Адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің негіздері

«Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» — адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жаралыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с). «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» курсының мақсаты — қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау -осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы дамүмкін.Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Міне, сондықтан адам-ның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет.

Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

— адамның өзі;

-өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

— адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.

Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уақытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі суретте келтірілген нысан көп қажетке жарары анық.

Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиациаға қарсы баспаналарда, туннелерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасы-

рынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жургізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; . соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкелерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар женіндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қала-лардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.

Халық аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға теміржол, автомобиль, авиациалық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациалық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда кешірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:

  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін — өндірістік принцип бойынша;
  • халықты кешіру — аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.
  • көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
  • Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет:
  • көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әркеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдесі, көшірілетін орны, жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т.т.)

Санатталған қалаларда соғыс уақытында жүмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін жайғастырып орналастыру жұмысшылар мен қызметкерлерді және олардың отбасын қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу арқылы жүзеге асырылады.

Көшіру шараларын жүргізуге басшылық жасау үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру (көшіру-қабылдау) комиссиялары құрылады. Көшірілгендерді тізімге алу, оларды қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде тасу үшін жинақталған көшіру бекеттері (көшіру-қабылдау) құрылады.