Көптеген организмдік оның ішінде адамның да эмбрионалды даму кезінде ересек организм ұқсас ұрпақ пайда болады. Олардың айырмашылығы негізінен көлемінде ғана болады. Дамудың мұндай түрін организмнің тура дамуы деп атайды. Егерде даму процесінде пайда болған ұрпағы ересек организмнен айтарлықтай өзгеше болса ондай эмбрионалды джаму процесі бар даму түрін организмнің күрделі дамуы деп атайды. Ондай өзгерістер кейде жайлап, біртіндеп болса,кейде бірден болуы мүмкін. Личинканың біртіндеп ересек организмге айналуы бірден ,личинка организмнің айтарлықтай өзгеруі арқылы жүретін болса,ондай дамудың толық өзгеруі немесе метаморфоз деп атайды.
Тура даму кезінде жұмыртқадан ересек организм ұқсас бірақ көлемі массасы кішкене, жыныс аппараттары әлі жетілмеген организм пайда болады. Мұндай организмдердің барлық органдары эмбрионалды даму кезінде пайда болады. Ал постнаталды даму кезінде олар өседі, жыныс аппараттары дамып жетіледі және қандай органдарды болмасын олардың қызметтері жетіле түседі. Организмдердің тура дамуы жануарлар әлемінде кеңінен таралған. Ол омыртқалылардың көбіне тән. Организмдердің жұмыртқаларында сарыуыз мол болса,немесе эмбрионалды даму кезінде анасынан плацента немесе басқа да жолдармен байланыса отырып дамыса ондай организмдер дамудың тура жолымен дамиды. Өз кезегінде эмбрионалды ддамудың ұзатығы жұмыртқадағы қоректітік заттардың қорының мөлшеріне байланысты. Сонымен бірге эволюция нәтижесінде жұмыртқалардың скорлупасы, пергаментті қабықтар сияқты қатты қабыққтар пайда болады. Ал плаценталы жануарларда жұмыртқалары қайтадан сарыуызынан ажырап, керісінше тұқымның ойдағыдай дамуына жағдай жасайтын плацйента пайда болады.
Оргапнизмнің күрделі немесе личинка арқылы дамуы көптеген омыртқасыздарға: ішекқуыстыларға, құрттарға, молюскаларға, шаянтәрізділерге, насекомдарға, төменгі хордалыларға тән. Оларда эмбрионалды кезең өте қысқаөтеді. Эмбрионалды дамудан пайда болған личинкалар өз бетінше тіршілік еуге қабілетті. Личинкалардың бір ерекшелігі олар ересек организмдерге ұқсамайды.Құрылысы даересек организмдерге қарағанда қарапайым болады. Олардың ересек организмде болмайтын арнйы личинкалық органдары болады. Күрделі даму жолымен көбейетін организмдердің жұмыртқаларында қоректік заттар аз,тұқымның ересек организмге дейін дамуына жетпейді. Тек личинкалардың өз бетінше қорекке көшуі ғана организмнің толық дамып шығуына мүмкіндік береді.Бірақта личинка арқылы көбею тек қорекке ғана байланысты емес, кейде личинка ешқандай қоректенбейді. Бұл көбіне аналық организм отырықшы тіршілік жасайтын организмде байқалады. Оларда еркін қозғалатын личинка түрдің таралуын қамтамасыз етеді. Личинкалық кезеңнен ұзатығы да әр түрлі болады. Ол көптеген факторларға байланысты. Ең алдымен жұмыртқадағы сарыыуздың мөлшері. Эмбрионалды даму кезеңі неғұрлым ұзақ болса, личинка даму кезеңі солғұрлым қысқа болады. Ал жұмыртқада сарыуыз аз болса ,личинка даму кезеңі солғұрлым ұзақ болады.
Дамудың толымсыз өзгеруінде организмдердің эмбрионалды дамуы айтарлықтай ұзақ болады. Бәрібір ересек организмдерде болатын органдар қалыптасып үлгермейді, жұмыртқадағы қоректік зат жетней қалады. Олардан шыққан личинка ересек организмдерді шамалы еске салатын болады.
Личинка ерсек организмдерге айналуы көп өзгерістер арқылы метаморфоз арқылы жүреді. Олардың көптеген тканы мен органдары қайта құрылады. Бұл процес олардың тек нерві мен жыныс жұрнақтарын ғана қатымайды. Метоморфоз арқылы даму да жануарлар әлемінде кеңінен таралған.Көптеген омыртқасыздар губка гидра полиптері,тікеннектілер, насекомдар, ал хордалылардан:дөңгелек ауыздылар, ганоидтер, қостыныстылар,сүйекті балықтар,қосмекекнділер көбеюдің осы түрімен көбейеді.Тіршілікте жануарлардың личинка арқылы көбеюі алдымен пайда болса керек, өйткені төменгі сатыдағы құрылымы қарапайымдылау жануарлардың көбі личинка арқылы көбейеді.