу нервімен бірге дыбыс нервіне айналады. Дыбыс нерві ішкі құлақтан шығып, сопақша миға барады. Сопақша мида вестибулярлық нерв қайтадан ұлу және вестибулярлық нервтерге бөлінеді. Сопақша мида вестибулярлық нерв жоғарғы және төменгі талшықтарға жіктеледі. Бұл талшықтар сопақша мидағы вестибулярлық ядроларда аяқталады. Вестибулярлық ядролар талшықтар арқылы мишықпен, сопақша ми мен ортаңғы мидың вегетатаивтік орталықтарымен, ортаңғы мидан шығатын III және 4 қозғаушы нервтермен, жұлын және ми шарларының самай бөлігімен байланысады.

Дененің кеңістіктегі орнын анықтау бастың қимылына байланысты. Бас қозғалғанда эндолимфа сұйығы жылжиды. Онда қалқыған отолиттер қозғалады да, жартылай айналмалы каналдардың сезгіш түкті клеткаларын тітіркендіреді. Сондықтан орталыққа тебетін жүйке импульстері пайда болып, вестибулярлық нерв арқылы сопақша миға, сосын мишық пен ортаңғы және аралық миға барады. Содан кейін ғана ми қыртысының самай болігіндегі вестибулярлық орталыққа жетеді. Жартылай айналмалы каналдар қимылдың басыңда және соңында тітіркенеді, яғни олар негізінен қимылдың қозғалысын үйлестіреді. Бас қозғалғанда пайда болған жүйке импульстері рефлекторлы түрде бұрылыс жағындағы мойын еттерін ширықтырады. Отолиттердің қысымы рефлекторлы түрде мойынның, аяқ-қолдың, тұлғаның бүгу еттерінің тонусын күшейтеді, жазылдырғыш еттердің тонусын, керісінше, босатады. Отолит қапшықтарының ішіндегі отолиттері дененің еңкеюін, оңға және солға бұрылуын, шалқаюын реттейді. Олар тітіркенген жақтағы еттердің тонусын күшейтіп, кері жағының еттерінің тонусын төмендетеді.

Сондықтан қаңқа еттерінің ширығып, босауын вестибулярлық аппараттан орталыққа тепкіш жүйке арқылы келіп түратын импульстер реттейді.

Вестибулярлық аппарат өте сезімтал болған жағдайда ұзақ қозғалыс кезінде, әсіресе шайқалмалы қозғалыста (мысалы, ұшақпен ұшқаңца, кемеде жүзгенде, жүріп келе жатқан машинада отырғанда) «теңіз ауруының» белгілері пайда болады: бас ауырып, жүрек қобалжиды, пульс жиіленеді, қан тамырлары өзгереді, қанның қысымы артады, тер шығады, ішек-қарынның қозғалысы үдеп, адам құсады, яғни түрлі вегетативтік рефлекстер туады. Вестибулярлық аппаратқа өте күшті және ұзақ жүктемелер — «теңіз ауруы», ғарыштық дағдарыс т. б. — әсер еткен кезде қозғалыс үйлесімділігі төмендейдь, Арнайы жаттығулар арқылы тепе-теңдік рефлекстерінің түрақтылығын нығайтуға болады. Ғарышкерлерді дайындауда мұндай жаттығулардың маңызы зор. Жаттығуды алдымен аз шапшаңдықтан бастайды, содан соң жылдамдықты үдетеді. Әуелі көлденең тербеліс бағытында, кейіннен жоғары-төмен тербеліс бағытында жаттықтырылады. Бастапқы кезде бас айналып, лоқсу, қүсу т. б. жағымсыз сезімдер пайда болады, бірақ бірнеше жаттығудан кейін организм бейімделіп, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендеп, болашақ ғарышкер тербеліске үйренеді. Ғарыштық салмақсыздық отолиттік қабылдағыштың қасиетін өзгертеді. Оның қызметі алғашқы 2-3 тәулікте тым төмендеп кетеді де, содан кейін жоғарылай бастайды. Бесінші тәулікте қабылдағыштың қызметі бұрынғы, яғни жердегі қалыпқа сәйкестенеді.

Дененің кеңістіктегі орынын анықтау мен тепе-тендік сақтауда, қимылды үйлестіруде бұлшық еттерден, буындар мен сіңірлерден, яғни олардың проприорецепторларынан үнемі келіп тұратын кері байланыс импульстерінің маңызы өте зор. Бұған терінің тактильді рецепторларынан келіп тұратын импульстері де қатысады. Адамның проприорецепторлары құрылысының күрделілігі жағынан төртінші орын алады. Қаңқа еттерінің жүйкелеріңде проприорецепторлық импульстерді өткізетін талшықтар барлық орталыққа тепкіш талшықтардың 30-50 %. Бұл рецепторлар жаттықтыруға көнбейді, олардың бейімделу қасиеті де жоқ. Соңдықтан еттер мен буындардың сөл өзгерістері оларда қозуды тудырады, яғни проприорецептролар әрқашан да қозуға дайын түрады. Бұл қасиеттерге байланысты адамның позасы сақталып, жердің тартылыс күшіне қарсы түру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бүған қоса, проприорецепторлардың тітіркенуі арқылы бүлшық еттердің жиырылуының тонусы мен дененің кеңістікте қозғалуының рефлекторлы түрде өзін-өзі реттеуі іске асады. Проприорецепторлардың тітіркенуі рефлекторлы түрде вегетативтік қызметтерді тудырады. Бүл функциялар қимылдың түріне, маңызына, сипатына байланысты.

