Қоғамдағы адамның жеке бостандығы мен абыройы туралы жағдаймен мемлекеттің даму деңгейі сипатталады. Адамның жеке өміріне, еркіндігіне, ар-намысы мен абыройына ешкім нұқсан келтіре алмайды.
Әркімнің өз діни сенімдерін таңдау құқығын мойындау – гуманистік ең құнды ойларды жаулап алулардың бірі. Бұл құқықты алғашқылардың бірі болып XVII ғ. соңында ағылшын философы Джон Локк тұжырымдады. Ол мемлекет пен шіркеуді бөліп, дін еркіндігін мемлекеттің мойындауы қажет екенін айтты. Д. Локк адамдарға дін таңдау құқығын беру қажет деп санады және азаматтардың қай конфессияға жатантындығына қарамастан, бәрін тең құқықтыққа шақырды [2]. Дж. Мэдисон да бұл пікірге қосылып, «әр адамның діні өз сеніміне қарай таңдалуы тиіс; Бұл табиғаты бойынша адамның ажыратылмас құқығы болйп табылады» – деді.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері құқықтық мемлекет идеалдарын және демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруда көптеген жұмыстар жасалды. Соның айғағы ретінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелері негізінде белгіленген, көбінесе 1948 жылғы желтоқсанда жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында жарияланған «Адам құқықтары жалпыға бірдей декларациясы», 1950 жылы қарашада Еуропа Кеңесіне мүше елдердің Үкіметтері қабылдаған «Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы» Конвенциясына негізделген 1995 жылғы Қазақстан Республикасы ІІ Конституциясының 10-39 тарауының баптарында белгіленген [1].
Еліміздің Ата заңының 22-бабында белгіленген ар ұят еркіндігі тұлға еркіндігінің маңызды көріністерінің бірі болып табылады. Әрбір адам өз еркі бойынша өзінің дінге деген қатынасын анықтауға құқылы. Егер адам қандай да бір дінге сенетін болса, оған діни рәсімдері мен салттарын орындауға ешкім кедергі бола алмайды. ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңында былай делінеді: «Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауапты»[3]. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
Әрине, діни рәсімдерді, салттарды, ережесін орындау, діни бірлестіктерді құру қоғамға, басқа адамдарға заңды түрде зиян келтірмеуі тиіс. Азаматтардың көзқарастарының еркіндігіне, теңдігіне, діни бірлестіктерді құру тәртібі мен қызметіне және басқа аспектілерге қарамастан азаматтардың құқықтарының конституциялық кепілдіктері «Дінге сену еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңымен жүзеге асырылады (1995ж. 5 қазандағы, 1997ж. 11 шілдедегі, 2004ж. 20 желтоқсандағы, 2005ж. 23 ақпандағы, 8 шілдедегі, 2007ж. 15 мамырдағы өзгертулері мен толықтырулармен). Ол заңға бес тарау енгізілген:
- Жалпы ережелер;
- Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер;
- Діндер еркіндігімен байланысты діни бірлестіктер мен
азаматтардың құқықтары;
4) Діни бірлестіктердің мүліктік еңбек және қаржылық құқықтық қатынастары;
5) Заңның 23-бабында дінге сену еркіндігі және діни бірлестіктер туралы Заңның сақталуын бақылау мен заңды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы баяндайды.
Қазақстан діни қатынастары саласында өлшенген мемлекеттік саясатты ұстанып отыр. Бұл жерде қазақстандық мемлекеттік саясаттың үш негізгі принципі – бұл бейтараптылық, толеранттылық және паритет принциптерін атап өту керек.
Бұл реттегі басты орынды мемлекеттік көзқарастағы бейтараптылық принципі алады, оған діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпау енеді. «Дінге сену еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» Заңының 4-бабында діни бірлестіктер мемлекеттен алшақтанған және ешқандай дін немесе діни бірлестіктер басқалары сияқты ешқандай артықшылықтарға ие емес деп баяндалады. Діни бірлестіктер қандай да бір мемлекеттік функцияларды орындамайды және мемлекет, егер заңға қайшы келмесе, діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды[3].
Толеранттылық принципі тек қана шыдамдылықты ғана емес, сонымен бірге басқа көзқарастардан ерекшеленетін діни көзқарастарды құрметтеу дегенді білдіреді.
Паритет принципі адамдардың экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық саласында олардың діндерге деген қатынасына қарамастантеңдікті талап етумен байланысты.
Қазақстанда барлық діндер және діни бірлестіктер заң алдында тең.
Діндер туралы Заңның 16-бабына сәйкес діни бірлестіктер мүлікке деген құқығы, оларды сатып алуға немесе өзінің жеке қаражатымен жасауға, азаматтарға, бірлестіктерге қайырымдылық көрсетуге немесе заңға қайшы келмейтін басқа негіздеме бойынша сатып алуға хақылы. Діни бірлестіктердің меншік құқығы заңмен қорғалады. Діни бірлестіктер заңға сәйкес және өзінің жарғысына (ережесіне) сәйкес баспа, полиграфиялық, өндірістік, қайта жаңарту-құрылыс, ауыл шаруашылығы, заңды тұлғалардың құқықтарын иеленген басқа кәсіпорындарды құруға хақылы.
