ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫЖӘНЕ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЕРКІНДІК ЖҮЙЕСІ

Адам құқықтарының қазіргі замандағы ұғымы ежелгі заманда пайда болған табиғи құқық идеяларынан шығады да, өзінің тікелей бастауын либерализм идеяларынан алады. Оның ең көрнекті өкілдері өмірге, қауіпсіздікке, бостандыққа, меншікке, мемлекетке тәуелсіз болатын және онымен қорғалатын адамның табиғи, ажыратылмас (шеттетілмейтін), әрі қасиетті нормаларына қысым көрсету кедергісінің маңызды құқықтарындағы ұғымын негіздеді.

Адам мен адамзат құқықтары институтын дамытудағы сапалы серпіліс ХХ ғасырдың екінші жартысында көбінесе тоталитарлық режимдердің қайғылы тәжірибесіне реакция ретінде болды. Қалыптасқан азаматтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар каталогы елеулі кеңейеді. Оларға жаңа «құқықтар ұрпағы»: қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа және т.б. Осы кезеңде адам мен азамат құқықтары институтын дамытудағы жетекші рөлді оның негіз құраушы құжаттарында ресімделген халықаралық құқық иеленеді: Жалпыға ортақ адам құқықтарының декларациясы (1948ж.), Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт, және азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966ж.), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Хельсинки қорытынды актісі (1975ж.) қосылады.

Олар және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық құжаттар адам мен адамзат құқықтары каталогының масштабты стандартын және қатысушы-мемлекеттердің конституциялық құқығымен қабылданған осы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдіктерін құрады.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, аса маңызды алғашқы халықаралық-құқықтық құжат 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы болып табылады. Осы құжатқа Бастама бөлімде былай мәлімделген: «Бас Ассамблея осы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын оны орындауға барлық халықтар және барлық мемлекеттер әрбір адам мен қоғамның әрбір органы осы Декларацияны үнемі ескеріп, ағарту және білім беру жолымен осы құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және ұлттық пен халықаралық прогресті шаралар жолымен олардың Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының арасында да, сондай-ақ олардың юрисдикциясында болатын халықтардың арасында жалпыға ортақ және тиімді танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге ұмтылатындай етіп жариялайды» [1].

Декларацияның 1-бабында былай деп жарияланған:«Барлық адамдартумасынан өзініңар-намысы мен бостандығында еркін және тең болады. Оларға ақыл мен ар берілген және олар бір-бірімен ағайындылық рухында әрекеттесуі тиіс». Осы жарияланған құқық 3-баппен күшейтіледі: «Әрбір адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке ісіне қол сұғылмауына құқығы бар».

2-бапта Декларация әрбір адамның нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, сословиелік немесе басқа жағдайына қатысты қандай да болмасын айырмашылықсыз, осы Декларациямен жарияланған барлық құқықтар мен барлық бостандықтарды иеленуі тиіс екенін анықтайды.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 7-бабы мынаны бекітеді: «Заң алдында барлық адамдар бірдей және ешбір айырмашылықсыз заңның тең қорғауына құқығы бар. Барлық адамдардың осы декларацияны бұзатын қандай да болмасын кемсітушіліктен және осы кемсітушілікке қандай да болмасын арандатушылықтан қорғауға құқықтары бар». Осы халықаралық құқық нормасының мағынасын қоғамның кез келген мүшесінің лайықты адамша тіршілік етуге құқығын қорғау ретінде, әрбір адамнан жеке тұлғаны көруді талап ету ретінде түсіну керек.

Көрсетілген қағида кейіннен адам мен азамат құқықтарын сақтау стандарттарын анықтайтын, барлығы дерлік халықаралық-құқықтық көздерде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің ұлттық заңдарында қайталанған.

Қазақстан Республикасының берілген Декларацияны ратификациялау туралы арнайы акт (заң) қабылдамағаны, алайда оның барлық қағидаларын Қазақстан Республикасының Конституциясында және салалық заңдарда жүйелі көрсеткені есте қаларлық.

