Бірқазандар сипаттамасы

Бұйра бірқазан. Қазақстан территориясында екі түрлі: бұйра (кудрявый пеликан) және қызғылт (розывый пеликан) бірқазандар тіршілік етеді. Бұлар ертеден халық құрметтейтін құстардың бірі. Бір кезде Гадчиндегі жетім балаларды тәрбиелеу институтының (орта білім беретін оқу орны) киім формасындағы түймеде балапандарын қоректендіріп тұрған бірқазан бейнеленген де, астында «тәрбие беретін үйдің пайдасына» деген жазу бар. Түймедегі жазуға барлығы да үйреніп кетті, ешкім бұл жерде бірқазанмен тәрбие үйінің қандай байланысы бар деп сұраған жоқ. Ондағы жазу карта ойынынан түскен табыс жетім балаларды тәрбиелеейтін мекемеге көмек дегенмен парапар еді. Бірқазан – бұл жағдайда жас ұрпақтарға жан аямай қамқорлық жасаудың символы есебінде бейнеленген. Көне дәуірдегі халықтардың сенімі бойынша, бірқазан балапандарын тәрбиелеуде, кеудесін жыртып, өзін-өзі құрбандыққа шалып ұрпақтарын өзінің жанымен қоректендіреді екен. Оның жетім балаларға қамқорлық жасаудың символы есебінде бейнеленуіде осыдан болуға тиіс. Мұндай ырым-сенім бірқазанның отырған кездегі ерекше қалпын көргеннен шықса керек. Кейде ол мойнын жоғары қарай созып алып, тұмсығын кеудесіне қатты қысып отырады. Мұндай кейіпті бұл құс қауырсынын тазалаған кезде немесе тұмсығының астындағы қапшығынан балық аулаған кезде құйылған суды төгіп жіберу үшін пайдаланады. Баланы тәрбиелеу мен қамқорлыққа алудың белгісі ретінде суреттеліп жүрген бірқазандар қандай қанаттылар еді, енді соған тоқталайық.

Ересек бұйра бірқазанның қауырсыны көбіне ақ, желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді. Оның аты да осыған байланысты қойылған болу керек. Аяғы сұр, тұмсығының астындағы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары келеді. Салмағы 13кг дейін жететін алып құс. Оның дене пішінінде, әсіресе, тұмсығының формасы көңіл аударады. Ол өте ұзын және төменгі жағында азық жинайтын созылғыш қапшықпен жабдықталған. Оның құрылысы бізді таңдандырмай қоймайды. Ол тек Мың аралдан 60-65 тей ғана құс санаған. Ертеде Сарыкөлдің құстың көптігімен атты шыққан еді. Соңғы кезде онда бұйра бірқазанның шағын – шағын тобы қалды.

Алакөл аралдарында қазірде бұл құстың 2,5-3 мыңдай ұя салады. Сөйтіп, бұл баяндаулар да Оңтүстік Қазақстанның өзен-көлдерінде бірқазанның аз қалғанын айқын көрсетеді. Осы алып ірі құсты қорғап қалу үшін қазір мүмкін болған жағдайдың барлғын жасау қжет болып отыр.

Бірқазандар — өте сақ және батыл құс. Керекті уақытта жауарынан жақсы қорғана да біледі. Мәселен, жараланған құс қанатымен, тұмсығымен адамды ұрып оған әлі жеткенше айбат шегеді. Аспанда үлкен биіктікте ұшып келе жатқан ол адамды көзі шалса болды, бұрылып ала жөнеледі. Өзінің мөлшері мен салмағының үлкендігіне қарамастан бірқазандар ұшатын кезде жүгірмей – ақ аспанға тез көтеріледі, жазда көп уақыт аспанның салқын биігінде қалықтауды ұнатады. Жер бетінде теңселіп ауыр қозғалады. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды.

Қызғылт бірқазан. Ересек құстар ақ қауырсынды, тек кеудесі сарғыш дағы бар қызғылт келеді. Тұмсығы көкшіл сұр араласқан қызыл. Аяқтары қызғылт, салмағы 11 кг жетеді.Соңғы жүз жыл ішінде бұл құстың таралу аймағы күшті таралды. Осы уақыт ішінде ол өзінің бұрынғы ұялайтын аудандарының көбінде жойылып кетті. Қазірде Европада қызғылт бірқазан Дунай өзенінің атырауында ғана сақталған. Онда шамамен 10-12 мыңдай бірқазан бар. Румынияда тек осы құсты қорғап қалу үшін арнаулы 3 қорық құрылған. Совет елінде аздап Молдавияда, Днепр бойында Қара және Азов теңіздерінің аралдарында, Амудария мен Арал теңізінде кездеседі. Қоры мардымсыз ғана.

Республикамызда бұрын Каспий теңізінің солтүстік шығысында едәуір, бірақ соңғы жылдары бірен-саран ғана ұшырасады. Тек Арал теңізінің шығысындағы аралдар мен Сырдария бойында шамалап мекендейді. Шу өзенінде ұя салады. Балқаш көлі мен Іле атырауында, Алакөлде едәуір.

Бұйра бірқазан сияқты бұл құстың саны соңғы жылдары адам айтқысыз азайып кетті. Саны сирек, қоры азайып бара жатқан соң барлық жерде ол қорғауға алынған. Бұл бірқазанның биологиясы, мінез-қылығы бұйра бірқазанға ұқсайды. Тіпті олармен бұрын таныс емес адамдар оларды бір-бірінен ажырата алмайды. Тек олар аспанға көтерілген уақытта тез айыруға болады. Қызғылт бірқазанның кеудесі мен құрсағы қызғылт түсті де, екіншісінің желкесі бұйралау, біріншісінің мөлшері аздап кішіректеу келеді.

Негізгі қоректері табан, қаракөз, сазан, алабұға және басқа балықтар ересектері күніне 1,5-2килограмдай балық жейді. Көктемде біздің аймаққа бұйра бірқазаннан 10 күндей кеш келеді. Тобымен ұшып келген соң, бұлар да жұптасып тіршілік етеді. Ұясына 2-3 жұмыртқа салып, оны 33-35 күн басқан соң, одан балапандары өрбиді. Жұмыртқа басуға қораздары да қатысады. Өсіп-өніп, семірген соң бұл бірқазандардың республика суларынан ноябрьде жылы жаққа сапары басталады. Сонда бұл мекендеріне оралады.

Жоғарыда сипатталғандай, бұл Қазақстанда қоры азайп құрып бара жатқан су байлықтарының бірі. Сондықтанда, олар ұялайтын өзен-көлдерді қорғап, қамыс-қоғалы учаскелерді көбейту керек. Бірқзандардың өніп-өсуіне қолдан жағдай жасасақ, олардың қоры артатыны сөзсіз. Ол үшін қорғауға алуымыз керек.