Қазақстан су қоймалары өсімдіктер қоры

Әрбір мемлекеттің табиғаты қойнынан түрлі су қоймалары, көл, көлшіктер т.б. табуға болады. Су жасау орталығы болғандықтан су қоймалары өсімдіксіз болмайды. Ондағы өсімдіктер су жағалаулар, су ортасы, су түбінде су бетін толық басып өседі. Су өсімдіктері түрлі болады. Олардың ішінде тек гүлдейтін өсімдіктер емес, сонымен қатар папоротник, хвош, мүк тәрізді өсімдікткрді де көруге болады. Су балдырларға да өте бай. Олардың көпшілігі өте майда болып тек микроскопта көруге болады. Біз сабақ барысында су өсімдігінің көзге тасталатын ірі түрлерімен танысамыз. Су өсімдіктері жағдайы түрлеріне қарап біреулері су түбінде, біреулері тек төменгі жағы суда, кей біреулері тек суда еркін жүзіп өмір сүреді. Кейбір түр өсімдіктері жапырақтары су бетінде жүзіп жүргенмен, тамырлары су түбіне бекіген болады. Су өсімдігі жасау жағдайы әртүрлі, су тапшылығы болмайды. Соның үшін оларға климаттық жауын шашын әсері тимейді. Су өсімдіктері көпшілігі дүниежүзіне кең тараған. Су қоймасындағы ерекшеліктер көктем айларына келіп су температурасының өзгеруі есептеледі. Соның үшін олардағы өсімдіктің өсіп өркендеуі қоршған орта температурасына байланысты болғандығы үшін су қоймаларында өсімдіктің және құрылық өсімдігіне қарағанда кемірек өркендеу болады. Су қоймалары өсімдіктеріне оттегі мәселесі де өзгеше. Көпшілік су өсімдігіне (жүзіп жүретін, жартылай суға бататын) оттегі газ күйінді қажет болады. Су асты өсімдіктерінде оттегі арнайы ауа кіретін каналшалары арқылы өтеді. Соның үшін олардың газбен қарым қатынасы түрлі өсімдіктерде түрліше болады. Су ортасы өсімдіктің тұқыммен көбеюіне судың әсері тиеді. Су оларды тозаңдатуда, тұқымдарын таратуда үлкен қызмет атқарады. Су өсімдіктері көбінесе су астында қыстап шығады. Олар бүршік күйінде өсімдіктен ажырап, төмен түседі. Олар көктем айына келіп температура өзгеруімен қайтадан өсіп шығып, тіршілік етеді. 0ыс айларында су бетіндегі өсімдіктердің бірде бір тірісі қалмайды. Соның үшін су өсімдіктерін өсіп өнуінде судың маңызы үлкен. Су өсімдіктің кейбір топтарымен танысамыз. Су ортасымен су өсімдіктері тығыз байланыста болады. Олар құрлық өсімдіктеріне қарағанда мүлдем өзгеше өмір сүреді. Олардың тыныс алуындағы оттегі және органикалық зат пайда етудегі көмір қышқыл газын судан алады. Бұл газдар суда еріген күйінде болады. Олар газдарды арнайы жіңішке түтікшелер арқылы өсімдік ұлпаларына өткізеді. Олардың кутикула қабаты жақсы өркендемейді. Себебі олардың суының денесінде сақтап қалу қажеттігі жоқ, солып қалу қаупі сезілмейді. Олар көбінесе вертикаль күйінде өседі. Су өсімдігінің көпшілік түрлері тұщы суларда дұрыс келеді.олардың жапырақтары үлкен, сабақтары мықты болады. Соған қарамай көпшілік адамдар оларды балдырлармен адастырып жүреді.

Су асты өсімдігінің көп таралған түрінің бірірдесте болып, бұл өсімдік суда тамырымен су түбіне бекіп, сабағы тік өседі. Жапырақтары сабағына ретімен жайғасады. Ол су түбінде өсіп тек гүлдегенде гүл сағағы су бетіне шығады. Гүлдеп болғаннан кейін, оның масақты гүл шоғыры су түбіне шөгеді. Оның жапырағы қатты болып, жұқа бір қабатты затпен қоршалған болады. Егерде рдесте немесе оның жапырақтарын судан алып оның үстіне 10% тұз қышқылынан тамызсақ, көпіршіктер пайда болып, пысылдаған дыбыс шығарады. Оның себебі оның құрамында әктің болуынан хабар береді. Бұндай жағдай басқа өсімдіктерде кездеседі. Суда батып өсетін өсімдіктердің және бір түрі – эллодия. Ол барлық су қоймаларында қседі. Оның келіп шығуы солтүстік Америка. Бұл өсімдіктердің су қоймаларында көбейіп кетуі өте зиянын тигізеді. Оны кейде су чумасы деп атайды. Мұндай өсімдіктердің және бір түрі-жасыл хара өсімдіктері есептеледі. Ол сырт көрінісінде хвошты есептеледі. Олар тек тұщы суларда өседі. Ол ірі су өсімдіктеріне кіріп 20-30см ге дейін тік өседі. Суда қалқып өсетін өсімдіктердің бірі – кіші ряска. Ол су бетін тегіс жасыл болып қоршап алады. Жағдай туылғанда тез көбейеді. Жапырағы сопақша. Су бетін басып кетеді, салқын түсуімен барлығы су астына түсіп, тазаланып қалады. Бұл гүлді өсімдіктер қатарына, өте сирек гүлдейді. Гүлдері өте майда болып көзбен көре алмаймыз. Бұл өсімдік вегетативтік жолмен көбейеді, бұл өсімдіктің өндірістегі маңызы оның құрамында ақуыздың көп болуы. Ряска ақуызы мөлшерімен бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бәсекелеседі. Ол өсімдік өзі кішкене болғанымен үй жануарларымен құстар қоректенгенде үлкен рол атқарады.