Теңізде ғана тіршілік ететін жануарлар ересек күйінде құрылысы, көбінесе, сәулелі семметриялы болады. Личинка кезінде екі жақты симметрия айқын көрінеді, сондықтан ересектердің сәулелі семметриясы, қозғалыссыз не аз қозғалыс жасау тіршілік жағдайына көшуге байланысты, екіншірет пайда болған симметрия деп саналуы керек. Көп формаларда ішкі мезодермалық скелет жақсы жетілген, бұл жеке известі элементтерден құралған, кейде бұл элементтер тұтас сауытқа айналады. Дене қуысы екінші рет пайда болған – целомдық жақсы жетілген қуыс. Көбінесе қозғалыс қызметін атқаратын ерекше сутамыр яки амбулчкральді жүйесі болады.
Қазіргі уақытта тікентерілілердің 5 мың шамалы түрлері белгілі. Тікентерілілер өте ертеден келе жатқан жануарлар тобы, скелеті (қаңқасы) жақсы жетілгендіктен қазба күйінде көп табылады.
Тікентерілілердің шаруашылық маңызы шамалы. Олардың кейбіреулері тамақ – ас үшін пайдаланылады, көбі кейбір кәсіптік маңызы бар балықтарға, мысалы камбала сияқты балықтарға тамақ болады.
Классификациясы. Қазіргі уақытта тіршілік ететін тікентерілілер 5 класқа бөлінеді.
I – класс. Теңіз жұлдыздары. (Asteroidea)
II – класс. Жыланқұйрықтылар яғни офиуралар (Orhiuroidea)
III – класс. Теңіз лилиясы. (Crinoidea)
IV — класс. Теңіз кірпілері. (Echinoidea).
V – класс. Теңіз қиярлары яғни голотуриялар. (Holothuroidea)
Сипаттамасы. Тікентерілілер типінің барлық белгілерін өте жақсы көрсететін негізгі класс. Бұл жануарлардың ересектерінің сыртынан қарағанда да және ішкі органдарының орналасу тәртібінде де сәулелі семметрия, ал, личинкаларында бипинарлы – екі жақты семметрия айқын көрінеді. Скелет известі таяқшалардан құралған, олар көбінесе жануарлардың төменгі жағында болады. Абулякральді жүйесі жақсы жетілген, бұл көбінесе қозғалу үшін керек
Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі.
Сыртқы түрі. Жануардың денесі орталық бөлімі не диск және одан тарайтын бес сәуледен құралады. Төменгі яғни оральді жағынан жоғары не аборальді жағынан оңай айыруға болады. Оральді жағының ортасында ауыз тесігі, ал сәулелерді бойлап өтетін қуыстарда амбулякральді жүйенің ақырғы жағы болып саналатын ұшында сорғыштары бар амбулякральді кішкене аяқтар болады. Аборальді жағында амбурякральді жүйенің бас жағы — мадрепоралық пластинка, артқы тесік және жыныс бездерінің тесігі бар.
Ішкі құрылысы. Скелет известі пластинкалардан құралған пластинкалар бірнеше қатарлар болып ораль жағында және біразы сәулелердің бойында орналасқан. Сәуленің ортаңғы сызығы бойында амбулякральді пластинканың қос қатарлы қабаты келеді. Бұлар ойық сызат құрады. Бұл пластинкалардың арасында амбулякральды аяқшалар шығады.
Мускулатура едәуір жақсы жетілген, мұның себебі скелеттің жөнді жетілмеуінен жұлдыздың сәулелері жоғары қарй да төмен қарай да иіле алады.
Сәулелілерді иетін әрбір сәулені бойлай жүретін және аборальді жағының ортасынан барып қосылатын үш бұлшық ет таспалары. Мұнан басқа бір жұптың, бір тізбектің амбулякральді пластинкаларын сәйкес пластинкаларды алды – артынан байланыстыратын және амбулякральді пластинкаларды амбулякральді пластинкалармен байланыстыратын бұлшықеттер бар. Бұлшық еттердің мұндай жүйесі теңіз жұлдыздарының сәулелі қозғалмалы өтеді.
Дене қуысы не целом. Терінің, скелет элементтерінің және мускулатураның астында сәулелілерге кіретін кең дене қуысы болады. Дене қуысы алдымен бастапқы ішектің екі жағында бір жұп бастама сияқты болып, құрыла бастайды.
Мұнай былай өсу кезінде бұлардың әрқайсысы үшке бөлінеді. Артқы екі участкесінен целом, сол жақ ортадағы участкеден (гидроцель) амбулякральді жүйе құрылады. Оң жақ орта участке редукцияға ұшырайды, алдыңғы екеуінен псевдогемльді жүйенің бір бөлімі ось комплексі құрылады. Дене қуысында амеба тәрізді көптеген клеткалары бар сұйық зат болады және дене қуысының ішін кірпікті эпителялар жауып жатады.
Амбулякральді не су тамырлы жүйенің құрылысы сәуле симметриялы және оның денесі орталық бөлім мен сәулелерде жатқан радиальді тармақтардан құралады. Денесінің ортасында өңешті қоршап жатқан дөңгелек канал бар. Осы каналдан әрбір сәулеге радиальді каналдар және тасты каналдар тарайды
Амбулякральді жүйенің негізгі қызметі қозғалыс әрекеті, мұны ол амбулякральді аяқшалар арқылы жүзеге асырады. Мадрепоралық пластинка арқылы амбулякральді жүйеге су толады. Аяқшалар созылып барып өзінің сорғыштармен бір нәрсеге жабысады, соннан соң жиырылып жұлдыздың денесін соған қарай жылжытады.
Псевдогемальді жүйе де амбулякральді жүйе сиқты целомның бір бөлшегі. Ол амбулякральді жүйенің дөңгелек каналынан сыртқа өтетін өңештің айналасындағы қос дөңгелектен, олардан сәулелерге таралатын радиальді каналдардан және дененің ауыз жағынан артқы жағына қарай түтік сияқты болып жыныс бездеріне бұтақ бертін осьтік комплектерінен құралады. Осьтік комплекстің ішінде тас канал және қан айналыс жүйесінің осьтік органы болады.
Қан айналыс жүйесі де сәуле симетриялы псевдогемальді жүйенің қоршауларының ішінде. Дөңгелек канал дененің аборальді жағындағы сол сиқты каналдарымен осьтік органыен жалғасады. Ол осьтік комплекстің ішінене өтетін көптеген қан тамырлары бар қосу ұлпадан (ткань) құралған . Қан айналыс жүйесін толтыратын сұйық затта ешқандай пегмент болмайды және ол тыныс әрекеттерін атқармайды.
Асқорту жүйесі. Бұл жүйе табылған ірі қоректерді ішіне қарай тартуға қабілетті өте созылғыш дөңгелек ауыздан басталады. Қысқа өңеш дененің орталық жағын түгел алып жатқан көлемді жұқа қабырғалы қарынға барып қосылады. Қарын ауыз арқылы сыртқа айналып шығып өзінің демін басып алады.