Өндіріс орнында апат болғанда, соғыс қақтығыстары кезінде түрліше жарақаттанулар өте көп болады. Сондықтан оларға алғашқы жәрдем беру, тек
медицина қызметкерлерінің ғана міндеті емес, сонымен қатар Азаматтық қорғаныс жасақшыларының, жалпы халық-тың да міндеті.
Жарақаттану деген адам терісінің, кейбір мүшесінің немесе бүкіл денесінің күшпенен бүлінуі. Жарақат алу дегеніміз адамның жұмсақ етінің жаралануы, сүйектің сынуы, миының қозғалуы, денесінің күюі болып жіктеледі.
Ауыр жарақаттанғандардың есінен айрылып /травма-тический шок/ қалуы мүмкін. Есінен айрылу радиацияны көп алғаннан /радиационный шок/, нервісіне өте көп салмақ түскеннен де /нервный шок/ болады. Жара-қаттанып есінен айрылғандардың қан айналымы, демалысы, зат алмасу жүйелері бүзылады. Адам сұрғылттанып, әрең демалып, бетін салқын тер басып, сырттан берген белгіге еш жауапсыз жатады.
Дене қызуы төмен түсіп, жүрек соғысы әрең сезіледі, демалысы жиіленіп, ауызбен ғана демалады.
Оларға алдымен қан тоқтату, жарасын байлау, сынған жеріне қалып (шина) салу шараларын жасап, іш-қүрылысы жарақаттанбаған болса тамақтандырып, қажет болса ауруын сездірмейтін морфий таблеткасын, морфо-алкоголь қоспасын беріп, жақын жердегі ауруханаға жіберу керек. Радиациядан есінен айрылғандарға дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмегін беріп, бақылауға алу қажет.
Шошынғандарға қорқыныш сезімін басу үшін наркотиктің не метропанның 1-2 таблеткасын не басқа дәрі-дәрмек беріп, тыныштандырып дәрігерлік бекетке жөнелтеді.
Төтенше жағдайда қабырға, жамбас, омыртқа, бас сүйек т.б. сынулары кездеседі. Сыныққа үшыраған адам-
дарға жедел жәрдем қажет. Оларға өте ұқыпты қарап жарақатын үлғайтып алмау керек.
Сүйекте жабық және ашық сынықтар болады.
Жабық сынықта көрінетін жара болмайды. Ол жерде ісік пайда болады. Сынған жерді алдын-ала байлау керек. Ауруды алып жүру үшін, сынған жерге қалып (тақтайдан, фонерадан, таяқшадан және т. б.) салып, қозғалмайтын етеді.
Қалыпты ұзындау алып, екі жағынан бекітеді. Арнайы қалып болмаған жағдайда, сынған аяқты сау аяққа байлап тастайды, сынған қолды денеге байлайды. Жабық сынықта қалыпты киімнің үстінен салады, не сол жерді матамен, мақтамен орап, содан кейін қалып салады. Қалыппен екі жағы да қамтылуы қажет. Егер қол сынған болса, таңған соң, мойынға асып қояды.
Ашық сынықта алдымен қан тоқтату керек, сынған жерге таза байлама салып, мақта немесе жүмсақ матамен орап, қалып салады. Сынған сүйекті қозғауға болмайды.
Иық сүйек /ключица/ сынған болса, қолтықтың астына мақта не жүмсақ мата салып, қолды бүгіп денеге жабыстырып бинтпен байлайды.
Қабырға сынғанда кеудеге мақтаны не жүмсақ матаны салып, содан кейін кеудені ауаны шығарған /выдох/ қалпында жалпақ материалмен орап байлайды.
Бас сүйегі жарақаттанғанда сынған сүйек сынығы ішке түспейтіндей етіп, өте сақтықпен мақтаны /немесе бинтті/ сол жерге орналастырып, таңады.
Омыртқасы сынған адамдардың астына тақтайды жайменен жылжытып салып, сол тақтаймен носилкаға салады.
Жамбас сүйегі сынғандарды зембілге шалқасынан сальга, тізелерін бүге екі жаққа айыра салады да, тізесінің астына домалақтап киім салады. Содан кейін емханаға жөнелтеді.
