Биыл ҚазақстанРеспубликасында мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толады. Менің есімдетәуелсіз Қазақстанныңжаңаөкілетті органдарын егемен елдің саяси жүйесіне енгізудің алғашқы күндері мен айлары сақталған.
Міне бәрі былайша басталған еді.
Қазақстандажергіліктімемлекеттікбасқарудыжәнеөзін-өзі басқаруды енгізу мәселелеріне қашанда үлкен көңіл бөлініп келді.Алайда әрбір жекелеген кезеңдебұл үдерістердің сол сәттің саяси шындықтарымен түйіндесөз ерекшеліктері, өз шарттары болды.
Кеңес Одағынан мұра болып қалған және тәуелсіздігіміздің таң сәрісінде өмір сүрген кеңестер (аудандық, қалалықжәне т. б.) өздерін түгескен едіжәне көшпелі кезеңдегі жаңа күрделі экономикалық және саяси жағдайларда кедергі жасаушы фактор болып табылды. Алайда сонымен бірге тәуелсіздігіміздің қалыптасуының басындажергіліктімемлекеттікбасқарудыжәне өзін-өзі басқару элементтерін енгізу және дамыту қажеттілігі болды және оны көпшілік түсінді.1993 жылғы желтоқсандаЖоғарғыКеңесұзақталастан кейін «ҚР жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады. Алғашқы мәслихаттар осы заңға негізделді.
Неден бастау керек?
1994 жылы, сәуірде, мәслихаттарға сайлаулар өтті. Осы уақыттан бастап біз уақытты санауды бастаймыз. Алматыдажәне елдіңбарлық өңірлерінде, тиісінше, аудандық, қалалық, облыстық деңгейлердегі мәслихаттар құрылды. Және, әрине ғой, барлық жаңалық атаулыны енгізгенде болатындай, бұдан әрі қалай жұмыс істеу керек екені түсініксіз болуымен байланысты, қиыншылықтар туындады. Нақ не істеу керек? Неден бастау керек? Заң, әрине, бар, алайда қалай жұмыс істеу керек және кіммен жұмыс істеу керек?
Депутаттар, мәслихаттар хатшылары сайланды. Мені сол уақытта Алматы мәслихатының хатшысы етіп сайлап та жіберді. Әрине, заңға сәйкес барлық ұйымдастыру жұмыстарын біз толық өткіздік, бірдеңе істей бастадық. Алайда сонымен қатар бұдан әрі қалай іс-әрекет ету туралы көптеген сауалдар пайда болды – жергілікті өкілетті органдардың регламенті қандай болуы керек, өз қызметіңнің атқарушы билікпен арақатыстығын қалай белгілеу керек…
Облыстар менқалалар мәслихаттары хатшыларының ақыл-кеңес сұрап үздіксіз қоңырау шалулары есте қалды, өйткені мен Алматы мәслихатының хатшысы болған сол жылдары ЖоғарғыКеңес Алматыда орналасқандықтан, менің әріптестеріморталықта қазіргі қажет мәселеннің басын ашу оңайырақ деп ұйғарған еді.
Алайда, ЖоғарғыКеңестің өзі сол уақыттаілдебай жағдайда болды –оны сайлаудың легитимділігі мәселесі тұрды. Сондықтан сол сәтте республиканыңжоғары өкілетті органының мүшелеріөз тәжірибесімен бөлісе алмады, барлық сауалдарға стандартты жауап берді – «біздің бір-бірімізге қатысымыз жоқ», «бағынбаймыз», «ештеңе айта алмаймыз» дегендей.
Мен сондаҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хатпен өтініш білдірдім. Айналасы екі аптаның ішінде мағанПрезидент Аппаратынан телефон шалып, Нұрсұлтан ӘбішұлыҚазақстанның облыстық мәслихаттарының барлық хатшыларымен кездесу тағайындағанын айтты.
