Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі — нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы — денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта кетуі мүмкін.
Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз тәрізді..Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері — нерв талшықтары шығады.Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон — ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин — ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады.Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштар рецепторлар және қозғаушы ұштар — эффекто р л ар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар — нейронның кірер есігі, ал аксондар — шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық (сйнапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңыңдағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейрон аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасыңда синапс а р а л ы ғ ы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал өрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады.,
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады деген болжам бар.
Әрбір нерв клеткаларында коптеген тежеуші жөне қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жене миелинсіз.
Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа боледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың оту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды откізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін жөне орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жүмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тындамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады. Бүл кезде ұлпалардың клеткаларыңда белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қаңдай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
Физиологиялық белсенд і л і к — кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мүндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Т і т і р к е н у деп — сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін т і т і р к е н д і р г і ш деп атайды. Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштер төртке бөледі: физикалық, химиялық, физикалық — химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т. б.) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамыңдағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физикалық-химиялықтітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микро организмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозу мен жауап береді. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрл і к құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын қуат клетка мембранасының ішкі жөне сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иоңдық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды. Тыныштық клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе т ы н ы ш т ы қ
т о ғ ы деп атайды.Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық тоғы 50-90 мВ-қа дейін болады.
Жүйке жүйесінін маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
— мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
— денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
— организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
— сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
-денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесінін кұрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық (лат. периферикус — шеттік) жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Ор т а л ы қ жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 гр. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша ми мен жалғасады да төменгі ұшы шашақтанып I жөне II бел омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум –бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері, Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер) Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері (І-жұптан баскасы) дененің терісін, аяқ- қолдарын, дене тұлғасының еттерін нерв пен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 — 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасиды, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару мүшесі бұл жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бүларға 1 иіс, 2 көру, 3 көз қимылдатқыш, 4. шығыршық, 5. үшкіл, 6. бұру, 7. бет, 8. дыбыс, 9 тіл-жұтқыншақ, 10 кезеген, 11 қосымша, 12 тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 гр.Жаңа туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 гр, ересек адамда 1400-1450 гр. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миының салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенда және 2100 грамнан асқанда бүзылады;
Сопақша ми — жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі — сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзыңдығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағыңда ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден 5-6 ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 гр. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға жақындайды.
Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың сырты деп аталатын ортаңғы белім жене мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан (нерв клеткаларынан) құралған: I — сыртқы, молекулярлық; II — ортаңғы, ганглиялық; III — ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері -тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың сыртында сұр заттан құралған екі ядро бар. Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі — белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық — тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бүған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы жөне шығыршық нервтерінің, қызыл жөне қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді т а л а м у с, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық та бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын жөне сергектігін реттеуге қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация (торлы құрылым) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады.Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсендендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенлендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.
Торлы құрылымның мишыққа әсері оның ми сыңарларына әсер ететін. Оның жұлынға әсері 2-3 жаста әлі де болса толық қалыптаспағандықтан, жұлын рефлексінің пайда болуы жеңілденбейді де, керісінше, қиындай ды, бірақ ми сыңарларына әсері ересек адамға ұқсайды. Торлы бөлімнің қызметі бастауыш сынып оқушыларында толық қалыптаспаған.
Қыртыс асты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішіңде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы — бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядролар.
Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мүндай жағдайда қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды т. с. с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен ауырған адамдарда байқалады.
Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Ондай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сейкестелмейді.
Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың қызметі күшейгеңде бозарған ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мұндайда паркинсон ауруындағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас кемшіліктер пайда болады.
2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 40%- ындай болады. Оның нейрондары бұл мерзімде әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары өлі де болса ыңғайсыздау, дұрыс бағытталмаған.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады. 7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар, яғни орталық жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: мандай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы жөне артқы сайларды орталық немесе роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орна-ласқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артыңда төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігін маңдай бөлігінен бөліп түратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бұл аталған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қ ы р т ы с ы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан тұрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі және оның құрамыңда нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады әрі оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларының жалпы көлемі 1700-1800 см2, бірақ оның 2/3 болігі қатпарларында орналасқан, тек 1/3 белігі сайларының үстіңгі жағынан орын алады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:
1..Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан ұсақ нейрондардан құрылған.
