Қазақстанда бірнеше көлдер: Каспий, Арал теңіздері көптеген өзендер бар. Сол үшін Қазақстан су жануарларына да бай. Оның ішінде балықтар класына үлкен назар аударуға болады. Балық өндірісі Қазақстанда негізгі саланың бірі болып есептеледі. Қазақстанда өте қымбатты балық түрі асетр туыстары кездеседі.
Біздің өзендерімізде оның 3 түрі бар. Оның бірі үлкен лапатанос.Бұл асетр тұқымдасының ең кіші түрлері есептеледі. Оның ұзындығы 50 см, салмағы 2 кг-ға жуық. Денесінде 5 қатар түйіншектер болады. Түйіншектердің саны жамбасында 30 – 38, қарын, құрсақ бөлігінде сирек болып, 6 – 10 дананы құрайды. Бұл балықтар Амудария, Сырдарияның жоғарғы ағысында кездеседі.
Оның екінші түрі Сырдария лапатоносы болып, оның бойы 27 см дейін. Бұл балық тек Сырдарияның Шардараға құю аймағында жасайды. Олар өзеннің тез ағатын және құмды жерлерінде жасайды. Сондай – ақ Селд тұқымдастар балықтары кездесіп олармен Атлантика Селді 1955 — 1956 жылдары Арал теңізіне Эстониядан алып келген. Бұл балық созылған ұзын болып, қабырғасы сопақ болып, қарны ұзын, бүйірі жіңішке болып келеді. Ұзындығы 15 – 30 см-ге дейін. Олардың уылдырықтары көп болып, бір балық 2миллионға дейін уылдырық тастайды. Бұл балық тек Арал теңізіне балық өндірісінің ең кем көлемін құрайды.
Біздің суымызда Насос тұқымдасы болып табылатын ірі балықтарға кіреді, бойы 1м, салмағы 13 кг-ға дейін барады. Бұл балық Каспий, Арал теңізінде кең таралған. Бойы созылған болып, майда теңгелермен қоршалған.Теңгелері күміс түсті болады. Құрсақ беті теңгелері сарғылттау болып келеді. Оны құмжа деп атайды. Бұл балықтардың кіші түрлері.Форель атымен бірақ өзендерде таралған. Бұлардың түр үсті арал ласосы болып, ол жыртқыш балық болып есептеледі. Олардың екі жағында майда тістері болады. Олар күз айларында уылдырық шашады. Форелдің тағы бір түрі Амудария форелі болып, оның бойы 40см , салмағы1-1,2кг. Форель жоғарғы тау ағыны суларында өмір сүреді. Алматы обылысында форель су қоймасында өсіріледі.
Орта Азия кездерінен балықтардың біріншісі шортан. Бұл балықтар ішінде ерекше болады, арқа қанаты құйрығына жалғасып кеткен. Бойы 1,5 метр, салмағы 20 кг дейін. Бұл балықкөбінесе көл жағалауларында, өсімдік тас арасында өз олжасын жасырын аулаумен жасайды. Уылдырығын көктем айларында шашады. Олар Азия суының барлық жерлерінде кездеседі. Ағын сулармен алыс жасайды.
Бізде тағы бір карп тәрізді балықтардың өндірісінде маңызы зор болып, оларды вовла, жергілікті тілде таран (ақ балық) деп те атайды. Оның бойы 20-35 см дейін болып, жоғарғы жағы ………………. шыққан болады.Қанаттары күміс түсті өзі жалтырақ болады, құрсақ жүзгіш қанаттары қызғыш болып келеді. Балықтардың бұл түрі дүние жүзін бойлап кең тараған. Қазақстанның Орта Азия барлық көл және өзендерде кездеседі.
Таран ағынды судан қашығырақ, көп су өскен жерлерінде өмір сүреді. Судың тұздылығы оларға әсер етпейді, олардың уылдырық шашуы май айларына дұрыс келіп, 20-25 күнде аяқталады, бір балық 85 мың уылдырық тастайды.Таран Арал теңізіндегі балықтардың өндірісін құрайды. Жылына 3,5 –6,5 центнерге дейін балық ұсталады. Арал тараны Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінде кең тараған. Тағы бір өндірістік балықтардың бірі ақ амур болып, бойы12 см –1 метрге дейін, салмағы 32 кг дейін жетеді. Ол сазанға ұқсас келеді.Орта Азияға 1958ж Амурдан (Сібір) алып келінген. Өндірісте бағалы балықтардың бірі болып есептеледі. Бұл балық июнь айларында уылдырық тастайды. Бұлардың уылдырық тастағандағы ерекшелігі жаңбырлы немесе дауыл болғанда тастайды. Уылдырығы 40 сағатта дамып жетіледі.
Орта Азияда өндірістік балықтардың негізін құрайтын арал усачі есептеледі, оның бойы 120 см, салмағы 23кг-ға дейін жетеді. Бойы созылған басы жіңішке, теңгелері ірі, құрсақ жағы ақшыл сары, үсті тоқ көк түсті болады. Бұл балық Аралда өндірілгенмен ұрықтану кезінде өзен бойлап жоғары кетеді. Көл теңіздерде ұрықтамайды. Сол үшін саяз жерлерде, көлшіктерге, арықтарға көптеп түсіп, көп мөлшерде ұталып, қазіргі кезде кемейіп кетті.