Буын шығып кеткендегі жәрдем.
Буын шығып кетудің белгілері:
- Өте қатты ауырады, сүйектің түрі өзгереді, аяқ баса алмай, ісік пайда болады. Адамға алдымен морфий салады.
- Шыққан жерге қалып не байлама салып, емханаға жөнелтеді.
- Жарақат токсикозы /уыттың денеге жайылуы/.
- Дененің ауыр нәрсенің астында үзақ уақыт жаншылып қалуы.
Бұның ауруы салмақтан болғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін сезіледі. Дене ісіп, жансызданып, жүректің жұмысы ауырлап, шөлдеп құсқысы келеді. Жүрек жиі соғып, адамның қимылы баяулайды. Мұндай ауруға алдымен су, оған қосып 1-2 кесек секер, 1 таблетка морфий береді. Медпунктке тез носилкамен жеткізу керек.
Өткір сәуле аурулары
Өткір радиацияның немесе РЗ белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына үшырайды.Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге беледі:
1 дәрежелі — 100 — 200 р-ге дейін сәуле,
2 дәрежелі — 200 — 300 р-ге дейін алғанда,
3 дәрежелі — 300 — 500 р-ге дейін
4 дәрежелі — 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі.
Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді:
- Сәуленің өткенін алғашқы сезінуі;
- Ауруының жасырын кезеңі;
- Ауруының өз мәнінде керінуі /разгар/;
- Ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы;
Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіні.
1-ші дәрежесі — жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейін жүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады, Бүл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жүмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қа-нында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.
2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады).
Дене қызуы 37,2 — 37,5°С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.
3-ші дәрежесі ауыр боп келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше рет қүсып, қызуы 38°С дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бүзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39 -40°С жетеді. Мүндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады.
4-ші дәрежесі — өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минуттаақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 39°С көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.
Аптечкадагы /АИ-2/ дәрі-дәрмектер.
Аптечкадағы дәрі-дәрмектер радиоактивті, улы заттарға және бактерияға қарсы қолдану үшін жеке адамдарға таратылып беріледі. Өлшемі — 90x100x20 мм, салмағы — 130 гр. Қалтада сақтауға ыңғайлы.
1 — басы артық /резервные/.
2- фосфорорганикалық улы заттарға қарсы (Ви- икс газдары, Зарин, Зоман) уланған жерге кірер .алдында — бір таблетка беріледі.
3 — ұяда үлкен ақ пеналдағы /бактерияға қарсы/ екі таблеткалар радиациядан іш ауруы пайда болғанда, алғашқы тәулікте 7 таблетка, 2-3-ші күндері 4 таблеткадан. Жүқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданыланады.
4- екі қызғылт түсті панелдегі /Р/з средство 1/ таблеткаларды радиоактивті ластанудан 30-60 мин бүрын қабылдайды — 6 таблеткадан.
5- ұяда — екі ақ түсті пеналда /Бактерияға қарсы 1/ кең қолданылатын антибиотик. Мүны жарақаттанғанда, күйгенде және жүқпалы аурулар арасында жүмыс істегенде 1 рет 5 таблеткадан, 6 сағаттан кейін 2 рет 5 таблеткадан ішеді.
6 — ұяда — ақ түсті таблетка /Р/з средство 2/ Мүны РЗ ластанған жерде жайылған сиырдың сүтін ішкен адамға беріледі. 10 күн бойына 1 таблеткадан. Адам бездерінде иодтың жиналуына бөгет жасайды.
7 — ұяда — көк түсті пеналдағы таблеткалар /противо-рвотное ср-во/. Мүны басқа соққы тигенде, ми қоз-ғалғанда, контузияға үшырағанда, сәуленің алғашқы әсерін алғанда қүсық келтірмес үшін. Сәуле өткендерге көмекті ауруы өршімей түрғанда беруге тырысу керек.
Жараға инфекция түсіп, асқынуыИнфекция деген адам мен жануарлар организміне ауру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп-өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы.Жара деген терінің немесе шырышты қабықтың бүтіндігін бұзғандықтан пайда болған жарақат.
Олардың жіктелуі жараның неден болғандығына байланысты.