2.Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дөн, пирамида және көп бұрышты нейрондардан тұрады.
3.Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар.
4.Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар.
5.Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы.
6.Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардан түрады.
7.Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларынан тұрады, кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді.
Ми қыртысында белгілі бірнеше қызмет атқаратын бөлімдер бар: сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:
1.Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-қүлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы — бүлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2.Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру,ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру.
Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырмашылығы анықталған болатын. Мидың сол жағыңдағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қатысы барлығы байқалды. Мидың оң жақ жарты шарына немғұрайлы көзқарас туып, ол қосымша бөлік деген ұғым пайда болды, бірақ кейіннен бүл пікірдің қате екендігі анықталды. Егер оң жақ жарты шар зақымдалса, көру қабілеті, кеңістікті аңғару сияқты қызметтер кеміген. Мидың оң жағының психикаға да қатысы бар.
Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, ал сол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратынын Р. Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды.
1985 жылы В. Л. Бианки ғылыми зерттеулер жұмысының және арнайы клиникалық бақылаулардың нәтижесінде оң жақ жарты шар дедукция (лат. дедукция — жалпылықтан жекелікке шығару), яғни жалпылықтан жекелікке қарай бағытталған тәртіппен талдауды басқарады. Ал сол жақ жарты шар индукция (лат. индукция — жекешеден жалпылыққа шығару) тәртібімен, яғни жеке-жеке талдаудан жалпылауға көшеді, біріктіріп жинайды.
Бұл зандылықтар да екі жарты шарлардың бірлескен қызметінің дүние танудағы маңызын көрсетеді. Адамзаттың тарихи дамуының нәтижесінде осындай үйлесімді дүние тану заңдылықтары қалыптасып, адамның сана-сезімі жетілдірілді. Сонымен бірге, мидың ойлау және сөйлеу жүйелері жақсы дамыды.
Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар | Оң жақ жарты шар |
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты, байқау, көріністі белгілеу, болжау, түсіну, қабылда ғанды талдау, білу, бағдар лау, оқиғалардың кезекті тәртібін аңғару, тұжырым-тәртібін аңғару, тұжырымлердің алыс-жақындығын жоспарлау, ойлау
|
Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, заттардың айырмашылығын білу, олардың функциялық ұқсастығын байқау, нәрсе байқау, дәл осы сәттегі оқиғаны сезу
|
Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспапты э л е к троэнцефалограф дейді, ал жазылып алынған биопотенциалдың қисық сызығын электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. ЭЭГ-ны жазып алу үшін бастың зерттелетін түрлі нүктелеріне электродтарды орналастырып, ми қыртысының анықталатын белгілі бір бөлігінің кескінін келтіреді. ЭЭГ ми кыртысындағы нейрондардың электр белсенділігінің қосындысы.
ЭЭГ-ның негізгі бес түрлі ырғағын бөледі: альфа, бета, гамма, дельта және тета ырғақтары.
Альфа ырғағы — тыныштық ырғақ, жиілігі секундына 8-13 рет. Бұл ырғақ адам жатқанда, тыныш отырғанда (көзін жүмып) байқалады. Ол ми қыртысының желке және төбе тұстарынан жақсы жазылып алынады.
Бета ырғагы — әрекет ырғағы, жиілігі секундына 14-30 рет. Бүл ырғақ адам ой ойлағанда (мысалы, есеп шығарғанда) ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.
Гамма ырғағы — қатты қозу кезінде (мысалы, қуаныш, реніш, қатты ойланғанда) пайда болатын ең жиі ырғақ (орта есеппен 40 гЦ).
Дельта ырғагы — ең баяу, ұйықтағанда пайда болады, жиілігі орта шамамен 25 гЦ.
