Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары — тұрғын.дарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солар-дың бірі — адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық қүрал-дар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау — маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана /убежище/ ғана сақтай алады.
Жарықты сәулелену — бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан/жарылыс басында/ бірнеше мыңға дейін болады /жарылыстың аяғында/.
Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.
Сәуленің мөлшері — калориямен анықталады.
Жарық импулсі — 1 кал/см. Жарықты сәулелену — адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.
Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:
1-ші дәрежелі — 4 кал/см; — болса,
2-ші дәрежелі — 4-7,5 кал/см;
3-шідәрежелі- 7,5-12 кал/см /тері сыдырыла-ды/;
4-ші дәрежелі — 12 жогары кал/см /терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/.
Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация — ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.
Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.
Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентгенмен алынады. 1 рентген-1 куб.см ауада, 0°С — температурада қысымы сынап бағынасымен 760 мм болғанда — 2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.
Өткір радиация — әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.
Ашық траншея — 3 есе азайтады
Жабық траншея — 7-10 есе
Бір қабатты ағаш үй — 3-5 есе
Бір қабатты тас үй — 10-15 есе
Жер астындағы үйде -7-15 есе /землянка/.
Арнайы дайындалған жер асты үй — 400 есе
Көп қаталлы үй подвалы — 100-400 есе
Арнайы салынған баспана — 1000 есе
Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы — түгел қорғайды /еш зиянсыз/.
Радиоактивтік ластану — жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды радиоактивті заттар жерге түседі. Оның 3 зонасы: 1/ қауіпті зонасы,
2/ күшті ластанған зонасы 3/ аздау ластанған зонасы Ластау /ластану/ мөлшеріне байланысты:
- жарылыс түрінен /бомбаның/;
- оның күшінен /неше мегатонна/;
- жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
- эпицентрден қашықтығынан;
- жарылыс кезіндегі ауа райынан;
- жер бетінің рельефінен /таулы, жазық дала т.с/.
Жарылыстанкейінгі өткенуақытқабайланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді — 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағагта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады /демалғанда, тамақпен, сумен/. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.
Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.
Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар.Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.
Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, ойткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақтала-тындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.
Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.
Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері ете зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңы-лауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі / сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.
Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощ-тарды жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.
Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағадайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.
Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге «ластанған» деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мүқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондық-тан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1 м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противо-газ кигізеді, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керек. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.
Зардапшеккендергеберілетінкөмектіңнегізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде.
Құтқару жұмыстарына :
- көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;
- жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
- апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
- құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру,
- оларды шығару;
- зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
- халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
- адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
- территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстарға мыналар жатады:
- ластанған учаскелерге баратын жолдарды таза-лау;
- аппаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
- бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;
- қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары:
- көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
- құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу;
Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар…/ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.
Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсету, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін сүймен, темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.
Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек.
Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бүру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.
Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды қауіпті жерден алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршалады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды.
Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек.
Табиғат дүлейіне — су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады.
Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орын-дары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспар-лауға мүмкіндік береді.
Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен салынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.
Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т. б. мәліметтерді жинастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіру жұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т. б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.
Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайды анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т. б. / келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.
Медициналық көмек көрсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі.
Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық жгигиеналық шара-лар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды қүтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады.
Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеуі керек.
Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.