- Инеден, шегеден, біз немесе штыктен алған жарақат — түйрелген, үшкір затпен шаншылған жарақат /колотая рана/.
- Кесетін нәрседен /пышақтан, әйнектен/ алынған жара — кесілген жара /резаная рана/.
- Құлағанда, тұйық нәрсеге соғылғанда, не соққанда алынған жарақат — соққыдан алған жара /ушибленное место/.
- Жыртылған жара — машинаның деталінен болған жара /іліп кеткеннен / /рваная рана/.
- Оқтан не снарядтың ұшқынынан болған жарақат — оқ тиюден жаралану.
- Ит не басқа жыртқыш аңның тістегенінен бол/ан жарақат /укушенная рана/.
Жара терінің үстіңгі қабатында ғана болуы немесе тереңірек, бұлшық еттердің жарақаттануында болуы мүмкін.
Кеуденің, қарынның, бас сүйектің ішіне өткен жара-қат та болады. Мұндайда ішкі органдарда жарақат алады.
Әрбір жара қан көп кетуімен және оған микроб түсіп, асқынып кетуімен қауіпті. Көптеген микробтар, жараға түскенде іріңдетіп жібереді. Оған стафилококтар, стреп-тококилар жиналады.
Инфекция түсіп іріңдеген жараның айналасы қыза-рады, ісінеді. Жараның жазылуы үзаққа созылады. Кейде микроб қанға өтіп кетсе, ол өте қауіпті. Осындай асқынып кеткендегі түрін тілме (рожа) деп айтады. Жаралы жер қызарып, ала-құлаланып, айнала жайылады, кейде тері асты іріңдейді. Қызу 39-40 жетеді. Инфекция үстаған нәрселер арқылы басқа адамға да жүғуы мүмкін. Жараға микроб түскеннен пайда болған ауруды сіреспе (столбняк) дейді. Бүл ауруды қоздырушы таяқша жерде болады. Жараға түскенде микробтар көптеген бөледі. Олар адамның нерв жүйесіне әсер еткеннен сіңірі тартылып, құрысып қалады. Жүрегінің жүмысы мен демалысы бүзылады. Егер дер кезінде шара алып емдемесе, ол адам қазаға ұшырауы мүмкін.
Жарақат алған кісіге алғашқы жәрдем көрсеткенде жараға микроб түспейтіндей бірнеше шара қолданылады, осы шараларды асептика деп атайды.
Асептикаға қолданатын барлық қүралдар /байлау құралдары, хиургиялық инструменттер, хирургтың қолының тазалығы, т.б. / өте таза /стерильно/ болуы керек. Бұған винный спирт, йод тұнбасы, хлорамин, ривонола ертінділері т. б. қолданылады. Оларды пайда-ланып микробтарға қарсы күресу әдісі — антисептика деп аталады. Ол үшін антибиотиктер — пенициллин, . стрептомицин,, сигмолицин деген дәрілер жиі қолда-нылады. Микробқа ыстық бу, қайнату, құрғақ ыстық қатты әсер етеді, осылар арқылы қажет материалдар тазартылады /стерилизуются/.
Хирург қүралдарын су қайнағаннан бастап 45 мин. бойына қайнатады. Құралдар 2 сағат спиртте жатсада болады.
Күйгенде көрсетілетін көмек.
Ядро қаруын қолданғаннан, не апаттан табиғат дү-лейінен өрт болғанда адамдар көптеп күюі мүмкін. Күюдің 4 дәрежесі болады:
- 1-ші дәреже — тері қызарып, ісіп кетеді, ауыра бастайды.
- 2-ші дәреже — кобік пайда болады, ішінде сары түсті сүйық жиналады.
- 3-ші дәреже — тері үгіліп түсіп жатады.
- 4-ші дәреже — жара тереңдеп, бұлшық ет, сіңірлер зақымданады.
Алғашқы көмек ретінде морфий таблеткасын беріп, ауруын басуға болдады.
1-ші дәрежелі күйікке марганцовка калий қышқы-лының күшті ерітіндісіне немесе одеколонға, спиртке малынған таза марляны салып қою керек. Жара бірнеше күнде жазылып кетеді.
2-ші дәрежелі күйікке жараның айналасын одеколон мен не 0,5 пакыздық нашатыр спиртінің ерітіндісімен тазалап, көбіктерді бүзбау керек. Сол жерге марганцовка-калий қышқылының 2 пайыздық ерітіндісімен қанықтырылған байламаны салу немесе күйікке жағатын маймен майлайды. Жара киімге жабысып қалса, оны жұлып алуға болмайды, тек айнала қиып алу керек.
Адамға ыстық тамак беріп, ауруын басатын дәрі береді. Күйіктің 3-4 ші дәрежелерінде де осылайша көмек беріп ауруханаға женелтіледі.
Хирургияда қолданатын таңу түрлері.
Жараны микроб түсуден қорғау үшін оған түрлі таңғыштар салынады. Бұл үшін сұйықты жүтып алатын /гигроскопичность/ марля мен мақтаны қолданады. Бүл жерде екі ережені қатаң сақтау керек:
- Жараға қол тигізуге болмайды.
- Таңғыш материалдар өте таза /стерильно/ болуы керек.
Марля не мақта жоқ болса таза орамалды не матаны /ақ түсті/ пайдалануға болады. Мүмкін болса оларды риванол, марганец-калий қышқылына, бор қышқылының антисептикалық ерітіндісіне ылғалдап алу керек.
Жараның айналасын иодпен, спирт не одеколонмен тазалап, сүртеді. Жараның өзіне иодты, спиртті не одеколонды тигізуге, жараны сумен жууға, ішіне түскен темір сынықтарын алуға, үстіне тікелей мақта салуға болмайды. Жара түскен топырақты марлямен не бинтпен алып тастайды. Негізі таңуға арнайы пакет пайдаланган дүрыс, себебі ол тазартудан өткен.
Бұл пакеттің үстайтын жағына қызыл жіп тағылған. Көпшіктегінің өзіне қол тигізбей, сол жіптен үстап, оны жараның үстіне қатарынан, не бірінің үстіне бірін салады. Тіке өтіп шыққан жараның екі жағын да көпшікке салып байлайды. Бинттің шетін түйреуішпен бекітеді, не жараның жоғары жағынан әдеттегідей түйіншектеп байлайды.
Таңғышты өте қатты емес, бірақ тығыз, орнынан жылжымайтындай, қозғалғанда түспейтіндей таңу керек. Жараны байлау үшін бинттерді, марля салфеткаларды, кейде таза мата кесінділерін, простыня т. б. пайдалануға болады. Олар алдын ала залалсыздандырылған болуы керек.Жедел көмек кеудесінен не ішінен жарақаттанғандарда көрсетілуі керек. Олар демалғанда іштеріне ауа кіреді,сондықтанондай жаралыларға герметикалық
/окклюзионная/ таңғыш жасап ауа өтпейтін нәрсемен /клеенка/ тезірек жауып, үстін тығыздап байлайды.
Қарнынан жарақаттанып шектері шығып қалса да, оларды ішіне қайта салмай сол жерге таза таңғыш сала-ды. Ондай ауруларды тез дәрігерлік бекеттерге жеткізу керек.
Жарақаттың қай мүшеге түскеніне қарай, оларды таңудың бірнеше түрі және әдістері болады.
- орама таңғыш /круговая/
- сегізге ұқсас таңғыш /восьмиобразные,
- спиральные /крестообр./
- сақпан тәріздес таңғыш /пращевидная/
- орамал тәріздес таңғыш
- бидай тәріздес/колосовидная/
Орама таңғыш — қарапайым. Онымен айнала орағанда алдыңғы ораған марляның жартысын ала орайды. Мұны ең жіңішке жерден бастап жуан жаққа қарай орай береді. Бұл таңғыштың түрін көбіне сан, сирақ, қолды байлауға пайдаланады.Аяқ, қол, басты, мойынды, жанбасты сегізге үқсас таңғышпен байлайды. Иықтың үстіне — бидай тәріздес /колосовидн./, иык сүйегі, қол сынғанда — орамал тәріздесті, мүрын, маңдайды байлауға сақпан тәріздес таңу әдісін қолданады.