Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырса ал екіншісі гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена — жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.
Оқулықтың негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
- Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
- Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандьлықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
- Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
- Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
- Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы — еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүдесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасының басқа ғылымдар мен байланысы.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы.Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология (яғни қоршаған орта), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организмдегі құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің зандарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен мектеп гигиена адам анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады.
Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам организмінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан коне Греция мен Рим империясындағы дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса оның қызметінде зерттей бастаған. Дегенмен тек қана 1628 жылы ағылшын ғалымы Уильям Гарвей организмнің негізгі қызметінің бірі — қан айналысын бақылап, сол арқылы жан-жануарлардың функциясы туралы адам білімінің алғашқы жаңа негізін қалады.
«17 ғасырда француз философы Рене Декарт (1596-1650) организмнің рефлекторлы қызметін негіздеу арқылы физиологияның дамуына ат салысты 19-20 ғасырларда орыс ғалымдары И. М.Сеченов, И. П. Павлов және олардың әріптестері мен шәкірттері өз үлестерін қосты.
Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомиялық құрылысын зерттеуде Ф. М. Мұхаметқалиев, А. Р. Рақышев т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ. И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:
Негізін А. П. Полосухин қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, I. А. Бірімжанова, Л. Е. Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына әсері, жүрек-қан тамырлар жүйееіне бірінші және екінші сигнал жүйелері арқылы шартты ескерулер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде өсетін түрлі шипалы өсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды бөліп алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті.
Академик Н.О.Базанованың шәкірттері профессорлар Қ. Д. Дүйсембин, Т.О. Измайлов, 3. Қ. Қожебеков, Б. Н. Никитин, К. Т. Ташенов организмнің ас қорыту ерекшеліктерін, оның реттелу механизмдерін, жас ерекшеліктерін, сүттің пайда болуы мен реттелуін, босанған әйелдердің сүтсіздігін (агалактия) және оның бала организміне тигізген әсерін зерттеп үлкен табыстарға жетуде. Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары — нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына профессорлар Қ.С.Рымжанов, С.Ж.Тілеулин, С.Т.Төлеуханов және олардың шәкірттері үлесін қосуда.
Мектеп гигиенасы жалпы гигиена (гигея — емдеуші, денсаулық әкелуші) ғылымымен тікелей байланысады. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым.Адам денсаулығы табиғи және әлеуметтік-экономикалық әсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, оларды жүзеге асырып, бақылайды. Халық денсаулығы, әсіресе халықтың болашағы — балалар мен жастардың денсаулығы әлеуметтік мақсат болғандықтан, табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жонге келтіру, денсаулық сақтауға қажетті мөлшерлерді жасына сай анықтап, оны іске қосу мәселелерін гигиена ғылымы шешеді.
Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалап, гигиеналық-санитариялық жұмысты жонге келтіруге, қоршаған сыртқы ортаны залалды заттардың әсерінен сақтау мәселелерін шешуде ҚРҮҒА-ның мүше-корреспонденті, медицина ғылымының докторы, профессор Б. А. Атшабаров пен академик Т. Ш. Шарманов және олардың шәкірттері көп еңбек етті. Қазақстандық ғалымдар Арал мен Балқаш, Семей экологиялық жағдайларына коп коңіл боліп, халықтың денсаулығын сақтау, үлкен қырғынға ұшырататын ауруларды болдырмау жолдарын іздеуде көп еңбек сіңіріп жатыр.
Профессор Б. А. Атшабаров өзінің шәкірті Б. А. Әбеуов екеуінің ашқан мидың қан айналыс ерекшелігін зерттеу тәсілінің жаңа түрін, өндіріс орындарындағы ауыр металдармен улану, оның миға әсерін анықтау жолдарын ұсынды. Қазірде гигиенаның үлкен мәселелерінің бірі -үлкен өндірістер мен ірі қалаларда ауыр металдармен уланудың алдын алу мәселелерін шешу.
Академик Т. Ш. Шарманов пен профессор А. А. Алдашев Қазақстан жағдайында тамақтану ерекшеліктерін ұзақ зерттеп, адамға қажетті витаминдердің мөлшерін анықтады және авитаминоз ауруларын емдеу тәсілдерін ұсынды.
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының дамуы. Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек басталған. Себебі, балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады. ондай зерттеулер тек қана 18-19 ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.
Сондықтан да негізгі зерттеулер балалар ауруы мен олардың алдын алу мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда Н. Ф. Филатов, П. Ф. Лесгафт секілді дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады. П. Ф. Лесгафт балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланыстылығын анықтап, баланың психологиясын, ақыл-ойын, ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.
ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жүмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады.
К. Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И. П. Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек,» — дейді.
Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейін П. К. Анохин дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды (гетерос — әр түрлі, хронос — уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. Л. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымдарының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуы мен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бұлай бейімделу нәтижелері биологиялық жүйелердің қызметінің беріктігін, мықтылығын көрсетеді. Ал мүның өзі онтогенездің түрлі кезеңдерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. П. К. Анохиннің әріптесі А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіндігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке болімдерінің түрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.Биологиялық жүйелердің беріктілігі онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі.Өсіп, дамып келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу зандылықтарына орыс ғалымдары И. П. Павлов, В. М. Бехтерев, И. А. Аршавский, А. Г. Хрипкова, т. б. олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу заңдары анықталды, балалар мен жастарға арналған оқулықтар шықты.
С. М. Громбахтың 1975 жылы тапқан мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметі әр кезеңде белгілі бір саты жоғары артып, дамуға дайын түратындығы бала организмін түсінуде маңызы зор. Бүған қоса, 1969 жылы А. А. Маркосян тапқан физиологиялық жүйелердің беріктігі мен қалыпты тіршілікті сақтау қабілетінің жоғары дәрежеде болуы, 1975 жылы ұсынған П. К. Анохиннің бейімделу реакцияларының жүйелі ұйымдасуы туралы қағидасы бала организмінің даму заңдарын жете түсініп, дұрыс зерттеу, жөндеп тәрбиелеу, бағытталған тәрбие және оқу жұмыстарын ұйымдастыруда маңызы жоғары болып, көптеген жаңалықтарды ашуға жол салды. Қазіргі кезде баланың онтогенездік дамуында жүйкелік және психофизиологиялық қызметтерінің жүйелі дамуын талдап, мидың қүрылыстық және функциялық жетілуі зерттелді. Орталық жүйке жүйесінің даму кезеңдері және әртүрлі жастағы балалардың миының қызмет қабілеті анықталды. оған қоса эндокринді, ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің, заттар мен энергияның алмасуының жас ерекшеліктері анықталды. Әсіресе, 12 жасқа дейінгі балалардындене құрылысы мен функциялық ерекшеліктері бірсыпыра шамада зерттелді.Балалар организмінің қалыпты физиологиясын білу олардың денсаулығын сақтауда маңызды деректер берді.
(Жасқа байланысты адам денесінің қүрылысы мен қызметін зерттеудің порменді дамыған мерзімі біздің заманымыздың 60-80-ші жылдары.
Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс жүйесінің қызмет ерекшеліктері, газ алмасу ерекшеліктері, жүрек-қан тамырлары жүйесінің осіп дамуы, балалардың ас қорытуы, олардың зәр шығару жүйелерінің қалыптасып, осіп жетілуі мен қызмет ерекшеліктері толығынан зерттелді деуге болады. Жасқа байланысты адам денесінің құрылыс және қызмет ерекшеліктерін анықтауда бірсыпыра еңбектер спорт пен қара жұмысқа байланысты зерттеулердің негізінде жасалған организмге ауыртпалық түскенде мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметінің озгеруін анықтау арқылы бала организміне молшерлі еңбек пен спорт ойындарымен шұғылданудың тиімді жолдары анықталды.
Мектеп гигиенасы ғылымының нағыз қалыптасуы мен дәуірлеуі 19 ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйеге келтірумен байланысты. осы кезден бастап мектеп гигиенасы тәуелсіз ғылымдар саласының бірі ретінде медициналық гигиенадан бөлінді. 19 ғасырдың орта шамасында алғаш рет табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін мол пайдаланып қойған тәжірибелердің арқасында гигиенаның бүл жаңа саласы күшті дами бастады.
Балаларды тәрбиелеу жағдайларына байланысты олардың денесінің дамуы анықталды. Жақыннан көру қабілеті баланың сыныптан сыныпқа кошкен сайын үдеп, көбейе түсетіні көрсетіліп, оны болдырмау шаралары жазылды. Бұл көздің өткірлігін төмендетпеу үшін сынып бөлмесіндегі жарықтың, мектеп жиһаздарының әсерін көрсетіп, партаның алғашқы құрылысын жобалау, сабақ жүргізуге арналған талаптарды ұсынуға мүмкіндік берді. Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзіміне XX ғасырдың 70-90-шы жылдар жатады. Бұл кезде ғьлыми зерттеулер арқылы балалардың өсуі мен дамуы тікелей олардың денсаулығына байланысты екені анықталды. Нашар өскен балалар дәрігерге жиі барып, түрлі аурулармен көп ауыратыны белгілі болды. Кейбір созылмалы аурулар балалар бақшасының ересектер тобында жүргенде пайда болып, олардың мектептегі оқуына күшті әсер ететіні табылды. осыған орай балалар бақшасындағы аурудың алдын алу шаралары күшейтілді.