Тета ырғағы — жиілігі секундына 4-8 рет шала ұйқыда жатқанда жазылатын потенциал ырғағы (5 гЦ)
Аталған негізгі ырғақтардан басқа адамның түрлі еңбектері кезінде байқалатын басқа да ырғақтар болуы мүмкін.
Ми сыңарларынын дамуы. Бір жастағы баланың ми сыңарларының маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз, қысқа болады. Олардың ми сыңарларының нейрондар саны ересектермен бірдей болғанымен, пішіндері қалыптаспаған, 14 түрлі болып дифференцияланбаған. Тек қана 1-ші жылдың аяғында 6-7 қабаттағы нейрондар қалыптаса бастайды. Ми қыртыстарының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.
Ми қыртысының қызметінің толық жетілуі оның ЭЭГ-сыңда айқын көрінеді. Баланың сергек кезіндегі ЭЭГ-сын тек 2-3 айдан кейін ғана жазып алуға болады. Оның өзі -баяу (2-5 гЦ), тұрақсыз ырғақ. Тек 3 айдан кейін ырғақ тұрақталады, бірақ жиілігі 5 гЦ-тен аспайды. Бұл болашақ альфа ырғағының қалыптаса бастаған кезі. Яғни 2 жасқа дейінгі баланың ЭЭГ-ның жиілігі ұйқыда жатқан ересек адамның ырғағындай болады. 2-3 жастың арасында ми жарты шарларының құрылысы мен қызметі жетіле бастайды: ми қыртысы жұлынды толығынан бақылауына алады. Сондықтан бала кеңістікте қозғала алады: жүреді, секіреді, жүгіреді. Ми қыртысының нервтік байланыстары көбейеді, 2-ші сигнал жүйесі күшті дамып, 3 жастағы баланың мыңға жуық сөз қоры жиналады. Бүл кезде баланың көңіл күйі еркін реттелмеген. Айталық, ол ренжігенде эмоциясы күшейеді, қонақта жүргенде жылай береді. ЭЭГ-сында жиілігі 6-9 гЦ альфа ырғағы қалыптасады.
4-6 жас арасыңда баланың сезім және қимыл-қозғалыс аймақтары қалыптасады, ал байланыс және қозғалыс аймақтарының дамуы ересек адамның 80% шамасында. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі — нашар, қозуы — тез, жайылады (иррадиацияланады): бала тез қозады, әсіресе, ойнағанда; жаман ұйықтайды; ұйықтап жатқанда мазасызданады т.с.с, өзінің көңіл күйіне ие бола алмайды: оның ішкі сезімін көзінен көруге болады. Баланың ЭЭГ-сында жиілігі 8-10 гЦ ересек адамның альфа ырғағы байқалады. Бірақ бұл ырғақ тұрақты емес, арасында 4-7 гЦ жиіліктегі биоток кездеседі.
7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімінің нейрондары миеленденіп болмаған. Сондықтан ойлау қабілеті, санасы толық жетілмейді. Ойлау қабілеті өлі де болса нақтылы тітіркендіргішке байланысты. Нақтылы жағдайда, нақтылы затқа сәйкес болып келеді. Осы жастардағы баланың сергек кезіндегі ЭЭГ-сында жиілігі 5 гЦ 25 %-дай тета ырғағы байқалады. Оның қозу мен тежелуді жинақтау қабілеті төмен болады, қозуы тежелуден басымырақ болып, оңай тез жойылады. Сондықтан бұл мезгілде баланың белсенді зейіні 7-8 жаста 15-20 минут, 8-10 жаста 20-25 минуттей ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде, түрлі ойындардан кейін тез қозып, ұзаққа дейін тыныштала алмайды. Қозу мен тежелуі әлсіз болғандықтан 45 минут бойы сабақта қозғалмай отыру балалар үшін жүйке жүйесінің көп қызметін қажет етеді. Сондықтан сабақ кезінде мезгіл-мезгіл балалардың еңбегін түрін ауыстырып, тежелуді болдырмауға тырысқан дұрыс.
