Қаладағы төтенше жағдайлар және оның түрлері

Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады. Өрттің себебі барлық уақытта бірдей-ақ:

— отты, оның барлық түрлерінде, дұрыс пайдаланбау;

— тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;

— электр сымдарын және электр жүйесін пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бүзу;

— теледидарлардың, радиоапаратуралардың жануы;

— пештің, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;

— балалардың отпен ойнауы.

Темекіні абайсыз шегудің зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекі шегушілер әзірге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткілікті, сонымен қатар, оны себеп ретінде дөп басу ажырату қиын. Кейбір темекі шегетін адамдар сіріңкелерін, темекінің тұқылын қалай болса солайлақтырасалады,рұқсатетілмейтінжерлерде темекі шегеді, темекінің тұқылын ағаштан жасалған заттардың үстіне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя салады. Негізінде өшпей қалған темекінің тұқылынан шыққан өрт ең көп таралған өрттің түрі болып саналады.

Синтетикалық заттардың жану ерекшеліктері. Құрылыстың отқа төзімділігі. Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі заманда үйлерде, квартираларда синтетикадан жасалған бұйымдар көптеп кездеседі.

Пластмассадан және полимерден жасалған бұйымдардың, құрылыс материалдарының өртке ұшырауы, оның зардабын бірнеше есе ұлғайтады әрі адам өміріне үлкен қауіп-қатер туғызады.

Поролон пайдаланылған жұмсақ жиһаз, синтетика кілем, палас, полимері бар түсқағаз (обой) полдағы линолеум, пластик жиһаз, полимер ыдыстар, киімдер, перделер — осының бәрі тез тұтанғыш әрі жанған кезде улы затты газды ерекше бөлетін бұйымдар болып есептеледі. Жанған кездегі бөлінетін газдың құрамына хлор, көміртегінің тотығы, цианистік қосылыстар, хлорлы сутегі, синильдік қышқыл, азоттың тотығы сияқты уландыратын заттар кіреді. Полимердің барлық түрі жанғанда улы газдар бөледі. Жүн жанғанда негізінен полиуретаннан гөрі цианидті көп бөледі. Бірақ жүн жай тұтанып, полиулетаннан жайырақ жанатындықтан өртке себеп болу жағынан онша қауіпті емес.

Өрт болу қаупін үй, ғимарат салғанда, әрқашанда ескеру қажет. Құрылыс материалдары жоғарғы температураға төзетіндей, сенімді болғаны дұрыс.

Өрт кезіндегі тәртіп. Адамдарды көп қабатты уйлерден эвакуация жасаудың әдістері. Өрттің уақытында өшірілуі — негізінен, өрт сөндірушілердің дер кезінде шақыруылуына көп байланысты. Сол сияқты, адамдарды жанып жатқан ғимараттан тез шығарудың да маңызы зор.

Осындай жағдайда келесі мәліметтерге аса көңіл аудару қажет:

  1. Өрт туралы хабарлама беру. Өртті байқаған сәтте ғимараттағы адамдарға тез хабар беру керек, өрттің көлеміне, жану қуатына қарамай өрт сөндірушілерді 01 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. Әдетте өрт туралы хабар телефонмен беріледі. Сондықтан әр отбасы мүшесі телефонның тұрған орнын жақсы білгені дұрыс. Өрт сөндірушілердің келу жылдамдығына көп нәрсе байланысты, тез келсе, әрі тез сөндіріліп, оның зардабының көлемі аз болады, қауіпті аймақтардағы адамдарға тез арада көмек көрсетіліп, құтқаруға мүмкіндік туады.

Өрт туралы телефонмен хабар бергенде, келесі тәртіпті сақтаған жөн:

-өрт туралы хабар беру;

-өрт болып жатқан ғимараттың нөмірін, қабатын, көшенің атын анық және дұрыс айту;

-өртке қысқаша сипаттама беру: не жанып жатыр, қай жерде жанып жатыр және т.с.с.