Сонымен бірге Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізгі қағидаларының танылуы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1990 жылғы 25 қазандағы мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының Бастама бөлімінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсандағы № 1008-XII Қаулысымен іске қосылған, «Қазақстан Республикасының мемлекет-тік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында тура көрсетілгенін атап өту керек, онда сөзбе-сөз былай делінген: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Қазақстан халқының еркін білдіріп, Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясында, халықаралық құқықтың жалпыға танылған басқа нормаларында бекітілген жеке тұлға құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын танып, қазақ ұлтының өзін-өзі анықтауға құқығын растап, азаматтық қоғамды және құқықтық мемлекетті құру шешімділігінен бастау алып, ынтымақшыл сыртқы саясатты жүзеге асырып, өзінің ядролық қару-жарақты таратпау принципіне және қарусыз-дандыру процесіне шынайы берілгендігін мәлімдеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды».

Сонымен, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының қағидаларын нақтылы сақтайды, бірақ заң жүзінде оны халықаралық-құқықтық құжат ретінде ратификацияламайды. Алайда берілген жайттың принциптік маңызы жоқ, өйткені біріншіден, бұл онсыз да Декларацияға сәйкес келетін, қалыптасқан құқықтық жүйеге әсер етпейді, ал екіншіден, Қазақстан Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізінде және дамуы бойынша қабылданған екі құжатты: 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және сондай-ақ 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактты ратификациялады.

Қазақ мемлекеттілігі орныққан жылдар ішінде конституциялық теория негізіне салынған басты идеялардың бірі оған сәйкес Қазақстан Республикасында адамның, оның өмірінің, құқығы мен бостандығының басты қазына болып табылатын принципі болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қоғамды идеялық шоғырландыру Қазақстан прогресінің шарты ретінде» еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның жоғары қазынасы — оның игілігі үшін түрлендірулер басталған адам болып табылады».

Осы принципке Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасы үйлеседі, ол да жоғарыда айтылған принципке сүйенеді: «…негізгі принциптердің бірі – адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін білдіретін, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы принципі».

Адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын. Ол адам құқықтарының тұңғыш арнайы ұлттық мекемесі болды. Оның қызметінің негізінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатын Елбасы саясатын жүзеге асыру болады. Ол өзімен мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды ауыстырмай, адам құқықтарын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосады. Бұл – адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік механизмдерін күшейту де, осы сферада мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жасауға қатысу да, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу де.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік механизмін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдауға өз үлесін қосты. Бұл Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ БҰҰ азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне қосылуы; халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомство аралық комиссия құру; Білім және ғылым министрлігі құрылымында Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетті ұйымдастыру.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның Сараптық кеңесінің құрамына адам құқықтарын қорғау сферасында нақты тәжірибесі бар ҮЕҰ өкілдері кіреді. БҰҰ Даму бағдарламасының және ЮНЕСКО Кластерлік бюросының көмегімен Алматыда ТМД және Балтия елдерін аналогтары жоқ, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қазақ және орыс тілдеріндегі цифрлық кітапханасы сәтті іске қосылды. Ол халыққа адам құқықтарын қорғау сферасында тегін құқықтық ақпарат береді.

Өздерін мемлекеттік билік және лауазымды тұлғалар, республикадағы басқа ұйымдар тарапынан көрсетілген әділетсіз әрекеттер құрбаны санайтын жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін омбудсмен институты құрылған. Өзінің мәртебесі бойынша адам құқықтары бойынша уәкілетті тұлға нақты адамның бұзылған құқықтарын қорғайтын халықтық қорғаушы болып табылады. Ал жалпы алғанда Комиссия және омбудсмен, Қазақстанның құқықтық өрісінде бір-бірін толықтыра отырып, адам құқықтарын қорғау сферасына өз үлестерін қосады.

