Қазақстанның ұлан — байтақ жері сү қорларына өте бай. Әсресе, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есік,Ертіс,Іле, Шу, Сырдария сияқты өзендердің тигізер пайдасы зөр. Бұл өзендердің суы көктемде молайып, олардың атырауында айдын көлдер мен көлшіктер пайда болады. Қазір су шаруашылығы мамандарының мәліметі бойынша респбуликамызда 35 мыңнан астам көл бар. Олардың үштен біріндейі Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарында. «Су бар жерде өмір бар» дегендей жағаларында жайқалып қамыс, құрақ өскен бұл жерлерде көгілдір айдын еркелері су құстары мекендейді.
Республикамызда қанаттылардың481 түрі кездесе, оның 56 дан астам түрі аңшылық шарушылында зор маңызы бар су құстары.
Біздің аймақта су көздерінің мол болуы көктемде су құстарының жаппай үшіп келуне, ұя басуына және олардың түлеуіне мүмкіндік береді. Сырдария, Шу, Іле өзендері мұз құрсауынан босай бастасымен-ақ аққу, қаз, үйректер ұшып келе бастайды. Мәселен, Целеноград облысындағы Қорғалжын көліне 32 мың қасқалдақ, сегіз мыңдай үйрек және көптеген аққу, қаз ұя салады.Қазақ ССР Ғылым академиясы Зоология институтының жүргізген ғылыми зерттеулерінде су құстарының өніп өсуі аяқталған мезгілде олардың саны үш төрт есе ұлғаятындығын анықтады. Яғни күзгі аңшылық маусымы ашылған кезде республика суларында 10-12 миллиондай құс (оның кырық проценті қасқалдақ)тіршілік етеді деген сөз. Оған қоса, сентябрь айының аяғында Сибирьден жылы жаққа қарай ұшкан он миллиондай құс біздің өлкемізді басып өтеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші!
Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындары жылына 3,2миллион құс атып алады екен. Оның 2,7 миллиондайы су құстары. Ал олардың 63% үйрек, 20% қасқалдақ, қаз тәрізді еті дәмді қанаттылар. Расында, жабайы қанаттылардың өсіп өркендеуіне қамқорлық жасап, саны сиреп бара жатқан түрлерінің қорын көбейтуге шаралар қолдансақ және жүйелі түрде аулау ісі қолға алынса жылына он шақты миллион құс еті халықтың пайдалануына жарар еді. Ол үшін құстарға қамқорлық жасап, корын молайту керек.
Бұлардың ішінде саны үрдіс азайып бара жатқан және өте сирек кездесетін қоқиқаз, аққу, бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз сияқты атуға үзілді кесілді тиым салынған түрлері бар. Табиғаттың осы байылғын қорғап, қорларының молаюына қамқорлық жасау үшін республика территориясында саны азайып кеткен құстардың қай көлдерде таралғаның, биологиялық ерекшеліктерін санын көбейту үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігін білу барша жұртшылыққа қажет ақ. Әңгімемізді халық сүйіп ардақтаған, «Құс падишасы» атанған аққудан бастаймыз.Жалпы түсі ақ, салмағы 12- 13 килограмға дейін жететін ірі құс Қазақстанда оның екі түрі сұңқылдақ аққу (лебедь- кликун) және сыбырлақ аққу (лебедь- шипун) тіршілік ететіндігін оқушы қауымдар жақсы біледі.
Сұңқылдақ аққу біздің өнірде бүкіл орманды дала және далалық аймақтағы көлдерде, Каспий теңізінің солтүстік шығысында, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінде кең таралған. Ал сыбырлақ аққу Арал теңізі, Сырдария, Ырғыс, Торғай өзендері бойындағы көлшіктерде көбікер. Мәселен, соңғы жылдардағы зерттеулер, қазірде жылына Торғай өзенінің төменгі жағындағы Жаркөлде -10, Жыңғылды көлде -24, Байтақта -20, Айкөлде — 50, Аққу ұя салатындығын көрсетті. Алайда, соңғы 10 – 15 жылдар ішінде Қазақстанның өзен көлдеріндегі аққу саны адам айтқысыз азайып кетті. Оның басты себебі, құрғақшылық кезде біраз көлдер өзінен -өзі құрғап қалса екіншіден ол адам әрекетіне байланысты.