Жалпы, 7-13 жас арасы баланың ми қыртыс қызметінің бірсыпыра жоғарылаған мерзімі. Бұл кезде ол көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын толық бақылауына алады. Сондықтан баланың көзіне қарап, көңіл-күйін білу қиындайды, баланың қимылдары жылдам, ақыл-ойы, ойлау қабілеттері болады. Ойлау қабілеті тікелей сөз әсеріне байланысты дамиды.
13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Дегенмен байланыс бөлімінің миелинденуі әлі аяқталмайды, қыртыстағы нейрондардың серпімділігі әлі де болса төмен, қозу тежелуден басымырақ келеді. Сергек кезіндегі ЭЭГ-сында 10%-дай тета ырғақтары болады. 13-16 жас арасында маңдай бөлімінің дамуы аяқталып, ЭЭГ-сы ересек адамдар дікіндей. Баланың белсенді зейіні 30-40 минуттай. 17-18 жаста ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады. Көпшілік ғалымдардың мәліметіне қарағанда, ми қыртысының қызметінің дамуы 50-60 жасқа дейін байқалады.
Шеткі жүйке жүйесі. Ш е т к і жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, клеткаларына тараған нерв клеткалары мен нерв талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі с о м а т и к а л ы қ (сома — дене; анималдық деп те атайды) және вегетативтік (ішкімүшелердінервтендіретін) жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалык жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және п а р а с и м патикалық жүйке жүйелерінен түрады. Бүл екеуінің қызметі бір-біріне қарама-қарсы: егер сипатикалық жүйке жүйесі мүшенің қызметін күшейтсе, парасимпатикалық жүйке жүйесі оның қызметін, керісінше, төмендетеді. Сөйтіп антагонистік әсер етуі арқылы мүшелердің қызметін қалпына тез келтіріп, организмнің функциялық түрақтылығын сақтайды.
Соматикалық жүйке жүйесі қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Олар қаңқа еттерін нервтендіреді және бүкіл организмді сезгіш талшықтармен қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесінің нерв орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде орналасқан. Тек аралық мида ғана соматикалық нерв жүйесінің орталықтары болмайды. Жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалтқыш клеткаларының аксондары немесе ми нервтерінің қозғаушы ядроларының клеткалары оның қозғаушы талшықтарын құрайды. Бұлар орталық нерв жүйесінен шығып, қаңқа еттерін нервтендіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесі қозғаушы және нейросекреторлық нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішкі мүшелерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін, нерв импульстерін шеткі вегетативтік түйіндерде орналасқан шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына өткізеді. Нерв импульстерін қабылдаған екінші нейронның талшықтары жүмысшы мүшелерге жетеді. Яғни вегетативтік жүйке жүйесінен өтетін нерв импульстері 2 бөлімнен түрады: біріншісі — орталық нерв жүйесінде орналасқан нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі преганглионарлық бөлім; екіншісі — шеткі түйіннен жұмысшы мүшеге дейін 2-ші нейрон арқьшы нерв импульстерін өткізетін п о с т г а н глионарлық бөлім.
Ол симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады. Симпатикалық жүйке жүйесі орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады. Оның нерв орталықтары жүлынның І-көкірек омыртқасымен Ш-бел омыртқасының арасында орналасқан. Жұлындағы нерв клеткаларының аксондары алдыңғы түйіндердің орталықтары арқылы өтіп, жұлын нервтерімен ұштасады. Олардың преганглиялық талшықтары симпатикалық шекара бағанасына ауысады. Симпатикалық жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, нервтер мен нерв өнімдерінен тұрады. Симпатикалық шекара бағанасы жұбымен орналасқан түйіндер мен түйін аралық байланыстардан құрылады. Оның түйіндері симпатикалық жүйке жүйесінің екінші нейрондарының жиналған жері. Ол нейрондардың талшықтарын постганлиялық талшық деп атайды. Олар тегіс еттерді, бездерді нервтендіреді.
Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел жөне сегізкөз бөліктеріне бөлінеді. Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Оның ең ірі жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне мидың қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын болігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, томенгі, ортаңғы жүрек нервтері).
Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктің нерв талшықтары көкірек қуысындағы барлық мүшелерге тарайды, мүнда үлкен және кіші қүрсақ нервтері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтеді.
Бел белігі 3-5 түйіннен тұрады. Олардың нерв талшықтары құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларына тарайды.
Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Соңғы, сыңар түйіңде оң және сол жақ симпатикалық шекара бағаналары қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, томенгі, ортаңғы жүрек нервтері). қосылады. Бұл бөліктің талшықтары жамбас қуысының мүшелері мен қан тамырларына тарайды.
Симпатикалық жүйке жүйесінің 2-ші нейрондары симпатикалық шекара бағанасынан басқа қүрсақ бағанасы мен шажырқай артериясының жоғарғы жағыңда орналасқан түйіндерде орналасқан.
Парасимпатикалық бөлімнің де орталық және перифериялық (шеткі) бөліктері бар. Орталық бөлігінің ядролары ми бағанасы мен жұлында орналасқан. Ми бағанасында 4 парасимпатикалық ядро бар: ортаңғы мидағы Якубович ядросы көздің қарашығын тарылтатын еттерді нервтендіреді; көпірде орналасқан жоғарғы сілекей шығару ядросы тіл асты жөне жақ асты сілекей бездері мен көз жасының безін нервтендіреді; сопақша мида орналасқан төменгі сілекей шығару ядросы шықшыт сілекей безін нервтендіреді, ал дорсальды ядро мойынды, көкірек пен құрсақ қуыстарының мүшелерін нервтендіреді. Жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан ядролар тоқ ішек пен жамбас қуысындағы мүшелерді қамтамасыз етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің барлық бөлімдері аралық мида орналасқан жоғары дәрежелі вегетативтік нерв орталығына бағынады. Мұнда торлы қүрылымнан, мишықтан, қыртыс асты құрылымдар мен үлкен ми сыңарларынан нерв импульстері келеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі тірлікке маңызды жүйе болғандықтан ерте дамиды. Дегенмен бала туғанда симпатикалық жене парасимпатикалық бөлімдерінің қызметтері әлі теңеспеген әрі симпатикалық жүйке жүйесі басымырақ болғандықтан баланың жүрегінің соғуы жиі болады. Даму барысында вегетативтік жүйке жүйесіне жоғары дәрежелі нерв орталықтарының әсері күшейіп, ішкі мүшелердің қызметі дұрыс реттеледі.
Нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне — нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабылдайды. Тек қозу кезіңде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі өшеді.Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелгені Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
И. М. Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.
Пресинапстық тежелудің негізі XIX ғасырдың 70-80 жылдары ашылды. Сондықтан оның механизмі өлі де зерттелуде.Қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де, нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.
Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады. Әрбір нерв клеткаларында көптеген қоздырушы және тежеуші синапстар болады. Олардың бір-бірімен байланысынан нейронда не қозу, не тежелу байқалады.
Бұларға қоса, тежелгіш құрылымның болуын талап етпейтін нейрондардың ерекше тежелуі де болады. Ондай тежелу қоздырушы синапсқа өте көп нерв импульстары келгенде туады. Мұндай импульстар организмге шектен тыс тітіркендіргіштер әсер еткенде байқалады.