Президентпен кездесу
Міне сөйтіп, іс ілгері жылжыды! Мен іле-шалаоблыстар мәслихаттарының барлық хатшыларына қоңырау шалдым. Президентпен кездесер алдында біз ертерек қалалық мәслихатқа жиналдық.Бізді қызықтырған бір топ мәселені талқыладық, және Нұрсұлтан Әбішұлының уақыты шектеуді екендігін білгендіктен,ең көп дегенде екі адам сөйлеп, барлық проблемалық мәселелерді нақты белгілейді деп келістік.
Президент Әкімшілігіне келдік, мәжіліс залына жиналдық. Президент бізгеӘкімшілік басшысымен, заңгерлермен және президент аппаратының басқа да қызметкерлеріменкеліп жетті. Нұрсұлтан Әбішұлы бізбен сәлемдесіп, пікір білдіруді ұсынды. Мен сөз алып, бірнеше сөздермен мәслихаттардың қиыншылықтары мен проблемалары туралы әңгімеледім.
Менің дәлелдерімді тыңдап, Нұрсұлтан Әбішұлы республика алдында тұрған міндеттерге, оларды іске асырудағы мәслихаттардың рөлі мен орнына тоқталды.Сонымен бірге ол Президент Әкімшілігіде, Жоғарғы Кеңес те мәслихаттарды басқара алмайтынын атап көрсете келіп, сондықтан «қазіргі қолданыстағы және қабылданғанзаңдар негізінде жұмыс істейтін боламыз», деді ол.
Тәртіпті орнықтыру және өзара байланысты қамтамасыз ету үшін ол сол кездесуде облыстық мәслихаттардың Үйлестіру кеңесін құру идеясын айтты, кеңес Президент АппаратыменжәнеЖоғарғы Кеңеспен өзара әрекет жасайтын болады дей келіп, алосы кеңестің төрағасы етіп мені тағайындауды ұсынды, оған менің әріптестерім келісті.
Осыдан кейін, регламент небәрі 15 минут екеніне қарамастан, біз тағы да бір сағатқа жуық Президентпен әралуан тақырыпқа әңгімелестік. Бәрінен бұрын, әрине, сол кезде бізді ЖоғарғыКеңестің ахуалы қызықтырды. Мәслихаттар жүйесі, көпшілікке солай көрінгендей, ЖоғарғыКеңеске байланғандай еді. Бұл әдет кеңестік кезеңнен бері қалған болатын, ол кездеәрдеңгейлердегі өкілетті органдардың ұстыны нақ осыЖоғарғыКеңеспен тұйықталатын. Мемлекет басшысысондаЖоғарғыКеңесте қалыптасқан ахуал біздерді қозғамайтынын, біздің басқа қағидатпен сайланғандығымыздыбір мағыналы айтты.
Алғашқы қадамдар
Меніңше, біздің Үйлестіру кеңесі болған уақытта біз өте ауқымды және елеулі жұмыс жүргіздік. Бұған біздің Президент Әкімшілігімен тығыз байланыста болғанымыз қолғабыс етті, барлық қажетті мәселелер тез шешілді, үйлестіру қашанда жоғары деңгейде болды. Мәслихаттар біртін-біртін аяғынан тұрды, біз тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің саяси жүйесінің толық мәнді бөлшегіне айналдық.
Мәслихаттардың жұмысында өз ерекшеліктері көп. Мұнда оқшау, жергілікті ауқымдағы шаруашылық мәселелерді шешуге тура келеді, сонымен бір мезгілде ел тынысын білуің керек.
Біз Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырыстарын тұрақты түрде өткізетін болдық. Атап айтқанда, Қостанайда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерделедік, Шымкентте тұрақты депутаттық комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Депутаттар Алматыға да барды,Астанада өткен отырыстардың бірінде бірінші шақырылған Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі тренинг өткізілді. Осындай көзқарас сенаторлардың алғашқы сайлауларын қайсыбір елеулі ескертулерсіз өткізуді қамтамасыз етті. Біз жұмысқа қалалық мәслихаттарды белсенді тарттық. Жұмысты үнемі түзеп, жоспарлармен бөлістік. Бұл уақыт қарсаңында «Мәслихат» журналы шығарылып үлгерілді, онда адамдар жинақталған тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік алды. Мен бұл бізге мәслихаттар жұмысын бұдан әрі нақтырақ ұйымдастыруға көмектесті деп ойлаймын.
