Толық жыныстық цикл плаценталы сүтқоректілерге тән және төрт сатыдан құралады:проэструс,эструс,метаэструс, диэструс.
Ұрғашылар жыныс ынталығы көтеріңкі дәуірі (күйлеу немесе эструс) сыртқы жүріс-тұрыс бет алысынан көрінеді, өзінің негізінде жыныс мүшелерінің белгілі морфофункционадық қайта құралысымен сипатталады және уақыт бойынша овуляциямен сәйкес келеді.Егер осы уақытта ұрықтану болмаса,регрессивтік өзгерістер пайда болады да өсіп-өнуге тағы да дайын болу үшін организм дайындалу периодты қайтадан өтуі керек.Осы айтылған қайталана беретін өзгерістер қатары эстралдық немесе жыныстық цикл деп аталған.Ол тұқым көтеру болмаған жағдайда келесі сатылардан кұралады:1жыныстық ынтамен бірге жүретін көбеюге толық дайындықтың қысқа кезеңі-эструс, 2ұрықтану болмаған жағдайда келктін регерессия кезеңі-метаэстурус,3 тыныштық кезеңі-диэструс, 4 көбеюге дайындық кезеңі-проэструс.
Эстралдық циклдың түрлі кезеңдерінде организм гормоналдық статусы өзгеруі, ең алдымен аналық жыныс бездері жыныстық жолдары мен жатырды қосқанда жыныс жүйесі мүшелеріне әсер етеді.Омыртқалылар ішінде дөңгелекауыздылар, балықтар, амфибиялар, рептилиялар,құстар, алғашқы аңдарда жатыр болмайды.
Дәлірек айтқанда, осы заманғы омыртқалылар ішінде құрсақтан тыс өсу дөңгелекауыздылар мен құстарда ғана жалғыз вариант болып табылады.Омыртқалылардыңбасқа кластарында құрсақтан тыс өсу типті(жұмыртқа салушылар) және тірі туатындар типті түрлер байқалады, оларда онтогенездің ерте кезеңдері аналық организм ішінде өтеді немесе жұмыртқа фолликулалы қуысында, немесе аналық жыныс безінде, немесе жұмыртқа өтетін жолдың арнайы бөлімі- жатырда. Құрсақ ішінде өсу типі балықтар арасында ерекше жиі карпозуб отрядында, қатпарлы желбезектілер тұқымдасы көбінде, акула тәрізділер отрядында(тікенді акулада Squalus acanthias бала көтеру 22 айға созылады), саусаққанатты балықтарда, қосмекенділер ішінде африкалық құрбақаларында, кейбір саламандраларда және көптеген аяқсыз амфибияларда кездеседі.Қазіргі уақыттағы рептилияларда құрсақ ішінде өсу тек қана қабыршақтыларда кездеседі.Айдаhар жыландарда (Boidae тұқымдастар),мысалы, жүктілік кезеңі 5айға жуық созылады да кейін 30 шақты ұзындығы 50-55 см жас жыландар туады.
Омыртқалылар эволюциясында ұрықтың құрсақта дамуын қамтамасыз ететін арнайы мүше- жатыр алғашқы рет қалталыларда пайда болады.Бірақ, оның құрлысы өте қарапайым болады, ұрық оның ішінде аз ғана мерзім тұрақтайды.Кейде қалталыларды тірі жұмыртқа туатындар деп санайды, өйткені сыртқы қабық қысқа,жалпы мерзімі 27 күнге созылатын жүктілік мерзімі аяғында түседі(квокка кенгуруы-Setonix brachyurus).Тұқымдар сыртқы қабықтан жүктіліктің 19-шы күні босайды.(Hughes,1974).Тұқымдар жетілуі ана қарынындағы қалта ішінде өтеді.Яғни, қалталылар эмбриогензі жатыр ішіндегі және қалта ішіндегі этаптарға бөлінеді.
Ұрғашы жыныс жүйесінің ең күрделі құрлысы плаценталы сүтқоректілерде болады. Гонадотроптық гормондар әсерімен түрлі жыныс органдарында циклдық, синхрондық өзгерістер өтеді:
1.Проэструс сатысында аналық жыныс безінде жұмыртқалар дамиды. Сонымен қатар, фолликулдық гормондар-эстрогендер секрециясы қоса жүреді.Жатырдың шырышты қабықшасы өседі, бұлшық ет қабықттары қалыңдайды, қан өтімі күшейеді.Аналық жыныс безінде осы фаза фолликулдық, ал жатырды пролиферативтік деп аталады.
2.Эстурус және метаэструс сатыларында аналық жыныс безінде жұмыртқа (жұмыртқалар) овуляцясы өтеді.Фолликулдық клеткалар қоршауымен жұмыртқа құрсақ қуысына түседі, ұрықтанғаннан кейін ұрық жолының воронкасы арқылы жатырдың шырышты қабықшасына имплантацияланады (бекінеді), кейін осы жерде плацента қалыптасады. Аналық жыныс безінде Грааф көпіршігі жарылған жерде сары дене пайда болады, ол жыныс гормоны-прогестерон шығарады. Бұл кезде жатырда синхронды секреторлық сатысы жүреді: жатыр қабығы одан әрі қалыңдайды, қан тамырлары қанға толады, эндометрий бездері мол секрет шығарады. Егер ұрықтану болмаса бәрі де бұрынғы тыныштық қалпына келеді.