Қоян тәрізділер отряды

Ақ қоян-ол ірі қоян болып,ұзындығы 74см,салмағы 5,500кл.Олардың арқа аяғы алдына қарағанда ұзын,құйрығы құлағы басқа қояндардікінен кіші. Арқа аяғы табандары жалпақ болады.Ол жаз айларында сары,қыста ақ түске кіреді.Оның терісі қысы жазы бір тегіс болады.

Бізде ақ қояп Балқаш бойы,Алатау Алакөлде кездеседі.Ол ағашты бұталы аймақтарда жасайды.Олардың ерекшеліктерінің бірі артқы аяқтары жалпақ болғандықтан қарға ойылмайды және қардың үстінде көру қиын.Бірақ қарсыз маусымдарда ақ қоян, түнде де көзге түседі.Соның үшін көптеп қырылып кетеді.Қоян екі рет түлейді.Қоянның түлеуі март ноябрь айы.Ақ қоян түнде тіршілік етеді.

Ол жауларынан барлық жерде қорғанады,және өте сақ болады.Бұтақ астында өзіне кішкене ойық жасап,жасырынып жатады. Олардың кобеюі басқа қояндар тәрізді ерекшеліктері бар.Аналығы жылына үш рет балалайды. Олардың қосылуы февральда 48-51 күн.Екіден сегізге дейін бала қояды.Балалары тез жетіліп көздері ашылып туылады.Балдары емеді және жасырына бастайды.7-8 күнде көжектері шөп жеп қоректене бастайды.Қоянның сүті өте майлы болып көжектерге 3-4 күнге жетеді.Самкасы туғаннан кейін еркегімен қосылады да, қайтып келіп кояндарды емізе береді.

Табиғатта қояндар саны ауытқылап тұрады.Кейде көбейіп кетсе,кейде жауларымен,аурулардан кемейіп кетеді.Ақ қояндар тек шөппен қоректенеді.Қыста құрғақ шөппен,кейде бұтақтарды кеміреді.Қояндар тері үшін ауланады.Қазақстанда қоян терілерін жетістіру үшін көп елдерден бірінші орында тұрады.

Толай құмды,таулы аймақтарда жасайды.Толай басқа қояндар сияқты жалғыз жасайды.Тек көбею уақытында 1-2 күн бірге көруге болады.Жасау үшін бұтақтар астында,шөп арасында,және бойынан биік емес ін құрады.

Жатқанда желге қарай жатады.Кейде кемірушілер індерін де пайдаланады.Толай тамақтануға күн батқаннан кейін шығады.Шыққанда жайылымға келіп тың тыңдайды.Біраз секіріп шөптің алдына келіп тік тұрады.Кейін шөп жейді.

Ол өте сақ болып қауіп туғанда жасырынады.Толай жылына 2-3 рет балалайбы.Қояндар алғаш циклда декабрьдың аяғы январдың басында қосылады.Бұл кезде қояндар еркегі агресивті болады.Самкасы 48-51 күнде балалайды.3-4 ке дейін балалайды.Толайдың балалары 1-2 күн тұылған жерінде жатады.Себебі олардың асқазанында сүт пайда болады.Ол 2-3 күнге дейін жетеді.Бұл кезде самка қосылуға кетіп қалады.Қайтып келіп емізе бастайды.Жаңа тұылған көжектер ұстатпайды.11-айда ересек болып оздері балалайды.Толайдың қоректенуін зерттегенде 60түрлі өсімдіктермен қоректенуі анықталды.Бұл қояндар суды ұзақ уақыт ішпейді,шөптегі судың мөлшерімен қанағаттанады.Жылына 2 рет түлейді. Бұлардаң саны табиғат

жағдайына қарап ауытқылап тұрады.Қояндардың еті терісі өте пайдалы.

Русак қояны-Орта Азияда ең үлкен қоян болып есептеледі.Оның бойы 60см,салмағы 7кг.Ақ қояннан құйрығы,құлағы ұзын түсі сұрғылт болуымен ажыратылады.Түсі маусымға қарап өзгермейді.Жылына екі рет түлейді.

Русак Орта Азияда Сырдарияның төменгі ағысында және Үстіртте кездеседі.Қазіргі уақытта Солтүстік және Батыс Қазақстанға тарап келеді.Ол ашық шөл далада жасайды.Ормандарда да ашық жерлерді таңдайды.Ол жылына 2 рет балалайды.Әр балалағанда 3-5 ке дейін эмбрионы 44-46 күнде жетіледі. Олар шөптесін өсімдіктермен қаректенеді.Қыс айларында бұталарды кем кеміреді.Қардың астынан құрғақ шөпті алып жейді.Олардың жаулары жапалақ,қасқыр.Біздін жағдайымызда оларбы кенелер басады.Олардың Орта Азиядағы биологиясы әлі зерттеліп жатыр.Олар тығыз жасамайды.Соның үшінде олардан алынатын өнім жоғары болады.Бұл қояннан өндірісте пайдалануда шектелген.

Пищуха-көбірек кездесетіні-монго пещухасы.Бойы 20-25 құйрығы жоқ.Жазда сұр қыста сарғыш түске кіреді.Қазақстанда,Шығыс Қазақстанда Балқашта кездеседі.Олар теңіз бетінен 1000 м биіктікте жасай алады.Көбінесе колониясы 10-15 тен аспайды. Бұлар күндіз тіршілік етеді.Өздері ін құрады.Індерін жарларда інінің аузын тас асты немесе бұта астынан ашады. Олардың іні тереңдеп кетеді. Індерінің аузына құрғақ шөптерді жиып қояды.Індерінің ұзындығы 4-5метр.Олар қыс айларында балалайды.Жылына 3-4 рет 13-ке дейін бала қояды. Эмбриондары 25 күн. Өндірісте терілерін пайдаланады.