Қасқыр сырт көрінісінен ірі, неміс апчаркасына ұқсас болып, одан одан ерекшелігі төменге салбыраған, бастары үлкен, тістері ірі болады. Қасқыр иттің басты атасы деп есептеледі. Олардың түсі сұрғылт болады. Төменгі жағы ақшыл болады. Қасқырдың географиялық таралу аймағы өте кең. Соның үшін олардың ұзындығы да түрліше. Сібір зоналарында жасайтын қасқыр 160 смге дейін барса, Орта Азияда жасайтын қасқыр 1 метрдей болады. Орта Азияда қасқырлардың түсі құмның түсі тәрізді, жүні сирек, дөрекі болады. Қасқыр саны әр жерде әр түрлі. Қазақстанда ең көп мөлшерде бетпақ дала, Балқаш айналаларында кездеседі.
Олар кішігірім топтар болып жасайды. Олардың семьясында 2 ұрпақ бірге жасайды. Олар аяқ баспайтын жерлерде, қалың бұта, шөп араларында терең болмаса де кең індер құрып жасайды. Таулы аймақтарда түрлі үңгірлерден, тастар арасынан пайдаланылады. Олар көбінесе аңдардың су ішетін жерлеріне жақын жасайды. Олардың миграциясы аңдардың жайылымына қарай бөлінеді. Әрбір қасқыр семьясының өз территориясы болады. Территория үшін оларда үлкен күрес жүреді. Олар балаларын ажыратқаннан кейін қосылып, бұл әдетте қыстың екінші жартысы қаңтар айының орта шенінде қосылады. Бұл кезде семьядағы балалары өз алдына кетіп, қайтып келеді. Олардың семья саны 12 ден аспайды. Қасқыр түйе, ат, қабандарды да аулайды. Сонымен қатар қосаяқтар, тышқандар, құстар, балықтар, кейде бау-бақша жемиістерімен де қоректенеді. Қасқыр аңшылық шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді. Сондай – ақ ауыл шаруашылық жануарларда, көбінесе қой – ешкілерге зиянын тигізеді. Олар қой – ешкілерге тигенде біразын бірден қырып кетеді, біреуін алып кетеді. Соның үшін қасқырға қарсы жұмыстар жүргізіліп келеді. Оларды аулағандарға сыйлықтар беріледі. Оларды аулау жасайтын жерлерін тауып, балаларын немесе самкаларын қыру үлкен нәтиже береді. Олар үй жануарларына зиян келтірумен қатар шектелмей, құтыру ауруын таратады. Олардың Орта Азияда екі түрі жасайды. Тау қасқыры, құм шөл қасқыры.
Түлкі. Ол орташа иттің бойындай болып, қасқырдан құлағы үлкен, құйрығы ұзындығымен ерекшеленеді. Олардың құлағының арқасы, аяғының алдыңғы жағы қара түсті болады. Барлық уақытта құйрығының ұшы ақ болады. Бұл аңның негізгі белгілері. Түлкілер өте кең таралған. Орта Азияда барлық жерде кездеседі. Түлкілер табиғат жағдайына тез көнігеді. Құмды, далалы, тасты таулы, ауыл, қалалы жерлерде де мекендей береді. Олар індер құрып күн көреді. Індері бірнеше бөлмелі, бірнеше ауыздары болады. Балайтын жерлері кең. Түлкілер күндіз – түні тіршілік ете береді. Олардың ең бір жақсы қасиеті иіс сезу және есту . Көруден гөрі осы қасиетерін көбірек істетеді. Балалары жүнді, көздері, құлағы жабық туылады. 17-19 күнде көздері ашылады. Кейін олар індері алдына шығып жүреді. Ересектері алып келеген қоректермен қоректенеді. Олар да қасқыр тәрізді қыста қосылады. Эмброндық дәуірі 50 күн. 2 ден 12 дейін балалайды, балалары күзде жыралып шығады. 10 айда ересек түлкіге айналады. Түлклер түрлі зиянкестермен қоректенеді. Негізгі қорегі кемірушілер деп есептеледі. Сонымен қатар бау – бақша жемістерін де жейді. Ауыл шарушылығында көбірек құстарға да зиянын тигізеді. Олар аңшылық шаруашылығына келтірген зиянымен қатар, түрлі кемірушілерді жеп, пайдасын тигізеді.Түлкілер негізінен тері үшін ауланатын аң болып андатра алып келегеннен кейін екінші орынды тапты. Олардың терісі кеш күз, қыс айларында өте сапалы болып, қаңтар айында түлеуді бастайды. Жазда жүні өте сирек болады. Күз айларында жаңа жүн өсе бастайды. Олардың 35 түрі болып, Орта Азияда үшеуі кездеседі.
Борсық. Ол ірі аңдар қатарына кіреді. Оның ірі денесі 60-90 см. Құйрығ қысқа, 20 см, аяқтары жуан, өте күшті өткір тырнақтарымен аяқталады. Түсі сұрғылт болып, құрсағы сарғылт болады. Мұрнынан бастап желкесіне қарай ақ сызық түс кеді. Жылына бір рет түлейді. Көктемде қалшық асты жүндері түеді. Сол үшін жазда жүндері тек қылшықты болады. Қыста майда жүндері өсіп, терісі қалыңдайды. Қазақстанда борсық Іле, Шу ,Сырдария жағалауларында таралған. Биік таулы аймақтарда болмайды. Қалың тоғай арасында жасайды. Борсықтар топырақты жақсы қазады. Соның үшін індері бірнеше ауызды, кең болады. Жататын жерлеріне жапырақтар, бұтақтар төселге. Оның індері бірнеше ұрпақтараға қыземететеді. Борсық қыс ұйқысына кететін ит туыстылардан жалғыз жануар. Қыста күн ысып кетсе, інінен шығып тіршілік ете береді. Олар көктемде қосылады. Эмбриондық уақыты – 270-280 күн. Самкалары 3-4 бала туады.
2 айлық баласы түрі ересек борсықтарға ұқсас болады. Түрлі зиянкестермен қоректенді. Негізгі қоректік зонасы жануарлар, омыртқасыздың барлығы. Жаңбыр құртын да жейді. Өсімдіктерден жаңғақ, алма, жиде т.б. мен қоректенеді. Борсық терісі сумкалар даярлануда кең қолданылады. Борсық майынан емшілікте пайдаланылады. Көбінесе туреркулез ауруына пайдалы. Қыс ұйқысынан алдын 3-4 кг дейін май береді. Оның етін де жеуге болады. Оны өлтіргеннен құйрық асты безін алып тастау керек, болмаса жағымсыз иіс береді. Оларды аулауда түрлі әдістерді пайдаланамыз. Ол қаша алмайды, жүгіре алмайды, аңқау болады.