Балалар мен жастардың өсіп дамуына, денсаулығына, мүшелер жүйелерінің қызметіне оқыту барысындағы сабақ кестесі, еңбек молшері, күн кестесі, тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.
Бала организміне әсер ететін жағдайларды зерттеп қана қоймай, сол әсерлерге қарсы жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Оның ішінде балалардың түрлі жағымсыз жағдайларға бейімделу қабілетін анықтап, организмнің мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын тауып, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде санитариялык жүмыстарды жонге келтіру қажет. гигиенистердің қосқан үлесі айтарлықтай деуге болады. Гигиеналық зерттеулердің негізінде 90-жылдардағы мектеп реформасында, оның қойған мәселелері іске асырылды.
Соңғы кезде толық зерттелген балалар мен жас оспірімдердің организмдерінің шынығуы, оның корсеткіш-тері және қажетті жағдайлары гигиена ғылымының, әсіресе мектеп гигиенасының негізгі мәселелері болып отыр. Баланың өсуі мен дамуы жоне оған қажетті жағдайларды А. А. Маркосян, Б. Н. Никитюк, балалардың жүйке жүйелерінің жас ерекшеліктері мен жете дамуына қажетті жағдайларды М. В. Антропова т. б. ғалымдар зерттеді. Сол зерттеулердің негізінде бүрынғы Кеңес одағыңдағы елдерде және біздің елімізде де байқалған балалар мен жастардың өсіп дамуының акселерациясы, оның белгілері мен себептері анықталды.
Ең алдымен Мәскеу облысының Глухово ауылындағы балалардың бойын,салмағын және басқа дене көрсеткіштерін салыстырғанда 1962 жылы 1880 жылдан 15 жастағы балалар 21 см ұзын екені анықталғаннан кейін белгілі болды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары сол кездегі Кеңес одағының түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан балалардың дене көрсеткіштерін өлшеп, көпшілік жерде, әсіресе ірі қалаларда балалардың өсуі мен дамуы жылдамданғаны 1970-1990 жылдары дәлелденді.
Мүндай зерттеулер Қазақстанда да жүргізілді. Айталық, Алматы қаласы мен облысы бойынша 1950 жылмен салыстырғанда 1970-1980 жылдары 13, 15, 17 жастағы ер балалар мен 11-12, 15, 16 жастағы қыздардың дене көрсеткіштері анағұрлым артты. Яғни жыныстық жетілу қыздарда 9 жастан, ұлдарда 12-13 жастан, бұрынғыдан 1,5-2 жылдай ертерек басталды (Алиакбарова, Адеева,1980 Алиакбарова 1993 ).
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи жоне лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
Бақылау әдісі — сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И. П. Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды». Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бүл әдіс басқа зерттеу әдістері мен бірге организмнің жас ерекшеліктерін аныктауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе – мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. Айталық, баланың кору қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мүнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық ж ү к т е м е немесе с ы н а у әдісі кеңінен тарады. Бұл әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бала организмін зерттейтін физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту, температуралық әсер ету, дененің кеңістіктегі орынын өзгерту т. с. с. функциялық сынаулар қолданылады. Ең көп қолданылатындары молшерленген дене жоне ой еңбегі. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м жер жүгіріп өткен соң оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да тексереді. Сөйтіп балаға берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің молшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық е с епті шыгару әдісі қолданылады. Бұл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс қабілеті (айталық, жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға дейін, шығарып жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.
Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары балалар мен жас өспірімдердің организмінің қызметтерін жынысына, жасына сай топталған ер жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта шамамен зерттеуге бағытталған. (Мысалы, әртүрлі жастағы ер балалар мен қыз балалардың жүрегінің соғу жиілігін анықтау). Бүл әдіс әркімнің жеке басының даму ерекшеліктерін орташа корсеткішпен салыстыру мүмкіндігін береді.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия- радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде түрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас өспірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын, оқу, еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын алды.
Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар бір сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін олшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғаңда және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын таңертең, үйқысынан түрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.
Жасқа байланысты физиологияның әдістерінің нәтижелерін электрондық-есеп аспаптарымен жоне математикалық статистика әдістерімен есептеп шығарады.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың (түрлі ғимараттар, жиһаздар, т. б.) бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.