Біздің жұмысымызда шет елдегі жергілікті өзін-өзі басқару элементтерін зерделеуге үлкен көңіл бөлінді, бұл маңызды еді, өйткені мәслихаттардың барлық мүшелері кеңестік кезде туып-өскендер болатын, ал ол кезде ешқандай өзін-өзі басқару іс жүзінде болған жоқ.
Біз Парламентте қаралған жергілікті өзін-өзі басқару, өңірлердің тіршілік қызметі мәселелері жөніндегі заң жобаларына бірнеше рет ұсыныстар енгіздік, атап айтқанда, әкімшілік кодекс жөніндегі жобаларды әзірлеуге қатыстық. Олай болатыны сол сәтте Алматы елдің саяси өмірінің кіндігі болды, Алматы қалалық мәслихатына ерекше жауапкершілік жүктелді. Біз көшелердің, үйлердің, орамдардың жергілікті қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттерін (ҚӨК) құрдық. Солармен бірге көгалдандыру, аумақтарды жинап тазалау, дүкендер жұмысы жөніндегі қажетті жұмыстар жоспарларын белгіледік…
Сол уақытта өзімнің тұрғын халықпен 200-ден астам кездесу өткізгенімді атап өткім келеді. Жер-жердегі әкімшіліктер басшыларының елеулі бөлігі (қазіргі әкімдер) ҚӨК-ті қолдады, және біздің бірлескен қызметіміз өз жемістерін берді: осындай тығыз өзара әрекетте біз өз деңгейімізде көптеген тұрмыстық – коммуналдық, шаруашылық, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді тиімді шештік. Осының бәрі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. Қаладағы орындалмаған барлық жұмыстар үшін тиісті қызметтер ҚӨК төрағалары алдында да жауапкершілік алды, өйткені олар барлық есеп беру отырыстарына қатысты және кемшіліктерді тікелей нұсқап, сын айтып сөйлей алатын еді.
Бізбасқа өңірлермен Алматыда жергілікті өзін-өзі басқару элементтері қалай енгізіліп жатқандығы туралытәжірибемізбен үнемі бөлісіп отырдық. Бір Алматыда ғанақаланың тіршілік қызметі жөнінде 20-дан астам ереже қабылданғанын ескерген жөн. Атап айтқанда, бұлараумақтарды жинау,машиналарды қою, аумақтарды көгалдандыру және т. б. сияқты ережелер болатын. Мәслихат депутаттары әрқашандақала бюджетінемесеәлеуметтік мәселелер –зейнеткерлермен студенттер үшін жеңілдікті жолақы жайы, көлік, жол, абаттандыру проблемалары қаралған кезде принципті тұрғыда сөз сөйледі. Сол жылдары қандайда қызу даулар мен пікірталасты байқауға болатын еді.
Қазір мен Сенат депутатымын. Мәслихатта жұмыс істеген уақытта жинақталған тәжірибе баға жетпес көмек береді.Өз жұмысымда мен осы күнге дейін өзімнің туған өңіріммен, облыстар мәслихаттарының хатшыларымен байланысымды жоғалтпауға тырысамын. БүгіндеҚазақстандажергіліктіөкілетті органдардың рөліне ерекше көңіл бөлінетінін атап көрсетуді қажет деп есептеймін.Қазіргі уақытта мәслихаттарғазаң шығару деңгейінде өкілеттіктердің кең өрісі берілген. Мәслихаттар аяғынан қаз тұрды деп сеніммен айтуға болады.
Мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толуы қарсаңында, өздерінің қажеттілігін дәлелдеген, қоғамда өз орнын тапқан, үлкен және қажетті жұмыс жүргізетін оларғабарлық сайлаушылар мүдделері жолындағы жұмыста одан әрі табыстар тілегім келеді. Бірінші шақырудан бергі барлық депутаттарды осы айтулы күнмен құттықтаймын.