-өрттің сыртқы көрінісінен хабардар ету;

-адамдарға төнген қауіптің белгілерінен хабардар ету;

-өрт машинасы қалай кіре алатындығы жайлы айту.

  1. Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақырумен қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тікелей қауіп төнсе, оларды көшіруге қимыл жасау керек.

Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттің орнына, көлеміне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасаған жөн. Эвакуация кезінде сабыр сақтап әрі дәл қимылдаудың маңызы зор.

Өртте іс-қимыл және құтқару жұмысын сол жердегі беделді, сабырлы адам қолға алғаны дұрыс.

Бірінші кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебі өрттен қорыққан олар, төсектің, столдың астына, шкафтың ішіне, көрпеге тығылады, шақырғанда дыбыс бермеуі де мүмкін. Сондықтан неғұрлым тез арада оларды құтқаруға кіріседі, сол құрлы тәуір нәтижеге жетуге болады. Өрт болып жатқан баспанадан ересектерді іздестіргенде дауыстап дыбыс берген жөн. Оларды терезенің, есіктің маңайынан, дәлізден іздеу керек.

Адамдарды мансардтың немесе жоғарғы қабаттан құтқару кезінде ішкі баспалдақты түтін басқан болса, онда сол маңайдағы терезелерді сындырып, таза ауаның кіруіне жол беру керек. Түтін басқа бөлмелерден кіріп тұрса, онда ол бөлменің (пәтердің) есігін жауып, саңылауларын тығындап тастаған дұрыс.

Егер ішкі баспалдақ өртеніп жатса немесе түтін қалың болса, онда адамдарды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Жанып жатқан жерге ауа кірмес үшін, осы жердегі терезе, есіктің барлығын толық жауып тастайды Саңлауларды мата, киім, шүберектерді сулап, тығындап тастаған дұрыс.

Түтін басқан бөлмелерден, баспалдақтардан еңкейіп не еңбектеп шығады, себебі түтін көбіне жоғарыға көтеріледі. Қатты түтінденген бөлмелерге кіргенде қабырғаны жағалай жүріп, жолдағы кездескен заттарды есте сақтап отыру керек.

Түтінде қалып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейін, оған алдымен тыныс жүйелері арқылы уланбас үшін, ылғал шүберектен байлама жасап беру керек. Осындай ылғал байламаның бірнешеуін құтқарушы өзімен ала жүруі керек.

Құтқару жұмыстары аяқталғанда, ғимараттан адамдар тегіс шығарылды ма, соған көз жеткізу қажет. Ол үшін барлық бөлмелерді аралап қарап шыққан дұрыс. Кейбір уақытта ересек адамдар бағдар жасай алмай, құжаттарын алуға, т.с.с. себептермен отқа қайта кіріп кетуі мүмкін. Өрт болып жатқан жерге жедел жәрдем машиналарында шақырған жөн.

  1. Заттар мен жан-жануарларды эвакуация жасау. Заттардың құрып кету қаупі туған кезде, оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң кіріседі және бұл іс-әрекет өрт сөндірушілердің жұмысына кесірін тигізбеуі қажет.

Мүлікті құтқаруды басқышты, дәліздерді кептеп қалуы мүмкін көлемді үлкен заттарды шығарудан бастамаған дұрыс. Заттарды шығару өрт сендіруге де залалын тигізбегені жөн.

Өрт секілді жүрек ұшырар жағдайды көрген кейбір адамдар есі шығып, көрінген, қажет емес заттарды шығарып әлекке түседі.

Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан заттардың, жан-жануарлардың эвакуациясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет етуге қам жасау керек.

Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін, оттан шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталуы керек.

  1. Өртті өшіру. Өрт сөндіру шралдары, онымен жұмыс істеу ережелері. Өрттің басталуына жанатын заттың, оттегінің, ауаның және заттардың тұтануына қажетті температура беретін жылу импульсі керек. Ал оны өшіру үшін, осы қажет заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның жолын кесу қажет. Сондықтан осы мақсатқа өрт сөндіргіш құралдар арналған.

