Өсімдіктер онтогенезінде белсенді өсу, баяулап өсу және тыныштық жағдайлары риптиликалық түрде кезектесіп тұрады. Маусымдарға қарап оларда физиологиялық өзгерістер күзетіледі. Тыныштық дәуірінде өмір сүру құбылыстары минимал дәрежеге түскен болады. Өсімдік сабағы және бүршіктегі зат қорларындағы крахмал қантқа аиналады, су кемейеді және олардың суыққа төзімділігі артады. Көктемге келіп кері құбылыстар болып белсенді өсуге өтеді.
Тыныштық жағдайда тамыр түйнекті, пиязды, тамыр сабақ күйінде өткізіледі.
Тұқымдар құрамындағы суды кемейтіп тыныштық жағдайға өтеді.
Тыныштық жағдайы 2 түрде болады.
Мәжбүрлі тыныштық. Бұл жағдайдың пайда болуына сырт орта факторлары әсері себепші болады. Өсуге жағдайы болмағаны үшін тыныштық жағдайға өтуге мәжбүр болады. Бұны көп жылдық ағаштардың қыстауымен анықтауға болады. Физиологиялық тыныштық. Бұл жағдайды өсімдіктер ішіндегі физиологиялық өзгерістер алып келеді. Мәселен; ішкі бүртік, қабық қасиеттері себепті өспеуі мүмкін. Фитогормондардың қатынасы, мөлшері арқылы тыныштық жағдайға өтуі мүмкін. Мәселен, абсцизат қышқылы көбінесе тыныштық жағдай сақталады. Көптеген өсімдіктердің тұқымы мәлім уақыт өткеннен кейін өнеді. Оған себепші ішіндегі физиологиялық өзгерістер есептеледі. Мәселен, бидай тұқымы 2 апта сақталғаннан кейін өніп шығады, мақтаның тұқымы 1-ай сақталғаннан кейін өніп шығуы анықталды.
Өсімдіктерден толық өніп шығуды қамтамасыз ету үшін олардың тұқымдарының тыныштық жағдайларын жақсы зерттеп қасиеттерін білу қажет.
Оның нәтижесінде өніп шығуды басқару әдістерін жасауға болады. Мәселен кейбір тұқымдарды егуден алдын жылыту қажет болады. Немесе жаңа қазып алынған картопты гибберелинмен немесе тиомачевинада өңделсе тезде өніп шығады. Жемісті ағаштардың тұқымдарын өніп шығуын жылдамдату ұшін ылғал құмда салқында (+50С) сақталса көктемде оянып тыныштық жағдайдан бір қалыпты өсу дәуіріне өтеді.
Кейбір заттар тыныштық жағдайды созады. Мәселен, картоптың өніп кетпеуі үшін 0,50/0 гидрол ерітіндісімен пүркелсе 5 ай тыныштық дәуірі сақталады.
Өсімдіктердің әрекеті.
Өсімдіктердің өсуші органдары сырт орта әсеріне өз әрекеттерімен жауап қайтарады. Өсу әрекеттері 3 түрлі болады.
1.Тропизмдер. Тропизм бүгілу, бұрылу мағынасын береді. Ол өсімдіктерге бір нәрсенің әсері нәтижесінде пайда болатын әрекеттер. Тропизмге себеп өсуші бөліктердің бір жағының жасушалары тез өсіп, өсуі баяу бағытқа өтуі болады. Тропизм оң (+) және теріс (-) болады. Әсер етуші затқа қарай өсу оң (+) есептеледі.
2.Геотропизм. Ол жердің тарту күшіне қарап өсу. Өсімдік тұқымы қандай күйде топыраққа түсуіне қарамай оның тамыры төмен сабағы жоғары қарай өседі. Тамырда оң (+) тропизм сабағында (-) теріс тропизм болуы күзетіледі .Тамырдың геотропикалық сезуші бөлігі оның ұшында (1-2 мм) болады. Тамырдың геотропикалық әрекеті статомиттерде болады. Ол цитоплазмада крахмалды ұстаушы түйіршіктер болады. Тамырдың қыны орталық жасушалары статолит жұмысын атқарады.
3.Фототропизм. Ол жарықтың әсерінде өсімдіктің оған қарай бұрылу қабілеттілігі. Оларды үйде өсетін өсімдіктерде күзетуге болады. Олда оң (+) және (-) теріс болады. Фототропизм өсімдік жер үсті бөліктеріне тиісті болды. Фотосинтезге байлнысты емес. Фототропикалық сезгірлікті өсімдіктің апикал бөлігі меристематикалық жасуша ұлпалары атқарады.
Хемотропизм. Ол өсімдіктерге химиялық заттар әсер еткенде пайда болып әрекеттенеді. Өсімдік оның әсерінде өзінің тамыр және сорғыштарын қоректік заттарға қаратады. Топырақтағы органикалық және минерал тыңайтқыштарға бағытталып әрекеттеніп олардан тамырлар толық пайдаланады (оң(+) хемотропизм) қышқыл, сілті және улы заттар әсерінде тамырдың олардан қашуын (теріс (-) тропизм ) күзетуіміз мүмкін.
Гидротропизм. Ол топырақ құрамындағы ылғалдың әсерінде пайда болады. Сол бағытқа әрекет жасайды. Мәселен ылғалдық көп жаққа қарап тамырдың өсуі.
Термотропизм. Бұл температура әсерінде пайда болатын әрекет. Температура қалыпты болмағанда тамыр және сабақтарда бұрылулар пайда болады. Бұл жағдайда да оң (+) және (-) теріс термотропизм күзетіледі. Мәселен бұршақ 320с-тан төмендегенде оң(+) , одан жоғары болғанда теріс (-) бағытқа бұрылып өседі.
2 настикалық әрекеттер. Бұл әрекет кемейтірушінің әсерінде пайда болатын әрекет.
Күн мен түннің ауысуындағы әрекет настикалық әрекетке кіреді. Олар табиғатта кең таралған. Мәселен гүлдер таңертең ашылып кешқұрын жабылады. Тағы басқалары оның терісі күндіз жабылып түнде ашылады. Өсімдік жапырақтары да күндіз түнге қарап әрекеттенеді. Настик әрекеттер бірнеше түрге бөлінеді.
А) Фотонастикалық жарықтың өзгеруімен өзгеретін әрекеттер. Мәселен жарықта ашылатын гүлдер.
Б) Термонастикалық температураға байланысты өсу әрекеті. Мәселен қызғалдақ (250с) жылы бөлмеге алып шығылса тез ашылады.
С) Сесмонастикалық әртүрлі тербенулерге жауап ретіндегі әрекет. Мәселен ұялшақ мимоза оған тигенде жапырақтары тезде солып қалады. Тургор процесі өзгереді. Ол қорғаныс әрекет етеді.
3 нутациялық әрекеттер. Олар басқа өсімдіктер денесіне оралып немесе шырмалып өсу әрекеті. Оларға лиана, шырмауық кіреді. Олардың сабақтары бір бағытта және бір қалыпта өспегені үшін осындай әрекет жасайды. Олардың бір айналуы үшін 2-10 сағат қажет. Лианалар сағат стрелкасына қарама — қарсы өссе басқалары оған теріс өсіп әрекеттенеді. Нутациондық әрекеттенуші өсімдіктер күн сәулесі энергиясынан тиімді пайдаланады. Сол үшін ағаштардың ұшына шығып кетеді.