Діни бірлестіктер жанында Діндер туралы Заңның 14-бабына сәйкес діни бірлестіктер қайырымдылық көрсету үшін, діни әдебиеттерді оқу және басқа мәдени-ағартушылық қызметтерді тарату үшін бауырластық қоғамы және басқа бірлестіктер құрылуы мүмкін. Діни бірлестіктер қауымдастыққа (одаққа) ерікті түрде біріге алуы мүмкін, қайырымдылық қызметтерді және қоғамдық қорлар арқылы қайырымдылық көрсетуге, сондай-ақ қайырымдылық мекемелерін (жетім сәбилер баспанасы, интернаттар және т.б.) құруды жүзеге асыруы мүмкін.
Азаматтар және діни бірлестіктер топтық немесе жеке негізде халықаралық байланыстар мен жеке байланыстарды орнатуға және қолдауға, қажылыққа бару үшін шетелге сапарға шығуға, басқа да діни іс-шараларға және жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
Діни бірлестіктер азаматтарды шетелге діни оқу орындарында оқытуға және осы мақсатта да шетел азаматтарын қабылдауы мүмкін.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған діни бірлестіктермен байланыстар бойынша уәкілетті орган тұлғасында діни бірлестіктер қызметіне араласпай, азаматтардың дін тұту еркіндігі мен діни бірлестіктермен өзара әрекет етулерінің құқығын қамтамасыз ету саласында негізгі бағыттарды қалыптастыруға және анықтауға қатысады. ҚР аумағында құрылған діни бірлестіктер, миссионерлер, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтар қызметін зерттеу мен талдауды жүргізеді, облыстың жергілікті атқарушы органдары (республикалық маңыздағы қалалар, астаналар) жұмысын үйлестіреді. Діни бірлестіктермен қатынастарды реттеу саласында діни ұйымдары өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктер, дінтанушылар, заңгерлер және құқық саласындағы басқа мамандардың қатысуымен діни сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.
Атқарушы билік органдары және құқық қорғау органдары тұлғасында олардың құзіреттілігіне сәйкес дін тұту және діни бірлестіктер еркіндігі туралы заңнамаларды сақтай отырып бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі конфессия аралық қатынастарды саясаттандырудан алшақ кетуі болып табылады. Конституцияның 5-бабының 4-тармағына сәйкес «Республикада діни негіздегі партиялар қызметіне жол берілмейді». Аталған құқықтық норма Діндер туралы Заңның 4-бабының 2-тармағында баяндалған «Діни сипаттағы партиялар және басқа да саяси ұйымдардың, сондай-ақ діни бірлестіктердің саяси партиялар қызметіне қатысуға немесе оларға қаржылық қолдау көрсетуге жол берілмейді. Діни бірлестіктердің қызметшілері саяси өмірге тек өзінің атынан ғана басқа азаматтармен қатар қатыса алады». Әрине, заңмен баяндалған ереже әр түрлі конфессиялар арасында бейбіт қатынастарды сақтауға бағытталған, еліміздегі тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі күні Қазақстан 40-тан астам конфессиялардың өкілдері, сондай-ақ 130-дан астам ұлт пен этникалық топ өкілдері Бейбітшілік пен Келісімде өмір сүре алудың жарқын үлгісі болып табылады.
Қазақстанда адам құқықтары мен еркіндігін сыйлауға, қоғамдық және діни мүдделер балансында, серіктестік қатынасында және өзара түсіністікке ұмтылуға, демократиялық принциптерге негізделген мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қатынастарының моделі – бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақсатқа бағытталған саясатының қорытындысы.
Біздің еліміз адам құқықтары саласында алпыстан астам халықаралық келісімдер мен келісім шарттарға, соның ішінде осы саладағы БҰҰ іргелі актілеріне қосылды. 2009-2012 жылдарға арналған Республикадағы адам құқықтары саласындағы әрекет етудің Ұлттық жоспары қабылданды. Ол жоспарда адам құқықтарын қорғаудың жалпыға танылған принциптері мен стандарттары ескерілген. Қазақстан дінге сенушілер құқығына қатысты міндеттер саласында ЕҚЫҰ адам құқықтары және демократиялық институттары бойынша Бюромен тиімді өзара әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен адам және азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша өзінің құзыреті шегінде шаралар қабылдай алатын адам құқықтары жөніндегі Уәкілетті лауазымы тағайындалған. Уәкілетті өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілеті туралы ережемен басшылық жасайды.
Сондай-ақ Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды, Мемлекет және Мемлекеттік емес секторлар арасын өзара байланыстыратын буынды білдіретін азаматтық қоғамның даму қажеттіліктеріндегі адам құқықтарын қорғау саласындағы жағдай туралы қоғамдық пікірлерді зерттейді.
