Орта Азия бұрыш тістерінің жалғыз түрі болып, оны Жетісу бақа тісі немесе тритон деп атайды. Оның 4 аяғы бар, аяқтары келте болып, бойы созылған.Кесірткеге ұқсас, оның ерекшелігі тегіс, жылтыр болып, тырнақтары болмайды. Саусақ араларында кішкене перделері бар,құйрық жағы пышақ тәрізді жұқа болады. Денесі 15см, құйрығы 13см, қабырғаларында 10-13 дана каналшалары болады. Арқасы көк, сұрғылт, құрсағы ақшыл.Өмір сүруіне қарай түрлері өзгеріп тұрады. Тритонның бұл түрі Орта Азияның таулы аудандарында кем таралған.Жоңғар, Алтайда көбірек кездеседі. Ол көлшік, өзен, көлдерде, теңіз бетінен 1800-2500м аралықта өмір сүреді. Оның өмір сүру жағдайы таза, тынық және салқын сулар. Қыста тас, мүк араларына кіріп, ұйқыға кіреді.Қысқы ұйқыға қыркүйек, қазан айларында көктемде күн қызығаннан бастап шыға бастайды.Қар еріп, күн жылығанда 10-12 күн ішінде барлығы көлге шығып алады. Олар сәуір, мамыр айларында белсенді өмір сүреді. Ересек тритондар көбіне құрлықта өмір сүреді. Күндіз інінде немесе су астында жасырынады.Жабралары бітік, өкпемен тыныс алғанда ересек тритон болып есептеледі. Оның уылдырық шашуы ұйқысынан оянғанда басталыды, тамызға дейін жалғасады. Оның уылдырығының ерекшелігі кілегейлі қапшықтар ішінде болады. Әрбір особы 3-4 қапшықтан ұрық тастайды. Бұл қалташалар эмбриондарды сыртқы орта жарақатымен жануарлардан қорғайды.Личинкалары +10 0 С –та 20-25 күнде жетіледі. Олар сумен құрлықта омыртқасыздармен қоректенеді.
Түркістан бұрыш тісті тритон-дүние жүзіне жұмбақ болып есептеледі,оның бар- жоғы 3 данасы ұсталып, 1 ересек, 2 лич инка түрінде.Осы күнге дейін болған мәлімет жоқ. Оның Балқаш,Арал теңіздерінде кездеседі деген болжам бар.
Бақа туыстары.Орта Азияда жиі кездесетін бақа жасыл бақа болып есептеледі.Оның ерекшелігі терісі қабыршықты, аяқтары келте, құлақ асты безі үлкен. Тілінің арқа жағы шеңберлі.Тілі ауыз қуысында жайғасқан. Бойы 14см дейін барады.Бақа түнде қоректенеді. Күндіз жарықтарда, ылғалды жерлерде жатады.Қысқы ұйқыға кеш кетеді. Уылдырық шашуы болып ,амфибияларға ұқсас, ұрығын суға шашады.Суда ұрықтанады.