Олар мыналар:

-судың ағын, шашыраған және бу түрін пайдаланатын құралдар;

— химиялық және ауа-механикалық көбіктер;

— инерттік газдар (көмірқышқылы, азот және т.б.)

— ұнтақ құрғақ заттар (мысалы, құм), хлорлы металл түріндегі арнайы флюстер.

Өртті сумен сөндіру. Өрт сөндіруге суды пайдалану, ең қарапайым, оңай әдістердің бірі. Өрттің жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетіне, түріне байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрінде пайдаланады. Үлкен қысымның әсерімен шыққан су ағыны жалынды өшіреді. Ал суды шашыратып себу бағытталған ағыннан гөрі тиімдірек, себебі бұл ретте су үлкен ауқымды өшіре алады.

Өртті көбікпен сөндіру. Тез тұтанатын сүйықтарды, ток қуаты жүріп тұрған қондырғыдағы өртті сумен сөндірмейді, себебі электр тоғының ұру қауіпі бар. Яғни осы жағдайларда газ бен сүйықтан құрылған көбікті пайдаланады. Көбік, өзінің тығыздығы томен болғандықтан, жанып жатқан заттардың бой-бойымен, сай-сайымен жылжи ағып, ауаның отқа келу жолын жабады әрі салқындатады.

Өрт сөндіруде көбіктің екі түрін пайдаланады:

— химия көбігі — тұздардың судағы ерітінділерінен түратын көмірқышқыл газымен толтырылған көбіршіктер. Бүл көбікті ПГ-50, ПН-100 деген көбік генераторларынан тұздардың судағы құрғақ ерітіндісінің көбік ұнтағын араластыру арқылы алады.

— ауалық-механикалық көбік — бұл көбік 3-5 атм қатты үш су ағыны ауа-көбік ұнғысына келіп, көбік шығарғышпен араласып шығады. Ауалық-механикалық көбікті жанған кезде аса улы өнімдерді шығаратын заттарды, тұтанғыш сұйықтарды өшіруге пайдаланады.

Көбік генераторлары және ауалық-механикалық көбік қондырғылары қолмен де, автоматпен де іске қосыла алады.

Өртті газбен сөндіру. Газбен сөндіру құралдарына өртті көмірқышқылмен және галоидтелінген көмірсутегімен сөндіруді жатқызады. Сұйық түріндегі көмірқышқылы баллоннан шыққан соң, қар тәріздес болып, -78,5°С температурасындағы қатты күйге айналады. Ал қызған кезде лезде газ түріне қайта айналып, өз көлемінен 400-500 есе үлкен көлемді жабады. Көмірқышқылы галоидті көмірсутегіне қарағанда заттарға да адамдарға да залалын тигізбейді, істеп түрған электр қондырғыларындағы өрттерді сөндіруге жарайды.

Өртті газбен сөндіруде төмендегі құралдарды пайдаланады:

— көмірқышқылының автоматты қондырғыларын;

— жылжымалы көмірқышқылы өртсөндіргіштерін;

— қол өртсөндіргішін.

Өртті бумен сөндіру. Өртті бумен сөндіру әдісі жанып жатқан заттарға оттегінің келуін шектеуге негізделген. Будың 35 көлемдік пайызы отқа жинақталған кезде жану тоқтайды. Өрт сөндірудің бұл әдісі шағын өртті тез сөндіруге болатын оңай әрі қолайлы әдіс болып есептеледі.

Егер өртсөндіргіш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар пайдаланылады:

-су;

— құм, құм құрғақ әрі майда болу керек;

— киіз, киіз жанған затқа ауа жібермеу үшін, пайдаланады. Киіздің орнына ауыр жүн, мауыты (сукно) жаймаларды, ескі пальтоларды және т.б. пайдалануға болады. Жанған жерді тез жауып, от өшкенше басып түру керек.