Аталған негізгі ырғақтардан басқа адамның түрлі еңбектері кезінде байқалатын басқа да ырғақтар болуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталықтарынын қызметтері:
Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір — бірімен байланысқан нерв клеткаларының жинағынан құралған. Дегенмен мұндай нейрондар жинағынан белгілі
бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын н е р в орталықтары деп атайды. Яғни белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын нерв орталықтары дейді.Нерв орталықтары — функциялық ұғым. Әрбір нерв орталығында белгілі бір қызметті орындауға қатысатын негізгі нейрондарға қоса, соларға көмекші болатын нейрондар да бар. Сонымен қатар, ми сыңарларының қыртысында негізгі нейрондардың қызметін бақылайтын, реттейтін әрбір нерв орталықтарының өкілдері болады. Олар нерв орталығындағы негізгі нейрондардың қызметін қазіргі, яғни тітіркендіргіш әсер етіп тұрған мезгілдегі жағдайға байланыстырып, қисынын келтіреді. Дегенмен нерв орталықтары туралы әңгіме болғанда сол орталықтардағы негізгі нейрондар тобының қызметі жайында сөз болады. Мысалы, тыныс орталығын айтқанда сопақша мида орналасқан тыныс алуды реттейтін негізгі нейрондар тобы жайында әңгімеленеді. Бірақ негізінде тыныс алу сопақша мидың қатысуымен ғана емес, вароли көпіріндегі пневмотаксис орталығы, жұлынның қозғаушы нейрондары және еркін тыныс алу қимылдарын реттейтін ми қыртысының қатысуымен іске асады.
Нерв орталықтарының бірнеше қасиеттері бар: нерв орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады. Қажет болғанда ол өзінің бұрынғы қызметін өзгертіп, жаңа қызметті атқаруға бейімделеді. Мұндай бейімделу ми қыртысының компенсаторлық тетігіне байланысты. Мұнымен қатар, орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес нерв орталықтарында қозу тек бір ырғақта ғана қозғалады, қозу тежеледі, нерв импульстері сублимацияланады (лат. сублимация — кері ажырату), олардың қозғалу жылдамдығы төмендеп, ырғағы өзгереді және әсер іздері байқалады, нерв орталығы шаршайды, мүшелердің қызметі үйлесімдіріледі.
Орталық жүйке жүйесіндегі организмнін қыметінің үйлестірілуі (координациялануы). Адам организміндегі қаңдай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің жағдайына байланысты. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтері организмде бір-бірімен үйлестіріліп отырады, үйлесімді орындалып өзара кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, организм ішкі және сыртқы орталардың әсерлеріне біртүтас құрылым ретінде жауап береді. Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсерлеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе кординациялауы (лат. координация — үйлесімділік, келісімділік) дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадиация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.
Орталық жүйке жүйесіндегі бір нерв орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарына жойылуын, таралуын иррадиациялан (лат. Иррадиацая таралу, жайылу) дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы нерв талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына тәуелді. Жаңа туған нәрестенің нерв талшықтарының миелині өте жұқа, кейбір нерв талшықтарында мүлде болмайды. Сондықтан оларда қозу мен тежелу өте тез және оңай тарайды. Сонымен бірге, баланың рефлекторлы реакциясын реттеуге ми қыртысынан гөрі қыртыс асты құрылымдар көбірек қатысады және балалардың нерв ұлпаларының қозғыштығы ересек адамға қарағанда күштірек әрі нерв орталығының миелинденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Нервтегі қозу мен тежелудің таралуы тітіркендіргіштің күшіне де байланысты. Неғұрлым тітіркендіргіш ұзақ әсер етсе және неғүрлым күшті болса, соғұрлым олардың нерв орталықтарында жайылуы көбірек. Қозу мен тежелудің жайылуы кішкентай балаларда күштірек. Мысалы, қызық ойыншық көргенде баланың ауызы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.
Нерв орталықтарыңда қозу тежелуге және керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және керісінше, бір нерв орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы (лат. индукция -орнату, кіргізу) дейді. Егер нерв орталығында қозу тежелуге ауысса — теріс индукция, ал тежеду қозуға ауысса — оң индукция.
Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің иңдукциясы олардың жайылуы тәрізді нерв талшықтарының миелин қабығының қалындығына байланысты болады. Сондықтан бала неғұрлым жас болса, қозу мен тежелудің индукциясы соғұрлым нашар болады. Мысалы:кішкентай бала ауырғанда күндіз-түні тынымсыз әбден шаршағанша жылай береді. Ересек адамда қозу мен тежелудің индукциясы күшті болады.
Бірнеше нерв ортальгғындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің ж и нақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.