Қазақстанның конфессиялар арасындағы өзара қатынастарды нығайту және жаһандық диалогына қосқан зор үлесі 2003-2006-2009 жылдарда Астана қаласында өткізілген діндер арасындағы форум болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары діни институттардың маңызды сандық және сапалы өсімі байқалды. Қазіргі кезде діни бірлестіктердің жалпы саны 4 мыңды құрайды, ал 1990 жылдарда бар болғаны 670 болды. Қазақстан халықтарының көпшілігі (шамамен 70 процент) — мұсылмандар, алайда Республикадағы ислам доминанттары басқа діндердің толық мағынада жұмыс істеуіне ешқандай кедергі жасамайды. ҚР Әділет министрлігінің діндер жөніндегі комитеттің мынадай деректерін келтіруге болады: тәуелсіздік жылдары ислам бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін артты. Орыс православие шіркеуінің саны бір уақытта 62-ден 293-ге дейін артты, римдік-католиктер шіркеуі екі есеге 42-ден 86-ға дейін, евангелиялық христиан-баптистер 168-ден 362-ге дейін артты, жетінші күні адвентистердің 36-дан 66-ға дейін, протестанттық бірлестіктердің саны 521-ден 1189-ға дейін артты. Елімізде 27 иуда қауымдастығы, 4 буддистер бірлестіктері қызмет істейді.
Діни бірлестіктердің 3129 мәдени құрылыстары бар, олардың ішіндегі 2229-ы мұсылман мешіттері, 258 православие шіркеулері, 93 католик костельдері, 6 синагога және 548 протестант шіркеулері және ғибадатхана бар [4].
Діни мекемелерді тіркеу тәжірибесі кейбір жағдайларда әділет органдарына ұсынылатын құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін анықтаған. Діни бірлестіктердің жарғыларында талай олардың әрекеттеріне бір мағынаға сай келмейтін түсініктер берілген, мысалы берілген конфессия тобына тән емес діни тәжірибелер көрсетілген. Деректерді бұрмалау, дәйексіз ақпаратты қолдануфактілері кездескен. Бұндай прблемаларды болдырмас үшін 2012 ж. 7 ақпанында ҚР Үкіметі «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танутуралы» № 209 Қаулы қабылдады [4].
Діни бірлестіктер 44 мерзімдік діни басылымдарын шығарады. Бұрын бір де бір діни газет немесе журнал болған жоқ.
Қазақстан халықтарының мәдени мұрасымен үйлесетін мәдени және тарихи құндылықтарды тани отырып, Республикада діни мейрамдар: мұсылмандардың Құрбан айты, православиелік Рождество Христово мерекелік демалыс күндері деп жарияланған, дінге сенушілер өздерінің мәдени іс шараларын толық түрде өткізуге мүмкіндік берілген.
Мемлекет және діндердің өзара қатынастарының жұқа материясы ерекше, деликат тәсілді талап етеді. Діни қызметтердің міндеттері сөзбен және іспен дау дамайларды бейбіт түрде шешу, адамдардың ар ұяты мен моральдық құндылықтарын шақыруға уағыздау болып табылады.
Мемлекеттің ролі, бәрінен бұрын, қолайлы атмосфера жасаудан, діни бірлестіктер арасындағы диалогты дамытудан, діндердің еркіндігі туралы қолданыстағы ұлттық заңдарды әрі қарай жетілдіру, діни бірлестіктердің басшылары және шетелдік миссионерлер сияқты тең құқықтық іс-әрекеттеріне белсенді әсер етуден тұрады.
Әлемнің және Орталық Азияның көптеген өңірлерінде болып жатқан жаңалықтар кез келген мемлекеттің ұлттық және рухани бірлігін нығайту проблемасы мен діндер мәселесі органикалық байланысын, ұлттық қауіпсіздікті сақтау міндеттерін көрнекті түрде растайды.
Діни экстремизммен қатар нақты күрес тәсілі – діни ағарту болып табылады. Адам өзінің дінін неғұрлым терең білсе, ешқашан өзін экстремистермен күрес құралына айналдырмайды. Діни мәдениеттің элементарлық негіздерін білмеу, әсіресе, жас адамдарды қауіпті экстремисттік ағымдардың алдында әлсіз болуға итермелейді. Экстремизмнің пайда болуына және таралуына бәрінен бұрын, діни көшбасшылар қалқалап кедергі жасауы тиіс. Атап айтқанда, олар — имамдар және діни қызметшілер өздерінің беделі мен ықпалы арқасында бұзушы идеялар нақты және аргументтерге қарсы тұру, гуманистік рухани ағарту бағытына белсенді әсер ете отырып, дәстүрлі діни құндылықтарды уағыздайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының дінге сену мәселелерін реттеу саласындағы 22 жыл ішіндегі ең басты жетістігі – конфессия аралық жанжалдардың болмауы. Бұл көп этникалық көп конфессиялық мемлекет үшін өте маңызды. Бұдан басқа, Қазақстан әлемдік аренада жаһандық интегратор, аймақтық, континеттік және әлемдік деңгейдегі диалогтық алаң итеграторы беделіне ие болды [5].Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының төрт Съезді сәтті өткізілді (2003, 2006, 2009 және 2012 жылдары). Бұл форумдар еліміздің сыртқы саясатының дұрыс бағытын көрсетіп қана қойған жоқ, олар конфессия аралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық моделінің тиімділігінің куәсі болды.