Проприорецепторларға қоса теріден, оның тактильді рецепторларынан импульстер келіп түрады. Олардың бір-бірі-мен байланысын кинестезия деп атайды. Кинестезия қимьглдың үйлесімділігін реттейді, кеңістікті бағдарлап, көру сезімдерімен қоса, заттың қашықтығын аңғартады.

Проприорецепторлардың тітіркенуі жоғары жүйке өрекетіне өсер етеді: шартты қимыл рефлекстерінің жасырын уақыты өзгереді. Мысалы, дененің бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы, айталық, отырған адам түрған кезде, қолдың шартты қимыл рефлексінің уақытын азайтады, ал өз еркімен тынысты тоқтату арқылы қимыл рефлексінің уақытын қысқартуға болады. Сонымен, дененің кеңістікте орын алуы мен қозғалуында вестибулярлық аппаратқа қоса проприорецепторлар мен тактильді рецепторлар маңызды орын алады.

Вестибулярлык талдағыштың қызметінің жас ерекшеліктері. Адамның вестибулярлық аппараты туғаннан бастап қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестенің жартылай айналмалы каналдары, әсіресе бүйір жақ шетіндегі каналы жақсы қалыптасқан. Ол тік және еркін орналасқан жоғарғы каналмен үлкен бұрыш жасайды. Ересек адамда бұл канал тік күйіңце қалғанымен, сәл қиғаштау орналасады. Оның артқы жағына таман орналасқан пирамиданың бетінде терең шұңқыр көрініп тұрады. Ол арқылы қан тамырлары өтеді. 3-5 жастан кейін ол ұзын өзекше пішінді болады, 8-10 жаста тар жылғашаға айналады. Жаңа туған сәбидің ұлу тәрізді сүйекшесінің күмбезі жалпақтау жөне жоғарырақ орналасқан. Оның жалпы көлемі баланың жасы үлғая келе кішірейіп, 3-5 жаста ересек адамдікіндей болады.

Жаңа туған сәбидің отолит сүйекшелері мен отолит жіпшелері нәзік шеміршектен тұрады.

1 мен 3 жастың арасыңда олардың тығыздығы төмен болады да, 5-7 жаста тығыздығы артады Жаңа туған нәресте тербелісті жақсы сезеді, тіпті 1 айдан кейін тербелістің бағытын да сезе алады. Тербеліс сезімталдығы өте жоғары болады. Бір жасқа дейінгі нәрестелерді орнынан қозғағанда, жастығын жөндегенде, оны оқыс көтеріп және түсіргенде ол екі қолын екі жаққа созып, саусақтарын ербеңдетіп, тынысын ішіне тартады.

Бесікке жатқызу, тербету сияқты әрекеттерге байланысты «бесік» шартты рефлекстері 12-16 күнде-ақ пайда болады. Бүл рефлекстері осы әрекеттерге дайындық кезінде қолдарын екі жаққа созуы мен саусақтарын ербеңдету қимылдары, содан соң қолы мен саусақтарын бұрынғы қалпына келтіруі, тынысын ішіне тартуы арқылы байқалады. Тепе-теңцік рефлекстері баланы аспа бесікке салып, жоғары-төмен тербеткенде жақсы байқалады. Бұл рефлекс 2-3 айлығында айқындалады.

Баланың вестибулярлық рефлекстері 6-7 жаста жылдам пайда болады. Олардың рефлексінің пайда болуына әсер ету ұзақтығы жасына байланысты: 6-7 жаста 7,3 м/сек, 10-15 жаста 11 м/сек, 15-20 жаста 16 м/сек.

Баланың жасы осе келе, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендейді. Оған қоса, жаттықтыру арқылы оның сезгіштігін азайтуға болады.

Кеңістікте қозғалудың үйлесуі негізінен балалық шақта қалыптасады. Оның қалыптасуы коптеген мүшелер жүйелерінің дамуына байланысты, соңдықтан кеңістіктегі орынын анықтау және тепе-теңдігін сақтау қабілеттері баланың өмірден алған тәжірибесіне, шартты рефлекстерінің пайда болуына, жүйке жүйесінің дамуына байланысты.

Тері, дәм және иіс сезімдері туралы жалпы түсініктеме. Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі жене сыртқы мүшелері қабылдаған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдіреді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1,5-2 м2. Мүңда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу жене ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады.

Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша терізді, жіпше, түкті болып келеді. Негізгі түрлері — ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы.Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.

Тері рецепторларының сан мөлшері де әртурлі: жанасу рецепторлары 500000, жылуды сезу рецепторлары 30000, суықты сезу — 250 000 шамасында, ауырсыну (ауру сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларца тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.