Нерв орталықтарының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне доминанта жатады. Оның негізін ең алғаш А. А. Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы( лат. Доминанта — басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір нерв орталығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты (басымды) орталықтың қозуын күшейте түседі. Мысалы, «2» алып, жылап отырған баланы жолдастары жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Себебі бүл сәтте баланың орталық жүйке жүйесінде басым нерв орталығы басқа орталықтардың қозуын өзіне тартып, қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тудырады. Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуымен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада — 15 мин, 10 жаста — 20 мин, 12 жаста 25 минутке созылады, 13-15 жас арасында жарты сағаттай, 16 жаста 40 минутей, ересек адамда 1 сағатқа жуық. Еске алар жай: егер бала ұзақ уақыт жүмыстың бір ғана түрімен шүғылданса, оның басым орталығы шаршап, белсенді зейіні төмендейді. Мұндай жағдайда басым нерв орталығы 3 кезеңді өткізеді:
- басымды орталықтың маңайыңда индукциялық тежелу пайда болып, бала мазасызданады;
- басым орталықтың қозуы төмендейді де, шартты нервтік байланыстардың пайда болуы баяулайды. Бала сабақты түсінбейді, есіңде сақтамайды;
3) басым нерв орталығында шектен тыс тежелу пайда болады, белсенді зейін жойылады, бала мүлде сабақ тындамайды, тіпті мұғалімнің айтқанын естімейді.
Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөлуі шарт. Егер олар тыңдамай бара жатса, онда еңбектің түрін ауыстыра қою керек. Мысалы, сабақ түсіндіруді тоқтатып, методикалық картамен жұмыс істету сияқты әдістерді пайдалануы керек.
Нервтік орталық байланыстың молдылығынан бір нерв клеткасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция (лат. конвергенс —түйісу) деп атайды. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін. Жалпы алғанда балалардың жасына қарай ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсеңдеп, 18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі — рефлекс. Р е ф л е к с деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты р е ф л е к с уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне — р е ф л е к с а ймағына- тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.
Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
И. П. Павлов барлық рефлекстерді ш а р т т ы және ш а р т с ы з рефлекстер деп бөлінеді.
Рефлекторлы доға онын бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады:
1.Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
- Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3.Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4.Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5.Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
Эффектордың рецепторлық қүрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің эфференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс, яғни рефлекторлы доға бүтін болуы керек. Егер оның бөлімдерінің бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөлуге болады: тура және кері байланыс жолдары. Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жұмысшы мүшеге келетін жолды рефлекторлы доғаның т у р а б а й ланыс жолы дейді. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан орталық жүйке жүйесіне баратын жолын кері байланыс ж о л ы деп атайды. Рефлекторлы доғаның тура байланысы арқылы орталық жүйке жүйесі эффектордың қызметін басқарады, ал кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алып тұрады. Рефлекторлы доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады. Орталық жүйке жүйесінде синапстар өте көп. Орталық жүйке жүйесіндегі синапстар арқылы қозудың жүруі ерекше болады.
Орталық жүйке жүйесінде қозу бір бағытта ғана жүреді: пресинапстық бөлімнен тек қана постсинапстық бөлімге қарай. Себебі пресинапстық бөлімнің мембранасы медиатордың әсерін қабылдамайды, сезбейді. Оны тек қана постсинапстық мембрана сезеді де қозу тудырады; қозудың ырғағы мен күші өзгереді (трансформацияланады). Себебі пресинапстық бөлімге келген қозудың ырғағы постсинапстағы пайда болған қозудың ырғағынан өзгеше және оның күші мен ұзақтығы да басқаша. Ал клеткалық мембранада қозудың ырғағы үшінші түрлі болады;
медиатор синапс аралығына бірінен соң бірі құйылғандықтан оның концентрациясы көбейіп, постсинапстық мембрананың бір ғана қозуын тудырады, яғни синапста қозу жинақталады; синапстан қозу сөл кешігіп өтеді, себебі медиатор синапс аралығында диффузды жайылып, постсинапстық мембранаға өсер еткенше 0,5 секундтай уақыт қажет; синапста қозу әрекет соңынан да туады. Себебі синапсқа әрекет потенциалының келуі тоқталғанымен клеткалық мембранада ол жинақталып қозуды күшейтеді;
синапс арқылы қозу қайта-қайта, бірінен соң бірі өткенде медиатор азайып қалады да, шаршау пайда болады.
Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледді
Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбелей алады.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың «Ми рефлекстері» (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, — деп түсіндіреді
И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса (тәжірибенің мақсатына қарай), шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.
Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:
— әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
— шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
— тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;
-жүйке жүйесінің маңызды бөлімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады. Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
- Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
- Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін.
- Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.
Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланың сөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Бара келе ол тәрбиешінің, теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, оқып үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады.
Шартты рефлекстердін түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, проприорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болады.
Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркеңдіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторларына.
Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бүл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғаңда тепе-тендік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған тендік сақтау рефлекстері де кіреді.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Туатын қызметтің түріне байланысты шартты рефлекстерді екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын және иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп бөледі.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс немесе жағымды жене жағымсыз рефлекстер деп атайды.
Шартты тітіркендіргіштің әсерін күшейту үшін шартсыз тітіркендіргішті пайдаланғанда миды қоздыратын рефлекстерді шартты о ң немесе ж а ғ ы м д ы рефлекс дейді. Ал нығайтушы тітіркендіргіш, керісінше, мидың қозуын тежесе шартты т е р і с немесе ж а ғ ы м с ы з рефлекс деп атайды. Шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда болады немесе бұрынғы қызметі одан әрі күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлайды, тіпті тоқтап та қалады.
Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағдайда да пайда бола береді. Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын әсер етеді. Мұны у а қ ы т қ а деген шартты рефлекс деп атайды. Бүл жағдайда уақыт шартты тітіркендіргіштің ролін атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің соғуының өзгеруі немесе тыныстың тарылуы, немесе тамақ қабылдау кей кезде таңның атуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш есебінде әсер етеді.
Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз, бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланып, ұзақ мерзім шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты әсерді пайдалану арқылы да пайда болады. Оны е к і н ш і д ә режелі рефлекс дейді. Бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған әсерлерді шартсыз тітіркендіргіштің орнына жұмсау арқылы үшінші, төртінші шартты рефлекстерді тудыруға болады.
Шартты рефлекс топты тітіркендіргіштерге де туады. Мүндайда бейтарапты тітіркендіргіштер бірінен соң бірі әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргіш пен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.
Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе — есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта (мысалы, тамақ — шартсыз тітіркендіргіш, ал орталық — ас қорыту жүйесі) екінші бір қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу біріншіге қарағанда анағұрлым күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып, шартты рефлекс тез туады. Жағдай қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады. Шартты рефлекс күшейген сайын ми қыртысында қозудың жайылуы нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі — ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында у а қ ы т ш а нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы: Лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады, лимонның дәмі ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады, ми қыртысындағы екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады.
Қазіргі электрофизиологиялық зерттеулердің арқасында И. П. Павлов түсіндіргендей уақытша нервтік байланыс тек қана ми қыртысында түйықталып қоймайды, қыртыс асты құрылымдарда да пайда болады. Жарыққа немесе дыбысқа деген шартты қорғаныс немесе ас қорытуға әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.
Жануарлардың ми сыңарларының қыртысының жаңа (неокортекс) бөлімін сылып алып тастаса, қарапайым шартты рефлекстер пайда бола береді, бірақ ондай рефлекстер өте тұрақсыз, тым тез жойылады. И. С. Бериташвилидің болжамы бойынша ми қыртысы жоқ жануарларда шартты рефлекстің пайда болуы ескі және көне ми жарты шарларының қыртысына байланысты. Жануардың сөл бөлімдерін алып тастаса, ешқандай шартты рефлекс пайда болмайды.
Сонымен шартты рефлекстің пайда болуы тек қана ми қыртысында ғана емес қыртыс асты құрылымдарының да қатысуымен болады. Дегенмен шешуші орын эволюциялық сатыдағы ең жас бөлім — ми қыртысының қызметіне байланысты.