2008 ж. 23 сәуірде ҚР Парламенті БҰҰ жан азабына қарсы Конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады, бірақ Хаттамамен көзделген ұлттық ескерту механизмін құру үш жылға кейінге қалдырылады деп ескертілген. 2008 ж. 11 маусымда Парламенттің келісімдік комиссиясы судьяларға рұқсат етілген қамау бойынша өкілеттіктер беру туралы заңды бекітті.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасында адамның қоғамдағы орны, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасы толығымен және түпкілікті шешілген деп пайымдауға болмайды. Өкінішке орай, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары әлі де орын алады.

Әр адамның толық құқығын жүзеге асыру үшін көптеген істер жасалынып жатыр, экономикалық, әкімшілік және ювеналды соттар нәтижелі жұмыстар атқарып жатыр, қылмыстық сот ісі заңда қарастырылған жағдайларда сайланған қосшы билердің қатысуымен жүзеге асырылады. Елімізде іс жүзінде өлім жазасы жойылған. Өз сөзінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бірнеше рет айтып өткендей, «біздің басты жетістігіміз Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген халықаралық стандарттарға сай келетін адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылады» [2].

Барлық оң жағдайларда адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау сферасындағы мемлекеттік институттар мен үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысы ылғи да жүйелілігімен ерекшеленбейді. Негізгі себептердің арасында – патернализм дәстүрлерінде және құқықтық нигилизмде айқындалатын, қоғамдық сана инерциясы.

Заң шығаруда және құқық қолдану механизмдерінде азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде іске асыруына кедергі келтіретін ақаулар бар.

Азаматтар құқықтарын іске асыру мен қорғауда қосымша проблемалар тудыратын факторлардың бірі басқаруды бюрократияландыру, сыбайлас жемқорлық болып табылады. Лауазымды тұлғаларға қойылатын талаптарды және өз міндеттерінің адал ниетпен орындалғаны үшін жауапкершілікті заң шығару деңгейінде жоғарылату қажет. Қабылданған Қызметтік этика кодексі мемлекеттік қызметкер өмірінің нормасы болуы тиіс. Қызметтік этика нормаларын бұзудың, сыбайлас жемқорлық және басқа заңға қарсы әрекеттер жасаудың мұндай жұмыскер үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынсыз жұмыстан шығаруға дейін маңызды салдары болуы тиіс.

Соған қарамастан, адам құқықтарының, оның мүдделерінің, ар-намысы мен абыройының, оларды қорғау мен кепілдендірудің – қазақстандық қоғамды саяси жаңарту мен демократияландырудың маңызды мақсаты Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негіз құраушы принципі болып танылады.

Жалпы алғанда, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің өткен кезеңдегі қызметін сипаттай отырып, жүргізілетін реформалар нәтижесінде демократиялық процестер, Қазақстандағы адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, көтермелеу және қорғау саясаты тұрақты және қайтымсыз сипатты иеленді деп айтуға болады. Адам құқықтарын қорғау сферасында мемлекет қабылдаған шаралар Қазақстанның қолданылып жүрген халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен қамтамасыз етілетін, әрі қарай халықаралық гуманитарлық кеңістікке шоғырлануына мүмкіндік туғызады.

ҚазақстанРеспубликасы Конституциясында (Негізгі заң) адам және азаматтың құқықтық статусының негізін қалаушы принциптер бекітілген, атап айтқанда:

  1. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Мемлекеттің өзі де, оның органдары да, лауазымдық тұлғалары да заңда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде айыруға, шектеуге құқығы жоқ. ҚР Конституциялық Кеңесі, адам құқықтары мен еркіндігінің ажырамайтындығы адам өзіне бекітілген құқықтары мен еркіндігінен, ешкім, оның ішінде мемлекет, Конститутцияда және оның негізінде қабылданған заңдарда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, айырмайтынын білдіреді.

  1. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.

Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құққытары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Адам құқытарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілердің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституцияның адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі

қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты.