Усцинов гекконы өзіне тиісті ерекшеліктері бар. Оның денесі жуан және қысқа болады.Құйрығы жуан, шорт кесілген, келте, ұшы жоқ, гекконның бойы 15 см, құрсағы ақ, мойны сары болып келеді. Бұл кесіртке Орта Азияның барлық территориясында өмір сүреді.
Олар міндетті түрде түнде тіршілік етеді. Күндіз інінде жатады. Құмды зоналарда көбірек, кейде тақырларда да көрінеді.Күннің тікелей түсуіне төзімсіз болады. Оны қолға ұстасақ , терісі ірі-ірі болып, үгітіліп түседі. Қолында тек ет қалады, сол үшін оларды коллекцияда бүтіні жоқ. Олар түрлі жануарлар інінен және 80 см тереңдікке дейін өздеріне ін қазады. Оларды күндіз көру қиын, түнде темірді ұрғандай дыбыс шығарады, оларды жұмыртқаларды кілегейлі қояды. Бірақта жұмыртқаның сырты тез қатады. Көзінде қабақтары жоқ. Сол үшін олар көзіне түскен құмды тілімен тазалайды, насекомдармен қоректенеді.Дұшпанынан құйрығын тастаумен құтылады.
Жалды геккон. Бұл усницов гекконының керісі, өте жіңішке, басы үлкен, терісі майда теңгелермен қоршалған, ұзындығы 14см денесі 6 см аспайды, қалғаны құйрығы. Бұл тек Орта Азияда тараған, қысқы ұйқыға кеш кетеді. Түнде өмір сүреді. Көшпелі құмдар және үйірілген төмпешік құмдарда өмір сүреді. Олар жүргенде барлық денесін және құйрығын көтеріп алады. Сол үшін із қалдырмайды, олар 70 см дейін ін құрады. Барлық аңдардың інінен пайдаланса, қабырғасынан өзіне орын жасап алады.Олар сәл сақ болады.Олар әртүрлі құрт, өрмекші, көбелектермен қоректенеді.Қыс ұйқысынан апрельде шығып, июнда жұмыртқалайды. Олар жұмыртқаларын құмға көшеді. Жұмыртқалары август айынан шыға бастайды.
Ысылдағыш геккон. Бұл кішкене кесірткелер тобына кіреді, бойы 9 см, оның ішінде денесі 3-4 см болады. Аяқтары келте, кіші тырнақтармен аяқталады.Орта Азияда кең тараған. Барлық топырақтарда кездеседі. Олар тас арасында, қуыстарда қыстап шығады, март, апрель айларында шығып белсенді тіршілік етеді. Ол қауіптенгенде ысылдаған дыбыс шығады, қыстап шыққаннан жұмыртқалауға отырады. Насекомдармен қоректенеді. Оның жауы оқ жылан болып есептеледі.
Шөл агамасы- ол ірі кесірткелер қатарына кіреді, бойы 29-30 см , денесі қабыршықты.Бас құрлысы жүрек тәрізді, ұшы өткір болып келеді. Барлық Орта Азия топырақтарында таралған. Әртүрлі аңдардың інінен пайдаланып, өздеріне 1 м дейін ін құрады. Іннің айналасында өмір сүреді. Қыстан ақпан айларында шығады, белсенді әрекеті 20-30 градус аралығында. Ыстыққа төзімсіз. Егерде 10-12 мин ыстықта ұстасақ өліп қалады. Олар жұптасып өмір сүреді. Еркектері бұталарға шығып, жұмыртқа қойылған жерлерді қорғайды.Көзі алыстан көреді. Агама насекомдармен қоректенеді.Олар бір тәулікте үлкен мөлшерде зиянкестерді жояды. Оның ірі жауы жыландар, құстар, сүтқоректілер болып есептеледі.Қарсақ түлкілер оларда аулайды.
Түркістан агамасы. Олар тау кесірткелеріне кіреді. Оның терісінде тәртіпсіз қабыршықтар жайласқан.Оның құйрығында 3 қатар шеңбер қабыршық болады, бойы 15 см. Олар маусым айларында жұмыртқалайды. Сонымен қатар түлейді. Күндіз тіршілік етеді.
Домалақ басты тақыр агамасы. Бұл өзінің жалпақ және басы домалақ болғанымен ерекшеленеді, бойы 6 см ден аспайды. Иығында екі овал тәрізді белгісі болады. Орта Азияда тастақты, құм және тегістіктерде кездеседі. Олар өздерінің інінде өмір сүреді. Ерте көктемде ұйқысынан оянады. Оның жауы аң, құс, оқ жылан, бума жылан. Олар өте көптеген насекомдарды құртады, сондай – ақ құмырсқамен қоректенеді. Сол үшін олар үйлерде көп болады.
Сұр варон- ол Орта Азия кесірткелері ішінде өзінің үлкендігімен ерекшеленеді. Оның ұзындығы 60-70 см дейін ол Орта Азияның оңтүстігімен Үстіртке дейінгі араларда тараған. Ол көбінесе өзге індерді кеңейтіп, ін құрып алады. Олар қысқы ұйқыдан сәуір айында ояна бастайды. Күндіз өмір сүреді. Азанда, кешке белсенді әрекет етеді. Ол әртүрлі кемірушілер, кірпі, тасбақа жұмыртқасы, жыланмен қоректенеді. Оған жылан уы әсер етпейді. Олар жұмыртқасын топыраққа көмеді, жұмыртқалары күзде жарып шығады. Тез қысқы ұйқыға кетеді. Олар өте жай өседі, 3 жаста көзге көріне бастайды. Кемірушілерді жоюмен көптеген аурулардың алдын алады.
Иірушілер отряды – мұндай кесірткелерді түрлеріне сары жылан кіреді. Оның аяқтары болмайды, аяқтарының орнына рудимент болып саналады. Рудимент орнына қабыршақтанып, бөлініп тұрады. Денесі 45 см, құйрығы 2 есе үлкен болады. Ол толық қабыршақтармен қоршалған. Оның үсті қоңыр қызғыш, құрсағы сары түсті болады.
Таулы зоналарда көбірек кездеседі. Ол қыстан наурыз айларында шығады, түнде тіршілік етеді. Оның қорегі әр түрлі насекомдар, қоңыз, моллюскалар, шегіртке саранша т.б. Оның жауы құстар, түлкілер болып есептеледі. Олар тегіс жерлерде әрекеті жақсы болады. Шөптер арасында жақсы өмір сүреді. Бұл аяқсыз кесіртке ауыл шаруашылығына үлкен пайдасын тигізеді. Көп мөлшерде шегірткелерді, құрттарды жейді. Көп жоңышқа, бақша егіндерінде кездеседі. Оларды адамдар жыланға ұқсатады, сондықтан өлтіреді.